Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы



бет106/189
Дата11.03.2023
өлшемі0,52 Mb.
#73441
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   189
Байланысты:
499 бұйрық

8-параграф. 1 - жартыжылдық

145. Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру:


1) сандық түсініктер және санау:дискретті және үздіксіз көптіктермен заттық-практикалық әрекеттерде "көп", "аз", "бос", "толық", 1, 2 саны туралы түсінікті бекіту;элементтерінің сандары 2 көлеміндегі көптікті әрекеттің санымен салыстыру: үстел үстінде неше матрешка болса, алақанды сонша рет шапалақта;


2) үздіксіз көптіктерді саны бойынша салыстыру: "көп"-"аз", "артық"-"кем";үстіне салу және қабаттастырып қою тәсілдерін пайдалана отырып, қандай заттардың артық, кем екенін анықтап, сандары бойынша тең емес екі топты салыстыру;


3) екі көлеміндегі көптіктерді біріктіру және ажырату операцияларын орындау;заттар мен дыбыстарды, заттар мен қимылдарды, дыбыстар мен қимылдарды саны бойынша салыстыру: көп, 1, 2;


4) екі көлеміндегі заттарды санау, заттардың санын саусақтар санымен сәйкестендіру;


5) үздіксіз көптікті саны бойынша салыстыру (үлкен шелекте құм көп, кіші шелекте құм аз); еліктеу бойынша дискретті және үздіксіз көптіктерді түрлендіру (арттыру, кеміту);


6) көлем:заттарды бір-біріне қабаттастыра қою тәсілін пайдалана отырып, биіктігі (биік-аласа) бойынша салыстыру;салыстырылатын екі заттың қайсысының биік (аласа) екенін тану және көрсету;үш заттың арасындағы көлемдік арақатынасты (үлкен-кіші-ең кіші) табу;


7) геометриялық финуралар:геометриялық фигураларды: дөңгелекті, шаршыны, үшбұрышты ажырату;геометриялық фигураларды пішіні, түсі бойынша біріктіру;көлемді геометриялық фигураларды ажырату;


8) кеңістікте бағдарлау:берілген бағыт бойынша: алға, артқа, солға, оңға қозғалу;өз дене мүшелерінде бағдарлау: жоғарыда - бас, мойын, кеуде, төменде - аяқ, алдында - бет, іш, артында - арқа, сол, оң қол;


9) мезгілдік бағдарлау:жыл мезгілдері: күз, қыс;тәулік бөліктері: түн, күн.


146. Күтілетін нәтижелер:


1) дискретті және үздіксіз көптіктермен заттық-практикалық әрекеттерде "көп", "аз", "бос", "толық", 1, 2 саны туралы түсінігі бар;


2) үздіксіз көптіктерді саны бойынша "көп"-"аз", "артық"-"кем" салыстырады;


3) сандары бойынша тең емес екі заттық топты салыстырады;


4) үлгінің негізінде заттарды сандық белгілері бойынша топтастыруды жүзеге асырады;


5) дискретті және үздіксіз көптіктерді түрлендіреді (арттыру, кеміту);


6) 2-3 затты көлемі, биіктігі бойынша салыстырады;


7) геометриялық пішіндерді: дөңгелекті, шаршыны, үшбұрышты ажыратады;


8) көлемді геометриялық пішіндерді ажыратады;


9) берілген бағытта: алға, артқа, солға, оңға қозғалады;


10) өз дене мүшелерінде бағдарлайды;


11) жыл мезгілдері: күз, қыс туралы түсінігі бар;


12) тәулік бөліктері (түн, күн) туралы түсінігі бар.


147. Сенсорика:


1) көріп қабылдау мен зейінді дамыту:суретте бейнеленген әрекеттерді өз әрекеттерімен сәйкестендіру, суреттегі әрекеттерді бейнелеу;ересектің әрекетіне еліктеу бойынша 3 элементтен құрастыру процесінде пішіндерді (шар, текше, үшбұрышты призма) ажырату;ойын барысында практикалық байқап көру тәсілдерін пайдалана отырып, көлемді пішіндерді (текше, шар, кірпіш, үшбұрышты призма) жіктеу;көлемдерді қабылдау: кіші, үлкен, өте үлкен;қызыл, сары, көк, жасыл түстерді салыстыру, түстерді үлгі бойынша ерекшелеу;


2) үшқұрамды пирамиданы көлемін ескере отырып, тәжірибелікөлшеп көру тәсілі арқылы құрастыру;3 бөліктен тұратын кесінді суретті жинастыру;


3) естіп қабылдау мен зейінді дамыту: дыбысталудың белгілі бір әрекетпен өзгеруіне әсерін білдіре отырып, музыкалық үш аспаптың (дағыра, металлофон, сыбызғы) дыбысталуын жіктеу; 2-3 музыкалық аспаптың дыбысталу дәйектілігін анықтау; қандай да бір аспаптың қатты және ақырын дыбысталуын ажырату;


4) тактильдік-қимылдық қабылдауды дамыту: ересектің сөздік тапсырмасы бойынша ойыншықтарды сипай отырып таңдау (үш ойыншықтың ішінен); геометриялық фигураларды (шар, текше, үшбұрышты призма) және заттардың көлемін (үлкен, кіші, өте үлкен) сипай отырып қабылдау; заттарды белгілері бойынша ерекшелей отырып, сипап көру; қатты және жұмсақ нысандарды және 2 көлеміндегі заттарды қабылдау және жіктеу;


5) дәм сезуді дамыту: тамақты температуралық белгісі бойынша (ыстық, суық, жылы) жіктеу; әртүрлі дәмдік сезімдер "тәтті-ащы", "тәтті-қышқыл" туралы түсінікті қалыптастыру; қышқыл дәмі бар тағам өнімдерімен (лимон, қараөрік) таныстыру;тамақты дәмі "тәтті-ащы", "тәтті-қышқыл" бойынша анықтау.


148. Күтілетін нәтижелер:


1) негізгі түстерді (қызыл, сары, жасыл, көк) сәйкестендіреді;


2) көлемді пішіндерді (шар, текше, кірпіш, үшбұрышты призма) ажыратады;


3) берілген сенсорлық белгілері бар нысандарды көптіктің ішінен ерекшелейді;


4) үшқұрамды пирамидканы құрастырады;


5) 3 бөліктен құралатын заттық кесінді суретті құрастырады;


6) геометриялық пішіндерді (шар, текше, үшбұрышты призма) және заттардың көлемін (үлкен, кіші, өте үлкен) сипай отырып жіктейді;


7) сипай отырып заттың жұмсақ, қатты екенін ажыратады;


8) 2-3 музыкалық аспаптың дыбысталу дәйектілігін анықтайды;


9) қандай да бір аспаптың қатты және ақырын дыбысталуын ажыратады.


149. Құрастыру:


1) көлемді пішінді заттарды, конструктор бөліктерін зерделеу: екі қолымен сипай ұстау, нобайы бойымен қолымен жүргізуарқылы қабылдауға; еліктеу бойынша практикалық әрекеттер арқылы заттарды көлемі (кіші, үлкен) бойынша салыстыруға;құрылыстарды шынайы нысандармен және олардың суреттегі бейнелерімен сәйкестендіруге, салған құрылыстарын ойында пайдалануға үйрету;


2) білімді қалыптастыру: негізгі түстертуралы, түстерді: қызыл, сары, көк сәйкестендіру; заттардың көлемі: үлкен, кіші, орташа туралы;заттардың пішіні (текше, кірпіш, пластина) туралы; ағаштан, пластмассадан жасалған құрылыс материалдарының қасиеттері туралы білімдерін қалыптастыру;


3) құрылыс материалдарынан құрастыру: құрылыс материалдарының бөліктерін (текше, кірпіш, пластина) түсі, көлемі, пішіні бойынша ажырату; қандай да бір құрылыс үшін әртүрлі құрылыс материалын пайдалана отырып, үлгі бойынша қарапайым құрылыстарды салу;пішінді үстел жазықтығының жағдайына (тұр, жатыр) тәуелсіз тану; 2-5 текшеден мұнара құрастыру;үлгі бойынша мәшинеге арналған кең жол салу; қарапайым құрылымдарды салу;


4) заттық емес құрастыру: ойыншықты жинастыру, бөліктерден бүтін құрау; "жоғарыда", "төменде" кеңістіктік қатынастарды (сатыдағы, топ бөлмесіндегі жаттығулар) үлгілеу; практикалық әрекеттер барысында өз денесінде бағдарлау: "Ойыншықты сол (оң) қолыңда ұста", "Сол аяғыңды, оң аяғыңды бас";


5) таяқшалардан құрастыру: үлгі бойынша таяқшалардан геометриялық фигураларды салу; үлгі бойынша таяқшалардан қарапайым құрылыстарды (жол, дуал, жалауша) салу;


6) құрамалы-жиналмалы ойыншықтарды құрастыру: заттарды оның бейнесінің сұлбасымен сәйкестендіру; трафареттің сұлбасын саусақпен жүргізу арқылы жазық пішінді ерекшелеу;


7) дағдыларды қалыптастыру:конструктор бөліктерін ұстап алу, ұстап тұру, орнын ауыстыру; затты екі қолымен зерделеу (затты сипау); құрылыс жиынтығының элементтерінің көлемін, пішінін бір-бірінің үстіне қою, қатарластырып қою тәсілдерінің көмегімен салыстыру; кірпішті қысқа қырымен, ұзын қырымен қою.


150. Күтілетін нәтижелер:


1) құрылыстарды салуға және олармен бірге ойнауға деген қызығушылық танытады;


2) құрылыс материалдарынан және таяқшалардан қарапайым құрылыстар салады;


3) таныс құрылыстарды таниды және көрсетеді;


4) үлгі бойынша құрамалы-жиналмалы ойыншықтарды жинастырады;


5) үлгі бойынша таяқшалардан геометриялық пішіндерді салады;


6) затты оның сұлбасымен және бейнесімен салыстырады;


7) кеңістіктік қатынастарды: жоғарыда, төменде ажыратады;


8) ойында құрылыстарды пайдаланады.


151. Жаратылыстану:


1) табиғат құбылыстары: қоршаған әлемде болып жатқан өзгерістер; табиғат құбылыстары (жаңбыр, бұлт және жел); күз бен қыс туралы түсініктерді қалыптастыру; экологиялық мәдениет негіздерін: табиғатқа ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу;


2) өсімдіктер әлемі: көкөністер (пияз, қырыққабат) туралы білімді кеңейту; жемістер (алма, алмұрт, қараөрік) туралы білімдерін кеңейту; ағаштармен (қайың) таныстыру;


3) жануарлар әлемі: жануарлармен (мысық, ит, түлкі) танысу; оларды дауыстары (дыбысқа еліктеу) бойынша тану; жабайы құстармен (торғай) танысу.


152. Күтілетін нәтижелер:


1) педагогтің көмегімен табиғаттағы мезгілдік өзгерістерді анықтайды;


2) иллюстрациядан күз бен қыстың қарапайым белгілерін көрсетеді;


3) кейбір көкөністер мен жемістерді ажыратады;


4) иллюстрациядағы қайыңды атайды немесе көрсетеді;


5) кейбір үй және жабайы жануарларды біледі;


6) иллюстрациядағы торғайды атайды немесе көрсетеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   189




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет