Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы


Тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы



бет156/189
Дата11.03.2023
өлшемі0,52 Mb.
#73441
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   189
Байланысты:
499 бұйрық

Тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы

Ескерту. Бұйрық 6-қосымшамен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 29.12.2018 № 721 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Түсіндірме жазба

1. Тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5 және 14 - баптарына сәйкес әзірленді.


2. Бағдарламаның мақсаты тірек-қимыл аппараты бұзылысының (бұдан әрі - ТҚАБ) дәрежесі мен балалар церебральды сал ауруының (бұдан әрі - БЦСА) көріністерін есепке ала отырып, балаларда арнайы түзету-компенсаторлы және қоғамдық-бейімді біліктер мен дағдыларды қалыптастыру; жасына сай қозғалыс дағдыларына үйрету; тірек қимыл аппараты бұзылысының алдын алуды қамтамасыз ету; шынайы өмір жағдайларына сәтті тұрмыстық, ойын және қоғамдық бейімделуіне, олардың қоғамға интеграциясына түзетуші физикалық жаттығулар және арнайы қозғалыс тәртібі көмегімен алғышарттар жасау.


3. Бағдарлама міндеттері:


1) бас, мойын, кеуде және аяқ-қолдың дұрыс бақылауын қамтамасыз ететін бойын түзеу және тепе-теңдік реакцияларын дамыту;


2) қол функциясын және заттық-манипулятивтті қызметін дамыту;


3) көру- моторлы координациясын дамыту;


4) дұрыс емес қалып пен күйді тежеу және жою;


5) екіншілік ақаулы қозғалыс стереотипінің қалыптасуының алдын алу;


6) омыртқа қисаюын тұрақтандыру; сколиоз корсетінің доғасын кішірейту;


7) бұлшық еттердің күш шыдамдылығын жоғарылату; табан мен сан бұлшық еттерін қатайту;


8) табан бірігулерін қалыптастыру;


9) дұрыс және уақытында сүйектенуіне, омыртқа бедерлерінің қалыптасуына әсер ету;


10) тыныс алу бұлшық еттерін қатайту;


11) негізгі гимнастиканың жаттығуларын жасау дағдыларын; негізгі қимылдарды қалыптастыру;


12) сапалы дағдыларды тәрбиелеу: ептілік, жылдамдық, икемділік, күш, шыдамдылық, тепе-теңдік;


13) жеке және қоғамдық гигиенаның алғашқы дағдыларын тәрбиелеу;


14) қозғалыс бағыттары жайлы білімін қалыптастыру;


15) рухани, ерік, тұлғалық қасиеттерді тәрбиелеу.


4. Бағдарлама коммуникативті дағдыларын қалыптасуына, балалардың танымдық және әлеуметтік мотивтерін білдіруге, білім алуға деген қызығушылығы мен құштарлығын дамытуға, балаларға қимыл дағдаларды меңгеруге, енжар-қайталмалыдан белсенді-өзіндік қозғалысқа ауысуын іске асыруға мүмкіндік береді.


5. Күтілетін нәтижелер сабақтар бойынша мақсаттар жүйесінде көрсетілген.


6. Бағдарлама мазмұны 3 жастан 7 жасқа дейінгі балалардың психикалық және физикалық дамуының жас кезеңдерін қамтиды:


1) екінші кіші топ - 3-4 жастағы балалар;


2) ортаңғы топ - 4-5 жастағы балалар;


3) мектепке дейінгі ересектер тобы - 5-6 жастағы балалар;


4) жалпы білім беретін мектептегі, лицейдегі, гимназиядағы мектепалды даярлық сыныбы - 6-7(8) жастағы балалар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   189




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет