3-параграф. 2-жартыжылдық 67. Дене шынықтыру төмендегідей негізгі қимылдарды қамтиды: 1) жүру:қолдарынан ұстасып, сигнал бойынша тоқтап, шеңбер бойымен жүру; қол белде, аяқтың ұшымен жүру; арқаннан жасалған түзу жол бойымен жүру; бір-бірден, шағын топпен және барлығы түзу бағытта жұптасып, қол ұстасып жүру; 2) жүгіру: зал бойымен қарама-қарсы қабырғаға қарай топтасып жүгіру; бір-бірінің артынан көрсетілген бағыт бойынша жүгіруге; жол бойымен (ені 30-40 см, ұзындығы 7 м) жүгіру; жан-жаққа шашырап жүгіруге, түзу бағытта бір-бірден, топтасып жүгіруге; шеңбер (еденге салынған арқан) бойымен жүгіруге үйрету; 3) секіру: педагогтың, бірінің қолынан біріұстап секіру; тәрбиешінің сақтандыруымен және көмегімен тақтайдан (биіктігі 10 см) секіру; тіректен ұстанып, тұрған орнында секіру дағдыларын қалыптастыру; 4) лақтыру, қағып алу, дәлдеп лақтыру:доптарды (көлемі және фактурасы әртүрлі) екі және бір қолымен шеңберге лақтыру; допты 1,5-2 м қашықтықтағы қақпаға домалату; допты тәрбиешіге 50 см қашықтықтан лақтыру; көлемі кіші матадан тігілген доптарды 50 см қашықтықтан себетке лақтыру; 5) еңбектеу, өрмелеу: ересектің қолдауымен төбешікке шығу және өздігінен түсу; еденде жатқан тақтай (ені 30 см, ұзындығы 1,5 м) бойымен еңбектеу; бөрене арқылы өрмелеп өту; гимнастикалық қабырға бойымен еркін тәсілмен өрмелеу және түсу; көрсету бойынша үлкен шеңберден (түзу) еңбектеп өту; 6) тепе-теңдік сақтау:шектелген кеңістік бойымен, бір ұшы еденнен 15-20 см биіктікке көтерілген (ұзындығы 1,5-2 м, ені 20-25 см) еңіс тақтай бойымен жүру және оның бойымен төмен түсу (ересектің сақтандыруымен және көмегімен); гимнастикалық орындық бойымен жүру және тақтай ұшынан секіру; аяғын дұрыс қоя отырып, бір орнында тұрып айналу; 7) сапқа тұру:сапта еркін тұру; еденге түзу етіп салынған арқан бойымен тұру, арқанды қолымен ұстап тұру; арқанның немесе жіптің бойымен бірінің артынан бірі сапқа тұру; 8) жалпы дамытушы жаттығулар (затпен және затсыз):жаттығуларды педагогпен бірге орындау: бас қимылы - бұру (оңға, солға), алға иілу, артқа шалқаю; қол қимылы - алға, жан-жағына, жоғарыға, иыққа, белге қою, қолдарын кеуде тұсында айқастыру және жанына созу; кеуде тұсында, бастан асыра шапалақтау; бүгу және жазу; саусақтарды жұдырыққа түю және жазу; қолды белге қойып, бір аяқты топылдату; екі аяғын топылдату; тұрған және отырған қалыпта оңға және солға бұрылу, бір-біріне зат беру, алға еңкею және түзулену, қолдаумен тізесін бүгу, секіру; 9) тәрбиешінің әрекетіне еліктеу бойынша шапшаң қимылды ойындар. 68. Күтілетін нәтижелер: 1) дене жаттығуларын орындауға ынта білдіреді; 2) жаттығуларды педагогтың әрекетіне еліктей отырып орындайды; 3) тура бағытта жүреді, жүгіреді; 4) шеңбер бойымен қол ұстасып жүреді; қол белде, аяқ ұшымен жүреді; 5) сигнал бойынша тоқтайды, жол бойымен көрсетілген бағытта бірінің артынан бірі жүгіреді; 6) шеңбер бойымен жүреді, жүгіреді; 7) допты бір және екі қолымен лақтырады; 8) тұрған және отырған қалыпта допты екі қолымен ұстап, қақпа арқылы домалатады; 9) тәрбиешінің көмегімен тақтайдан секіреді; 10) тіректен ұстап бір орнында тұрып секіреді; 11) тақтай бойымен еңбектейді; 12) арқанның, орындықтың астынан өрмелеп өтеді; 13) гимнастикалық қабырғаға шығады және түседі; 14) бір орнында тұрып айналады. 69. Мәдени-тазалық дағдылары: 1) тамақтану дағдыларын қалыптастыру:қасық және тостағанды қолдана отырып, ересектің бақылауымен тамақтана алуды қалыптастыру;балаларды төгіп алмай тостағаннан дұрыс ішуге үйрету; 2) гигиеналық дағдыларды қалыптастыру:ересектің бақылауында шүмекті ашуға және жабуға;ересек адамның көмегімен және көрсету бойынша жуынар алдында жеңінтүру керектігін;сурет бойынша өз орамалын таба білуді балаларға үйрету (ересектің көмегімен, көрсету немесе ауызша нұсқаулық бойынша);санитария және гигиена заттарын (сабын салғыш, тіс щеткасы, тіс пастасы)тани алуын және ажыратуын қалыптастыру;тіс пастасын тіс щеткасына жаға отырып, тіс тазалау, ауыз шаю дағдыларына үйрету (бірлескен әрекет); жуынып болған соң қол және бетті сүрту үшін жайылған орамалмен сүртіну керектігін үйрету;автоматты қол кептіргіш көмегімен қолды кептіру;ересектердің көмегімен айна алдында шаш тарай білуін қалыптастыру (еліктеу бойынша);ересектің көмегімен дәретхана қағазын қолдана білуге үйрету; 3) ұқыптылық дағдыларын қалыптастыру:тамақтан кейін майлықты қолдана білуге,тамақтанып болған соң алғыс білдіруге үйрету;ересектің бақылауымен және көмегімен орындыққа киімді дұрыстап бүктеуді қалыптастыру;дәретханамен дер кезінде қолдану керектігін бекіту (ересектің ескертуі және дәретханаға апаруы бойынша); 4) киіну және шешіну дағдысын қалыптастыру:балаларды сурет бойынша өз шкафын таба алуына үйрету(ересектің көмегі арқылы, көрсету немес ауызша нұсқаулық бойынша);ересектің көмегімен өз киімін сәйкестендіре білуін қалыптастыру; жабысқақ түймелегіштерді (ересектің жартылай көмегімен) шеше алуды қалыптастыру; жабысқақтар көмегімен түймелейтін, ағытатын, біріктіретіндағдыларды қалыптастыру үшін түрлі ойын модульдері бар жаттығулар. 70. Күтілетін нәтижелер: 1) қасық және тостағанмен қолдана отырып, ересектің бақылауымен тамақтана алады; 2) тостағаннан төгіп алмай ішеді; 3) ересектің бірлескен әрекеттерімен ауыз шаю және тіс тазалау процесіне қатысады; 4) автоматты қол кептіргіш көмегімен қолды кептіре алады; 5) ересектің көмегі арқылы өз киімін сәйкестендіре біледі; 6) ересектердің көмегімен айна алдында шаш тарау дағдысына ие болады (еліктеу бойынша); 7) ересектің көмегімен дәретхана қағазын қолдана біледі; 8) жабысқақ түймелегіштерді ересектің жартылай көмегімен шеше алады.