Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы


-параграф. "Әлеумет" білім беру саласы



бет7/135
Дата31.03.2023
өлшемі0,89 Mb.
#78110
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   135
13-параграф. "Әлеумет" білім беру саласы
152. "Әлеумет" білім беру саласының базалық мазмұны қоршаған ортамен танысу, экология негіздері ұйымдастырылған оқу қызметінде жүзеге асырылады.
153. Мақсаты жалпы адамзаттық құндылықтар мен ережелер негізінде жеке тұлғаның әлеуметтік дағдыларын қалыптастыру болып табылады.
154. Міндеттері:
ересектердің еңбегі, оның қоғамдық өмірдегі рөлі туралы, жалпы қабылданған нормалар мен ережелер негізінде құрдастармен және ересектермен өзара қарым-қатынастары туралы білімдерін кеңейту;
отансүйгіштік сезімдерін, еліміздің жетістігіне мақтаныш сезімін тәрбиелеу;
өзінің еңбегіне, басқа адамдардың еңбегі мен оның нәтижелеріне құндылықты қатынасқа тәрбиелеу;
құрдастарымен сыпайы қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу.
14-параграф. І жартыжылдық
155. Қоршаған ортамен танысу
Бала, оның отбасы, үйі
1) баланың өзі және өзінің жағдайы туралы түсініктерін кеңейту. Өзін-өзі тануға ұмтылысын қолдау. Баланың туыстық қатынастарды түсінуіне ықпал ету;
2) балалардың отбасы мүшелері бейнеленген суреттерді қарастыру, отбасы мүшелерін, олардың әрекеттері мен өзара қарым-қатынастарын атау дағдыларын қалыптастыру.
Заттық әлем
Балаларды заттық әлеммен таныстыру және онымен әрекет жасау дағдыларын қалыптастыру. Жақын маңайдағы заттарды ажыратып, атай білу біліктерін жетілдіру.
Білімдерін қалыптастыру:
1) таныс емес заттардың қолданысы туралы;
2) қоршаған ортадағы заттардың қолданысы, құрылысы, материалы арасындағы байланысы туралы;
3) ұлттық киімді дайындау, әшекейлер туралы;
4) көлік түрлерінің қолданысы (әуе, су, жерде жүретін көліктер);
5) жүктің сипаты және қолданылуы машинаның құрылысына тәуелділігі туралы (жедел жәрдем, өрт сөндіру машинасы және тағы басқа);
6) мамандықтар және ересектердің еңбегі туралы;
7) телефон, компьютер, теледидардың қолданысы туралы білімдерін қалыптастыру және оларды пайдаланудың кейбір қарапайым ережелерімен таныстыру. Адамдарға еңбектері үшін алғыс айтуға және еңбектің нәтижесіне құрмет көрсете білуге тәрбиелеу.
Әртүрлі мамандықтағы адамдар туралы ұғым
Балабақша қызметкерлері мен олардың еңбек әрекеттері, адамның тұратын үйі, балабақша, мектеп, ересектердің еңбектері туралы білімдерін жетілдіру.
Қалалар мен ауылдардың атаулары, олардың көрікті жерлері, ауыл мен қала өмірінің ерекшеліктері туралы білімдерін бекіту.
Біздің еліміздің қорғаны әскер туралы білімдерін қалыптастыру.
Қазақстан республикасының бас қаласы – Астана туралы білімдерін суреттерді, альбомдарды қолданып, қарастыру арқылы қалыптастыру.
Балаларды мемлекеттік мерекелерге қатысуға баулу.
Мемлекеттік рәміздер туралы (Ту, Елтаңба, Әнұран) білімдерін қалыптастыру.Өз елінің рәміздеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Жолда жүру ережелері
Көлік түрлері, жол бөліктері (тротуар, жолдың жүру бөлігі мен жаяу жүргінші өтетін жол және жерасты өту) ,бағдаршам белгілері, жолда жүру ережелері туралы білімдерін қалыптастыру.
Күтілетін нәтижелер:
өзі туған елді мекенін, туған елін атайды;
қазақ киіз үйі оның құрылысы ішіндегі заттарды, ұлттық киімдер мен әшекейлерді атайды және ажыратады;
еңбек адамдарына және олардың еңбектерінің нәтижелеріне құрмет көрсетеді;
әскердің міндеті туралы түсініктерге ие;
мемлекеттік және ұлттық мерекелерге қатысады;
мемлекеттік әнұранды біледі және оны кеудесінің сол жағына қолын қойып айтады;
бағдаршамның белгілері, көшеде, өткелде өзін дұрыс ұстауды біледі;
халық дәстүрлеріне негізделген адамгершілік мінез-құлық нормаларын орындайды, ересектер мен кішілерге құрмет көрсетеді.
156.Экология негіздері
Өлі және тірі табиғат құбылыстары мен заттары
1) балалардың өлі табиғат объектілері - су, жер, ауа, күннің көзі туралы білімдерін бекіту;
2) табиғат құбылыстары: жел, жаңбыр, тұман туралы түсініктерін кеңейту.
Табиғаттағы маусымдық өзгерістері
1) күзгі, қысқы табиғатты, олардың қарапайым өзгерістерін бақылау дағдыларын дамыту;
2) адамдардың күзгі, қысқы әрекеттеріне балалардың зейін аудару дағдыларын қалыптастыру.
Өсімдіктер әлемі
1) көкөністер мен жемістерді ажыратып, атау дағдыларын жетілдіру;
2) бөлме өсімдіктері, олардың ерекшеліктері туралы білімдерін жетілдіру. Бөлме өсімдіктеріне және табиғат бұрышындағы жануарларға күтім жасау, өсімдіктердің өсіп-өнуі үшін қажетті жағдайлар туралы білімдерін қалыптастыру. Адамның табиғатқа деген қамқорлық қатынасының маңызы туралы білімдерін қалыптастыру;
3) балалардың бөлме өсімдіктерін өсіріп, оларға күтім жасауға қызығушылықтарын және ынталарын тәрбиелеу. Оларға ұқыптылықпен және қамқорлықпен қарауға баулу;
4) балабақша ауласындағы кейбір ағаштардың, бұталардың түрлері жайлы білімдерін қалыптастыру. Ағаштардың бөліктерін тауып, атай білу дағдыларын бекіту;
5) өсімдіктерге арналған белгілі жағдайлардың қажеттілігін түсіну дағдыларын қалыптастыру.
Жануарлар әлемі
1) үй жануарлары және олардың төлдері; жабайы жануарлардың тіршілігі; табиғат бұрышын мекендеуші жануарлар туралы түсініктерін кеңейту. Тірі объектілерге күтім жасауға арналған құралдар және табиғат бұрышындағы өсімдіктер туралы білімдерін қалыптастыру;
2) жабайы жануарлардың күз мезгіліндегі тіршілігі жайлы түсініктерін (сыртқы түрі, тіршілік ету ортасы, мекені, азығы, қысық дайындығы) кеңейту.
3) үй және дала құстары туралы білімдерін кеңейту;
4) қыстап қалатын және жыл құстары туралы білімдерін, оларды ажыратып, атай білулерін қалыптастыру;
5) табиғаттағы қарапайым тәртіп ережелері туралы білімдерін қалыптастыру.
Күтілетін нәтижелер:
өлі табиғат объектілерін ажыратады және атайды;
кейбір табиғат құбылыстарын, табиғаттағы және ауа райындағы маусымдық өзгерістерді ажыратады және атайды;
4-5 ағаштардың түрлерін, бұталарды, шөптесін өсімдіктерді, гүлдерді, жидектерді, саңырауқұлақтарды, көкөністер мен жемістерді; үй және жабайы жануарларды атайды және ажыратады;
өсімдіктер мен жануарларға күтім жасаудың қарапайым әдістерін біледі.
15-параграф. II жартыжылдық
157. Қоршаған ортамен танысу
Бала, оның отбасы, үйі
1) отбасы туралы, отбасының ересек мүшелерінің еңбегі туралы білімдерін жетілдіру. Отбасының ересек және кіші мүшелеріне сыйластықпен және қамқорлықпен қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу. Отбасындағы сүйікті адамдары, отбасылық мерекелері, дәстүрлері туралы өздігінен әңгімелеу дағдыларын қалыптастыру. Балаларды отбасылық мерекелер мен салтанаттарға даярлыққа қатысуға баулу;
2) заттық-кеңістіктік дамытушы ортада отбасылық қатынастарды және отбасындағы ересектер еңбегін сипаттайтын ойын әрекеттерін орындау.
Заттық әлем
1) қоршаған заттар, олардың қасиеттері және міндеттері туралы білімдерін кеңейту. Материалды ескере отырып, заттар мен нысандарды іріктеу, топтастыру, тану біліктерін қалыптастыру;
2) балаларды ұлттық киімді, тұрмыс заттары мен әшекейлерді даярлаумен таныстыруды жалғастыру;
3) ойыншықтарға, кітаптарға, ыдыстарға ұқыпты қарау дағдыларын тәрбиелеу.
Байланыс, қозғалыс құралдары
Қозғалыс ортасын ескере отырып, көлік құралдарын танып және атай білу дағдыларын қалыптастыру. Әртүрлі көлік құралдары мен оларды басқаратын адамдар туралы білімдерін жетілдіру. Көлікте жұмыс істейтін адамдарға сыйластықпен қатынас жасауға тәрбиелеу.
Ересектердің еңбегі
1) ересектер еңбегі туралы білімдерін жетілдіру. Ауыл шаруашылығындағы ересектер еңбегі туралы білімдерін қалыптастыру.Ауыл шаруашылығы жұмысшылары еңбегінің мәнін түсіну (қаламен ауылдың байланысы), диқанның еңбегі туралы білімін қалыптастыру. Нанға және азық-түлік өнімдеріне ұқыпты қарауға тәрбиелеу;
2) балабақша қызметкерлерінің еңбегі туралы білімдерін нақтылау, оған сыйластықпен қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу.
Менің Отаным – Қазақстан
1) фотосуреттерді, халық өмірі туралы картиналарды, ұлттық сәндік өнер бойынша альбомдарды, тұрмыстық заттар мен ұлттық үлгіде дайындалған киімдерді пайдалана отырып, Қазақстан Республикасы және онда тұратын әртүрлі ұлт өкілдері туралы түсініктерін қалыптастыру;
2) Қазақстан әскері туралы түсініктерін кеңейту. Қазақстан мәдениетінің қайнар көзіне баулу. Халық музыкалық аспаптары туралы білімдерін қалыптастыру. Музыкалық шығармаларды тыңдау дағдыларын қалыптастыру.
Жолда жүру ережелері
Бағдаршам түсінің белгілеріне сәйкес көшеден өту дағдыларын жетілдіру. Жаяу жүргіншілер үшін ережелер, "Жаяу жүргінші өткелі" жол белгісі туралы білімдерін қалыптастыру.
Іздеу зерттеу әрекеті
Дағдыларды қалыптастыру:
1) қарапайым тәжірибелер мен зерттеу жүргізу, қарапайым себеп-салдарлық байланыстарды орнату;
2) заттарды белгілі реттілікпен орналастыру;
3) түрлі материалдар олардың сапалары мен қасиеттері туралы білімін жетілдіру;
4) бастаған ісін аяғына дейін жеткізу.
Қарапайым тәжірибелерді жүргізуге қызығушылық пен зейін аударуға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
отбасының ересек мүшелерінің еңбегі туралы біледі;
отбасында ересектер мен өзінен кішілерге сыйластық және қамқорлық қарым-қатынас танытады;
материалды ескере отырып, заттар мен нысандарды тани алады;
ойыншықтарға, кітаптарға, ыдыстарға ұқыпты қарайды;
кейбір мамандықтардың маңызын, атауларын біледі;
қарапайым тәжірибелерді жүргізуге қызығушылық танытады;
қарапайым себеп-салдарлық байланыстарды орнатады.
158. Экология негіздері
Өлі және тірі табиғат құбылыстары мен заттары
Өлі табиғат объектілері туралы білімдерін кеңейту және бекіту.
Табиғаттағы маусымдық өзгерістер
1) көктем, қыс мезгілдерінде табиғатты бақылау дағдыларын дамыту;
2) өктем мезгілінде адамдардың іс-әрекетіне зейіндерін аудару дағдыларын дамыту;
3) ауа райын бақылау дағдыларын жетілдіру және бақылау нәтижелерін табиғат күнтізбесіне белгілеу;
Өсімдіктер әлемі
1) балабақша ауласындағы және жақын маңайдағы өсімдіктер туралы білімдерін бекітуді жалғастыру, оларды ажыратып, атауға үйрету;
2) 4-5 көкөністер мен жемістердің түрлерін, бөлме өсімдіктерін, ағаштар мен бұталарды танып, атай білу дағдыларын бекіту;
3) ағаштың және гүлдің бөліктерін атай білу дағдыларын бекіту.
Білімдерін қалыптастыру:
1) өсімдіктер және олардың көктем мезгіліндегі тіршілігі жайлы;
2) шөптесін өсімдіктер (4-5 түрлері), жемістер, саңырауқұлақтар туралы;
3) өсімдіктердің орманда, бақта, бауда, далада өсетіндері туралы;
4) пияздың және шөптің бөлмедегі жағдайда өсуі туралы;
5) өсімдіктер әлеміне қамқорлық жасау туралы.
Жануарлар әлемі
1) үй жануарларын және жабайы жануарларды ажыратып, атай білуді бекіту. Табиғат бұрышындағы өсімдіктерге және жануарларға қамқорлық жасау дағдыларын жетілдіру;
2) көктем, жаз мезгіліндегі жануарлардың тіршілігі жайлы түсініктерін жетілдіру;
3) кейбір жәндіктердің түрлері туралы, олардың тіршілігі туралы түсініктерін кеңейту;
4) кейбір бауырмен жорғалаушылар туралы түсініктерін қалыптастыру.
Табиғаттағы өзін-өзі ұстау ережелері
Табиғаттағы тәртіп ережесімен таныстыруды және балаларды табиғат бұрышындағы өсімдіктер мен жануарларға қамқорлық жасауға ынталандыруды жалғастыру.
Күтілетін нәтижелер:
өсімдіктер мен жануарлардың өсіп-өнуіне қажетті кейбір жағдайларды біледі;
4-5 үй және жабайы жануарларды, қыстап қалатын және жыл құстарын, жәндіктерді, өсімдіктерді, бұталарды, ағаштарды атайды;
жануарлардың табиғаттағы тіршілік етуі туралы түсініктері бар;
табиғаттағы өзін-өзі ұстау қарапайым ережесін біледі;
табиғат бұрышындағы өсімдіктер мен жануарларға күтім жасаудың қарапайым дағдыларын меңгерген;
тіршілік иелеріне аяушылық, жанашырлық танытады.
6-тарау. Мектепалды топ/сынып (5 жастан бастап)
Ескерту. 6-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 06.03.2020 № 88 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-параграф. "Денсаулық" білім беру саласы
159. "Денсаулық" білім беру саласының базалық мазмұны дене шынықтыру, қауіпсіз мінез-құлық негіздері ұйымдастырылған оқу қызметінде іске асырылады:
160. "Денсаулық" білім беру саласын ұйымдастыру және өткізу балалардың өмірін қорғауға, денсаулығын нығайтуға және негізгі қимыл түрлерін қалыптастыруға бағытталған.
161. Мақсаты денсаулық сақтау технологиясын қолданып, ойындар мен жаттығулар арқылы денешынықтыруға қызығушылықты, қауіпсіз мінез-құлық негіздерін қалыптастыруболып табылады.
162. Міндеттері:
дене сапаларын қалыптастыру;
тұрмыста, көшеде, табиғат жағдайларында қауіпсіз мінез-құлық дағдыларына жаттықтыру;
негізгі қимылдарды жетілдіру арқылы балалардың қимыл тәжірибелерін байыту;
шығармашылық, танымдық және сөйлеу қабілеттерін дене шынықтырудың түрлі нысандарында дамыту;
балалардың дене қалыптарының дұрыс дамуына, қимылдарының үйлесімділігіне, жалпақ табандылықтың аладын-алуға медициналық- педагогикалық бақылау жүргізу.
2-параграф. І жартыжылдық
163. Дене шынықтыру
Бұрын үйретілген жаттығуларды қайталау, бекіту, қимыл біліктері мен дағдыларын жетілдіру.
Жалпы дамытушы жаттығулар "Қол кеуденің алдында" қалпынан қолды жанына қарай созу, "қолды желкеге қою" қалпынан қолды жоғары көтеру және жанына қарай созу; қол саусақтарын айқастыру "құлып", алға-жоғары көтеру (алақанды сыртқа қарай айналдыру); қолды бір мезгілде жоғары-артқа бір мезгілде және кезектесіп көтеру.
Допты басынан асыра (алға және артқа) бір-біріне беру. Қолды алға созып оңға, солға бұрылу, гимнастикалық қабырғаға қарап тұрып, белінің тұсынан жіңішке тақтайшаны ұстап, алға еңкейіп, иілу, гимнастикалық қабырғаға арқасымен тіреліп тұрып, қолын белінің тұсына сай рейкадан ұстап, аяқты кезектестіре бүгу және тік көтеру, алға еңкейіп, алақанын еденге тигізу, айқасқан қолдарын артына көтеру, екі жанына созылған қолдарын жоғары көтеру, тізерлеп тұрып, алға еңкею, отыру. 5 метрге дейін қолмен жүру (екінші бала бірінші баланың аяғынан ұстап жүреді).
Іштің бұлшық еттеріне (пресс) арналған жаттығулар. Екі бала жұптасып жасайды: бірінші бала қолын желкесіне қойып, шалқасынан жатып, денесін көтереді, екіншісі оның аяғына отырады (5–6 рет); гимнастикалық қабырғада қолдарымен тартылып тұрып, аяқтарын қосып сермейді (5–6 рет). Топтасып отырған күйі алға, артқа "әткеншек" жасап домалау (5–6 рет), 3 метрге дейін қолдың көмегімен етпетінен жатып еңбектеу. Қолдарын алға созып, 6–7 рет қатарынан жартылай отырып, тұру. Аяқты кезекпен алға және жан-жаққа қойып, отыру; ұсақ заттарды аяқтың саусақтарымен қысып алып, орнын ауыстыру.
Негізгі қимылдар
1) жүру: Сапта бір қатармен, аяқтың ұшымен, өкшемен жүру; тізеден бүгілген аяқты жоғары көтеру, заттарды аттап өту, түрлі қарқында, тәрбиешінің белгісімен тоқтау, қозғалыс бағытын өзгерту, шашырап, заттар арасымен, адымдап алға қарай жүру, қадамды алмастыра жүру. Жүру мен жүгіруді қайталап кезектестіру;
2) жүгіру: шашырап; жұптасып, бір қатармен, заттарды аттап, бір сызыққа қойылған заттар арасымен "жыланша" ирелеңдеп, кедергілерден өту арқылы, табиғи жағдайларда кедергілерден өту арқылы, түрлі жылдамдықпен – баяу, жылдам, орташа қарқынмен 1,5–2 мин тоқтаусыз жүгіру;
3) секіру: бір орында тұрып, алға қарай 3–4 м қашықтыққа жылжу арқылы секіру, тізенің арасына қапшықты қысып, қос аяқтап; түзу бағытта (арақашықтығы 6 м); қос аяқтап заттар арасымен (арақашықтығы 4 м), оң және сол аяқтарымен кезектесіп заттар арасымен (арақашықтығы 3 м), орнынан биіктікке, арқаннан, сызықтан аттап секіру, оң және сол аяғын кезектестіріп секіру, биіктіктен секіру, 20 см дейінгі биіктіктікке секіру;
4) лақтыру, қағып алу, домалату: қос қолмен допты жоғары, жіптің үстінен лақтыру, допты еденнен ыршытып жоғары лақтырып, қос қолмен қағып алу (4–5 рет), допты бір қатарға қойылған заттар арасымен домалату, допты қабырғаға ұрып және еденнен ыршытып қос қолмен қағып алу, 2–2,5 м арақашықтықтағы нысанаға құм салынған қапшықты, асықты дәлдеп лақтыру, допты екі қолымен бір- біріне (арақашықтығы 1,5–2 м) басынан асыра лақтыру, допты екі қолымен заттар арасымен жүргізу (арақашықтығы 4 м), алға қарай жылжып, қос қолмен допты лақтырып, қайта қағып алу (арақашықтығы 4–5 м);
5) еңбектеу, өрмелеу. Биіктігі 40 см жіптің астынан қолды еденге тигізбей, бүйірімен еңбектеу, гимнастикалық орындық үстінде ішпен еңбектеу, көлбеу басқышпен өрмелеп гимнастикалық қабырғаға өтіп, сатыдан ұстай отырып қайта түсу, гимнастикалық орындық астынан еңбектеу, доға астымен еңбектеу (биіктігі 50 см), доғаның астымен қолына допты ұстап еңбектеу (биіктігі 50 см), құрсаудың ішіне кіру(биіктігі 50 см), көлбеу басқышқа шығу, доғаның астымен төрт тағандап, допты басымен итеріп еңбектеу, кедергілер арасынан және қолды еденге тигізбей доға астынан еңбектеу; қолды еденге, құрсаудың шетіне тигізбей оң және сол жақ бүйірімен топталып құрсаудың ішінен өту;
6) тепе-теңдікті сақтау. Заттардан аттап жүру, шектелген беткей үстімен адымдап, аяқ ұшымен жүру, орындық үстімен текшелерден аттап, қосалқы қадаммен арқан бойымен (өкшені арқанға, аяқ ұшын еденге), әр қадам сайын допты алдынан немесе артынан қолдан-қолға ауыстыра отырып орындық үстімен, кедір-бұдыр тақтай үстімен жүру;
7) сапқа тұру, сап құрылымын өзгертіп қайта тұру. Сапқа бір, екі, үш қатармен тұру, сап түзеуден бір және екі, үш қатармен қайта тұру, бір орында және қимыл үстінде оңға, солға бұрылу, қатарда – қолды алға, сап түзеп жүргенде және шеңбер жасағанда – қолды жан-жаққа созып тік тұру; оңға, солға бұрылу, тұрған орнында айналу.
Музыкалық-ырғақтық қимылдар.. Музыка ырғағына сәйкес түрлі қарқында қимылдар жасау. Өздеріне таныс дене жаттығуларын музыка әуенімен әсем де, ырғақты етіп орындау. Аяқты өкшеге кезектестіріп қойып, топылдату. Бір қырымен тізе бүге отырып жүру. Қарапайым музыка ырғағына сай қолды шапалақтау. Түзу бағытта шоқырақтап жүру. Жұптасып, шеңбер бойымен қозғалу.
Спорттық жаттығулар
1) шанамен сырғанау. Төбешіктен бір-бірлеп және екі-екіден шанамен сырғанау. Шанамен төбешікке көтерілу;
2) сырғанау. Өздігінен мұзды жолмен жүгіріп келіп сырғанау; сырғанау кезінде тізені бүгіп және орнынан тұру;
3) шаңғымен жүру. Оң және сол аяқтарымен сырғанай отырып, бірінің артынан бірі кезектескен адыммен алға жылжу. Қиылысқан бос жерлермен жүру. Бір орнында тұрып айналып оңға, солға аттау, екі жаққа шеңбер жасау;
4) велосипед, самокат тебу. Шеңбер бойымен және тура жолмен қос дөңгелекті велосипед тебу. Оңға және солға бұрылу;
5) жүзу. Судың таяз жерінде отырып және жатып аяқпен қимылдар жасау (жоғары және төмен). Судың ішінде қолымен алға, артқа жүру (аяғы денесімен деңгейлес созылған). Иек, көз деңгейіне дейін суға отыру, суға бетін батыру, суға үрлеу;
6) судағы аэробика. Бұрылыстар жасай отырып, суда қимылдар жасау.
Спорттық ойын элементтері
1) баскетбол. Кеуде тұсынан қос қолмен допты бір-біріне лақтыру. Допты оң және сол қолмен алып жүру;
2) бадминтон. Воланды ракеткамен белгілі бір жаққа бағыттай отырып қағып лақтыру;
3) футбол. Берілген бағытқа допты оң және сол аяқпен домалату. Доппен затты айналдыра жүру. Допты шұңқырға, қақпаға домалату. Допты қатарынан бірнеше рет қабырғаға соғу;
4) хоккей. Берілген бағытта, қақпаға доптаяқпен шайбаны сырғанату, оны қақпаға енгізу.
Дербес қимыл белсенділігі
Ойындарды дамытуға ықпал ететін, спорттық жабдықтармен және түрлі құралдармен қамтылған қозғалыстық ортаны жасау. Көпнұсқалық ойындар үшін кеңістікті ұйымдастыру. Құрдастарымен жарыстар ұйымдастыру, олардың ережелеріне бағыну дағдыларын қалыптастыру.
Сауықтыру-шынықтыру шаралары
Балалардың қарапайым су шараларын жүргізудің дербес дағдыларын бекіту. Ертеңгілік гимнастиканы таза ауада (10-12 минут) орындауға қызығушылықтарын ояту. Дене бітімін және аяқ өкшелерінің нығаюын қалыптастыру.
Күтілетін нәтижелер:
ертеңгілік гимнастиканың жаттығулар кешенін орындай алады, негізгі қимылдардың алуан түрлерін орындауда сандық және сапалық көрсеткіштерге ие;
қозғалыс ойындарында ойын ережелерін сақтайды;
бір қатарға қайта тұра алады, сап түзеп жүруден бір және екі қатармен қайта тұра алады, бір орында бұрылады;
спорттық ойын элементтерін және жаттығуларын меңгерген;
гигиеналық шараларды дербес орындайды;
шынықтыру шараларының маңыздылығы мен қажеттілігін түсінеді.
164. Қауіпсіз мінез-құлық негіздері
1) адамның дене құрылысы, оның маңызды мүшелері туралы білімдерін, жұқпалы аурулар туралы, аурулардың алдын алудың негізгі шаралары туралы түсініктерін қалыптастыру;
2) негізгі азық-түлік тағамдары туралы білімдерін кеңейту. Үйде, көшеде, қоғамдық орындарда кейбір қауіпсіздік ережелерімен таныстыру;
3) өзінің және басқа балалардың ауырғанын сезінген жағдайда ересектерден көмек сұрауға үйрету.
Күтілетін нәтижелер:
адамның дене құрылысы, маңызды мүшелері жайлы біледі;
негізгі пайдалы азық-түліктерді атайды;
аурулардың алдын алудың негізгі шаралары туралы түсінікке ие;
үйде, көшеде, қоғамдық орындарда қауіпсіздіктің кейбір ережелерін біледі.
3-параграф. IІ жартыжылдық
165. Дене шынықтыру
Жалпы дамытушы жаттығулар. Бір қолдан екінші қолға затты алға, арқаға, басынан асыра қайта қою. Қолды алда шапалақтау және арқа артына қою. Қолдың білектерін айналдыру. Қолдың саусақтарын жазып, жұму.
Кеудеге арналған жаттығулар. Отыру, бұрылып затты артына қою, қайтадан артқа бұрылып затты алу. Шалқасынан жерде жатып, аяқты жоғары көтеру, велосипед тепкендей аяқты қимылдату. Тізерлеп отырған қалыптан оң және сол аяққа кезекпен салмақ түсіре отыру. Етпетінен жатып аяқты бүгу, қайта жазу (алдымен бір аяғын, содан соң екі аяғын бірге). Шалқасынан жату, етпетіне ауысу. Етпетімен жатып қолды жан-жаққа созу, иығын бүгу және аздап жоғары көтеру.
Аяққа арналған жаттығулар. Аяқтың басын таяққа, арқанға тірей отырып, өкшемен бір жағымен қырындап жүру. Таяқ, білікше бойымен (диаметрі 6–8 см) табанның ортасын тірей отырып, бір қырындап жылжу. Табанды бүгу, түзулеу, айналдыру.
Дене күшін арттыратын жаттығулар. 6 метрге дейін қолмен жүру (екінші бала бірінші баланың аяғынан ұстап жүреді).
Іштің бұлшық еттеріне (пресс) арналған жаттығулар. Екі бала жұптасып жасайды: бірінші бала қолын желкесіне қойып, шалқасынан жатып, денесін көтереді, екіншісі оның аяғына отырады (7–10 рет); гимнастикалық қабырғада қолдарымен тартылып тұрып, аяқтарын қосып сермейді (7–10 рет).
Арқаға арналған жаттығулар: топтасып отырған күйі алға, артқа "әткеншек" жасап домалау (7–10 рет), 5 метрге дейін қолдың көмегімен етпетінен жатып еңбектеу.
Негізгі қимылдар
Бұрын үйретілген жаттығуларды қайталау, қимыл дағдыларын бекіту және жаттықтыру.
1) жүру. Белгі бойынша бір қатармен бір-бірлеп, екінші жаққа бұрылу арқылы жүру, тізені жоғары көтере отырып секіргіштен аттау арқылы, доптан аттап бір жанымен, кегльдер арасымен жүре отырып, 40 см қашықтықта қойылған жіптерден оң және сол аяқты алмастыра отырып, аттап жүру;
2) жүгіру: Заттарды аттап өтіп бір-бірден бір қатарда, тізені жоғары көтере отырып, бағытсыз ирелеңдеп, 2 мин дейін заттардың арасымен үздіксіз жүгіру, жылдамдыққа, кегльдер арасымен жүре отырып, жүрумен алмастыра отырып 100–120 м қашықтыққа; белгіленген жерге дейін жылдамдыққа (ұзындығы 20 м) жүгіру; қырлы бөренелерден аттау арқылы орташа қарқынмен бір-бірлеп бір қатарда жүгіру; үш қатарға қайта сап түзеу арқылы (жолай кегльді алу); баяулатып, сап түзеу арқылы жылдамдыққа ирелеңдеп жүгіру; қиылысқан жерлермен баяу жүгіру;
3) секіру: Ұзын және қысқа секіртпемен қос аяқтап, ыршып-ыршып, бір аяқтан екінші аяққа алға айналдыра отырып және қос аяқтап ыршып секіруді алмастырып алға, артқа секіру; бір орында және 6–8 м қашықтыққа алға қарай жылжу арқылы секіру; арақашықтығы 40 см құрсаудан келесі құрсауға бір аяқтап және қос аяқтап; екпінмен биіктікке; екпінмен ұзындыққа; бір орыннан ұзындыққа; қос аяқтап, аяқтың оң бүйірімен (3 рет), одан соң 180 градусқа бұрылып, сол бүйірімен секіруді жалғастыру;
4) лақтыру, қағып алу, домалату: 4 м арақашықтықтан қапшықты тік нысанаға иықтан асырып, оң және сол қолмен лақтыру; допты бір қолмен еденнен ыршытып, қос қолмен қағып алу, бір қолымен жоғары лақтырып, бір қолымен қағып алу;
5) еңбектеу, өрмелеу. Құрсауларды айналдырып, олардың ішінен өту; орындықтан еңбектеп өтуді жүрумен алмастыру. 3–4 доғаның астынан еңбектеп өту; гимнастикалық қабырғаның басына дейін сатыдан аттамай бір және бірнеше тәсілмен өрмелеп, басқа аралыққа ауысып төменге түсу, арқаға қапшық қойып төрт тағандап еңбектеу, қырынан қойылған сатының тақтайшалары арасынан еңбектеп өту;
6) тепе-теңдікті сақтау. Арқан, жіптің бойымен басына қапшықты қойып, бір жақ жанымен қырындап адымдап жүру; гимнастикалық орындық үстімен арақашықтығы баладан екі қадам қашықтықта қойылған толтырылған доптардан аттап жүру, бір-бірінің қолдарынан ұстап жұптасып айналу, көтеріңкі заттың үстімен жүру, көлденең және көлбеу бөрене бойымен жүру және жүгіру, "Қарлығаш" жаттығуын орындау;
7) сапқа тұру, сап құрылымын өзгертіп қайта тұру. Сап түзеу және сапқа қайта тұрудың бұрын игерілген әдістерін қайталау және жетілдіру. Жүру барысында жұптасып және қайтадан бір қатарға тұру; педагогтың тапсырмаларын орындай отырып, жүру және жүгіру кезінде сапта тұрып бір қатардан үш қатар құру, қимыл процесінде жұптасу және қайтадан бір қатарға тұру, саптағы бір қатардан үш, төрт қатарға қайта сап түзеп тұру.
Музыкалық-ырғақты қимылдар. Музыка ырғағына сәйкес түрлі қарқында қимылдар жасау. Өздеріне таныс дене жаттығуларын музыка әуенімен әсем де, ырғақты етіп орындау. Түзу бағытта шоқырақтап жүру. Жұптасып шеңбер бойымен қозғалу. Жұптасып үйлесумен және айырылу арқылы сапқа қайта тұру. Басты екі жаққа еңкейту, "серіппелі" отырып-тұру арқылы қосалқы қадам басу, қолдың қимылдары бірге жасалады.
Спорттық жаттығулар
1) шанамен сырғанау. Шанамен төмен сырғанау кезінде тежеу. Бір-бірін сырғанату. Шанамен төбешікке көтерілу;
2) сырғанау. Сырғанау кезінде тапсырмалар орындау;
3) шаңғымен жүру. Тікелей, шырша адымдармен төбешікке шығу. Еңкейіп төмен түсу. Шаңғыны өздігімен алу, орнына қою, кию, шешу, қолтығының астында алып жүру;
4) велосипед, самокат тебу. Оң және сол аяқпен итеріліп, самокат тебу;
5) жүзу. Суға басын батырып отыру. Хауыздың қабырғасынан екі аяқтап күшпен алға ұмтылу жаттығуын жасау. Шалқасынан және кеудесімен сырғанау, суға дем шығару. Баланың өзіне ыңғайлы кез-келген тәсілмен жүзу;
6) судағы аэробика. Бұрылыстар, секірулер жасай отырып судағы қимылдар, ернеуде тұрып, басқа да жалпы дамытушы жаттығуларды жасау.
Спорттық ойын элементтері
1) "Городки". Бастапқы қалыпты дұрыс ұстап тұрып, таяқты бір қырындап лақтыру. 3–4 пішінді білу. Қалашықты (2–3 м) және (5–6 м) аралықтан таяқ лақтырып құлату;
2) баскетбол. Кеуде тұсынан қос қолдап допты лақтыру. Ойынды командамен ойнауға үйрену;
3) бадминтон. Воланды ракеткамен белгілі бір жаққа бағыттай отырып, қағып лақтыру. Тәрбиешімен жұптасып ойнау;
4) футбол. Жұптасып тұрып, допты аяқпен бір-біріне домалату, аяқпен қатарынан бірнеше рет қабырғаға соғу;
5) хоккей. Жұптасып тұрып шайбаны бір-біріне сырғанату.
Дербес қимыл белсенділігі
Балалардың қимылды ойындарды дербес ұйымдастыруына жағдай жасау, игерген қимыл дағдыларын серуенде жетілдіру. Серуен өткізілетін орынды дұрыс жабдықтау.
Қыс мезгілінде мұзды жолдармен сырғанауға, шаңғымен жүруге, хоккей ойындарына, шанамен сырғанауға, көктем, жаз мезгілдерінде велосипед тебуге, футбол, бадминтон, баскетбол ойындарына жағдай жасау.
Айына 1 рет сауық-кеш, денешынықтыру мерекелері жылына – 2 рет, қыста және жазда ұйымдастырылады.
Сауықтыру-шынықтыру шаралары
1) қарапайым су процедураларын жүргізудің дербес дағдыларын бекіту. Жергілікті процедуралардың температурасын біртіндеп төмендету;
2) қарама-қарсы температурадағы сумен шайыну. Балалардың денсаулықтарын ескере отырып, шынықтыру шараларына біртіндеп үйрету;
3) ертеңгілік гимнастиканы (10-12 минут) орындауға қызығушылықтарын ояту, дене бітімін және аяқ өкшелерінің нығаюын қалыптастыру.
Күтілетін нәтижелер:
негізгі қимылдарды орындау техникасын меңгерген;
балалар тобымен қозғалыс ойындарын ұйымдастыру дағдыларын игерген;
спорттық ойындардың элементтерін орындайды, спорттық жаттығуларды орындау техникасын біледі;
шынықтыру шараларының маңыздылығы мен қажеттілігін түсінеді;
таңертеңгі гимнастиканы орындауға қызығушылық танытады;
дене бітімін дұрыс қалыптастыру мен аяқ табанын нығайтуға арналған жаттығуларды орындайды;
негізгі қимылдарды орындауда шығармашылық танытады.
166. Қауіпсіз мінез-құлық негіздері
1) өзіңді таны. Сезім мүшелері. Олардың қызметі. Өз дене мүшелеріне күтім жасау;
2) тамақтану. Дәрумендер туралы білім. Су және оның ағзаға қажеттілігі. Азық-түліктер, оларды қолдану тәсілдері;
3) аурудың алдын алу. Табиғи факторлардың көмегімен шынықтыру. Ұйқы мен демалысты дұрыс ауыстыру – денсаулық кепілі. Зиянды және пайдалы әдеттер. Әртүрлі азық-түліктерді дайындаудың қарапайым тәсілдері және оларды қолдану. Өзінің және жолдасының сыртқы келбетіне қарап, денсаулық жағдайын анықтай білу, ересектерден көмек сұрау;
4) өзіңе және өзгелерге көмектес. Шамалы жарақаттанғанда көмек көрсету ережесін білу. Дене шынықтыру жаттығулары арқылы босаңсу кезінде тыныштандыру кешені жайлы білу;
5) табиғатты қорғау. Ағаштың түрлері туралы білу. Өсімдіктің түрлерін анықтай білу;
6) әлеуметтік әлем. Үйде өзін қауіпсіз ұстаудың қарапайым ережелері. Төтенше қызметтердің телефондарын білу. Балабақшаның ойындық және спорттық орындарында құралдарды қажетіне қарай қолдана білу.
Қоғамдық орындарда қарапайым мәдениеттілік және қауіпсіз мінез-құлық ережелерін меңгеру. Жалпыға ортақ құрал-саймандарды ұқыпты және дұрыс қолдана білу (жеделсатылар, лифттер, әткеншектер).
Күтілетін нәтижелер:
маңызды мүшелердің қызметін біледі, азық-түліктердің атауларын және оларды қолдану тәсілдерін біледі;
жұқпалы аурулар мен олардың белгілері туралы ұғымдарға ие;
үйде, көшеде, қоғамдық орындарда қауіпсіздік мінез-құлық ережелерін біледі және атайды;
өзінде және өзгелерде алғашқы ауру белгілерін байқаған жағдайда ересектерден көмек сұрай алады.
4-параграф. "Коммуникация" білім беру саласы
167."Коммуникация" білім беру саласының базалық мазмұны сөйлеуді дамыту,көркем әдебиет, сауат ашу негіздері, орыс тілі (қазақ тілінде оқытылатын топтарда) және шет тілдерінің бірі, драма ұйымдастырылған оқу қызметінде жүзеге асырылады.
168. Мақсаты ересектермен және балалармен еркін қарым - қатынас жасау дағдыларын қалыптастыру, орыс тілін және басқа тілдерді үйрету, көркем әдебиетке қызығушылыққа баулу; балалардың шығармашылық белсенділігін және бастамашылдық танытуын дамыту болып табылады.
169. Міндеттері:
айналасындағы адамдармен еркін қарым-қатынас жасау дағдыларын қалыптастыру;
қазақ халқының және басқа халықтардың салт-дәстүрлерін, мәдениетін құметтеуге тәрбиелеу;
әрекеттердің алуан түрлі нысандары мен түрлерінде ауызша сөйлеуді дамыту;
ойынды, биді қолдана отырып, көркем бейнені құруда шығармашылық дербестікті дамыту.
5-параграф. І жартыжылдық
170. Сөйлеуді дамыту
Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті
1) тыңдауды, айтуды, оқуды, ана тіліне тән барлық дыбыстарды айта білуді жетілдіру;
2) дыбыстардың нақты артикуляциясын, интонациялық мәнерлігін қалыптастыру;
3) берілген дыбысқа сөз таңдауға, сөздерді дыбысталуы бойынша салыстыра білуге үйрету.
Сөздерге дыбыстық талдау жасау дағдыларын қалыптастыру.
Сөздік қор
1) балалардың сөздік қорын зат есімдермен, етістіктермен, сын есімдермен,сан есімдермен, үстеулермен, жұрнақтар және жалғаулармен байыту;
2) алуан түрлі заттарды сипаттауға, қарым-қатынас жасауға қажетті сөздерді қолдану және түсіну,оларды сөйлеуде белсенді қолдану дағдыларын қалыптастыру;
3) жалпылауыш сөздерді және зат есімдерді дұрыс қолдану біліктерін дамыту;
4) қоршаған орта жайлы білімдерін, ұғымдарды қалыптастыру барысында сөздік қорды байыту және дамыту.
Тілдің грамматикалық құрылымы
1) түбірлес сөздерді жасау және қолдану біліктерін, етістіктерді жалғаулармен қолдану, тілдік этикетті, жай және күрделі сөйлемдерді қолдану дағдыларын қалыптастыру;
2) интонациясына байланысты сөйлемдерді (хабарлы, сұраулы, лепті) ажыратып, сөйлеуде қолдана білуді жетілдіру.
Байланыстырып сөйлеу
1) Тыңдау және тілді түсіну дағдыларын қалыптастыру, диалог түрінде тсөйлеуге үйрету. Негізгі ойды дұрыс жеткізуге, монологтық ойларын байланыстырып құра білуге, әнгімені бірізді және нақты айтуға, шағын сипаттау және хабарлау әңгімелерді құрастыруға үйрету;
2) мазмұндылығын ескере отырып, балалардың диалогтік сөйлеуін дамытуға ықпал ететін тілдік ортаны құру.
Шығармашылықпен сөйлеу қызметі
Шығармашылық әңгімелеп беруді жетілдіру: ересектердің көмегімен әңгіменің жалғасын және соңын ойдан шығару; сипаттау және хабарлау әңгімелерін шығару, байланысқан бірізді сюжетті құрастыру, сөйлегенде бейнелеуіш сөздерді, эпитеттерді, салыстыруларды қолдану.
Күтілетін нәтижелер:
ана тіліндегі барлық дыбыстарды айта алады;
дыбыстарды анық айтуды, интонацияны игерген;
сөздерге дыбыстық талдау жасайды;
алуан түрлі заттарды жалпылайды және сипаттайды;
қоршаған орта туралы түсінігі бар;
негізгі ойды дұрыс жеткізе алады;
әңгімелерді бірізді айтып береді;
әңгіменің жалғасы мен соңын құрастырады.
171. Көркем әдебиет
1) оқу, әңгімелеу. Шығармалардың эмоционалды-бейнелік мазмұнын қабылдауға, баяндау сипатын сезінуге баулу. Әдеби жанр түрлерін түсіндіру: ертегі, әңгіме, өлең. Балаларды шығарма кейіпкерлерімен таныстыру. Әдеби шығармалардағы қоғамдық өмір оқиғалары туралы, қоршаған орта, табиғат туралы түсініктерін қалыптастыру, қазақ халқының, ұлттар мен ұлыстардың салт-дәстүрі, тұрмыс-тіршілігі, мәдениеті туралы ауыз әдебиеті шығармалары негізінде түсінік беру;
2) мәнерлеп оқу. Балаларды дауыс ырғағымен мәнерлей оқи отырып, логикалық екпінмен, үзілістермен жаттауға, балалардың өлең мазмұнына деген қатынасын беруге, тілдік бейнелілігін сезінуге баулу;
3) мазмұндау. Сюжеттік бірізділікті сақтай отырып, көңіл-күймен, қисынды мазмұндауға үйрету;
4) шығармашылық әңгімелеу. Тәрбиешінің әңгімесінің жалғасы мен соңын ойлап таба білуге, бір-бірімен байланысқан сюжет бойынша құрастыруға, әңгімелеу барысында бейнелеуіш сөздерді, эпитеттерді, теңеулерді қолдануға үйрету.
Күтілетін нәтижелер:
баяндау сипатын сезініп, шығармалардың мазмұнын эмоциалы қабылдай алады;
әдеби жанрларды ажыратады;
өлеңді мәнерлеп жатқа оқиды;
мазмұнның жүйесін сақтай отырып, шағын шығармаларды айтып бере алады;
әңгіменің соңын ойдан шығарады;
кітаптарға қызығушылық танытады.
172. Сауат ашу негіздері
1) "Сөз" және "дыбыс" терминдері туралы бастапқы түсініктерін қалыптастыру. Дауысты және дауыссыз дыбыстардың негізгі ерекшеліктерімен таныстыру. Балаларды сөздегі дыбыстардың бірізділігін белгілеуге үйрету. Жуан және жіңішке дыбыстарды ажырата білуге үйрету;
2) дыбыстық құрылымы әртүрлі үш дыбысты сөздерге дыбыстық талдау жасауға, дыбыстардың айтылу және дыбысталу ерекшеліктерін талдауға үйрету;
3) қолды жазуға дайындау. Жазу кезінде арқаны және қолдарды дұрыс ұстау ережелерімен таныстыру. Қаламды немесе қарындашты дұрыс ұстауға үйрету.Ұзын және қысқа таяқшалар мен ирек сызықтарды жазуға жаттықтыру арқылы ұсақ қол қимылдарын дамыту. Сызбаларды (штрих) салуға үйрету.
Күтілетін нәтижелер:
қатаң және ұяң дауыссыздарды ажыратады;
үш дыбыстан тұратын сөздерге дыбыстық талдау жасайды, түрлі сызықтар, штрихтар жүргізеді;
екпінді буынды естиді және анықтай алады.
173 Русский язык
Звуковая культура речи
1) использование игровых упражнений для развития правильного произношения русских звуков;
2) развитие голосовой и артикуляционный аппараты, речевое дыхание, чҰткую дикцию.
Словарный запас
1) расширение кругозора детей, читая сказки, рассказы, обсуждая поступки героев мультфильмов. Обучение умению называть группы предметов ближайшего окружения; признаки времен года и отдельные явления природы; предметы по величине и по цвету;
2) Обучение прямому и обратному счету до 10.
Грамматический строй речи
1) развитие умения детей употреблять в речи имена существительные единственного и множественного числа, правильно ставить ударение при произношении слов;
2) обучение составлению предложений из 4–5 слов;
3) формирование умения понимать и применять знакомые слова в повседневной жизни.
Связная речь
1) обучение пониманию и использованию в речи русских слов и выражений, четко произносить их с правильным ударением;
2) совершенствование умения задавать элементарные вопросы и отвечать на них;
3) обучение умению рассказывать о себе, о родителях, называть домашний адрес;
4) разучивание с детьми стихов, песен, поговорок и пословиц.
Ожидаемые результаты:
правильно произносит свистящие, шипящие(ж,щ,с,з) и сонорные (р, л) звуки русского языка;
понимает и применяет знакомые русские слова и выражения в повседневной жизни;
умеет правильно ставить ударение в словах при произношении;
называет предметы близкого окружения, признаки времен года и отдельные явления природы;
знает прямой и обратный счет до 10;
задает вопросы и отвечает на русском языке;
умеет рассказывать о себе, о родителях, называть домашний адрес;
рассказывает стихи, поговорки и пословицы на русском языке;
составляет короткие рассказы по картинке, по наблюдениям на экскурсии.
174. Шет тілі (ағылшын тілі)
Лексико-тематические области: цвета, размер, числа 1–5, члены семьи, игрушки, животные, части тела, одежда, пищевые продукты.
Ситуации и функции коммуникации: приветствие и прощание (Hello, Hi, Goodbye, See you), просьба и благодарность (Give me ..., please, Come in, please, Thank you), извинение и прощение (I’m sorry, Excuse me, It’s O.K.), пожелания и поздравления (Happy Birthday), представление себя и других(I’m ......., My name is ...., This is ..., It’s my mum), информация о возрасте (I’m…), исполнение и подача коротких команд (jump, clap your hands, open), названия зверей и предметов (It’s a tiger, This is a ball), информация о месте жительства; описание людей, зверей и предметов (He’s tall, It’s big, It’s blue, It’s got a tail), счет и использование чисел от 1 до 10; ответы на простые вопросы, касающиеся личности и имущества (Who are you? What’s your name? What’s this? Who’s this? Is it ...? Have you got ...?);
Грамматические структуры:
1) глаголы:
be;
have got;
can.
2) существительные:
имена;
единственное число;
регулярное множественное число;
3) прилагательные:
цвета, возраст, размер;
4) притяжательные прилагательные: my, your (his, her);
5) имя числительное: 1–10.
Ожидаемые результаты
слушает педагога одновременно реагирует на его обыденные команды, то есть: встань, сядь;
слушает и выполняет команды, относящиеся к художественным и мануальным действиям;
принимает участие в коротких сценках, разыгрываемых в группе (классе);
умеет показать и назвать учебные принадлежности;
умеет считать от 1 до 10; принимает активное участие в играх, заданиях;
повторяет простые выражения, часто используемые на занятиях.
175. Драма
Балаларды театр мәдениетіне баулу.
Коммуникативті –тілдік, ойын, артикуляциялық дағдылар
1) балалардың театр ойындарына оң көзқарастарын;
2) таныс сюжеттер бойынша ертегілерді сахналау;
3) кейіпкердің ерекшеліктерін беру үшін мәнерлілік құралдарын қолдану;
4) өзін - өзі көрсете білуде жеке шығармашылық қабілеттерін таныту.
Балаларды үйрету:
1) таныс сюжеттер бойынша қойылымдарды сахналауға;
2) жаңа ойын әрекеттеріне ойыншықтармен, заттармен таныс әрекеттерді жеткізуге;
3) театрландырылған әрекеттің алуан түрлі тәсілдерін және жанрларын (драмалық, музыкалық, қуыршақ, клоун және тағы басқа) меңгеру.
Адамгершілік нормалары туралы түсінік
Дағдыларды қалыптастыру:
1) ересектермен және құрдастарымен өзара әрекетте мәдениетті мінез-құлық дағдыларын;
2) өз ойын айта білу, басқалардың пікірін тыңдай білу, ұл балаларға (мықты, батыл, еңбекқор және тағы басқа) және қыздарға тән мінез- құлық ерекшеліктерін (биязы, әдемі және тағы басқа) талқылау;
3) әдеби кейіпкерлерді адамгершілік ережелері мен түсініктері тұрғысынан бағалау.
Күтілетін нәтижелер:
таныс сюжеттер бойынша қойылымдарды сахналай алады;
кейіпкердің ерекшеліктерін беру үшін мәнерлілік құралдарын қолданады;
ересектермен және құрдастарымен өзара әрекетте мәдениетті мінез-құлық дағдыларын меңгерген;
өз ойын айта алады, басқалардың пікірін тыңдайды;
әдеби кейіпкерлерді адамгершілік ережелері мен түсініктері тұрғысынан бағалайды.
6-параграф. II жартыжылдық
176. Сөйлеуді дамыту
Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті
1) дыбыстарды дұрыс айту дағдыларын дамыту және жетілдіру, дауыссыз с-з, с-ц, ш-ж, ч-ц, с-ш, ж-з, л-р дыбыстарды есту бойынша ажыратуға жаттықтыру;
2) дыбыстардың сөздегі орнын, сөздегі буындардың санын,сөйлемдегі сөздердің санын анықтау дағдыларын қалыптастыру;
3) Сөздерді дыбысталуы бойынша салыстыра білуді, берілген дыбысқа сөздерді таңдау, сөздерге дыбыстық талдау жасау дағдыларын дамыту. Сөздерді түрлендіруге сыни көзқарасын және қызығушылықты, дұрыс сөйлей білуге деген ұмтылысты тәрбиелеу.
Сөздік қор.
1) сөздік қорды жетілдіру. Жалпылаушы сөздерді қолдана білуді жаттықтыру, түрлі логикалық топтарға жататын заттарды атай білуге үйрету;
2) сөйлемде көп мағыналы, синоним, антоним сөздерін қолдануға, белгілі бір затқа белгілерін таңдауға, затпен әрекет етуді және берілген әрекетке заттарды таңдай білуге жаттықтыру;
3) қажетті сөздерді дұрыс түсінуді және қолдануды қалыптастыру, оларды сөйлегенде белсенді қолдануға үйрету;
4) сөзге қызығушылығы мен зейінін дамыту.
Тілдің грамматикалық құрылымы
1) грамматикалық дұрыс сөйлеуді жетілдіру. Етістіктерді дұрыс қолдана білуге, сөздерге көптік, септік, жіктік жалғауларын дұрыс жалғай білуді бекіту. Балаларды зат есім, сын есім, етістіктердің күрделі түрлерін жасауға жаттықтыру;
2) сөздердегі дұрыс емес дауыс екпініндегі, дауыссыздардың ауысуындағы қателерді байқауды дамыту;
3) сөздерді түрлі әдістермен құрай білу біліктерін бекіту; түбірлес сөздерді жасауды және қолдануды жаттықтыру, жай, күрделі сөйлемдерді, дауыс ырғағына қарай сөйлем түрлерін ажырата білу, оларды сөйлеуде қолдану;
4) көпше түрдегі зат есімдерді атау, ілік септіктерінде, етістіктерді бұйрық райда, сын есім мен үстеулерді салыстырмалы шақта, септелмейтін зат есімдерді дұрыс қолдануға үйрету.
Байланыстырып сөйлеу
Негізгі ойды дұрыс жеткізе білу, монологтік мәтіндерді байланыстырып айту, мәтін мазмұнын дұрыс, рет-ретімен айту, белгілі бір түсінікті сипаттау, баяндау әңгімелері түрінде жеткізе білуге үйрету. Сөйлеу мәдениетіне үйретуді жалғастыру, таныс емес ортада, көпшілік алдында сөйлей білуге үйрету.
Диалогтік сөйлеу тілін қалыптастыру.
1) өзіне қаратылып айтылған сөздерді тыңдап, түсінуге, әңгімені қолдауға, сұрақтарға жауап беруге және сұрауға, әңгімелесу кезінде өзін мәдениетті, әдепті, байсалды ұстау іскерліктерін жаттықтыру;
2) балаларды бір-бірімен еркін тілдік қарым-қатынасқа баулу;
3) диалогтік сөйлеу тілін дамытуға негіз болатын түрлі әдістер мен тәсілдерді қолдану;
4) өзге балалардың әңгімесінің маңыздылығына әсер етіп, бір-бірінен жаңалықты білуге ықыласын арттыру.
Шығармашылық тілдік әрекет
1) тәрбиешінің ұсынған тақырыптары бойынша әңгіменің жалғасы мен соңын ойлап табуға үйрету, ұсынылған тақырыптар негізінде бір-бірімен байланысқан мазмұн бойынша сипаттау және баяндау әңгімелерін құрастыруға, сөйлемдерінде бейнелеуіш сөздерді, эпитеттерді, теңеулерді қолдануға үйрету;
2) бақылағандары және суреттер бойынша әңгімелер құрастыру.
Күтілетін нәтижелер:
дыбыстарды дұрыс ажыратады және атайды;
дыбыстарды буынға қосады, сөз тіркесі мен сөйлемді құрастырады; жай және жайылма сөйлемдермен ойын жеткізе алады;
суреттерге сүйеніп ертегі, әңгімелерді айтады;
алуан түрлі оқиғаларды құрастырады және әңгімелеп бере алады,ертегілер ойлап шығарады;
түрлі сөз таптарын,салыстыруларды қолданып, монолог құра алады;
құрдастарымен және ересектермен тілдік қарым-қатынаста еркін сұхбаттасады, өз сезімдері мен ойларын тілдік және тілдік емес құралдар арқылы жеткізеді;
ізеттілік, сыпайылық ережелерін меңгерген.
177. Көркем әдебиет
1) оқу, әңгімелеу. Мазмұнына, мәнерлеу құралдарына байланысты әдеби шығармаларды қабылдауға үйрету;
2) мәнерлеп оқу. Саздылықты, ырғақтылықты сезінуге, өз дауысын басқара білуге, шығарманың мазмұнына өз көзқарасын білдіруге үйрету;
3) мазмұндау. Шығарма мазмұнының мағынасына байланысты интонациямен мазмұндауға үйрету. Кейіпкерлерге және олардың іс- әркеттеріне өз ойын айта білу;
4) бақылағандары және суреттер бойынша әңгімелер құрастыра білуге үйрету.Шығармалардың мазмұны мен көркем туындылар түрінің арасындағы өзара байланысты көре білуге үйрету. Дербес әрекетте көркем тілдік дағдыларды қолдана білуді бекіту;
5) шығармашылық әңгімелеу. Тәрбиешінің ұсынған тақырыбына сюжеттік және сипаттау әңгімелерін құрау кезінде меңгерген көркем - тілдік дағдыларын қолдана білуді бекіту.
Күтілетін нәтижелер:
әдеби жанрларды атайды;
көркем мәтінді тыңдайды, кейіпкерлерге жанашырлық танытады;
мәтіннің мазмұнына сәйкес ойын әрекеттерін орындайды;
шағын сахналық қойылымдарды ұжыммен көрсетуге қатысады;
кітаптарға қызығушылық танытады, бірнеше белгілі әдеби шығармаларды, сондай-ақ қазақстан жазушыларының шығармаларын, халық ауыз әдебиеті үлгілерін атайды.
178. Сауат ашу негіздері
1) дыбыстық құрылымы әр түрлі үш және төрт дыбыстардан тұратын сөздерге дыбыстық талдау жасауды жетілдіру;
2) сөйлем туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру;
3) қолды жазуға дайындау. Кеңістіктік қатынас орнатуды, қағаз бетінде бағдарлай білуді үйрету.
Сурет салу арқылы ырғақты жекелеген элементтерді құрайтын қарапайым жиектерді сала білуге үйрету.
Күтілетін нәтижелер:
барлық дыбыстар мен сөздерді анық және түсінікті айта алады;
сөздердегі дыбыстарды ажыратады, белгілі дыбысы бар сөздерді табады;
сөздегі дыбыстың орнын анықтайды;
үш-төрт дыбысты сөздерге дыбыстық талдау жасайды;
дыбыстарды сипаттайды;
екпін мәнерін анықтайды және естиді.
179. Русский язык
Звуковая культура речи
1) постоянно упражнять в произношении изученных звуков русского языка через игры и упражнения;
2) продолжать развивать голосовой и артикуляционный аппараты, речевое дыхание, чҰткую дикцию.
Словарный запас
1) расширение и обогащение словарного запаса; упражнение в умении называть группы предметов ближайшего окружения признаки времен года и отдельные явления природы. Упражнение в умении считать в прямом и обратном порядке до 10;
2) закрепление умения называть некоторые свойства и цвета предметов;
3) формирование умение понимать и применять знакомые слова в повседневной жизни.
Грамматический строй речи
Продолжать упражнять в умении составлять словосочетания (существительное и прилагательное, существительное и наречие); правильно ставить ударение в словах при произношении.
Связная речь
1) продолжать упражнять в умении задавать элементарные вопросы и отвечать на них; составлять короткое описание предмета из 2–3 предложений; рассказывать о себе, родителях, называть домашний адрес;
2) закрепление умения вести элементарный диалог; составлять короткие рассказы по картинке и по наблюдениям. Совершенствование элементарной разговорной речи;
3) продолжение работы по разучиванию стихов, песен, поговорок и пословиц.
Ожидаемые результаты:
произносит четко звуки и слова на русском языке;
рассказывает о себе, родителях, называет домашний адрес;
отвечает на вопросы, составляет предложения из 4–5 слов;
употребляет в речи имена существительные единственного и множественного числа;
умеет правильно ставить ударение в словах при произношении;
знает прямой и обратный счет до 10;
называет группы предметов ближайшего окружения; признаки времен года и отдельные явления природы;
отличает признаки предметов по величине, цвету и называет их на русском языке.
умеет вести элементарный диалог;
рассказывает сказки, наизусть читает стихи, поговорки и пословицы.
180. Шет тілі (ағылшын тілі)
Лексико-тематические области: способности умственные и физические, эмоциональное состояние и чувства, повседневные действия, торжества и праздники, мир волшебства и сказок,
Ситуации и функции коммуникации: выражение чувств и предпочтений (I like..., I love...), выражение эмоционального состояния (I’m happy, I’m sad), ответы на вопросы, информация о навыках и способностях (I can jump/I can’t fly), описание повседневных действий (I get up).
Грамматические структуры:
1) повелительное наклонение.
Время Present Simple – ежедневные действия.
2) местоимения:
личные: I, you, she, he, it, we, they;
указательные: this, that;
вопросительные: what, who, where, when, how;
3) предлоги: in, on.
4) артикли: a, an, the, артикль нулевой.
Ожидаемые результаты
понимает услышанные команды: прыгай, хлопай в ладоши;
умеет распознавать и называть на иностранном языке предметы из ближайшего окружения;
умеет классифицировать слова по тематическим группам;
понимает простые команды педагога и реагирует на них вербально или невербально;
помнит и читает на память стихотворения и рифмовки, поет песенки из детского репертуара;
понимает смысл услышанных историй, когда рассказ сопровождается картинками, жестами, предметами.
181. Драма
Коммуникативті –тілдік, ойын, артикуляциялық дағдылар
1) балалардың театрландырылған ойындарға оң көзқарастарын;
2) таныс сюжеттер бойынша ертегілерді сахналау;
3) театрландырылған өнердің алуан түрлі тәсілдерін және жанрларын (драмалық, музыкалық, қуыршақ, аңдар театры және бағы басқа) меңгеру;
4) кейіпкердің ерекшеліктерін беру үшін мәнерлілік құралдарын қолдану;
5) өзін - өзі көрсете білуде жеке шығармашылық қабілеттерін таныту.
Балаларды үйрету:
1) театрландырылған әрекеттің алуан түрлі тәсілдерін және жанрларын (драмалық, музыкалық, қуыршақ, клоун және тағы басқа) меңгеруді;
2) драматизация ойындарының және режиссерлік театрландырылған әрекеттің алуан түрлерін (қуыршақ-марионеткалар, "тірі қолды" қуыршақтар, ұзын бойлы қуыршақтар) меңгеру.
Адамгершілік нормалары туралы түсінік
Дағдыларды қалыптастыру:
1) ересектермен және құрдастарымен өзара әрекетте мәдениетті мінез-құлық;
2) өз ойын айта білу, басқалардың пікірін тыңдай білу;
3) адамның теріс қылықтарын көре білу;
4) әдеби кейіпкерлерді адамгершілік ережелері мен түсініктері тұрғысынан бағалау.
Балалардың театр ойындары тәжірибелерін байыту.
Күтілетін нәтижелер:
таныс сюжеттер бойынша ертегілерді сахналай алады;
мәнерлілік құралдарын меңгерген;
жеке шығармашылық қабілеттерін танытады;
режиссерлік әрекетке қызығушылық танытады;
ересектермен және құрдастарымен өзара әрекетте мәдениетті мінез-құлық дағдыларын меңгерген;
өз ойын айта алады, басқалардың пікірін тыңдай біледі;
әдеби кейіпкерлерді адамгершілік ережелері мен түсініктері тұрғысынан бағалай алады.
7-параграф. "Таным" білім беру саласы
182. "Таным" білім беру саласының базалық мазмұны қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру, құрастыру, жаратылыстану ұйымдастырылған оқу қызметінде жүзеге асырылады.
183. Мақсаты коммуникативтік-танымдық қабілеттерді, математикалық және логикалық ойлауды қалыптастыру болып табылады.
184. Міндеттері:
таным процестерін: зейінді, есті, қабылдауды, шығармашылық қабілеттерін, қиялды дамыту;
ақыл-ой әрекетінің тәсілдерін жаттықтыру (талдау, біріктіру, салыстыру, жалпылау,топтастыру, құрастыру, модельдеу,себеп-салдарлық байланыстарды анықтау), қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру;
табиғат әлеміне танымдық қызығушылықты, тірі табиғат нысандарына жанашырлық сезімді, қоршаған ортаға қарым-қатынасы бойынша өз әрекетінің кейбір қарапайым нәтижесін көре білуге жаттықтыру,
экологиялық мәдениет негіздерін қалыптастыру.

8-параграф. І жартыжылдық
185. Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
Жиын.
Санның белгілі бір заттың өлшемін көрсететін көрсеткіш екендігі, жиын түрлі элементтерден құрылатындығы жайлы түсінігін дамыту. "Бір" деген ұғым – бір ғана заттың санын ғана емес, сонымен қатар бүтін бір топтың жиынтығын да білдіретіндігін ұғындыру.
Сан, санау.
Математикалық терминдерді қолдана білуді қалыптастыру. 6 саны көлеміндегі сан мен цифр туралы ұғымдарын қалыптастыру, оларды тану және атай білуді үйрету. Көрнекілік негізінде 2, 3, 4, 5, 6 санының пайда болуымен таныстыру. 7 көлеміндегі санды тура және кері санауға үйрету. 7-ден 10-ға дейінгі сандар мен цифрлар туралы ұғымдарын қалыптастыру, оларды тану және атай білуді үйрету. Көрнекі негізінде 7, 8, 9, 10 сандарының пайда болуымен таныстыру. 10 көлеміндегі санды тура және кері санауға үйрету.
Шама.
Заттардың (5 және одан артық) ұзындығын, биіктігін, ені мен жуандығын белгілей білуге, заттарды шамасына қарай өсу және кему ретімен орналастыруға үйрету. Шамасы бойынша заттардың арасындағы қатынастарды білдіретін математикалық терминдерді қолдану.
Геометриялық пішіндер.
Дөңгелек және тіктөртбұрышпен салыстыру арқылы сопақшамен таныстыру. Геометриялық пішіндер (дөңгелек, сопақша, үшбұрыш, шаршы, тіктөртбұрыш) мен денелерді (шар, куб, цилиндр) дұрыс атап, оларды бір-бірінен ажырата білуге жаттықтыру.
Кеңістікте бағдарлау. Кеңістік ұғымдарын бекіту. Қағаз бетінде бағдарлай білу дағдыларын қалыптастыру.
Уақытты бағдарлау. Уақыт ұғымдары туралы білімдерін бекіту. Таңертең, түс, кеш, түн мезгілдері тәулікті құрайтыны туралы ұғымдарын қалыптастыру. Апта күндерін, жыл мезгілдерін атау кезінде оларды ретімен дұрыс айта білуге үйрету.
Салмақты бағдарлау. Заттардың салмағын өлшеміне қарай алдымен қарама-қарсы көрсеткішпен тең және тең еместігін алақанына салып өлшеп анықтауға үйрету.
Күтілетін нәтижелер:
"бір" сөзінің мағынасын біледі;
10 көлеміндегі сандарды тура және кері санауды біледі;
5 және одан артық заттардың өлшемдік қатынастарын анықтай біледі;
геометриялық пішіндерді таниды және атайды;
қағаз бетінде бағдарлай біледі, апта күндерін, жыл мезгілдерін ретімен атайды.
186. Құрастыру
Құрылыс материалдарынан, конструктор бөлшектерінен құрастыру. Құрастыру бөлшектерінің негізгі бөліктерін және оған тән бөлшектерін анықтай білуге үйрету.
Дағдыларын қалыптастыру:
1) болашақта жасалатын құрылысты талдай білу, оларды орындау реттілігін белгілеу және оның негізінде нысан жасау;
2) шамасы бойынша әртүрлі құрылыстардың нұсқаларын жасай білу;
3) ұжымдық құрылыстар салу;
4) түрлі үйлестіру арқылы сіріңке қораптарынан заттар құрастыру.
Үлкен емес жазықтықты үлкен етіп біріктіру, кірпіштердің, қырлы бөренелердің араларын бірін-біріне жиі қойып құрылысты берік ету, биіктігі күрделі құрылысты бөлу сияқты құрастырудың жаңа әдістерін үйрету.
Қағаздан құрастыру. Қағазды ортасынан, төртке бөліп бүктеуге, түрлі бағытта, тегістеп бүктей білуге үйрету. 14 бірдей бөлікке қиғаштай бөлінген (бұрыштарының басын дәл қосу) ұсақ заттарды дайындауда шаршы қағазын бүктеу біліктерін қалыптастыру.
Табиғи, қалдық материалдардан құрастыру.
Табиғи және қалдық материалдардың түрлерімен таныстыру. Табиғи материалдардан ұсақ заттар дайындай білуге үйрету.
Күтілетін нәтижелер:
құрылыс материалдарының негізгі бөлшектерін атайды және ажыратады;
шамасы бойынша әртүрлі құрастырулар жасай біледі;
ұсақ заттар дайындауда шаршы қағазды бүктей біледі;
құрастырудың бірнеше және қарапайым жинақтау тәсілдерін біледі, түрлі нәтиже алу үшін бір тәсілді ғана қолданады;
түрлі материалдардан заттарды құрастырады, олардың атауларын біледі.
187. Жаратылыстану
Өлі табиғат құбылыстары мен заттары. Табиғат құбылыстары туралы білімдерін кеңейту, "өлі табиғат" ұғымымен таныстыру. Өлі табиғат заттарын адам қолымен жасалған заттардан ажырата білуге үйрету.
Табиғаттағы маусымдық өзгерістер. Күздігүні табиғаттағы маусымдық өзгерістерді байқауға, айырмашылықтарын ажырата білуге үйрету.
Өсімдіктер әлемі.
1) балаларды бөлме өсімдіктерінің жаңа түрлерімен таныстыру: атауы, сыртқы түрі, құрылысы, күтім жасау тәсілдері, көбею түрлері. Гүлдейтін шөптесін өсімдіктерді (шырайгүл,барқытшөп) сипаттық белгілері бойынша атау және тани білу дағдыларын қалыптастыру.
2) балалардың көкөністер мен жемістер, ағаштар туралы түсініктерін бекіту. Балаларды орман жидектері мен саңырауқұлақтарын тануға үйрету.
3) бидай өсіру туралы балалардың білімін жетілдіру. Нанға деген ұқыпты қатынасқа тәрбиелеу, бидай өсіру мен нан өндіруге қатысатын адамдардың еңбегіне құрмет көрсету.
Жануарлар әлемі.
1) Қазақстан аумағында мекендейтін жануарлар мен олардың төлдеріне тән белгілерді атай алу және ажырату дағдыларын қалыптастыру;
2) жабайы жануарлардың өмірі туралы түсінікті кеңейту. Жылдың түрлі мезгілінде жануарлардың сыртқы келбеті мен өмір сүру салтының ерекшеліктерін атап көрсету және сипаттауға үйрету;
3) жыл құстары мен қыстайтын құстарды ажырата білу және атын атай алу, құстардың пайдасы туралы білімді бекіту;
4) табиғат бұрышын мекендеушілер туралы (қалтауыз) білімді жетілдіру;
5) табиғатты бақылау күнтізбесін жүргізе білуді жаттықтыру. Себеп-салдар байланыстарын орната білуді жетілдіру.
Күтілетін нәтижелер:
өлі табиғаттың кейбір құбылыстарын біледі;
таныс материалдармен дербес эксперимент жасай алады;
суреттерден орман жидектері мен саңырауқұлақтарын таниды және атайды;
нанға, адамдардың еңбегіне ұқыпты қатынас танытады;
Қазақстан аумағында мекендейтін жыл құстары мен қыстайтын құстарды, жануарлар мен олардың төлдерін атайды және ажыратады;
тірі нысандардың өсіп, өнуі үшін су, жарық, ауа, қорек және айналасындағылардың қамқорлығы қажет екенін анықтайды.
9-параграф. ІІ Жартыжылдық
188. Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
Жиын.
Жиын және оның құрамы арасындағы қатынастарды орната білуді дамыту; бүтін өзінің бөліктерінен үлкен екендігін, бірдей сандардың өзара бірыңғай сәйкестігі, үлкен және кіші бөліктерді анықтау.
Сан, санау.
1) 10 саны көлеміндегі сандар мен цифрлар туралы ұғымдарын қалыптастыру, оларды танып және атай білуге үйрету. 10 көлеміндегі санды тура және кері санауға жаттықтыру;
2) тең туралы ұғымдарын қалыптастыру, топтағы әр түрлі заттардың тең мөлшерін анықтай білуге үйрету, топтарды санау мен салыстыру арқылы санның мағынасын дұрыс жалпылау;
3) заттарды бірнеше бірдей бөлікке бөлуге болатыны туралы түсінікті қалыптастыру, бұл бөліктерді атап, бүтін мен бөліктерді салыстыруға үйрету. Бүтінді түсінуге баулу (бөліктен бүтін үлкен, ал бөлік бүтіннен кіші);
4) қарапайым мысалдар мен есептерді шеше білу дағдыларын бекіту.
Шама.
Шартты өлшемнің көмегімен заттың шамасын салыстыруға үйрету. Арнайы ұйымдастырылған жағдайда заттардың ұзынырақ (қысқа), жоғары (төмен), кең (тар), қалың (жұқа) үлгісінде және оларға тең екендігін таба білуге баулу.
Геометриялық пішіндер. Айналасына қарап геометриялық пішіндерді табу, оларға талдау жасай білуді меңгерту. Геометриялық пішіндер мен денелерді атап, ажырата білуге жаттықтыру.
Кеңістікте бағдарлау. Заттың қай жерде, қалай, өзіне немесе қай затқа жақын орналасқандығын ауызша жеткізе білуге үйрету.
Белгілі бір бағытта келе жатып, белгі бойынша бағытын өзгерте білуін қалыптастыру. Қағаз бетінде бағдарлай білу дағдысын бекіту.
Уақытты бағдарлау. Түрлі оқиғалар, апта күндері, тәулік бөліктерінің реттілігі туралы білімдерін бекіту. Жыл айлары туралы түсініктерін қалыптастыру, олардың реттілігін білу және атау.
Салмақты бағдарлау. Дүкендерде қолданылатын таразы туралы ұғымдарын қалыптастыру. Заттардың салмағын өлшеуге қызығушылықтарын дамыту.
Күтілетін нәтижелер:
жиынтықтың құрамдас бөліктерін ажырата алады;
10 көлеміндегі сандарды біледі, оларды тура және кері санайды;
қарапайым мысалдар мен есептерді шешеді, заттардың саны және шамасы бойынша арақатынастарын көрсететін математикалық терминдерді қолданады;
геометриялық пішіндерді және денелерді біледі және ажыратады;
кеңістікте және қағаз бетінде бағдарлайды;
апта күндерін, жылды, айларды атайды;
заттарды салмағы бойынша анықтайды, заттың салмағы оның өлшеміне байланысты емес екендігін біледі.
189. Құрастыру
Құрылыс материалдарынан, конструктор бөлшектерінен құрастыру. 1) берілген тақырып бойынша, сөзбен сипаттау, сурет, фотосурет бойынша құрылыс салуға үйрету;
2) өз құрылысын талдай білуді бекіту және талдау негізінде құрылымдық шешімдер табу, оларды құру кезеңдерін жоспарлау.
Қағаздан құрастыру. Қағаз цилиндрлерден, оларды қосу әдісімен жануарлардың, адамдардың пішіндерін жасай білуге үйрету. Пішіндердің түрлі күйлері мен қалыптарын бере білуді, оларды күрделі емес композицияларға біріктіруді қалыптастыру.
Ұжымдық мазмұнды құрастыруға қозғау салу. Шығармашылық ойлауды және қиялдауды дамыту. Қағаздан құрастыру әдістерін қолданып, жазық материалды көлемді формаға өзгерте білуді бекіту.
Дайын пішілген кескіндермен жұмыс жасау, күрделі емес сызба сызу, қайшымен нұсқаны тілік етіп кесу мен ойып ала білуді қалыптастыру.
Табиғи, қалдық материалдардан құрастыру. Табиғи материалдарды мақсатты пайдалана білуді бекіту. Табиғи және қалдық материалдармен жұмыс кезінде өз қызметін жоспарлау дағдыларын жетілдіру; дербестік, шығармашылық танытып, мақсатты түрде жұмыс жасай білу. Шығармашылық қиялын, ұсақ заттар жасауды көрнекіліктерді қолдану арқылы және ойдан шығару, өзінің көз алдына елестету арқылы жасай білуді дамыту.
Күтілетін нәтижелер:
қалдық және табиғи материалдардан заттар құрастыра біледі;
шарты бойынша, ойдан құрастырады;
ұжыммен жұмыс жасай біледі;
жазықтық қағаз пішіндерді көлемді пішіндерге өзгерте біледі;
жұмыс орнындағы тәртіпті сақтайды.
190. Жаратылыстану
Өлі табиғат құбылыстары мен заттары
Табиғат құбылыстары туралы білімді кеңейту. "Өлі табиғат" ұғымымен таныстыру, өлі табиғат заттары адам қолымен жасалған заттардан ажырата білуге үйрету.
Табиғаттағы маусымдық өзгерістер.Табиғат туралы қарапайым білімдерін меңгеру. Күздігүні табиғаттағы маусымдық өзгерістерді байқауға, айырмашылықтарын ажырата білуге үйрету.
Өсімдіктер әлемі.
1) балаларды өсімдіктердің жаңа түрлерімен (шырайгүл, барқытшөп,бальзамин) таныстыру: атауы, сыртқы түрі, құрылысы, күтім жасау тәсілдері, көбею түрлері;
2) көкөністер мен жемістер, ағаштар, бұталар туралы балалардың түсінігін бекіту. Балаларды орман жидектері мен саңырауқұлақтары тануға үйрету. Бидай өсіру туралы балалардың білімін жетілдіру. Нанға деген ұқыпты қатынасқа тәрбиелеу, бидай өсіру мен нан өндіруге қатысатын адамдардың еңбегіне құрмет көрсету.
Жануарлар әлемі.
1) жабайы жануарлардың өмірі туралы түсінікті кеңейту. Жылдың түрлі мезгілінде жануарлардың сыртқы келбеті мен өмір сүру салтының ерекшеліктерін атап көрсету және сипаттауға үйрету;
2) жыл құстары мен қыстайтын құстарды ажырата білу және атын атай алу, құстардың пайдасы туралы білімді бекіту;
3) табиғат бұрышын мекендеушілер туралы (қалтауыз, теңіз шошқасы) білімді жетілдіру;
4) балалармен бірге табиғатты бақылау күнтізбесін жүргізуді жетілдіру.
Күтілетін нәтижелер:
таныс материалдармен дербес эксперимент жасай алады, себеп-салдар байланыстарын орната біледі;
жыл құстары мен қыстайтын құстарды ажырата біледі және атын атай алады, құстардың пайдасы туралы біледі;
Қазақстан аумағында мекендейтін жануарлар мен олардың төлдеріне тән белгілерді атайды және ажыратады;
"Қызыл кітапқа" енгізілген және жойылып кету қаупі төнген жануарларды атайды;
адамның табиғатпен өзара әрекетінің тәуелділігі арасында себеп-салдарлық байланысты анықтайды.
10-параграф. "Шығармашылық" білім беру саласы
191. "Шығармашылық" білім беру саласының базалық мазмұны сурет салу, мүсіндеу, аппликация, музыка ұйымдастырылған оқу қызметінде жүзеге асырылады.
192. Мақсаты шығармашылық қабілеттерін дамыту, қиялды, байқағыштықты және қоршаған ортаны бейнелі қабылдай білуді, өз ойларын, сезімдерін көркем түрде бере білу біліктерін қалыптастыру болып табылады.
193. Міндеттері:
балалардың шығармашылық қабілеттерін, қоршаған ортаға эстетикалық қызығушылығын арттыру;
балалардың өнер туындыларын қабылдау қабілеттілігін, эмоционалды қатынасын дамыту;
балалардың түсінуіне жақын 2-3 қазақ халқының өнерімен таныстыру;
халық ойыншықтары туралы түсініктерін кеңейту;
балаларды әртүрлі бейнелеу өнерімен таныстыруды жалғастыру (живопись, графика, скульптура, сәндік-қолданбалы өнер);
бірлесіп жұмыс жасау, жұмысты ұжыммен орындау дағдыларын қалыптастыру;
өз жұмысының нәтижесін бағалауға үйрету;
живопись және скульпторлық мүсіндердің туындыларымен таныстыруды жалғастыру (картиналар жәңе репродукциялық картиналар);
балаларды безендірудің мәнерлі құралдарымен, балалар кітаптарындағы иллюстрациялармен, олардың авторларымен таныстыру;
балаларды өнер туындыларын, олардың түрлерін дербес қарастыруды, мәнерлік құралдарына және мазмұнына көңіл аударуға баулу (ырғақ, түс, пішін, композиция).
11-параграф. І жартыжылдық
194.Сурет салу
Заттық сурет салу
1) балаларды елестету және заттарға қарап гүлдер, көкөністер, күрделі емес ойыншықтар сұлбасын өздеріне тән ерекшеліктерін сақтай отырып салуға үйрету. Серуен кезіндегі бақылаудан кейін - ағаштың күзгі жапырақтары, үй, трамвай, автобус; серуен мен саяхат кезінде алған әсерлерін суретте бейнелеу;
2) пішіндер туралы білімдеріне сүйене отырып, негізгі пішінін, заттар мен олардың бөліктерінің үйлесімділігін нақты беруге, бөліктердің салыстырмалы көлемі мен орналасуына, түстер туралы біліміне сүйене отырып, заттардың түстеріне, өз талғамымен түстерді таңдауға үйрету;
3) бірнеше біртекті заттардың мөлшеріндегі ерекшеліктерін жеткізе білу іскерліктерін қалыптастыру.
Өздері білетін пішін жасау тәсілдерін бекіту:
1) жемістер мен жидектер; балық, жануарлардың суретін салу барысында дөңгелек пішіндегі бірнеше заттардың көлеміндегі айырмашылықты;
2) төртбұрыш пішіндегі бірнеше заттардың көлеміндегі айырмашылықты;
3) көлік құралдары, адамдардың тұлғасы сияқты күрделі пішіндегі бірнеше заттардың көлеміндегі айырмашылықты көре білуі;
4) балаларды суретке қарап салуға және елестете отырып (жануарлардың, адамдардың және ойыншықтардың) суретін салуға үйрету, күрделі емес қимылдарды бере білу, бейненің айқындылығына, қимыл барысында қолдың, аяқтың қалыптарының өзгеруіне қол жеткізу. Заттардың шамасы мен үйлесімділіктегі айырмашылығын бере білуге үйрету. Бояумен жұмысты жетілдіру (бояудың қажетті қоюлығын алу үшін, акварель бояуын сумен араластыру).
Сәндік сурет салу.
1) түзу, ирек, жіңішке, жалпақ сызықтарды, түрлі көлемдегі дөңгелектерді, жақпаларды, нүктелерді ырғақты орналастыра отырып, қарапайым пішіндерде өрнектерді құрастыра білу іскерліктерін бекіту. Түрлі өлшемдегі өрнекті элементтерді үйлестіру, ақ және түрлі түсті қолдана отырып, түстерді таңдауды қолдану;
2) қылқаламмен қағазға басып салу тәсілдерін қолдануға; қағаздың ортасын, бұрыштарын, жоғарғы, төменгі, оң және сол жақтарын ажыратуға үйрету.
Қарындаштармен сурет салу барысында саусақтарға күш түсірмей, көлбеу ұстау қажет, штрихтарды біркелкі жеңіл қимылмен бір бағытта әрі-бері сызу. Сызықты контурдың сыртына шығаруға болмайды.
Сурет салу барысында қағазға жуан сызықтарды сызарда қылқаламды көлденең, ал жіңішке сызықтар мен нүктелерді сызу үшін тігінен ұстап, суреттерді бояғанда бір бағытта солдан оңға қарай, жоғарыдан төмен қарай, қиғашынан жүргізіледі.
Балаларға түрлі материалдар: қарындаштарды, бояуларды қолдануды үйрету. Түзу сызықтардың түрлі байланыстарымен құрылған қазақтың (1–2) өрнектерінің суретін салу. Элементтерді пішіндер мен сұлбалардың ортасы мен шеттеріне орналастыра білу. Қазақ оюларының көптүрлілігі туралы түсініктерін кеңейту, ерекшеліктері мен оларға тән элементтерін қолдана отырып, құрастыра білу іскерліктерін дамыту. Ұжымда жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.
Сюжеттік сурет салу.
1) бейнелерді бүкіл параққа, бір сызықтың бойына, жалпақ жолақшаға орналастыру біліктерін қалыптастыру. Бейнені айқындау құралдарын, ересектердің еңбегін, қоғамдағы оқиғаларды қолдана отырып, балаларды табиғаттан алған әсерлерін көрсете білуге үйрету. Ертегі желісі бойынша сурет салу;
2) бір мазмұнға біріктіре отырып, бірнеше заттардың суреттерін бейнелей білуге үйрету.
Күтілетін нәтижелер:
гүлдер, көкөністер, жемістерді шынайы бейнесінен және елестетуі бойынша суреттерін салады;
суретті салуда мәнерлеу құралдарын, қазақтың ою-өрнек элементтерін қолданады;
сюжетті суреттерді салады.
195. Мүсіндеу
Заттық мүсіндеу
Дағдыларды қалыптастыру:
1) балаларды затқа қарап немесе көз алдарына елестету арқылы көлемі мен пішіні әртүрлі таныс заттарды, көкөністер мен жемістерге тән ерекше бөліктерді бейнелеуде барлық қол білектері мен саусақтарын дұрыс қозғалту техникасын сақтай отырып, мүсіндеуге;
2) қарапайым қатынастарды сақтай отырып адам мен жануарлардың пішінін мүсіндеуге үйрету;
3) көшеде, үйде және балабақшада көрген заттарын бейнелей отырып, елестету арқылы мүсіндеу.
Олар бақылау жасаған заттардың бейнесін жеткізе білуге, заттарды түрлі қалыпта мүсіндеуге, бейненің жеке шешімін өздігінен табуға үйрету. Сулы шүберекпен пішіннің үстінен тегістеуге және кескішті қолдануға үйрету.
Сәндік мүсіндеу.
Балаларды халық ойыншықтарымен таныстыру, ойыншықтарды мүсіндеуге үйрету. Халықтық ойыншықтар желісі бойынша бейнелер жасауға үйрету. Мүсінді бейнені безендірудің тәсілдерін өз қалауы бойынша таңдауды ұсыну.
Сюжеттік мүсіндеу
Балаларды мүсіндеудің таныс әдістерін қолдануды және заттардың өлшемдік қатынастарын бере білуге жаттықтыру. Бейненің ерекше қасиетін, адамның қимылын анық көрсетуге, сырт келбетін әдемі безендіруге үйрету.
Кескішті қолданып, тұтас бөліктен мүсін жасауды жетілдіру.
Затты тұғырға орналастыру техникасын қалыптастыру. Біртекті заттардан сюжеттер жасау, бірнеше пішінді бір тұғырға орналастыру.
Кейіпкерлердің өзіне тән бөлшектерін мүсіндеуге, композиция мазмұнын қосымша заттар мен элементтердің көмегімен мейлінше көркемдеп жеткізуге үйрету.
Біртекті заттардың бейнесін жасаудан, мазмұнға сәйкес әр қилы бейнелерді жасау білімдерін бекіту.
Күтілетін нәтижелер:
қарапайым үйлесімділікті сақтай отырып, адам мен жануарлардың пішінін мүсіндей біледі;
халық ойыншықтары мен керамикалық бұйымдардың желісі бойынша бейнелерді бере біледі;
заттармен және элементтермен толықтыра отырып, кейіпкерлер мен композицияларға тән бөлшектерді қолданады.
196. Аппликация
Заттық аппликация.
Балалардың қайшыны қолдану біліктерін бекіту: жолақшаларды тікбұрыштар етіп қию, шаршыларды үшбұрышты етіп қию, шаршы немесе тікбұрыштың шеттерін қию арқылы дөңгелек пен сопақша пішіндерді қиып алу.
Дағдыларды қалыптастыру:
1) екіге бүктелген қағаздан, түрлі қатпарлы бейнелерді қиюды;
2) қатпарланып бүктелген қағаздан бірдей бірнеше пішіндерді және екіге бүктелген қағаздан симметриялы пішіндегі заттарды қиюды;
3) елестету бойынша бірнеше бөліктерден заттар жасауды;
4) жырту тәсілімен жапсыруды орындауға.
Қағаздан дайындалған тікбұрыштардан дөңгелек пішіндерді қиып алу, заттарды бірнеше бөліктерден бейнелей білуді бекіту.
Сәндік аппликация.
1) түрлі пішіндегі қағазда таныс геометриялық элементтерден өрнек құрастыруды үйрету;
Бөліктерден бейнелерді құрастыру, мерекелерге арнап үй-жайды безендіру үшін ұжымдық жұмыстарды орындау;
2) ұлттық кілемдерді, ас тақтайшаларын, сүлгілерді, қуыршақтарға арналған ыдыс-аяқтарды, ыдыс-аяқ сақтайтын сөмкелерді, қымыз құятын ыдыстарды (торсық), бұйымдарды, шырша әшекейлері мен ойыншықтарын, жаңа жылдық құттықтау ашық хаттарын, топ бөлмесін безендіруге, қыс тақырыбындағы ұжымдық панно жасауға үйрету.
Сюжеттік аппликация.
Балаларға қағазға заттарды орналастыру дағдыларын үйрету. Жапсыруларды құрастыру барысында объектілердің көлемі бойынша қатынасын, заттардың бөліктерінің пішінін, құрылымын, қатынастарын көре білу іскерліктерін меңгерту.
Дағдыларды қалыптастыру:
1) әлеуметтік жағдайлар мен балалар өміріндегі оқиғаларды бейнелеу;
2) үлгілер және трафареттермен, дайын киім үлгісімен жұмыс істеу;
3) өзінің жұмысын композиция, перспектива ережелеріне сәйкес құру;
4) қайшыны, желімді дұрыс қолдану;
5) екі бүктелген қағаздан симметриялық пішіндер қию;
6) геометриялық элементтерден (шеңберлер, шаршылар, сопақшалар) өрнектер құрастыру;
7) заттарды қазақ ою-өрнектерімен безендіру;
8) еңбек қауіпсіздігі және жеке гигиена ережелерін сақтау.
Күтілетін нәтижелер:
жұмыс тәсілдерін таңдайды және негіздейді;
қағаздан симметриялық пішіндерді қия алады;
бірнеше бөліктерден өрнек құрастырады;
дайын үлгілермен, шаблондармен, трафареттермен жұмыс жасайды;
геометриялық элементтерден өрнек құрастырады, заттарды қазақ өрнектерімен безендіреді;
еңбек қауіпсіздігі және жеке бас гигиенасы ережесін сақтайды.
197. Музыка
Музыка тыңдау.
Шығармалардың эмоционалдық мазмұнын, олардың сипатын, көңіл күйін ажырату, әсерлі реңктерін ажырату. Музыкалық шығармаға өзінің қатынасын білдіру, оның мазмұны мен сипаты туралы пікірін айту, қазақтың ұлттық аспабының дыбысталуымен таныстыру. Ұлттық, домбырада және қобызда орындалатын "күй" жанрымен таныстыру, күйші-композитор: күйші Құрманғазы, қобызшы Қорқыт шығармашылығымен таныстыру.
Ән айту.
Дауысы мен есту қабілеттерін дамытуға арналған жаттығуларда қиын емес әуендерді 2–3 жақын үндестікте дауысын дәл келтіріп орындауға үйрету, септима мен терция дыбыстарын ажырату, қолымен бағытын (жоғары-төмен) көрсете отырып, әуеннің жоғарғы- төменгі қозғалысын ажырату.
Әннің сипатын қабылдау, дауысын дұрыс келтіріп орындау, ырғақтық бейнесі мен динамикасын дәл беру, әннің кіріспесін, басын, қайырмасын ажырату. Мерекелік әннің шаттық көңілін көңілді жеткізіп, жеңіл, ширақ дауыспен шумақтардың соңын жұмсартып айту. Қазақ халқының музыкасын қабылдау.
Музыкалық-ырғақтық қимылдар
Музыка сипатын анық ырғақты жүріспен, музыканың ширақ сипатын жеңіл, ырғақты жүгіріспен беру жаттығуларын орындау.
Ойындар , хороводтар
Музыка сипатына сәйкес ойын әрекеттерін орындау: қол ұстасып шеңберде айтылатын әндермен шеңберді айналып жүру, музыкалық тіркестерге сәйкес қозғалыстарды өзгерту, жылдамдық пен ептілікті білдіру, пьесаның аяқталуын белгілеу, ұлттық ойындардың көңілді сипатын бере білу, дауыстардың биіктіктерін ажыратып, үлкен шеңберден кіші шеңберге қайта тұру.
Билер
Әуеннің би сипатын сезіну, би қимылдарының элементтерін орындау, халық биін үйрену арқылы көркем мұраның кейбір элементтерімен таныстыру.
Би шығармашылығы
Таныс би қимылдарын қолдана отырып, ойдан би шығару іскерліктерін мадақтау, мәтінге сәйкес әнді жеке сахналау мен шығармашылық тапсырмаларды орындауға үйрету.
Балалардың музыкалық аспаптарында ойнау.
Ересектердің орындауындағы музыкалық пьесаларды тыңдау, жоғарғы регистр, аспаптың дыбысталу тембрін ажырату. Әуеннің ырғақтық бейнесін ұрмалы аспаптарда жеке немесе кішігірім топпен ойнау. Қазақтың ұлттық ұрмалы аспаптарында ойнауға үйрету.
Күтілетін нәтижелер:
қарапайым жанрларды ажыратады (күй, өлең, би, марш);
қарапайым музыкалық терминдерді, ән айту дағдыларын игерген;
пластикалық, ырғақты, мәнерлі қимылдарды орындайды;
дыбысталуын тембрі бойынша ажыратады және оларды атайды;
балаларға арналған музыкалық аспаптарда жеке және бүкіл топпен ойнай біледі.
12-параграф. ІI жартыжылдық
198. Сурет салу
Заттық сурет салу
Қоршаған ортадағы болмысты, (заттарды, өсімдіктерді, ойыншықтар мен гүлдерді) елестету және заттарға қарап отырып, бейнелеу дағдыларын қалыптастыру. Олардың сипаттамалық белгілерін байқауға үйрету.
Табиғаттың күрделі емес бейнесін суретте көрсету. Ағаштың бұтақтарына, бұталардың жапырақтарына немесе гүлдеріне, кейбір бөлме өсімдіктеріне қарап сурет салу.
Біліктерді қалыптастыру:
1) түрлі жануарлардың сипаттық ерекшеліктерін байқап және оларды суретте бейнелей білу;
2) жануарлардың бейнелерін жеңіл қозғалыстар мен қалыптарды бейнелеу арқылы мәнерлі бере білу;
3) жүн мен қауырсынға тән бейнелеу;
4) қажетті түсті алу үшін қарындашты әртүрлі басып қолдану;
5) табиғат нысандарын бейнелеу;
6) түстерді жеткізу үшін қағаздың түсін және түстердің үйлесімділігін таңдау;
7) өз жұмысының нәтижесін бағалау.
Құстардың сыртқы бейнесі туралы жалпы ұғым қалыптастыру; барлық құстар сыртқы ерекшеліктеріне қарамастан құрылымы жағынан ұқсас болып келеді, түсіне, пішіні мен бөліктері жайлы түсініктерін қалыптастыру. Суретте түрлі құстарға тән ерекшеліктерін бере білуге үйрету.
Заттар мен олардың суретін салу тәсілдері туралы жиналған ұғымдары балалардың сюжетті сурет салуына ауысады.
Сәндік сурет салу.
Түрлі пішінді қағазда симметриялық ою-өрнектерді құрастыра білуге тәрбиелеу, көлемді пішіндерді безендіру.
Сұлбаларға орналастыра отырып, қазақ оюларының элементтерін құрастыру, қазақ оюларына тән түрлі түстердің үйлесіміне құрылған тапсырмаларды орындау, таныс элементтерден композициялар құрастыру, ұжымдық жұмыстарды орындау. Қазақ ою-өрнектерінің сипатын, түсінің үйлесімділігін бере отырып, көлемді пішіндерді безендіру.
Өз ойлары бойынша сурет салу, алдыңғы сабақтардағы суреттерін үлгі ретінде қолдана отырып, жаңа композиция құру және заттарды әшекейлеу. Халықтың сәндік өнердің желісі бойынша сурет салу.
Сюжеттік сурет салу.
Бұлыңғыр немесе шуақты күнді, мерекелік от шашу, кешкі өзендегі кеме және тағы басқа қағаздың түсіне сәйкес бояуларды таңдауға үйрету.
Қоғамдағы, қоршаған ортадағы жағдайлар, мерекелер, адамдардың еңбегі, ертегі, тақпақ, ән әуендері және тағы басқа сияқты күрделі емес сюжеттерді суретте көрсете білуге үйретуді жалғастыру.
Қазақ халқының өмірін, еңбегін, тұрмысын көрсете отырып, қазақ ертегісінің, аңызының желісі бойынша сурет салу.
Жаз мезгілінің табиғат құбылыстарын, жазғы демалыстағы оқиғаларды, қарапайым сюжеттерді суретте бере білу білігін бекіту. Ұжымдық жұмыстарды, ойдан сурет салуды қолдану.
Күтілетін нәтижелер:
сурет салуда түрлі техниканы дербес қолданады;
күрделі емес ойыншықтардың, жануарлар мен адамдардың суретін салады, сурет салуда адамның қарапайым қимылдарын бере біледі;
үшбұрыштар мен алтыбұрыштардың ортасын, бұрыштарын, жиектерін көрсете отырып, сәнді өрнектерді салады;
қазақ оюларының элементтерін салады және олармен киімдерді, тұрмыстық заттарды безендіреді;
мазмұнды суреттерді салады;
ұжымдық жұмыстарды орындайды, өз ойы бойынша сурет салады.
199. Мүсіндеу
Заттық мүсіндеу
Адамның бейнесін, жануарлардың қозғалыстағы мүсінін, үйлесімділікті, қол-аяқ қалпын дұрыс мүсіндеуге үйрету. Заттардың ұзын және қысқа, жуан және жіңішке белгілерін көрсете білуге, бөліктердің салыстырмалық көлемдерін сақтауға, мүсінделген пішіндердің бөліктерін нақтылауға, оларды бір-біріне қосып, біріккен жерлерін тегістеуге үйрету.
Ортақ композиция жасау үшін ұжымдық мүсіндеудің, адамның, жануарлардың, ойыншықтардың, халық шығармашылығының заттарын қарап мүсіндеу дағдыларын дамыту.
Кеуде, бас және басқа да бөліктерді мүсіндей білуге, мүсіндеу тәсілдерін іріктеуде дербестікті білдіру, сазбалшықты бөлуге, өз жұмысын алдында тұрған үлгімен салыстыруға үйрету.
Мүсіндеудің түрлі әдістерін қолдану: құрылымдық (жеке бөліктерден) және мүсіндік (негізгі бөліктерді тұтас кесектен жасайды).
Қарап мүсіндеуге ойыншықтарды, пішіні шағын мүсіндерді, халық шеберлерінің бұйымдарын қолдану.
Сәндік мүсіндеу.
Затқа қарап, ұсынылған және өз ойлары бойынша сәндік мүсіндеу дағдыларын қалыптастыру.
Заттарды әсемдік элементтермен безендіру. Сәндік пластиналарды мүсіндеуге, жұмыс барысында әртүрлі пішінді кескіштерді қолдануға, сазбалшық тілімшелеріне бедерлер жасауға, түрлі ойыншықтарды, ыдыстарды халық бұйымдарының мәнерінде өздігінен мүсіндеуге, оларды өрнектермен әсемдеуге үйрету.
Сюжеттік мүсіндеу.
Ертегілер мен әңгімелердің мазмұны бойынша сюжеттік композиция жасау дағдыларын жетілдіру. Ұжымдық жұмыстарды орындауға баулу.
Қалыптасқан іскерлік пен дағдыларды жеке мүсіндеуде, ұжымдық мүсіндеуді орындау барысында ойында, үйді және мереке күндері ауланы сәндеу үшін қолдану.
Күтілетін нәтижелер:
мүсіндеудің түрлі техникаларын қолданады;
ортақ композиция жасау үшін ұжымдық мүсіндеу дағдыларын меңгерген;
түрлі тәсілдерді қолдана отырып, заттардың пішіні мен бөлшектерін бере біледі;
сәндік элементтермен заттарды безендіреді.
200. Аппликация
Заттық аппликация
1) түрлі пішіндерді қию дағдыларын бекіту: симметриялық емес сұлбаларға салынған немесе қиялдағы сұлбалармен қию дағдыларын қалыптастыру;
2) күрделі жапсырмалар құрастыру біліктерін қалыптастыру, жырту тәсілімен ғажайып құс, алтын балық, алқызыл гүл бейнелерін жасауға үйрету;
3) алған біліктері мен дағдыларын ойында, үйшікті, мереке күндері үй-жайды және учаскелерді безендіру үшін жеке және ұжымдық жапсырмаларды жасау кезінде қолдану, ойлауы бойынша жапсыру дағдыларын бекіту.
Сәндік аппликация
Дағдыларды қалыптастыру:
1) аналар мен әжелерге сыйлықтарды, қуыршақтарға арналған киімдерді, ұлттық әшекейлерді, табақтарды, құмыралар мен вазаларды балалардың ойлауы бойынша безендіруде жапырақтар мен гүлдерден өрнектер құрастыруды;
2) мүсіндерді қатпарланған қағаздан бірдей пішіндер және екіге бүктелген қағаздан симметриялы пішіндер қию арқылы ұлттық ою- өрнектермен безендіруді;
3) бейнелерді айқын беру үшін сұлбаны қию және жыртып жапсыру тәсілдерін қолдануды ;
4) "қошқар мүйіз" өрнегін түрлендіріп: жиектеме өрнек, қоймүйізді жұп шиыршықтар, геометриялық өрнектерді қолдануды;
5) қазақ өрнектеріне тән: жасыл, қара, ақ, сұр, қызыл, ашық түстерді қолдануды;
6) жеке, сондай-ақ шағын топпен композициялар жасауды.
Сюжеттік аппликация
Балалардың жапсыруда сюжетті композиция құрастыра білулерін жетілдіру, Қазақстанның табиғаты мен жерлестердің еңбегін бейнелейтін ұжымдық композицияларды орындау.
Күтілетін нәтижелер:
салынған немесе қиялдағы контур бойынша бейнелеуді игерген;
ойлауы бойынша күрделі жапсыруларды құрастыра алады;
екіге бүктелген симметриялы пішіндегі қағазды қияды;
Қазақстанның табиғатын, адамдардың еңбектерін бейнелей отырып, копозицияларды орындайды;
еске түсіру бойынша, затқа қарап, пішініне, пропорциясына, көлеміне, назар аудара отырып, заттарды бейнелейді;
ойлауы бойынша жұмыс жасай алады.
201. Музыка
Музыка тыңдау.
Музыкалық мәнерлілік құралдары мен сипатын егжей-тегжейлі ажырату қабілетін дамыту. Домбыраның дыбысталуы бейнеленген пьесаларды әсерлі реңкі мен музыкалық мәнерлілік құралдарын белгілей отырып тыңдау. Лирикалық, вальс ырғағындағы байсалды әуендерді қабылдап, пьесаның билеуге икемді сипатын сезініп, қарқындық өзгерісін белгілеу. Музыкалық дыбысталуының сипаттамасына сүйене отырып, бейненің мазмұны мен музыкалық мәнерліліктің элементтерімен байланыстыру, шығарманы сипаттай білу. Қазақстан композиторларының шығармашылықтарымен таныстыруды жалғастыру.
Ән айту
Дағдыларды қалыптастыру:
1) бір дыбыста құрылған әуеннің бөліктерін дәл ырғағымен дербес орындау;
2) терция дыбыстарын ажырату, қолымен бағытын көрсете отырып, әуеннің жоғарғы-төменгі қозғалысын ажырату;
3) қолмен бағытын көрсете отырып, әуеннің жоғарғы-төменгі қозғалысын ажырату;
4) фортепианоның сүйемелдеуімен немесе сүйемелдеуінсіз, жалғыз немесе топпен айту, оны металлофонда ойнау.
Сезіммен, ырғаққа сәйкес, ырғақтық бейнесін сақтай отырып, сөздерді анық және фразалар арасында дұрыс дем алып, музыкалық кіріспеден соң бірден бастап айту. Динамикалық ерекшелікті көрсете отырып, эмоционалды түрде ән айту, тынысты дұрыс алу.
Музыкалық-ырғақтық қимылдар, жаттығулар.
Музыканың ширақ сипатын жеңіл, ырғақты жүгіріспен беру, тізені көтеріп жүгіруді орындау, ұлттық билердің элементтерін орындау, музыка сипатын би қимылдарында беру.
Ойындар, хороводтар
Түрлі сипаттағы музыкамен байланысты музыкалық-ойын бейнелерін: байсалды, баяу және көңілді, шаттанған, би күйін мәнерлі жеткізу. Музыкаға сәйкес заттармен қозғалу, саптағы орнын өзгерте отырып, кеңістікте еркін бағдарлау: екі шеңбер, үлкен шеңберге тұру. Сюжетті ойындарды сахналауға үйрету.
Билер
Музыкаға сәйкес қозғалыс бағытын жеңіл, еркін және нақты ауыстыра отырып орындау, би бейнелерін беру, бейнелік би қозғалыстарын қолдана отырып, әндерді сахналау.
Би шығармашылығы
Музыка сипатына сәйкес таныс би қимылдарын қолданып, би ойластыру.
Балалардың музыкалық аспаптарында ойнау.
Ересектердің орындауында халық әуендерін тыңдау, олардың сипаты мен қарқынын белгілеу. Жеңіл әуендерді ансамбльмен балаларға арналған музыкалық аспаптарда фортепианоның сүйемелдеуімен, уақытында қосылып айту, ырғақтық бейнесін анық бере отырып ойнау, әуенді ойынмен бірге сүйемелдеу.
Күтілетін нәтижелер:
музыкалық жанрларға тән белгілерді атайды;
музыкалық мамандықтарды, атақты композиторлардың есімдерін біледі;
жақсы таныс әнді дербес музыкалық сүйемелдеумен және сүйемелдеусіз орындайды;
музыканың сипатына сәйкес қозғалады;
балаларға арналған аспаптарда ойнаудың қарапайым дағдыларын игерген.
13-параграф."Әлеумет" білім беру саласы
202. "Әлеумет" білім беру саласының базалық мазмұны өзін-өзі тану, қоршаған ортамен танысу, экология негіздері ұйымдастырылған оқу қызметінде жүзеге асырылады.
203. "Әлеумет" білім беру саласын ұйымдастыру мен жүргізу әлеуметтік сипаттың бастапқы ұғымын меңгеру мен балаларды әлеуметтік қатынас жүйесіне ендіру мақсатына жетуге бағытталған және барлық білім беру саласы арқылы жүзеге асырылады.
204. Мақсаты ересектермен және құрдастарымен қарым- қатынас жасауда, қоршаған ортамен таныстыру негізінде әлеуметтік дағдыларын дамыту және қалыптастыру болып табылады.
205. Міндеттері:
жеке тұлғаның әлеуметтік қасиеттерін дамыту: ынтымақтастық, қоршаған ортаға қамқорлық көрсету,бастамашылдық, дербестік, тәуелсіздік, ашықтық, әлеуметтік икемділік, мәдениетті және экологиялық сауаттылық;
құрдастары мен ересектердің арасындағы қарым-қатынастың жалпы қабылданған қарапайым нормалары мен ережелерін үйрету;
өзін-өзі бақылау мен өзін-өзі реттеудің қарапайым қабілеттерін тәрбиелеу.
14-параграф. І жартыжылдық
206. Өзін- өзі тану
Мазмұны балаларды құндылықтармен таныстыруды, заманауи сананың құндылығын үйретуді және бекітуді, әлемді түсіну және әлемді түйсінуді қалыптастыруды ұсынады. Ізгілік педагогикасының маңызды қағидаттарын- ересек пен баланың, балалардың өзара, педагогтардың өзара, педагогтардың ата-аналармен сұхбатын жүзеге асырады.
207. Мақсаты балаларда өз-өзіне, адамдарға, әлемге деген рухани - адамгершілік қатынас саласында бастапқы өмірлік маңызды құзыреттіліктерді қалыптастыру болып табылады.
208. Міндеттері:
адамгершілік-рухани құндылықтарды қалыптастыру;
басқаға бағытталған эмоциялар мен сезімдерді дамыту;
адамгершілік мінез- құлық негіздеріне тәрбиелеу.
Мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, "Мен - адаммын", "Қарым-қатынас қуанышы", "Адамгершілік әліппесі", "Мен және менің әлемім" тарауларының негізгі базалық бөлімдерін кіріктіру қағидасы негізінде барлық білім беру салалары арқылы жүзеге асырылады.
Мен - адаммын
"Өзін- өзі тану" әлеміне саяхат. Адам болуды үйренемін.Қыздар мен ұлдар. Менің есімім. Менің туған күнім. Менің сезімдерім. Мейірімді іс- әрекеттер. Мен осындай Адаммын.
Қарым-қатынас қуанышы
Туғандар мен туыстар. Отбасылық мерекелер. Отбасының әлемі. Достық неден басталады? Адал достар. Дос әрдайым көмектеседі. Менің кішкентай достарым. Достар ғаламшары.
Күтілетін нәтижелер:
адами сапалар туралы: мейірімділік, махаббат, сыпайылық, адалдық түсініктерге ие;
жақсы мен жаман әрекеттерді ажырата алады;
туыстарына, құрдастарына, ересектерге эмоциялық көңіл күйін білдіріп, үлкенді сыйлап, мейірімділік таныта алады;
табиғатқа қамқорлық танытудың қажеттілігін түсінеді және біледі;
сурет салу, мүсіндеу, құрастыру арқылы өз көңіл күйін жеткізе алады;
үйде, балабақшада, қоғамдық орындарда қарым-қатынастың жалпы қабылданған нормалары мен ережелерін сақтауға талпынады.
209. Қоршаған ортамен танысу
Бала, оның отбасы, үйі.
1) туыстық байланыс, өзінің жасын, толық аты-жөнін, тегін, ата- анасының, отбасы мүшелерінің аты-жөнін, балабақша, топ атауын, нөмірін айта білу, үйден балабақшаға дейінгі жолды анықтау туралы түсініктерін қалыптастыру;
2) балаларда өз отбасының мүшелеріне қамқорлық білдіру ниетін, үй тапсырмаларын орындау, өзінің мейірімділік сезімдерін отбасы мүшелеріне сөзбен айта білуді тәрбиелеу.
Заттар әлемі, кеңістікте бағдарлау.
1) заттар, олардың белгілері мен ерекшеліктері туралы ұғымдарын қалыптастыру. Балалардың сөйлеу тіліне түрлі заттардың атауларын нақтылап, енгізу, таныс емес заттардың қолданылуын түсіндіру. Заттардың қандай материалдан жасалғандығын анықтап, сипаттама беріп, оның сапасы мен ерекшелігін дұрыс анықтай білуге үйрету;
2) айналадағы заттар, құрылыс материалдары арасындағы міндет пен байланысты, оның неден жасалғандығы туралы түсінік беру;
3) балабақша жақын орналасқан шағын ауданда, балабақша ауласында еркін бағыт-бағдар ұстай білу іскерліктерін жетілдіру.
Көлік, байланыс құралдары.
1) көлік құралдарының көп түрлілігі, белгілі жұмыс түрін орындау үшін олардың жабдықтары жайлы түсінік беру;
2) телефон, компьютер, теледидар, радионың қызметтерімен, оларды қолданудың бірнеше қарапайым ережесі туралы білімдерін бекіту.
Ересектердің еңбегі.
Ұғымдарды дамыту:
1) әртүрлі мамандық иелері туралы;
2) еңбектің мазмұны, сипаты және еңбек нәтижесінің маңызы туралы;
3) балабақша қызметкерлерінің еңбегі туралы.
Өз ата-анасының еңбегі жайлы әңгімелегенде, еңбек үдерісі туралы білімін қолдана білуге, адамдардың еңбектеріндегі өзара байланыстарды байқауға үйрету. Айналаны қоршаған заттар, ойыншықтар – адамдардың еңбегімен жасалғандығы туралы, оған ұқыпты қарау керек екендігін түсіндіру.
Менің Отаным – Қазақстан. Еліміздің рәміздері.
1) Отан туралы, мемлекеттік және халықтық мерекелер,еліміздің рәміздері туралы білімдерін кеңейту. Қазақстан Республикасының Президенті, оның халыққа қызмет ететіндігі, өз халқының түрлі мәселелерін шешетіндігі туралы түсінігін қалыптастыру;
2) балалар Қазақстан Республикасының рәміздерін танып, мемлекеттік Әнұранды орындағанда орындарынан тұрып, оң қолдарын кеуделерінің сол жақ бөлігіне қоятынын, ер балалар бас киімдерін шешетінін білу керек. Мемлекеттік мереке Тәуелсіздік күні туралы түсініктерін қалыптастыру. Халықтық мерекелер туралы түсініктерін кеңейту, өлеңдерді, әндерді, билерді жаттатқызып, үйрету арқылы балаларды мерекелерге қатысуға белсенділік танытуға баулу.
Қазақстан Республикасының әскері
Ел қорғаудың ардақты міндет екендігін түсіндіру арқылы Қазақстан Республикасы әскері туралы түсініктерін кеңейту. Ұлы Отан соғысы жылдарында ел қорғаған қазақстан жауынгерлерімен таныстыру.
Жолда жүру ережелері.
Балалардың жолдың жүріс бөлігі, осьтік сызық туралы ұғымдарын бекіту. Қиылыс жолмен таныстыру, жол белгілерін бекіту. Бағдаршамның жарық белгілеріне сәйкес жолдан өтуге үйрету.
Күтілетін нәтижелер:
өз отбасының мүшелеріне қамқорлық танытады, үй тапсырмаларын орындайды;
балабақшаның атауын, нөмірін атайды; үйден балабақшаға дейінгі жолды біледі;
көлік құралдарын біледі және атайды;
кейбір кәсіптік және ауылшаруашылық мамандықтары туралы біледі;
Қазақстан Республикасы мемлекеттік әнұранын орындау кезіндегі өзін ұстау ережесін біледі;
әскердің міндетін, Ұлы Отан соғысына қатысқан жауынгерлердің рөлі туралы біледі;
жолда жүрудің негізгі ережелерін біледі және орындайды;
қарапайым себеп-салдарлық байланысты орната алады.
210. Экология негіздері
Мақсаты: қарапайым экологиялық білімдерді қалыптастыру.
Міндеттері:
табиғат әлеміне қамқорлықты, эмоционалды-жағымды қатынасты қалыптастыру;
табиғатқа деген сүйіспеншілікке, оны қорғай білуге ынтасын тәрбиелеу;
табиғат құбылыстарындағы себеп-салдарлық байланыстарды анықтай білу;
шығармашылық белсенділікті, білуге құштарлықты дамытуға ықпал ету;
табиғатта өзін ұстаудың қарапайым ережесін қалыптастыру;
адам өміріне қажетті жағдайлар туралы білімдерін қалыптастыру.
Тірі табиғат
1) табиғи нысандар мен құбылыстарды бақылау білігі мен дағдыларын қалыптастыру;
2) табиғат бұрышындағы өсімдіктер мен жануарларға күтім жасаудың қарапайым тәсілдерін меңгеру;
3) жер бетіндегі барлық тіршілік иелеріне су, ауа, жылудың маңызы туралы түсініктерін қалыптастыру;
4) балаларды қоршаған ортаның қоқыспен ластануы мәселелерімен таныстыру.
Өлі табиғат
1) табиғи нысандар мен құбылыстарды бақылау білігі мен дағдыларын қалыптастыру;
2) аймақтарға тән өлі табиғат нысандарымен, өлі табиғаттың компоненттерімен (құм, тас және тағы басқа) және қасиеттерімен таныстыру;
3) табиғатқа зиян келтіруі мүмкін жағдайлар мен әрекеттерді, ауа мен судың ластану себептерін, себеп-салдарлық байланыстарды түсіндіру.Қоршаған ортаға және табиғатқа эмоционалды-жағымды, қамқорлық қатынасты тәрбиелеу.
Табиғатты қорғау
1) табиғатқа деген сүйіспеншілікке, қамқорлық қатынасқа, табиғатты сақтауға жауапкершілік сезімдерін тәрбиелеу;
2) өсімдіктердің өсіп, дамуы және өсімдіктердің өсіп, өнуіне судың маңызы туралы түсініктерін қалыптастыру. Табиғатта өзін ұстаудың қарапайым ережелері туралы білімдерін қалыптастыру;
3) балаларды қоршаған ортаның қоқыспен ластану мәселелерімен және оларды тудыратын себептермен таныстыру.
Экологиялық мәдениет негіздерін қалыптастыру.
Табиғат бұрышын мекендеушілерге күтім жасау дағдыларын қалыптастыру.
Күтілетін нәтижелер:
өзіне таныс және жаңа жануарлармен, өсімдіктермен қарым-қатынастан қуанышты сезінеді;
адамның табиғатпен тығыз байланысы туралы түсінікке ие;
өлі табиғат нысандарына қызығушылық, ұқыпты қатынас танытады;
адамның табиғатпен өзара әрекетінің себеп-салдарлық байланысын анықтайды;
адамның табиғатты қалай сақтауға болатыны туралы қорытынды жасайды;
табиғатта қауіпсіз мінез-құлықтың бастапқы тәжірибесіне ие;
өсімдіктер мен жануарларға күтім жасаудың қарапайым тәсілдерін біледі;
тіршілік иелеріне жанашырлық, қамқорлық танытады;
табиғатқа зиян келтіруі мүмкін жағдайлар мен әрекеттерді атайды.
15-параграф. II жартыжылдық
211. Өзін-өзі тану
"Өзін-өзі тану" бөлімінің мазмұны өзінің ішкі әлемін ашу, өзінің қайталанбас даралығын пайымдау арқылы әрбір баланың өз табиғи қабілеттері мен шығармашылық әлеуетін ашуға бағытталады.
Адамгершілік әліпбиі
Барлығы амандасудан басталады. Мейірімді іс-әрекеттер. Түсінуді және кешіруді үйренеміз. Бәрі түсіністіктен басталады. Қонақ- біздің үйдің қуанышы. Мен көмекшімін. Мен өз елімнің кішкентай азаматымын.
Мен және менің әлемім
Туған үй. Менің сүйікті балабақшам. Табиғат-ана. Табиғат және денсаулық. Табиғат және Адам. Наурыз жаңару мерекесі. Менің Қазақстаным. Ақ жол Өзін-өзі тану.
Күтілетін нәтижелер:
ересектер мен жақындарына мейірімділік, сыйластық білдіреді;
салауатты өмір салтының бастапқы дағдыларын игерген; қыз бала ұла балаға құрметпен қарайды, ұл бала қыз балаға құрмет көрсетеді;
табиғатқа қамқорлық жасаудың маңыздылығын түсінеді және біледі;
өзінің көңіл-күйін сурет, мүсіндеу, құрастыру арқылы бере біледі;
сөздердегі, мінез-құлықтағы жақсы мен жаманды ажыратады, үйде, балабақшада, қоғамдық орындарда қарым-қатынастың жалпы қабылданған нормалары мен ережелерін сақтауға талпынады;
халықтық мерекелерге қатысады;
еліміздің жеткен жетістіктеріне мақтаныш сезімдерін танытады.
212. Қоршаған ортамен танысу
Бала, оның отбасы, үйі.
Туыстық байланыстар туралы ұғымды, өз шежіресіне қызығушылықты жетілдіру. Балалардың бойында өз отбасы мүшелеріне қамқорлық жасау, үй тапсырмаларын орындау, отбасы мүшелеріне өзінің жақсы көру сезімдерін айта білуге тәрбиелеу.
Заттар әлемі, кеңістікте бағдарлау.
Заттар, олардың белгілері мен қолданысы туралы ұғымдарын бекіту. Балалардың сөйлеу тілінде түрлі заттардың атауларын нақтылау және белсендіру, таныс емес заттардың қолданылуын түсіндіру. Айналадағы заттардың атқаратын қызметінің, осы заттар жасалған материалдың құрылысының арасындағы байланысты түсінуге үйрету. Мектепке дейінгі ұйымның ғимаратында, жақын орналасқан мөлтек ауданда еркін бағдарлау дағдыларын қалыптастыру.
Көлік, байланыс құралдары.
1) арнайы көлік құралдарының көп түрлілігі, белгілі жұмыс түрін орындау үшін олардың жабдықтары жайлы түсініктерді қалыптастыру;
2) тұрмыстық техниканың қызметтерімен оларды қолданудың бірнеше қарапайым ережесі туралы білімдерін бекіту.
Ересектердің еңбегі.
1) әртүрлі мамандық иелері, еңбектің мазмұны, сипаты және еңбек нәтижесінің маңызы туралы ұғымдарды қалыптастыру;
2) өз ата-анасының еңбегі жайлы әңгімелегенде, еңбек үдерісі туралы білімін қолдана білуге, адамдардың еңбектеріндегі өзара байланыстарды байқауға үйрету. Айналаны қоршаған заттар, ойыншықтар – адамдардың еңбегімен жасалғандығы туралы, оған ұқыпты қарау керек екендігін түсіндіру.
Менің Отаным – Қазақстан. Еліміздің рәміздері.
Қазақ халқының тарихи түп тамыры туралы: қазақ киіз үйінің құрылысы және ішкі жиһаздары туралы түсініктерін қалыптастыру. Қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы білімдерін кеңейту. Қазақтардың көшпенді өмірі туралы көрнекі материалдар негізінде суреттеуді үйрету. Отан туралы, мемлекеттік және халықтық мерекелер, еліміздің рәміздері туралы білімдерін кеңейту. Қазақстан Республикасының Президенті, оның халыққа қызмет ететіндігі, өз халқының түрлі мәселелерін шешетіндігі туралы білімін жетілдіру.
Қазақстан Республикасының әскері
Қазақстан Республикасы әскері, Отан қорғаушылар туралы түсініктерін жетілдіру. Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің ерлігіне құрмет білдіруге тәрбиелеу.
Жолда жүру ережелері
Балалардың жолдың жүріс бөлігі, осьтік сызық туралы ұғымдарын бекіту. Жолда жүру ережелері туралы білімдерін бекіту.
Күтілетін нәтижелер:
туыстық байланыстар туралы түсінікке ие;
отбасы мүшелеріне өзінің жақсы көру сезімдерін білдіре алады;
алуан түрлі материалдардың белгілері мен қасиеттері және қолданылуы арасындағы байланысты орнатады;
мектепке дейінгі ұйымның бөлмелерінде, жақын мөлтекауданда еркін бағдар жасайды;
арнайы көлік құралдарының атқаратын қызметін біледі;
тұрмыстық техниканы пайдалану ережелерін игерген;
өзінің ата-анасының еңбегі туралы әңгімелейді;
түрлі кәсіп адамдарына құрмет көрсетеді,
туған ел, мемлекеттік және халықтық мерекелер, ел рәміздері, Қазақстан Республикасының Президенті туралы білімдерді меңгерген;
Қазақстан әскері туралы түсінікке ие, Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ерлігіне құрмет көрсетеді;
жол қозғалысы ережелерін біледі.
210. Экология негіздері
Тірі табиғат
1) табиғи нысандар мен құбылыстарды бақылау білігі мен дағдыларын қалыптастыру;
2) табиғат бұрышындағы өсімдіктер мен жануарларға күтім жасаудың қарапайым тәсілдерін, олармен қауіпсіз өзара әрекет ережелерін меңгеру;
3) жер бетіндегі барлық тірі ағзалардың өсіп, өнуі үшін бұлақтардың және таза судың басқа көздері туралы түсініктерін қалыптастыру;
4) жануарлар мен өсімдіктер әлеміне сүйіспеншілікке тәрбиелеу;
5) балалардың табиғатқа деген қамқорлық қарым-қатынасын ынталандыру және қолдау.
Өлі табиғат
Өлі табиғаттың түрлі нысандарын бақылау. Табиғи нысандар мен құбылыстарды бақылау білігі мен дағдыларын қалыптастыру. Адам өміріндегі және өсімдіктер тіршілігіндегі судың маңызы туралы білімдерін қалыптастыру.
Табиғи материалдардың қасиеттерін тануға ықпал ету. Экологиялық тәуелділік туралы білімдерін байыту; адамның табиғатпен байланысын және өзара әрекетін анықтау. Табиғатқа қамқорлық қатынасты тәрбиелеу.
Табиғатты қорғау
1) табиғатқа деген сүйіспеншілікке, қамқорлық қатынасқа, табиғатты сақтауға жауапкершілік сезімдерін тәрбиелеу, өсімдіктердің өсіп-дамуы және өсімдіктердің өсіп, өнуіне ылғалдың, жарықтың, жылудың маңызы туралы түсініктерін қалыптастыру, табиғатқа шыққанда өзін ұстай білудің экологиялық сауаттылық дағдыларын қалыптастыру;
2) балаларды қоршаған ортаның қоқыспен ластану мәселелерімен және оларды тудыратын себептермен таныстыру.
Күтілетін нәтижелер:
табиғи нысандарға, олардың ерекшеліктеріне қызығушылық таныту;
табиғат бұрышындағы өсімдіктер мен жануарларға күтім жасаудың бастапқы дағдыларын игерген;
ересектердің табиғат бұрышындағы өсімдіктер мен жануарларға күтім жасауға деген ұсынысын орындайды;
адам өміріндегі және өсімдіктер тіршілігіндегі судың маңызы туралы біледі;
айналасындағы тірі және өлі табиғаттың нысандарына ұқыпты қатынас және эмоционалды ықыластылық танытады;
табиғатқа зиян келтіруі мүмкін жағдайлар мен әрекеттерді атайды.
7-тарау. Мектепалды даярлық сыныбы (6 жастан 7 жасқа дейін)
Ескерту. 7-тарау алып тасталды – ҚР Білім және ғылым министрінің 06.03.2020 № 88 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.


Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
міндетін атқарушының
2016 жылғы 12 тамыздағы
№ 499 бұйрығына 2-қосымша

Сөйлеу тілі жалпы дамымаған балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы
Ескерту. Бұйрық 2-қосымшамен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 29.12.2018 № 721 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Түсіндірме жазба
1. Сөйлеу тілі жалпы дамымаған балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5 және 14 - баптарына сәйкес әзірленді.
2. Бағдарламаның мақсаты сөйлеу тілі жалпы дамымаған (бұдан әрі - СТЖД) балаларда бастауыш мектеп бағдарламасы бойынша әрі қарай ана тілін меңгеруге сапалы дайындыққа және қоршаған ортада әлеуметтік бейімделуге, жалпы дамуына ықпал ететін, қарым-қатынас мәдениетін және сөйлеу белсенділігінің базалық үрдістері мен қызметін қалыптастыру.
3. Бағдарлама міндеттері:
1) қарым-қатынасты қажетсіну деңгейін жоғарылату және қоршаған ортадағы адамдарға қызығушылығын тәрбиелеу;
2) импрессивті және экспрессивті сөйлеуді дамыту (енжар және белсенді сөздікті жүйелендіру және байыту);
3) ауызша байланыстырып сөйлеуді дамыту (диалогтық және монологтық);
4) ауызша коммуникацияның лексико-грамматикалық құралдарын белсендендіру және қалыптастыру;
5) қызығушылықтарын үйлестіруге бағытталған ересектер және құрбыластарымен түрлі өмірлік жағдайлардағы вербалды және вербалды емес құралдарды дамыту;
6) байланыстырып сөйлеудің түрлі бейнелерін және оның белгілерін тани алу икемділігін, әңгімені құрастыру және қайталап айту дағдысын қалыптастыру;
7) артикуляциялық моторика қозғалыстарының кинестетикалық және кинетикалық негіздерін қалыптастыру;
8) толыққанды дыбыс айту дағдыларын (сақталған дыбыстарды нақтылау, жоқ дыбыстарды шығару, бұрмаланып айтылатын дыбыстарды түзету, автаматтандыру және сөйлемдегі басқа дыбыстардан ажырату);
9) шартты түрде есту және көру арқылы қабылдау мен назарды қалыптастыру;
10) фонематикалық есту мен фонематикалық қабылдауды дамыту;
11) сөйлеу кезінде интонациялық құралдарды меңгеру дағдыларын жетілдіру;
12) коммуникативті, ойындық және түрлі әрекеттер процесінде ұйымдастырушылық әрекеттерді, дербестікті, белсенділікті дамыту;
13) мектепке деген ынтаны қалыптастыру және мектепке дайындық.
4. Бағдарлама сөйлеу бұзылыстары бар балаларда ауызша байланыстырып сөйлеудің дамуына, қарым-қатынастың лексико-грамматикалық және фонетико-фонематикалық құралдарының қалыптасуына, сөйлеу кемістіктерін дұрыстауға, эмоционалды-еріктік және танымдық аймақтарының жетілмеуін түзетіп, ЖСТД бар мектепке дейінгі балаларды мектепке оқуға дайындауға және мектепте туындаған мәселелердің алдын алуға ықпал етеді.
5. Әр саладағы күтілетін нәтижелер сабақтардағы оқу мақсаттарының жүйесі арқылы беріледі.
6. Бағдарламаның мазмұны балалардың дене және психологиялық дамуының жас кезеңдерін қамтиды:
1) бірінші кіші топ - 2 - 3 жастағы балалар;
2) екінші кіші топ - 3 - 4 жастағы балалар;
3) ортаңғы топ - 4 - 5 жастағы балалар;
4) мектепке дейінгі ұйымдағы ересектер - 5 - 6 жастағы балалар;
5) жалпы білім беретін мектептегі, лицейдегі, гимназиядағы мектепалды даярлық сыныбы - 6 - 7 жастағы балалар.
2-тарау. Бірінші кіші топ (2-3 жастағы балалар)
1-параграф. "Коммуникация" білім беру саласы
7. "Коммуникация" білім беру саласының базалық мазмұны бұл топта тіл дамыту арнайы түзеу оқу қызметінде жүзеге асырылады.
8. Мақсаты қолжетімді сөйлеу құралдарымен сөйлеу қарым-қатынас дағдыларын және қоршаған ортадағы адамдардың сөйлеуіне қызығушылықты дамыту болып табылады.
9. Міндеттері:
1) сөйлеуді түсінуді дамыту;
2) енжар және белсенді сөздікті кеңейту;
3) тілдің лексико-грамматикалық құралдарын қалыптастыру;
4) түрлі формалар және іс-әрекет түрлерінде ауызша байланыстырып сөйлеудің алғышарттарын қалыптастыру;
5) балаларды бір-бірімен қарым-қатынасқа итермелеу.
2-параграф. 1-жартыжылдық
10. Тіл дамыту: импрессивті сөйлеуді дамыту, экспрессивті сөйлеуді қалыптастыру, фонематикалық түсініктердің алғышарттарын қалыптастыру, жалпы сөйлеу дағдыларын тәрбиелеу.
11. Импрессивті сөйлеуді дамыту:
1) қолжетімді лексикалық тақырыптар бойынша енжар сөздікті жинақтау және қоршаған ортадағы адамдардың сөзін түсіну көлемін кеңейту;
2) заттар мен әрекеттерді олардың ауызша атауымен сәйкестендіре алуға үйрету, түрлі әрекеттерді түсіне алуды қалыптастыру;
3) "ма, ме" демеулік шылауларын пайдаланып болымды және болымсыз етістік бұйрықтарын дифференциациялау;
4) "үстінде" және "жанында" үстеулерін қолдануды үйрету;
5) зат есімнің жекеше және көпше түрін ажырата алуды дамыту;
6) жай сөйлемдерді түсіне алуды дамыту: "бастауыш+баяндауыш", "бастауыш+толықтауыш+баяндауыш";
7) жанама септіктер сұрақтарын түсінуді қалыптастыру;
8) заттық және сюжеттік суреттер бойынша қарапайым сұрақтарды түсінуін балаларға оқыту.
12. Экспрессивті сөйлеуді қалыптастыру (бұнда сөйлеудің кез-келген фонетикалық рәсімделуі рұқсат етіледі):
1) қысқа сөйлемдермен, сөз тіркестерімен, сөздермен ересектердің сөйлеуіне еліктеу қажеттілігін тудыру;
2) ашық буынды бір буынды, екі буынды, үш буынды сөздерді айта алуды дамыту;
3) өзінің есімін, топтағы балалардың, туғандарының есімдерін, лексикалық тақырыптар бойынша заттарды атай алуды дамыту;
4) етістіктер сөздігін кеңейту;
5) заттарды сипаттау үшін сын есімдердің көмегімен түсін, көлемін, дәмін атай алуды дамыту;
6) қарапайым сұрақтарға жауап бере алуға оқыту;
7) сұрақтар бойынша сөз тіркестерін құрастыра алуды қалыптастыру: "Қандай?";
8) "үстінде" және "жанында" үстеулерін қолдануды үйрету;
9) кішірейткіш-еркелету мәніндегі зат есімдерді құрастырып жасауға арналған жаттығу; зат есімдермен "менікі" есімдігін келістіруге арналған жаттығу;
10) суреттер бойынша сөз тіркестерін сын есім + зат есім; зат есім+етістік сызбалары бойынша құрастыруды үйрету;
11) кішігірім балалар тақпақтарының және өтірік өлеңдердің сөздерін аяқтап айта алуды үйрету;
12) сұрақтарға қысқа сөз тіркесімен немесе 2-3 сөзден тұратын қарапайым сөйлеммен жауап бере алуды қалыптастыру.
13. Фонематикалық түсініктердің алғышартын қалыптастыру:
1) дыбыстың орнын және оның бағытын анықтай алу білігін қалыптастыру;
2) дыбысталып жатқан заттың сипатын ажырата алуды дамыту;
3) тілдік және тілдік емес дыбыстарға еліктеуге оқыту.
14. Жалпы сөйлеу біліктерін тәрбиелеу:
1) балаларға қарым-қатынас орнатушы сұрақтарды түсінуді үйрету;
2) қарым-қатынастың вербалды емес құралдарын түсіне алуды дамыту: таңдану, тәнті болу, өкіну интонациясы, қарапайым эмоция, ым-ишара, қимыл-қозғалыс және мимика бар сұрақтар интонациясы;
3) қолмен еліктеу қимыл-қозғалыстарын орындай алуға үйрету; ым-ишарамен сәлемдесу немесе қоштасу; интонация: ым-ишараға және мимикаға сәйкес, балаларға қолжетімді вербалды құралдарды белсендендіру.
15. Күтілетін нәтижелер:
1) құрбыластарымен қарым-қатынасқа түсе алады, ересектердің сөзіне құлақ салады және оның мазмұнын түсінеді;
2) қарым-қатынастың қарапайым вербалды емес құралдарын түсінеді: таңдану, тәнті болу, өкіну интонациясы, сұрақ қою интонациясы;
3) өткен лексикалық тақырыптар бойынша заттардың белгіленуін, тұрмыстық ойын әрекеттерін, заттарды сипаттау кезіндегі қарама-қарсы сапаларды білдіретін сөздерді түсінеді (үлкен-кіші);
4) қарапайым қарым-қатынасты-орнатушы сұрақтарды түсінеді;
5) сюжеттік, заттық суреттер бойынша қарапайым сұрақтарлы түсінеді;
6) жанама септіктердің сұрақтарын түсінеді;
7) атау септігіндегі зат есімдердің жекеше және көпше түрін ажыратады;
8) бұйрық және ашық райдағы қарапайым етістіктерді сөйлеу кезінде қолданады;
9) аса қарапайым сөйлемдерді түсінеді;
10) қарапайым заттар мен әрекеттерді олардың сөйлеу белгілеуімен сәйкестендіре алады;
11) тұрмыстық орта және өтілген лексикалық тақырыптар бойынша заттарды, топтағы балалардың, туған-туысқандардың, өзінің есімін атай алады;
12) кез-келген фонетикалық рәсімделуінде қысқа сөйлемдермен, сөз тіркестерімен, сөздермен ересектердің сөйлеуіндегі тілдік және тілдік емес дыбыстарға еліктейді.
3-параграф. 2-жартыжылдық
16. Тіл дамыту: импрессивті сөйлеуді дамыту, экспрессивті сөйлеуді дамыту, фонематикалық түсініктер алғышарттарын қалыптастыру, жалп сөйлеу дағдыларын тәрбиелеу.
17. Импрессивті сөйлеуді дамыту:
1) лексикалық тақырыптар бойынша енжар сөздікті жинақтауды жүзеге асыру және қоршаған ортадағы адамдардың сөзін түсіну көлемін кеңейту;
2) заттарды белгілейтін сөздерді олардың күнделікті өмірдегі әрекетімен сәйкестендіре алуды бекіту;
3) "астында", "артында" үстеулерінің мәнін түсінуді қалыптастыру;
4) оқылған ертегінің мазмұны бойынша қарапайым сұрақтарды түсіне алуды балаларға оқыту;
5) өткен шақтағы етістіктердің түрін сөйлеуде ажырата алуға арналған жаттығу.
18. Экспрессивті сөйлеуді қалыптастыру (сөйлеудің кез-келген фонетикалық рәсімделуімен):
1) "астында", "артында" үстеулерін қолдану икеміне үйрету;
2) ересектердің қарапайым сұрақтарына балалардың қысқа сөз орамдарымен жауап беруі негізінде сөйлеудің диалогтық түрін дамыту;
3) сөйлеуге үстеулерді енгізу: "анда-мында";
4) екі-үш сөзді сөйлемдерді қолдана алуды бекіту;
5) ересекпен басталған сөйлемдерді аяқтай алуға үйрету (көруге сүйену негізінде);
6) дыбыс еліктеуден тұратын, қарапайым өтірік өлеңдер мен тақпақтарды жаттау.
19. Фонематикалық түсініктердің алғышартын қалыптастыру:
1) заттардың дыбысталу ретін есте сақтай алуды қалыптастыру;
2) балалардың дауысын, жануарлардың дауысын ажырата алуды дамыту;
3) дыбысқа еліктеу тізбегін есте сақтай алуға оқыту.
20. Жалпы сөйлеу біліктерін тәрбиелеу:
1) сөйлеудің ритмикалық бейнесін, интонациясын сәйкесінше айтуға үйрету;
2) буындарда, сөздерде, сөз орамдарында ерте онтогенез дыбыстарын және дауысты дыбыстарды айту дағдыларын қалыптастыру;
3) сәлемдесу және қоштасу кезінде әдептілік формаларын қолдану дағдысын дамыту;
4) суреттегі эмоциялық жағдайды және дене тұрысын, ым-ишара, мимика мағынасын анықтай алу икемін қалыптастыру;
5) қарым-қатынастың вербалды құралдарын белсендендіру.
21. Күтілетін нәтижелер:
1) қоршаған ортадағы адамдардың сөзін түсінеді және құрдастарымен қарым-қатынасқа түседі;
2) енжар қолданыста қарапайым әрекеттерді бейнелейтін сөздер және кейбір лексикалық тақырыптар бойынша сөздер бар;
3) тұрмыстық қолданысты заттарды бейнелейтін сөздермен, олардың күнделікті өмірдегі әрекетімен сәйкестендіре алады;
4) сөйлеудің қарапайым грамматикалық формаларын түсінеді;
5) оқылған ертегінің мазмұны бойынша сұрақтарды түсінеді;
6) балалардың дауыстарын, жануарлардың дауыстарын, дауысқа еліктеулерін ажырата алады;
7) буындарда, сөздерде және сөз тіркестерінде ерте онтогенездегі дауысты және дауыссыз дыбыстарды айта алады;
8) дыбысқа еліктеуі бар өтірік өлеңдер мен қарапайым тақпақтарды жаттай алады;
9) өзі туралы, отбасы туралы, сүйікті ойыншықтары туралы сұрақтарға жауап бере алады;
10) екі құрамды сөйлемдермен және бірнеше сөздерден құралған сөйлемдермен қолданады.
3-тарау. Екінші кіші топ (3-4 жастағы балалар)
1-параграф. "Коммуникация" білім беру саласы
22. Бұл топтағы "Коммуникация" білім беру саласының базалық мазмұны тіл дамыту арнайы түзеу оқу қызметінде жүзеге асырылады.
23. Мақсаты қоршағандардың сөйлеуіне қызығушылықты және ауызша байланыстырып сөйлеуді дамыту, сөздік қорды кеңейту болып табылады.
24. Міндеттері:
1) сөйлеуді түсінуді дамыту;
2) тілдің лексико-грамматикалық құралдарын қалыптастыру;
3) фонематикалық естуді және сөйлеудің дыбыстық мәдениетін дамыту;
4) байланыстырып сөйлеудің қарапайым дағдыларын қалыптастыру;
5) балаларды құрдастармен қарым-қатынас жасауға ниеттендіру.
2-параграф. 1-жартыжылдық
25. Тіл дамыту: импрессивті сөйлеуді дамыту, экспрессивті сөйлеуді қалыптастыру, байланыстырып сөйлеуді дамыту, фонематикалық түсініктер алғышарттарын қалыптастыру, қарым-қатынас дағдыларын дамыту.
26. Импрессивті сөйлеуді дамыту:
1) лексикалық тақырыптар бойынша енжар сөздікті әрі қарай дамыту. "бір-көп" түсінігін сәйкестендіре алуды қалыптастыру;
2) жекеше және көпше түрдегі зат есім мен етістіктерді түсіне алуды балаларға үйрету;
3) кішірейткіш-еркелету мәніндегі сөздерді пайдалануды үйрету;
4) жағдаяты бойынша ұқсас, іс-әрекет мағынасы және белгілері бойынша қарама-қарсы әрекеттерді ажырата алуға оқыту;
5) тәуелдік сын есім түсінігіне оқыту;
6) зат есім және етістіктердің жекеше және көпше түрдегі грамматикалық категорияларын түсінуді қалыптастыру.
27. Экспрессивті сөйлеуді қалыптастыру:
1) тұтас заттың бөліктерін атауды және ажырата алуды қалыптастыру;
2) жалпы белгілері бойынша заттарды топтастыра алуға үйрету;
3) заттардың сапасын және ерекшеліктерін бейнелейтін сөздермен балалардың сөйлеу тілін молайту;
4) екі буынды сөздерді екпінді бірінші буынға қоюмен айтуға үйрету;
5) бір буынды сөздерді айтуға үйрету;
6) екі құрамды сөйлемдер және бірнеше сөздерден құралған сөйлемдермен қолдана алуға үйрету;
7) сөзжасамның алғашқы дағдыларына оқыту;
8) кішірейткіш-еркелету мәніндегі заттарды атау мен ажырату;
9) зат есімнің септік түрін меңгеруге оқыту (табыс, ілік, барыс, көмектес, жатыс септіктер);
10) сөйлеуде бұйрық түрдегі етістіктерді қолдану және түсіну;
11) зат есімдердің сын есіммен жақ түрінде, жекеше, көпше түрінде үйлестіре алуына үйрету ("үлкен доп", "жаңа кітаптар").
