10-параграф. "Шығармашылық" білім беру саласы 161. "Шығармашылық" білім беру саласыныңбазалық мазмұны ұйымдастырылған оқу қызметінде іске асырылады - сурет салу, мүсіндеу, аппликация, музыка. 162. Мақсаты бейнелеу әрекетіне деген қызығушылықты қалыптастыру, қоршаған заттарды, табиғат нысандарын эстетикалық тұрғыда қабылдауды дамыту болып табылады. 163. Міндеттері: 1) бейнелеу әрекетіне эмоционалдық әсер мен қызығушылық тудыру; 2) қолдың көру-қимыл үйлесімділігін дамыту; 3) қарапайым заттар мен құбылыстардың түсі мен пішінін бере отырып бейнелеу, мүсіндеу дағдысы мен икемділігін қалыптастыру; 4) кеңістіктік түсініктерді қалыптастыру; 5) суреттерді шынайы нысандарымен салыстыруға үйрету; 6) сурет салу, мүсіндеу, аппликация жасау барысында түрлі тәсілдерді қолдану дағдыларын қалыптастыру; 7) өзінің және құрдастарының жұмыстарын бағалай білуге, дайын жұмыстарын үлгімен салыстыра білугеүйрету; 8) музыканы тыңдай білуін дамыту; 9) әншілік интонацияларды қалыптастыру; 10) бейнелі қимылдарды меңгерген кезде қимылдар мен музыканың сәйкестілігін дамыту. 11-параграф. 1 - жартыжылдық 164. Сурет салу: 1) көлем, түс, нысан: заттарды көлемі, пішіні, түсі бойынша салыстыру және жіктеу; түстерді көңіл күйді беру құралы ретінде пайдалану;қағаз бетінде бағдарлау: жоғары, төмен, ортасында;сурет салар алдында заттарды белгілі бір дәйектілікте (ересектің көмегімен) зерделеу; 2) заттық сурет салу: әр түрлі бағыттағы түзу, толқынды және үзік сызықтардың суретін салу, оларды қиыстыру (лента, жолақтар, дуал); қимылды бір бағытта айналдыра жүргізу; алдын ала белдеулеу қимылын пайдалана отырып, дөңгелек пішінді заттардың (шар, доп, алма, қызанақ) суретін салу; бірнеше бөліктен құралатын пішіндері бірдей заттардың (құламайтын ойыншық) суретін салу; суреттердің жетіспейтін элементтерін салып бітіру; 3) сюжеттік сурет салу: күрделі емес сюжеттік композициялардың суретін салу; бейнені бүкіл парақ бетіне орналастыру; 4) сәндік сурет салу: сәндік өрнектерді құрастыру, жолақта қайталанатын элементтерді белгілі бір дәйектілікпен орналастыра отырып, өрнек құрау; қайталану және кезектесу (нүкте, жағынды, дөңгелек, крест, толқынды сызықтар) ырғағын беруге арналған жаттығулар; сәндік ойыншықтарды қарау, қазақ оюларының, хохлома суретінің негізгі элементтерімен таныстыру; 5) негізгі түстер туралы білімді қалыптастыру, негізгі түстерді салыстыру: қызыл, сары, көк, жасыл, қара; заттардың көлемі туралы (үлкен-кіші), заттардың пішіндері (дөңгелек, шаршы, үшбұрыш) туралы білімді қалыптастыру; 6) дағдыларды қалыптастыру: үстелде дұрыс отыру; оң қолмен сурет салу, сол қолмен парақты ұстау; қарындашты, қылқаламды дұрыс (үш саусақпен) ұстау; басу күшін реттеу; қылқаламды бояуға батыру, құтының шетіндегі артық тамшыны сүрту; майлық қағазды пайдалану. 