9-параграф. 2-жартыжылдық 37. Сенсорика: 1) көріп қабылдау мен зейінді дамыту:жеке заттарды қабылдау, оларды ортадан ерекшелеу;шымылдықтың алдымен бір жерінен, содан кейін белгілі бір екі жерінен бірізділікпен пайда болатын қуыршақты күту, зейінді қалыптастыру;ересектің әрекетін алдымен затсыз, содан кейін затпен (ойыншықтармен) шығару;таныс заттарды тану (өзінің ойыншығын табу), педагог атаған ойыншықты ерекшелеу;"осындай", "ондай емес" салыстыру тәсілдерімен түстердің біртектілігі немесе біртекті еместігіне бағдарлай отырып, түстерді ажырату; таныс ойыншықтарды олардың бейнелерімен сәйкестендіру; 2) естіп қабылдау мен зейінді дамыту:есту тітіркендіргіштеріне әсері болуы;белгілі бір аспаптың дыбысталуына әсерін әрекетпен білдіре отырып, екі-үш музыкалық аспаптың дыбысталуын ажырату;дыбысқа еліктеуді ажырату, дыбысталудың сәйкес ойыншыққа қатысын анықтау;дыбыстарды тану және нақты бейнелермен сәйкестендіру; 3) тактильдік-қимылдық қабылдауды дамыту: көлемді пішіндерді (шар, текше) еліктеу бойынша практикалық әрекеттер арқылыажырату;ересектің әрекетіне еліктеу, үлкен заттарды екі қолымен, кіші заттарды бір қолымен алу; заттардың көлемін (үлкен, кіші) ұстау арқылы қабылдау;өзара байланысты тура және кері әрекеттерді орындауға үйрету (жаю-жинау, алу-салу, апарып қою). 38. Күтілетін нәтижелер: 1) түстерді салыстырады; 2) заттардың көлемін (үлкен, кіші) ажыратады; 3) геометриялық пішіндерді (шар, текше) сипау арқылы ажыратады; 4) заттарды сезімталдықтың әртүрлі түрлерін тексеруге қатыстыра отырып қарастырады; 5) жақын ортадағы заттарды көру арқылы таниды; 6) таныс ойыншығының бейнесін затпен сәйкестендіреді; 7) екі-үш музыкалық аспаптардың дыбысталуын ажыратады; 8) ойыншықтармен әрекеттерді (жаяды-жинайды, алады-салады, апарып қояды) орындайды. 39. Құрастыру: 1) балалардың көзінше орындалатын құрастыру әрекеті процесінде ересектің әрекетін бақылауға;еліктеу бойынша практикалық әрекеттер арқылы заттарды көлемі (кіші, үлкен) бойынша салыстыруға; 2) құрылыс материалдарынан құрастыру:педагогпен бірлесіп құрылыс конструкторынан қарапайым құрылыстар жасау, оларды ойында пайдалану;ойында құрылыс жиынтығының элементтерін заттармен алмастырушы ретінде қолдану; 3) заттық емес құрастыру:еліктеу бойынша топ бөлмесінің кеңістігінде құрылыс конструкторының бір элементінің орнын ауыстыру;көрсету бойынша сатымен қозғалу (жоғары-төмен), топ бөлмесі кеңістігінде (орындықта тұру, жерге түсу: жоғарыда-төменде) қозғалу; 4) таяқшалардан құрастыру:таяқшалардан қаланған пішіндерден таныс заттардытану; 5) құрамалы-жиналмалы ойыншықтарды құрастыру: сынған ойыншықты "жөндеу" ынтасын шақыру; ойыншықты жинастыру, бөліктерден бүтін құрау; 6) конструктор бөліктерін ұстап алу, ұстап тұру, орнын ауыстыру; затты екі қолымен зерделеу (затты сипап сезу) дағдыларын қалыптастыру. 40. Күтілетін нәтижелер: 1) құрылыс конструкторымен ойынға жағымды әсері; 2) конструтор бөліктерін ұстап алады, ұстап тұрады, ауыстырып қояды; 3) педагогпен бірлесіп құрылыс конструкторынан қарапайым құрылыстар құрастырады; 4) бөліктерден бүтін құрастырады, ойыншықты жинастырады; 5) еліктеу бойынша құрылыс конструкторының элементтерінің топ бөлмесі кеңістігіндегі орындарын ауыстырады.