28. Байланыстырып сөйлеуді қалыптастыру (сөйлеудің кез-келген фонематикалық рәсімделуімен):
1) екі құрамды сөйлемді меңгеруге оқыту ("Анам отыр", "Әкем жүріп келеді");
2) балалардың күнделікті әрекеті, сурет бойынша, қимыл-қозғалыстарды демонстрациялау негізінде қарапайым сөйлемді құрастыруға үйрету;
3) сұрау сөйлемдерін құрастыруды оқыту "Бұл не?", "Бұл кім?", "Сенің есімін қалай?";
4) тақпақтар, өтірік өлеңдерді айтуды аяқтайтын жаттығуларды орындау.
29. Фонематикалық түсініктердің алғышартын қалыптастыру:
1) тілдік және тілдік емес дыбыстарды ажырата алуды тәрбиеле;
2) қарапайым артикуляциялық жаттығуларды орындауды үйрету;
3) дұрыс айтылатын дыбыстардан құралатын, ашық және жабық буынды бір,екі,үш буынды сөздерді айта алуға үйрету.
30. Коммуникативтік дағдыларды дамыту:
1) ситуативті-іскерлік қарым-қатынас түрінде вербалды және вербалды емес құралдарды жаңғыртуға және қабылдай алу икемділігіне оқыту;
2) ойын жағдаяттарын қолдана отыра, вербалды айқын сұрақтар бойынша диалогтік қарым-қатынасқа оқыту;
3) қатынас орнатушы сұрақтарды қолдануды және түсіне алуды оқыту;
4) мимика және пантомимика көмегімен достық сезімін білдіру, сыпайы түрде өтіну, алғыс білдіру формулаларға оқыту.
31. Күтілетін нәтижелер:
1) ересек адамдармен қарым-қатынасқа жасайды;
2) заттарды олардың сапалық белгілері және функционалдық тағайындалуымен сәйкестендіре алады;
3) кішірейткіш-еркелету, тәуелдік мәніндегі сын есімдерді ажырату;
4) мағынасы бойынша қарама-қарсы және жағдайы бойынша жақын әрекеттер мен белгілерді ажырата алады;
5) кейбір көмекші сөздердің, табыс, ілік, барыс, көмектес, жатыс септіктердің, зат есім және етістіктің жекеше, көпше түрінің грамматикалық категорияларын түсінеді;
6) сөз тіркестерін, екі құрамды және қарапайым сөйлемдерді қолданады;
7) сұрау сөйлемдерін құрастырады;
8) қарапайым артикуляциялық жаттығуларды орындайды;
9) дұрыс айтылатын дыбыстардан құралатын, ашық және жабық буынды бір,екі,үш буынды сөздерді айта алады;
10) тақпақтар, өтірік өлеңдерді аяқтап айта алады.
3-параграф. 2-жартыжылдық
32. Тіл дамыту: ипрессивті сөйлеуді дамыту, экспрессивті сөйлеуді қалыптастыру, байланыстырып мөйлеуді дамыту, фонематикалық түсініктер алғышарттарын қалыптастыру, коммуникативтік дағдыларын дамыту.
33. Импрессивті сөйлеуді дамыту:
1) дидактикалық жаттығулар және ойын үрдісінде лексикалық тақырыптар бойынша енжар сөздік қорды кеңейту, нақтылау;
2) жақтық және өздік етістіктері айқын әрекеттерді ажырата алуға оқыту;
3) жекеше түрдегі өткен шақтағы етістіктерді ажырата алу икемін қалыптастыру;
4) зат есімнің кейбір септік түрлерін түсіне алуды дамыту;
5) етістіктердің мағынасын өзгертетін қосымшаларды түсігн алды дамыту;
6) етістіктердің мағынасын өзгеруіне әсер ететін тәуелдік сын есімдерді, кішірейткіш-еркелету мәніндегі сөздерді ажырата алу икеміне үйрету.
34. Экспрессивті сөйлеуді қалыптастыру:
1) дидактикалық жаттығулар және ойын арқылы лексикалық тақырыпты меңгеру үдерісінде белсенді сөздікті молайту;
2) екінші буынға екпінді қоя отыра екі буынды сөздерді айтуға үйрету;
3) үш буынды сөздерді айтуға үйрету;
4) жай сөйлеммен ертегі мазмұны және сурет сюжеті бойынша сұрақтарға жауа бере алуды дамыту;
5) жекеше түрдің 2 жағындағы бұйрық түріндегі етістіктерді осы шақ етістігіне өзгерте алуды қалыптастыру;
6) екі сөзді және екі құрамды сөйлемдерде меңгерілген етістік формаларын қолдану;
7) сөйлеуде "ішінде", "үстінде", "артында" үстеулерін қолдануға үйрету.
35. Байланыстырып сөйлеуді қалыптастыру, бірақ балалардың сөйлеуінде морфологиялық элементтердің болуына көңіл аудару:
1) жайылма сөйлемді құра алуға оқыту: ілік септігінің жалғауы және заттық суреттер мен сұрақтарға сүйене отыра басқа септіктердің жалғауларының көмегімен;
2) қысқа тақпақтарды жаттау.
36. Фонематикалық түсініктердің алғышартын қалыптастыру:
1) жеке дыбыстардың айтылуы және жануарлардың дауысқа еліктеуін ажырату;
2) дыбысты-буындық құрылымы бойынша ұқсас сөздерді естуге дифференциациялауға оқыту ("үйшік-күшік", "ойнайды-орайды");
3) түрлі дыбыстық топтасудағы екі-үш буынды сөздерді айтуға үйрету.
37. Коммуникативтік дағдыларды дамыту:
1) сюжеттік бейнелеу кейіпкерлерінде эмоционалдық жағдайды анықтай алуға үйрету: сюжеттік бейнелеу кейіпкерлерінің эмоционалдық жағдайын қабылдай және көрсете алу икемділігі;
2) ойын ситуацияларын қолдана отыра, отбасы мүшелерімен қарым-қатынас жағдайында коммуникативтік дағдыларды белсендіру;
3) отбасы мүшелерінің іс-әрекетін және өзінің жеке іс-әрекетін сипаттап бере алу икемділігіне оқыту;
4) ойын ситуациларын құра отырып, құрдастарымен қарым-қатынасқа балаларды итермелеу;
5) мимика және пантомимика көмегімен қатынас-орнатушы сұрақтарды қолдану және түсіну, достық сезімін білдіру, сыпайы түрде өтіну, алғыс білдіру дағдыларын бекіту.
38. Күтілетін нәтижелер:
1) өзі туралы, отбасы туралы, сүйікті ойыншықтары туралы мағлұматты сұрақтарға жауап береді;
2) кейбір жай көмекші сөздердің, етістіктердің ашық және бұйрық райдағы грамматикалық категорияларын түсінеді;
3) етітіктің мғынасын өзгертетін қосымшаларды ажыратады;
4) қарапайым сұрақтарды қояды;
5) қарапайым ақпаратпен бөліседі;
6) толықтыруларды пайдаланып жайылма сөйлемді қолданады;
7) түрлі дыбыстық топтасудағы екі-үш буынды сөздерді айтады;
8) саусақ гимнастикасының мәтіндерін, өтірік өлеңдер, қысқа тақпақтарды жаттайды.
4-тарау. Ортаңғы топ (4- 5 жастағы балалар)
1-параграф. "Коммуникация" білім беру саласы
39. Бұл топтағы "Коммуникация" білім беру саласы бағдарламасының базалық мазмұны "Тіл дамыту" арнайы түзету оқу әрекетінде жүзеге асырылады.
40. Мақсаты - тілдің лексико-грамматикалық құралдарын белсендендіру болып табылады.
41. Міндеттері:
1) үстеу, сын есім, етістік, жалпы қолданыстағы зат есімдер есебінен балалардың енжар және белсенді сөздіктерін байыту;
2) тілдің грамматикалық құралдарын белсендендіру;
3) ересек адамдармен және балалармен еркін қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру;
4) диалогтік фразалық сөйлеуін дамыту.
2-параграф. 1-жартыжылдық
42. Тіл дамыту: импрессивті сөйлеуді дамыту, экспрессивті сөйлеуді қалыптастыру, байланыстырып сөйлеуді дамыту, сөйлеудің дыбыстық мәдениетін дамыту, қарым-қатынастың вербалды және вербалды емес құралдарын дамыту.
43. Импрессивті сөйлеуді дамыту:
1) болымды және болымсыз бұйрықтарды түсіне алуға оқыту;
2) мағынасы бойынша қарама-қарсы әрекеттерді ажырата алуға үйрету;
3) мағынасы бойынша қарсы сын есімдердің орнын түсіну.
44. Экспрессивті сөйлеуді дамыту:
1) сөйлеу тілінде жай сөйлемдерді қолдана алуға үйрету;
2) сөйлеу тілінде септікті қолдану икемін дамыту;
3) "мен" жіктеу есімдігін зат есіммен келістіруді балаларға үйрету;
4) жекеше, көпше түрінде зат есімнің сын есіммен келістіру дағдысын дамыту;
5) тәуелдік сын есімді құрастыра алуды дамыту.
6) мағынасы бойынша қарама-қарсы сын есімдерді қолдануды дамыту;
7) кішірейткіш-еркелету мәніндегі заттарды атауды үйрету икемін бекіту.
45. Байланыстырып сөйлеуді дамыту:
1) өзіндік фразалық сөйлеуді қолдануға үйрету;
2) пысықтауыш, анықтауыш, көмекші сөздер және көмекші сөздерсіз толықтаулармен сөйлемдерді жайылта алу икемін дамыту;
3) кішігірім әңгіме немесе ертегі мазмұны бойынша сөз орамдар және сөйлемдерде сөздерді аяқтап айтуға оқыту;
4) ертегілерден үзінді, көлемі бойынша үлкен емес, өтірік өлеңдер, тақпақтарды жатқа алу икемін дамыту.
46. Сөйлеудің дыбыстық мәдениетін дамыту:
1) сөйлеудің айтылым жағынын және фонематикалық түсініктердің алғышарттарын дамыту;
2) берілген буындық құрылымдағы сөздерді айтуға үйрету: сөздің басында дауысты дыбысы бар сөздер "кітап", сөз ортасында "ыстық", сөз аяғында "қарт".
47. Қарым-қатынастың вербалды және вербалды емес құралдарын дамыту:
1) бала басқа балаларды тыңдай алатын, балалар, ересек адамдармен қарым-қатынас орната алатын жағдайлар жасау;
2) диалог барысында сұрақтар қоя білуін және оларға жауап қайтара алуын бекіту, өтініш және алғыс білдіру кезінде қарапайым сыпайылықты көрсету алуға үйрету;
3) диалогқа дер кезінде түсуді және әңгімені аяқтауды дамыту.
48. Күтілетін нәтижелер:
1) диалогтік- қарым-қатынастың негізгі түрін қолданады;
2) үлкендерге "сіз" деп айта отыра, сұрақтарға және өтініштерге жауап береді, құрбыластарымен және ересек адамдармен қатынасқа түсе алады;
3) мағынасы бойынша қарама-қарсы етістіктер мен сын есімдердің орнын түсінеді;
4) үстеу, сын есім, етістік, жалпы қолданыстағы зат есімдерді қолданады;
5) жекеше, көпше түрінде есімдікті зат есіммен, сын есімді зат есіммен келістіре алады;
6) кейбір артикуляциялық жаттығуларды орындай алады;
7) берілген буындық құрылымдағы сөздерді айтады: сөздің басында, сөз ортасында, сөз аяғында дауысты дыбысы бар сөздер;
8) жайылма сөйлемдерді құрастыра алады.
3-параграф. 2-жартыжылдық
49. Тілді дамыту: импрессивті сөйлеуді дамыту, экспрессивті сөйлеуді қалыптастыру, байланыстырып сөйлеуді дамыту, өйлеудің дыбыстық мәдениетін дамыту, қарым-қатынастың вербалды және вербалды емес құралдарын дамыту.
50. Импрессивті сөйлеуді дамыту:
1) жалпылама сипаттағы сөздермен енжар сөздікті толықтыру: тәулік бөліктері, жыл мезгілдерінің атауы;
2) көмекші есімдермен "астында", "жанында" айқындалған, кеңістік қатынасын түсінуіне үйрету;
3) "астында-үстінде", "алдында-артында-жанында", "алыс-жақын" үстеу мәндерін түсінуді үйрету;
4) ұқсас жағдайларды белгілейтін, іс-әрекеттерді ажырата алуды қалыптастыру;
5) етістіктің болымды және болымсыз түрін ажыратуға үйрету.
51. Экспрессивті сөйлеуді қалыптастыру:
1) лексикалық тақырыптар бойынша үстеу, сын есім, етістік, жалпы қолданыстағы зат есім есебінен белсенді сөздікті молайту;
2) сөйлеуде септікті сөз түрлендіруді қолдана алуды дамыту;
3) үш көлемінде сан есімдерді зат есімдермен келістіруді, өздік етістіктерді құра алуға үйрету.
52. Байланыстырып сөйлеуді дамыту:
1) берілген графикалық схема бойынша сөйлемдерді құра алуға оқыту: "кім? - сипаты- зат - әрекет";
2) "және", "содан соң" жалғаулық шылаулары бар салалас құрамалас сөйлемдерді құра алуға оқыту;
3) схема және тірек суреттері бойынша қысқа сипатта әңгімелерді құрастыра алуға үйрету;
4) схема және тіреу суреттері бойынша кішігірім ертегілер мен әңгімелерді қайта айтып беруге оқыту;
5) ертегі ішінен ұсынылған сюжет бойынша сахналауға үйрету.
53. Сөйлеудің дыбыстық мәдениетін дамыту:
1) сөйлеудің айтылым жағынын және фонематикалық түсініктердің алғышарттарын дамыту;
2) дауыссыз дыбыстары үйлескен екі - үш буынды сөздерді айтуға үйрету.
54. Қарым-қатынастың вербалды және вербалды емес құралдарын дамыту:
1) сөз сөйлеуді өз мағынасы және логикалық екпіні бар, сөйлеу бөліктеріне бөлуді үйрету;
2) қарым-қатынастык элементарлы ситуацияларына үйрету.
55. Күтілетін нәтижелер:
1) құрбыластарымен және ересек адамдармен қатынасқа түседі, олардың өтініштерін орындайды;
2) кейбір үстеулерді мағынасын түсінеді; ұқсас жағдайларды белгілейтін іс-әрекеттерді ажыратады;
3) кейбір сөз жасам біліктерін меңгерген;
4) дауыссыз дыбыстары үйлескен екі - үш буынды сөздерді айтады;
5) сөйлеу тілінді жай көмекші сөздерді, жайылма сөйлемдерді қолданады;
6) сюжетті суреттер бойынша сөйлемдер құрастырады, сипаттама бойынша қысқа әңгімелерді құрастырады және қайта айтып береді.
5-тарау. Ересектер тобы (5-6 жастағы балалар)
1-параграф. "Коммуникация" білім беру саласы
56. Бұл топтағы "Коммуникация" білім беру саласының базалық мазмұны тіл дамыту, сауат ашу және жазу негіздері, дыбыс айту қабілеті арнайы түзеу оқу қызметтерінде жүзеге асырылады.
57. Мақсаты ауызша байланыстырып сөйлеуді және балалардың шығармашылық белсенділігін дамыту, фонемтикалық есту мен толыққанды айту дағдыларын дамыту, оқудағы қарапайым дағдыларын қалыптастыру болып табылады.
58. Міндеттері:
1) ауызша коммуникацияның лексико-грамматикалық құралдарын белсендендіру;
2) қоршаған орта адамдарымен еркін қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру;
3) түрлі іс-әрекетте ауызша байланыстырып сөйлеуді дамыту (диалогтік және монологтік);
4) дұрыс дыбыс айтуды қалыптастыру;
5) фонетикалық-фонематикалық түсініктерді қалыптастыру;
6) қолдарды жазуға даярлау;
7) түрлі тұрмыстық жағдайларда қарым-қатынас және жүріс-тұрыс мәдениетін тәрбиелеу;
8) коммуникативті, ойын және түрлі іс-әрекет барысында шығармашылық белсенділікті, дербестікті, ұйымдастырушылық әрекетті дамыту.
2-параграф. 1-жартыжылдық
59. Тілді дамыту: импрессивті және экспрессивті сөйлеуді ары қарай дамыту, дамыту, байланыстырып сөйлеуді дамыту (диалогтік және монологтік), комммуникативтік дағдларды дамыту.
60. Импрессивті және эксперссивті сөйлеуді әрі қарай дамыту:
1) қоршаған ортадағы түрлі заттарды сипаттау үшін қажетті заттардың атауын, әрекетін, сипаттамасын қолдана алуды дамыту;
2) антонимдер, синонимдер, заттардың топталуы бойынша жалпылама сөздерді қолдану және түсіне алуды үйрету;
3) лексикалық тақырыптар бойынша белсендікті сөздікті кеңейту, молайту және жалпылау;
4) балаларды барлық сөз таптарын қолдануға ынталандыру;
5) арнайы сөздер - терминдерді қолдануды және түсіне алуды үйрету, мысалы: "қайта айту", "сөйлем";
6) белгілі бір затқа сипаттамалар мен әрекеттерді және берілген әрекетке заттарды таңдай алу икеміне үйрету.
61. Диалогтік және монологтік байланыстырып сөйлеуді дамыту:
1) сипаттама әңгімелеуді, заттарды салыстыру әңгімелеуін сюжетті сурет бойынша әңгімелеуді құрастыру және қайта айтуды, оқылған мәтінді қайта айтуға оқыту;
2) әңгімені үлгі бойынша, жоспар бойынша, орындалған сурет құрастыруға үйрету;
3) сызбаға сүйене отыра байланыстырылған, бірізді монологтік сөз айтуды құруға оқыту;
4) кейіпкердің эмоционалдық күйін көрсете отыра, рөл бойынша оқылған шығарманың сюжетін ойнап бере алуды дамыту;
5) ересек адамның көмегімен әңгіменің жалғасын және соңынын ойдан құрастыра алуға үйрету, қарапайым жайылма сөйлемдерді құрастыруға жаттығу;
6) тәуелдік жалғаулы есімдіктерді қолдануды үйретуді дамыту;
7) түрлі материалдар, өсімдіктер, азық-түлікке сәйкестендіру мағынасымен қатыстық сын есімдерді жасай алу икеміне оқыту;
8) "үстінде", "астында", "ішінде", "одан", "оған", "сонымен" шылауларын зат есіммен қоса қолдану дағдыларын бекіту;
9) сөйлемді бірыңғай мүшелермен жазуды қалыптастыру, сөйлемде жекеше және көпше түрдегі, септіктегі сөздерді келістіре алуды бекіту;
10) етістіктерді қосымшалармен құрастыру білігіне үйрету;
11) дауыс ырғағы бойынша сөйлемдерді ажырата алуға үйрету: сұрау, лепті, хабарлау дауыс ырғақтары;
12) көпше түрдегі зат есімнің ілік септігінде дұрыс қолданылуын бекіту.
62. Коммуникативтік дағдыларды дамыту:
1) 3-4 сөзден тұратын сұрақтар бойынша диалогтік қарым-қатынасты дамыту;
2) сөз сөйлеуді өз мағынасы және логикалық екпіні бар, сөйлеу бөліктеріне бөлуді дамыту;
3) сөйлеу ағымында сұрау дауыс ырғағын ажырата алуды, сөйлеу кезінде сұрау сөздерін қолдана алуды үйрету.
63. Күтілетін нәтижелер:
1) жалпылама мағынасы бар сөздерді қолданады;
2) дербес сөйлеу тілінде жай және күрделі сөйлемдерді қолданады;
3) қатыстық сын есімдерді жасай алады;
4) сөйлеу ағымында дауыс ырғағы бойынша сөйлемдерді ажыратады: үйрету: сұрау, лепті, хабарлау дауыс ырғақтары;
5) жай және кейбір күрделі көмекші сөздерді қолданады;
6) бірыңғай мүшелері бар сөйлемді құрастырып жаза алады;
7) көрнекі материалдарға сүйене отыра сюжетті сурет бойынша хабарлы әңгімелерді, заттар және құбылыстар жайлы сипаттама және салыстырмалы әңгімелерді құрастырады және қайта айтып бере алады;
8) сөйлеуді өз мағынасы және логикалық екпіні бар, сөйлеу бөліктеріне бөле алады;
9) кейіпкердің эмоционалдық күйін көрсете отыра, рөл бойынша оқылған шығарманың сюжетін ойнап бере алады.
64. Жазу мен сауат ашу негіздері: сөйлеудің бірлігі ретінде дыбыс туралы түсініктерді қалыптастыру, сөйлем құрылымын түсінуді қалыптастыру, ырғақ сезімін тәрбиелеу, сөздерді буынға бөлумен таныстыру, фонметикалық талдаудың қарапайым формаларын дамыту, фонематикалық түсініктерді қалыптастыру, дыбыстарды интонациялық ерекшелеу.
65. Дыбыстың сөйлеу бірлігі ретінде түсінігін қалыптастыру:
1) тілдік емес дыбыстарға назарын аудару, балаларда дыбысқа ерекше назарын аударуды қалыптастыру, дыбыстың шығып жатқан орнын анықтай алу икемділігіне үйрету;
2) дыбысталуы бойынша бір-біріне жақын және қарама-қарсы тілдік емес дыбыстарды салыстыра алуға үйрету. Дыбысқа еліктеу, музыкалық аспаптар, шиқылдауыш ойыншықтарды қолданумен түрлі қаттылықтағы (қатты-ақырын), жоғарылықтағы (жоғары-төмен) дыбыстарды қабылдау кезіндегі есту зейінің дамыту;
3) музыкалық аспаптарды қолдану арқылы "ұзын" және "қысқа", "қатты" және "ақырын дыбыстау" түсініктерін қалыптастыру, өйлеуге есту зейінін тәрбиелеу, есту зейініне, сөздің дыбыстық қатпарына есту зейінін дамыту, сөйлеу дыбыстарын тануға үйрету;
4) дыбыстың нақты есту бейнесін қалыптастыру;
5) бір сөзді қатты және ақырын айтуға болатыны жайлы түсінігін қалыптастыру, сөздер бірдей және әр түрлі айтылуы туралы түсініктерін қалыптастыру;
6) дыбысталуы бойынша бірдей және әр түрлі "дос" сөздерді таңдай алуға балаларды үйрету, балаларды дыбыстың мағына ажыратушылық қызметімен таныстыру: сөздер бір-бірінен бір-ақ дыбыспен айырмашылықта болатынын түсіндіру.
66. Сөйлем құрылымын түсінуін қалыптастыру:
1) сөйлемдегі сөздерді естуге ажыратуын, олардың санын және ретін анықтай алуын қалыптастыру;
2) жеке сөздерді көрнекі бейнелейтін, көмекші орнын басушы құралдар ретінде - ұсақ текшелер, қолдана алуын үйрету.
67. Ырғақ сезімін тәрбиелеу.
1) музыканың орындалу сипатына сәйкес ырғақ қимылдарына оқыту, еліктеу бойынша қарапайым ырғақты қолмен шапалақтау. Екі-үш ырғақты белгі материалынан есту зейінің және есту есін дамыту (бес ырғақты белгіге дейін);
2) ауызша нұсқау және үлгі бойынша ырғаққа баға беруге және жаңғыртуға, қабылдауға үйрету, ұзын және қысқа паузалармен бөлінген, ерекше көрсетілмеген ырғақтық құрылымдарды бағалау және қабылдауға үйрету, және оларды ауызша нұсқау және үлгі бойынша жаңғырту;
3) балалар әндерінің ырғағын тықылдатып ойнау, ырғақтық және музыкалы-ырғақтық ойындарда ырғақ сезімін дамыту.