165. Күтілетін нәтижелер: 1) заттың негізгі қасиеттері (түсі, пішіні, көлемі) туралы түсінігі бар; 2) дөңгелек пішінді заттардың суретін салады; 3) суретте заттардың қасиеттері мен сапасын бере біледі: түсі, пішіні, көлемі; 4) педагогтіңкөмегімен қағаз бетінде (жоғары, төмен, ортасында) бағдарлайды; 5) қайталанатын элементтерден сәндік өрнектерді құрастыра біледі; 6) үстелде дұрыс отырады; 7) оң қолмен сурет салады, сол қолмен парақты ұстайды; 8) педагогтің көмегімен қарындашты, қылқаламды дұрыс (үш саусақпен) ұстайды. 166. Мүсіндеу: 1) балаларды ересек адамның жасаған түрлі бұйымдарымен ойнату; мүсіндеу алдында зерделеу арқылы (заттарды сипау, негізгі бөліктерін ерекшелеу) көлемді пішінді заттарды аңғару; домалақ, сопақша пішінді заттарды зерделеу; бұйымды үлгімен салыстыруарқылы(педагогтың көмегімен); кеңістікте бағдарлау: жоғарыда, төменде; 2) негізгі түстер туралы білімді қалыптастыру: негізгі түстерді (қызыл, сары) салыстыру; заттардың көлемі (үлкен-кіші) туралы, заттардың пішіндері (дөңгелек, сопақша) туралы білімді қалыптастыру; 3) дағдыларды дамыту: пішін жасау қимылын - жаю, созу; оқтаумен жұмыс жасау және оны ұқсатып қолдану; 4) созу тәсілін пайдалана отырып, сопақша пішінді заттарды (қияр, қараөрік) мүсіндеу; басу тәсілін (еліктеу бойынша) пайдалана отырып, домалақ пішінді заттарды (алма, қызанақ) мүсіндеу; үлгі бойынша ермексаздың екі кесегімен мүсіндеу (үлкен және кішкенитай доп); үлгі бойынша мөлшері бірдей, домалақ пішінді екі бөліктен тұратын заттарды бір-біріне жапсыру жолымен мүсіндеу (құламайтын ойыншық, моншақ); 5) созылымды материалмен жұмыс жасаудың қарапайым ережелерімен таныстыруды жалғастыру: жұмысты тақтайшада ғана орындау, жеңді түру, пластилинді (қамырды, сазды) шашпау, мүсіндеуден кейін қолды жуу. 167. Күтілетін нәтижелер: 1) көлемді пішіндерді ажыратады: шар, сопақша; 2) заттарды көлемі бойынша ажыратады: үлкен-кіші; 3) негізгі түстерді ажыратады: қызыл, сары; 4) педагогпен бірге және еліктеу бойынша басу тәсілін пайдалана отырып, домалақ пішінді заттарды мүсіндейді; 5) педагогпен бірге және еліктеу бойынша созу тәсілін пайдалана отырып, сопақша пішінді заттарды мүсіндейді; 6) педагогпен бірге және еліктеу бойынша мөлшері бірдей, домалақ пішінді екі бөліктен құралатын заттарды бір-біріне жапсыру жолымен мүсіндейді; 7) педагогпен бірге мүсінделіп жасалған бұйымдармен ойнайды; 8) үстелде дұрыс отырады, жұмысты арнайы тақтайша үстіндежеңін түріп орындайды, мүсіндегеннен кейін педагогтың көмегімен қолын жуады; 9) жұмыс процесінде эмоциясын байқатады. 168. Аппликация: 1) ересектің аппликация құруға деген ұсынысына эмоционалды жағымды жауап беруге балаларды үйрету; пішіні, мөлшері, түсі әр түрлі заттарды зерделеу; қағаздың мүмкіндіктерін пайдалану: жырту, умаждау, бүктеу; қағазды текстурасы бойынша ажырату (барқыт, жылтыр, тегіс); аппликацияны шынайы нысандармен салыстыру; өзінің және басқаның жұмысын дұрыс бағалай білу, үлгімен салыстыру; бір-біріне бөгет жасамай, бірге жұмыс істей білу; 2) негізгі түстер туралы білімді қалыптастыру, негізгі түстерді салыстыру: қызыл, сары, көк, жасыл; заттардың көлемі (үлкен-кіші, орташа) туралы, заттардың пішіндері (дөңгелек, сопақша, тікбұрышты) туралыбілімді қалыптастыру; 3) заттық аппликация: қағаз бетіне қарапайым заттардың (алма, лимон, жапырақ) дайындамаларын орналастыру және желімдеу; қағаз бетіне 2-3 бөліктен құралатын таныс заттардың (машина, шырша) дайындамаларын орналастыру және жапсыру; көрсету бойынша қарапайым заттарды ("Әуе шарлары", "Қуыршақтарға арналған текшелер") қағаз бетінің барлық кеңістігіне орналастыру және жапсыру; 4) сабақ уақытында үстелде дұрыс отыру дағдыларды қалыптастыру; қылқаламды пайдалану; дайындамағажелім жағу, дайындаманы аудару; артық желімді алып тастау үшін майлықты пайдалану; қағаз бетіне дайындамаларды орналастыру және жапсыру. 169. Күтілетін нәтижелер: 1) аппликацияны орындауға берілген ұсынысты жағымды қабылдайды; 2) еліктеу бойынша қағаз бетіне 2-3 бөліктен құралатын дайын пішіндерді жапсырады; 3) көрсету бойынша қарапайым заттарды қағаз бетінің барлық кеңістігіне жапсырады; 4) заттардың мөлшері (кіші, үлкен, орташа) туралы түсінігі бар; 5) негізгі түстер (қызыл, сары, көк, жасыл) туралы түсінігі бар; 6) заттардың пішіні (дөңгелек, шаршы, тікбұрыш) туралы түсінігі бар; 7) қылқаламды пайдаланады, артық желімді алып тастау үшін майлықты қолданады; 8) орындалған жұмысқа қуанады; 9) аппликация жұмысы кезінде үстелде дұрыс отырады. 170. Музыка: 1) музыканы тыңдау: байыпты, көңілді музыканы мұқият тыңдай білуді қалыптастыру; 2) ән айту: таныс дыбысқа еліктеуді пайдалана отырып, ересек адамға қосылып әндету және мүмкіндігіне қарай ән салу; музыканың сүйемелдеуімен ересек адамның интонациясына еліктей, созып, көңілді әндету; 3) музыкалық-ырғақтық қозғалыстар: дағдыларды қалыптастыру: музыканың ерекшеленген ашық сипатына сәйкес қимыл, қимылды музыканың басталуымен бастау және аяқталуына қарай аяқтау; шеңбер бойымен қол ұстасып жүру; музыканың сүймелдеуімен би қимылдарын орындау; өлең және қол ұстасып шеңбер құрап жүру кезіндегі өлең мәтініне сәйкес қимылдау; алақан соғу, аяқтарын кезекпен тыпырлату және бір аяқпен нық басу, жүрелеп отыру, жалғыз және жұптасып тұрған орнында айналу; 4) музыкалық-дидактикалық ойындар: дыбыстардың дыбысталу күшіне қарай өзгеруімен танысу, балаларға арналған музыкалық құралдарды (бубен, сылдырмақ, қоңырау, дағыра) тану; өлеңді оның мәнтініне сәйкес ойын қимылдарын қоса отырып орындай білуді, шеңбер бойымен қол ұстасып жүруді, қимылды педагогпен бірге музыкалық фразаға сәйкес өзгерте білуді қалыптастыру. 171. Күтілетін нәтижелер: 1) таныс өлеңдерді әуені бойынша таниды; 2) ересекке еліктей отырып, өлеңдерді әндете, көңілді айтады; 3) ересекпен бірге қарапайым би қимылдарын орындайды; 4) қимылды және шеңбер бойымен қол ұстасып жүруді ересекпен бірге өлең мәтіні бойынша орындайды; 5) музыкалық аспаптарды (бубен, сылдырмақ, қоңырау, даңғыра) таниды.