4-параграф. "Әлеумет" білім беру саласы 148. "Әлеумет" білім беру саласының мазмұны әлеуметтік-тұрмыстық бағдар арнайы түзеу оқу қызметінде жүзеге асырылады. 149. Мақсаты ретінде, күнделікті өмірде қажетті әлеуметтік-тұрмыстық біліктіліктер мен дағдыларды қалыптастыру алынады. 150. Міндеттері: 1) адам өмірінің тұрмыстық және әлеуметтік салалалары туралы бастапқы ұғымдарын қалыптастыру; 2) қоршаған әлемнің заттары туралы ұғымдарды дамыту және жүйелеу; 3) балалардың өздері туралы тұлғалық ұғымдарын қалыптастыру және дамыту; 4) қоршаған адамдармен қарым-қатынас және өзара әрекеттесу дағдыларын қалыптастыру. 5-параграф. 1-жартыжылдық 151. Әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау қамтиды: заттық әлем, өзі туралы ұғымдар, жеке гигиена, көшедегі мінез-құлық ережесі, ересектердің еңбегі, мінез-құлық және қарым-қатынас мәдениеті. 152. Заттық әлем. Біліктерді дамыту: 1) қоршаған жақын аймақтағы заттарды ажырату және атау; 2) полисенсорлы қабылдау негізінде олардың қасиеттерін ажырату; 3) оларды қызметі бойынша пайдалану; 4) жалпылаушы ұғымдарды қолдану. 153. Бала және қоршаған адамдар: 1) өзінің есімін, тегін, жасын, жынысын атау білігін бекіту; 2) өз денесінің негізгі бөліктері мен мүшелерінің функциялары туралы ұғымдарын қалыптастыру; 3) өз отбасының мүшелерін атау білігін үйрету. 154. Жеке гигиена. Білімді қалыптастыру: 1) жеке гигиенаның мәні туралы; 2) жеке гигиенаның заттары мен олардың қызметі туралы; 3) гигиеналық процедураларды және тазалықты ұстауды орындаумен байланысты әрекеттер туралы. 155. Көшедегі мінез-құлық ережесі. Балаларды таныстыру: 1) "көше", "тротуар" ұғымдарымен; 2) тротуар бойымен қозғалу ережесімен. 156. Ересектердің еңбегі: 1) балабақшада ересектердің еңбегі, оның мәні туралы ұғымдарын дамыту; 2) еңбек құралдарын тану және атау біліктерін, еңбек әрекеттерін үйрету; оларды орындау тәртібін ажырату. 157. Қарым-қатынас және мінез-құлық мәдениеті: 1) сәлемдесу, қоштасу, өтініш, кешірім сұрау, рақмет айту көрінісінің вербальды формалары туралы ұғымдарын қалыптастыру және дамыту; 2) мимикалық, ым-ишара және пантомимикалық қимылдарды қайта жаңғыртуға қатысатын бұлшық ет аппаратын дамыту; 3) адамдардың эмоционалды күйлері және оларды мимика, ым-ишара, позалар арқылы көрсету тәсілдері туралы ұғымдарын дамыту. 4) адамның суреттегі статикалық және динамикалық позаларын тану білігін қалыптастыру; 5) қарым-қатынастың вербальды және вербальды емес құралдарын көрсетуге арналған жаттығу. 158. Күтілетін нәтижелер: 1) полисенсорлы қабылдау негізінде заттардың белгілерін ажыратуды біледі, жақын аймақтағы заттардың қызметін түсінеді; 2) өз денесінің негізгі бөліктері мен мүшелерінің функцияларын біледі; 3) жеке гигиенаны сақтаудың қажеттілігін түсінеді; 4) тротуар бойымен қозғалу ережесін біледі; 5) сәлемдесу, қоштасу, өтініш, кешірім сұрау, рақмет айту көрінісінің вербальды формаларын біледі; 6) негізгі эмоционалды күйлерді сырттай көрсетудің сипаттамалық ерекшеліктерін түсінеді.