68. Сөздердің буындық бөлінуімен танысу.
1) дауысты дыбыстарды белгілеу негізінде сөздердің буынға бөліну түсінігін балаларға үйрету;
2) балаларды сөздердің буындық бөлінуіне, сөз ішінен буындарды белгілеуге, сөздердегі екпін белгісін қоюға, екпінді буынды табуға үйрету;
3) балаларды "буын" терминімен және буынға бөлінудің графикалық жазбасымен таныстыру;
4) бір буынды және екі буынды сөздерді ажырата алуға балаларды үйрету, балаларды қол шапалағымен, адыммен сөздің созылыңқылығын (сөздің буындық құрамын) анықтау икемділігіне үйрету;
5) сөз жасам және сөз түрлендіруді қолдану негізінде сөздің дыбыстық қатпарының өзгеруі оның созылыңқылығының (буындар саны) және мағынасының өзгеруіне әсер ететіні жайлы балалардың түсініктерін қалыптастыру;
6) келесі реттегі алдымен ашық, кейіннен ашық және жабық буындардан құралатын, екі буынды сөздердегі ырғақтық сурет және екпінді буынды дұрыс айтумен сөздің дыбысты буындық құрылымын қалыптастыру: дауысты дыбысқа екпінмен [А], [У], [И], [О], [Ы];
7) бірге айтып және қолмен шапалақтап қарапайым сөздердің ырғағын жаңғырту және қабылдау;
8) етістіктер жұбын айту кезінде 3-ші жақтың осы шақтағы жекеше түрдегі ашық рай формасындағы етістіктердің дыбыс буындық құрылымын жаңғыртуға үйрету. Бір, екі, үш буынды сөздердің ырғақты-буындық құрылымын тықылдату немесе адымдау, қолмен шапалақтау арқылы сөздерді бөліктерге бөлу кезінде арнайы дидактикалық ойындарды қолдану.
69. Фонематикалық қабылдауды дамыту:
1) сөздегі дыбыстың болуын анықтай алу икемділігін қалыптастыру;
2) дыбысталуы бұзылмаған дыбыстарынын, кейіннен түзету жұмысы жүргізілген дыбыстардың есту және есту айту дифференциациясын жүзеге асыра алуын қалыптастыру. Атауы нақты берілген материалды, ажыратылатын дыбыстарды кірістіретін заттық суреттерді бөле алуға үйрету.
70. Фонематикалық талдаудың қарапайым формаларын дамыту:
1) айтқаннан сөзді ерекше белгілеп, сонан соң сөзді буындарға бөлу, сосын - жеңіл айқындамадағы сөз аясында бір дыбысты ерекше ажырату арқылы қарапайым фонематикалық талдау дағдысын қалыптастыру;
2) сөздің басында екпінді дауысты дыбысты айқындап көрсету; сөзден дыбысты айқындап көрсету, сөздегі соңғы және бірінші дыбысты анықтау;
3) дыбысты белгілеу үшін арнайы белгілермен балаларды таныстыру (бейтарап түсті текшелер: ақшыл сары немесе сұр), сөздің фонематикалық (дыбыстық) құрылымының негізгі ерекшеліктерімен балаларды таныстыру;
4) П.Я. Гальперин бойынша ақыл-ой әрекеттерінің кезеңмен қалыптасуын ескере отырып, екі дауысты дыбыс тіркесі мен дауысты-дауыссыз және дауыссыз-дауысты түріндегі екідыбысты сөздерге фонематикалық талдау мен жинақтауды жасауға үйрету: графикалық сызбалар және текшелерге сүйене отыра фонематикалық талдаудың әрекетін орындау, сурет, дайын графикалық сызба, текшелер қолдану;
5) жақын таныс сөздерді талдау кезінде дыбыстарды ретімен көрсетуге және торларды текшемен жаба алу икемділігіне балаларды үйрету;
6) балаларды "дауысты" және "дауыссыз" дыбыстарды ажырата алуға үйрету. Дыбыстау кезінде ауа ауыз қуысынан еркін шығатын, дауыспен созып айтуға келетін, ән айтуға келетін "сиқырлы" дыбыстармен балаларды таныстыру ("ән айтуға келетін" (дауысты) дыбыстар). "Дауысты дыбыс" терминін және оның белгіленуі - қызыл текшені енгізу. Балаларда дыбыстау кезінде ауа кедергіге ұшырайтын (тіл, тіс, ерін) ән айтуға келмейтін "дауыссыз" дыбыстар жайлы түсініктерін қалыптастыру;
7) дауыстың қатысуы бойынша дыбысты дифференциациялауға балаларды үйрету (қатаң-ұяң);
8) жуан және жіңішке дыбыстарды естуге ажырату бойынша алғашқы біліктерін қалыптастыру;
9) дыбысталуы бойынша сөздерді салыстыра алуға, дыбыс жұптарын жуандығы және жіңішкелігі жағынан ажырата алып, оларды "үлкен" және "кіші ағайындылар" деп атауына үйрету;
10) балаларда "үлкен мотор" жуан (р-р-р) деп дыбысталатынын, ал "кішісі" - жұмсақ (рь-рь-рь) деп әндететіндігі жайлы түсініктерін қалыптастыру. Сөздердің атауында бар, берілген дыбыстарға сәйкес оларды топтастыра, балалардың заттық суреттерді негізге алатын ойын тапсырмасы және ойында аталған тапсырмасын шешу үшін қолдану;
11) сөздің дыбыстық талдауын жасау кезінде сілтеу таяқшасын, текшелерді, сөздің дыбыстық құрылымының суретті-сызбасын қолдана алу икемділігіне үйрету;
12) балаларда ересек адамның бақылауында түрлі күрделіліктегі шартты-белгілік модельді құра алуды қалыптастыру.
71. Фонематикалық түсініктерін қалыптастыру: педагогпен берілген дыбыстарға сөздерді таңдауына және іріктей алуына үйрету.
72. Дыбыстарды интонациялық ерекшелеп белгілеу:
1) созылыңқы айтуға келетін дыбыстардың айтылуына назарын аударту: ысқырық, ызың, үнді және басқалары, аталған дыбыстарды созылыңқы айтуға балаларды үйрету;
2) дауыспен созып айтуға келмейтін дыбыстардың айтылуына назарын аударту: үзілмелі, еріндік.
3) кез-келген сапалы сипаттағы дыбысты ажыратуға мүмкіндік беретін, сөздердегі дыбыстарды интонациялық ерекшелеп белгілеуінің жалпылама тәсіліне балаларды үйрету;
4) балаларға қолжетімді кішігірім тақпақ диалогтарын, арнайы ойындар, хормен жүру арқылы сөйлеу тілін интонациялы бейнелеу, еркін мәнерлеп сөйлеу, дауысты модульдеудің шығармашылық бастамашылдығын дамыту.
73. Күтілетін нәтижелер:
1) "дыбыс", "сөз", "сөйлем" терминдері жайлы алғашқы түсініктері бар;
2) сөздерді буындарға бөле алады;
3) қазақ тілінің екі негізгі тобының - дауысты және дауыссыз, айрықша, танымды сипаттары жайлы алғашқы түсініктері бар;
4) ересек адамның көмегімен сөздегі дыбыстың ретін орната алады;
5) белгілі дыбыстық құрылымдағы сөздердің және екі дыбысты сөз тіркестерінің дыбыстық талдауын жүргізе алады;
6) сөздің және дыбыстың ақырын және қатты, жоғары және төмен дыбысталу ерекшеліктерін талдай алады;
7) сөздердің және сөйлемдердің модельдерін (сызбаларын) қолданады және түсінеді;
8) дыбыстарды көрсету үшін бейтарап және қызыл түсті текшелер арнайы белгілерді қолданады және түсінеді.
74. Дыбыс айту: сөйлеу тіліндегі негативизмді жою, еркін есту арқыла қабылдау мен зейінді қалыптастыру, фонематикалы қабылдауды дамыту, жалпы және қол моторикасының даму процесінде қозғалыстың кинестетикалық және кинетикалық негіздерін қалыптастыру, артикуляциялық қозғалыстардың кинестетикалық негіздерін қалыптастыру, сөйлеу кезінде тыныс алуына үйрету, дауыс күшін дамыту, дыбыс айтуды қалыптастыру, сөздің буындық құрылымын қалыптастыру, фонематикалық анализ бен синтезге үйрету.
75. Сөйлеу тіліндегі негативизмді жою:
1) баламен эмоционалды қатынас орнату;
2) баланы бірлескен әрекетке тарту және өзара әрекеттену дағдысын қалыптастыру. Баланы өз күшіне деген сенімділікке тәрбиелеу. Ойын әрекетіне деген қызығушылықты және ойынға қатыса білуді қалыптастыру;
3) артикуляция мүшелерін дамыту.
76. Еркін есту арқылы қабылдауды және зейінді қалыптастыру:
1) сөйлеу тілдік емес дыбыстарға назар аудару:зейінін дыбысқа шоғырландыру; дыбыстың шығу көзін анықтау;
2) дыбысталуы бойынша қарама-қарсы сөйлеу тілдік емес дыбыстарды салыстыру, дыбысталуы бойынша жақын сөйлеу тілдік емес дыбыстарды салыстыру;
3) дыбыстың шыққан көзін және оның бағытын анықтау;
4) заттардың дыбысталу дәйектілігін есте сақтау;
5) есту зейінін ауыстыра білуді, әрекетті сигналдың әр түрлі дыбысталуына қарай орындау икемділігін дамыту;
6) 2 сигналдың ішінен тұрмыстық шуды тани және ажырата білу икемділігін дамыту;
7) музыкалық аспаптың ақырын және қатты дыбысталуын жіктей білу;
8) музыкалық аспаптардың дыбысталу қарқынын (жылдам-баяу) жіктей білу, музыкалық аспаптардың дыбысталуының басталуы мен аяқталуына деген әсерін бекіту.
77. Фонематикалық қабылдауды дамыту:
1) контраст принципі бойынша оқшауланған дауысты дыбыстарды ажырату;
2) артикуляциясы бойынша ұқсас оқшауланған дайысты дыбыстарды ажырату;
3) дыбысталуы бойынша жақын буындарды ажырату,дыбысталуы бойынша ұқсас дыбыс еліктеулерді ажырату;
4) екі буыннан құралған, дыбысталуы бойынша ұқсас сөздерді ажырату;
5) басқа дауысты дыбыстар арасында дауысты дыбыстарды белгілеу.
78. Жалпы және қол қимыл-қозғалысын дамыту процесінде қозғалыстың кинестетикалық және кинетикалық негіздерін қалыптастыру:
1) қалып праксисін дамыту (еліктеу бойынша);
2) арнайы жаттығуларда қол қимылын дамыту: қысу, жазу, сілкілеу, қимыл амплитудасын арттыра отырып, біртіндеп қол басын бұлғау.
79. Артикуляция мүшелерін дамыту:
1) аркуляциялық аппараттың негізгі мүшелері туралы түсініктерді бекіту;
2) артикуляциялық аппаратты еліктеу бойынша орындалатын артикуляциялық ойын жаттығуларын орындау процесінде дыбысты дұрыс айтуды қалыптастыруға дайындау;
3) еліктеу бойынша мимикалық бұлшық ет қимылын дамыту.
80. Артикуляциялық қимылдың кинестетикалық негізін қалыптастыру:
1) ерін қалпы туралы түсінікті нақтылау, дауысты дыбыстардың артикуляциясындағы ерін қалпын анықтау, дыбыстарының артикуляциясындағы ерін қалпының өзгеруін анықтау;
2) дыбыс туралы көру-есту түсініктерін тірек ете отырып, көтерілген және төмен түскен тіл ұшының қалпы туралы кинестетикалық түсінікті нақтылау,[а] дыбысын айтқан кездегі тіл ұшының қалпын анықтау,[д] дыбысын айтқан кездегі тіл ұшының қалпын анықтау, [ад] буынын айтқан кездегі тіл ұшының қалпының өзгеруін анықтау;
3) артикуляциялық қозғалыстардың кинетикалық негіздерін қалыптастыру: қозғалыстың қажетті көлеміне бағытталған артикуляциялық моториканы дамыту бойынша статикалық жаттығуларды үйрету: ерінге арналған артикуляциялық жаттығулар, тілге арналған артикуляциялық жаттығулар;
4) артикуляциялық аппарат мүшелерінің қозғалмалылығын дамыту;
5) логопедтің үлгісі бойынша артикуляциялық қалыптарды орындау.
81. Сөйлеу тынысын алуға үйрету:
1) физиологиялық дұрыс тыныс алуды қалыптастыру: еліктеу бойынша көкеттік кеуде-қабырғалық дұрыс тыныс алуға үйрету (бақылау үшін баланың алақанын пайдалану);
2) ауыздық тыныс шығаруды дамыту. Мақсатты бағыттылған ауыздық тыныс алудың ұзақтығын дамыту, ауыздық және мұрындық жіктелген тыныс алуды шығару;
3) бағытталған ауа ағынын қалыптастыру.
82. Дауыс күшін дамыту:
1) ақырын және қатты дауысты пайдалана білуді дамыту;
2) дауыс күшін өзгертуге үйрету, бір тыныс алғанда дауыскүшін ақырыннан қаттыға дейін өзгерту икемділігін бекіту.
83. Дыбыс айтуды қалыптастыру:
1) дауысты дыбыстардың дұрыс айтылуын нақтылау.
2) дауысты дыбыстар қатарын жеке, буында, сөзде, сөйлемде дауыс пен интонацияның әр түрлі күшімен қатты және ақырын айту икемділігін бекіту; әр түрлі фонетикалық жағдайларда ауыстырып, шатастырып алуы мүмкін дауысты дыбыстардың дұрыс айтылуын автоматтандыру және жіктеу;
3) ерте онтогенездегі дауыссыз дыбыстарды дұрыс айтуды нақтылау: м, м', н, н’, п, п’, т, т’, к, к’, ф, ф’, д, д’, в, в’, б, б’, г, г’, әр түрлі фонетикалық жағдайларда дауыссыз дыбыстардыңдұрыс айтылуын автоматтандыру және жіктеу;
4) жоқ немесе бұрмаланып айтылатын х, х’, л’, й, ы, с, с’, з, з’, л дауыссыз дыбыстардың дұрыс артикуляциясын қалыптастыру, қойылған дыбыстардыңдауыстыларменжеке, ашық буында, тұйық буында, бітеу буында, сөзде, сөйлемде тоғысуын автоматтандыру;
5) түрлі фонетикалық жағдайларда дауыссыз дыбыстарды ажырату.
84. Сөздің буындық құрылымын қалыптастыру:
1) қарапайым меңгерілген сөздердің қарқынын қабылдауға және шығаруға (бір мезгілде айту және шапалақтау) үйрету;
2) буындардың үйлесуін әр түрлі екпінде, интонацияда, дауыс күшінде айту;
3) сөздерді бір мезгілде айта және шапалақтай отырып, таза айтуға берілген буындарды дыбыстауға үйрету;
4) екі ашық буыннан құралатын сөздердегі ырғақтық суретті дұрыс бере отырып, сөздің буындық құрамын қалыптастыру;
5) үш ашық буыннан құралатын сөздердегі ырғақтық суретті дұрыс бере отырып, сөздің буындық құрамын қалыптастыру;
6) бір буынды сөздердегі ырғақтық сурет пен екпінді буынды дұрыс айта отырып, сөздің буындық құрамын қалыптастыру.
85. Фонематикалық талдау мен жинақтауға үйрету:
1) сөз құрамынан басындағы екпіні дауысты дыбыстарды ажырату;
2) сөздің соңында естілетін дауысты дыбысты ажырату;
3) сөздің ортасына естілетін дауысты дыбысты ажрату;
4) екі дауысты дыбыстан тұратын дыбыс қатарын талдау.
86. Күтілетін нәтижелер:
1) дыбыстың шығу көзін анықтайды;
2) дыбысталуы бойынша қарама-қайшы және жақын сөйлеу тілдік емес дыбыстарды салыстырады;
3) есту зейінін қосады,әрекетті сигналдың әр түрлі дыбысталуына сәйкес орындайды;
4) 2 сигналдың ішінен тұрмыстық шуды таниды және ажыратады;
5) музыкалық аспаптардың ақырын және қатты дыбысталуын жіктейді;
6) музыкалық аспаптардың дыбысталу қарқынын (жылдам-баяу) жіктейді;
7) жеке дыбыстарды ажыратады;
8) дыбысталуы бойынша жақын буындарды жіктейді;
9) дыбысталуы бойынша ұқсас дыбысқа еліктеуді, сөздерді ажыратады;
10) дауысты дыбысты басқа дауысты дыбыстардың ішінен ерекшелейді;
11) арткуляциялық аппарттың негізгі мүшелерін біледі;
12) ерінге арналған жаттығуды орындайды;
13) тілге арналған жаттығуды орындайды;
14) логопедтің үлгісі бойынша артикуляциялық жаттығу кешенін орындайды;
15) мақсатты бағытталған ауыз арқылы ұзақ дем шығаруды орындайды;
16) ақырын және қатты дауысты пайдалана біледі;
17) дауысты дыбыстарды дұрыс айтады;
18) ерте онтогенездің дауыссыз дыбыстарын дұрыс айтады;
19) бір, екі, үш буынды сөздерде ырғақтық суретті шығарады.
3-параграф. 2-жартыжылдық
87. Тілді дамыту: импрессивті сөйлеуді ары қарай дамыту, монологтік және диологтік байланыстырып сөйлеуді дамыту, коммуникативтік дағдыларды дамыту.
88. Импрессивті сөйлеуді әрі қарай дамыту;
1) құбылыстың немесе тұтас заттың бөлігін атауды, түрлі логикалық топтарға жататын жалпылама сөздерді қолдана алуды дамыту;
2) барлық сөз таптарын тәжірибеде қолдануға үйрету;
3) белсенді сөйлеу кезінде антонимдер, синонимдер, арнайы-термин сөздерді қолдана алу икеміне оқыту;
4) сөйлеу тілінде көпмағыналы сөздерді қолдана алуды қалыптастыру;
5) түрлі жолдармен сөзді жасай алуды бекіту және оны белсенді сөйлеу тілінде қолдану;
6) сөздерді текте, түрде, септікте келістіре отыра, жай және күрделі сөйлемдерді қолдана және құрастыра алуға үйрету;
7) салалас құрамалас және сабақтас құрмалас сөйлемдердің қолжетімді құрылымдарын қолдану дағдыларын дамыту;
8) бір түбірлі сөздерді жасай алу икеміне оқыту;
9) дауыс ырғағы бойынша сөйлемдерді ажырату икемін бекіту және сөйлеу кезінде қолдану.
89. Диалогтік және монологтік байланыстырып сөйлеуді дамыту:
1) сюжетті сурет бойынша әңгімелеуді, ес бойынша және схемаға сүйене отыра, заттарды салыстыру әңгімелеуін, сипаттама әңгімелеуді дербес құрастыру және қайта айту икемін дамыту;
2) әңгімеге атау ойлап таба алады, негізгі ойды тұжырымдай алады;
3) диалогті құрастыру кезінде сөйлеу этикетінің формаларын қолдануды әрі қарай үйрету;
4) өзіндік ой пікірлерін бірізді құруды бекіту. Монологтік сөйлеуді әрі қарай жетілдіру;
5) берілген тақырыпқа әңгімені ойдан шығарып жалғастыруды және аяқтауды дамыту;
6) сөйлеу тілінде бейнелі сөздерді, эпитеттерді, салыстыруларды қолдану үйрету;
7) танымайтын адамдардың алдында сөз сөйлеуге, әңгімені әрі қарай жалғастыруға оқыту.
90. Коммуникативтік дағдыларды дамыту:
1) көрнекі материалды қарастыру кезінде талқылауға, ұжымдық әңгімеге қатыса алуға оқыту;
2) толық пікір айту формасында бір немесе бірнеше тұлғаларға команда, бұйрық бере алуға үйрету;
3) өзінің және басқалардың іс-әрекетін сипаттап бере алуға оқыту;
4) диалог барысында байсалдылық және такт білдіре отыра, әңгімелесушінің ой пікірін мақұлдауға немесе бас тартуға, келісуге, қарсы болу икеміне үйрету.
91. Күтілетін нәтижелер:
1) тегінде, түрінде, септікте сөздерді келістіре отыра, жай және күрделі сөйлемдерді құрастыра және қолдана алады;
2) салалас құрмалас және сабақтас құрмалас сөйлемдердің неғұрлым қолжетімді құрылымдарын қолданады;
3) түрлі сөз таптарының сөз жасаушы түрлерін қолданады;
4) сюжетті сурет бойынша әңгімелеуді, ес бойынша және схемаға сүйене отыра, заттарды салыстыру әңгімелеуін, сипаттама әңгімелеуді дербес құрастыру және қайта айта алады;
5) оқиғаға, ертегіге, әңгімеге жалғасын және соңынын, әңгімеге атауын ойлап таба алады, негізгі ойды тұжырымдай алады;
6) танымайтын адамдардың алдында сөз сөйлейді, әңгімені әрі қарай жалғастырады;
7) диалог барысында әңгімелесушінің ой пікірін мақұлдай немесе бас тарта алады, келіседі, қарсы бола алады;
8) өзінің және басқалардың қылығы жайлы жай баға беру пікірін білдіре алады.
92. Сауат ашу мен жазу негіздері: дыбыстың сөйлеу бірлігі ретінде түсініктерін қалыптастыру, сөйлем құрылымын түсінуді қалыптастыру, ырғақ сезімін тәрбиелеу, сөздерді буынға бөлумен таныстыру, фонематикалық қабылдауды дамыту.
93. Сөйлеу бірлігі ретінде дыбыс туралы түсінікті қалыптастыру:
1) есту зейінің белсендендіру, сөйлеудің дыбыстық жағына балалардың назарын дамыт;
2) сөйлеу тілінің айтылуын қабылдауға бағытталған балалардың дыбысты тани алу икемділігін әрі қарай жетілдіру;
3)дыбысталуы бойынша сөздерді салыстыра алу икемділігін дамыту;
4) сөйлеу материалын дұрыс тыңдауға және естуге балаларды үйрету;
5) дыбыстың нақты есту бейнесін қалыптастыру;
6) балаларды ұзақтықтығы және дауыс қаттылығы әртүрлі дыбыстауларды графикалық белгілермен белгілеуге үйрету.
94. Сөйлем құрылымын түсінуін қалыптастыру:
1) "сөйлем" түсінігімен танысу;
2) балаларда сөйлемді құра алуын, соның ішінде берілген сөздер санымен құра алуын қалыптастыру;
3) сөйлемнің графикалық сызбасын құра алуды үйрету (қарапайым көмекші сөзсіз екі құрамды сөйлем, көмекші сөзсіз үш-төрт сөзден құралған қарапайым сөйлем, көмекші сөзбен үш-төрт сөзден құралған қарапайым сөйлем).
95. Ырғақ сезімін тәрбиелеу:
1) ауызша сөйлеу нұсқауы бойынша (көру қабылдауына сүйенбей) ырғақты бағалауға, қабылдауға (алты ырғақты белгіге шейін) және оларды жаңғыртуға оқыту,
2) ауызша нұсқау және үлгі бойынша ерекше көрсетілген және ерекше көрсетілмеген ырғақтық құрылымдарға баға беруге, қабылдауға және оларды жаңғыртуға балаларды үйрету: қатты дыбыс, - ақырын дыбыс қайда;ұзақ дыбысталу, қысқа дыбыстау қайда.
96. Сөздердің буындық бөлінуімен танысу:
1) сөз орамдарынан сөздерді ажырату және сөздерді буыңға бөлу дағдыларын ары қарай жетілдіру, "буын" және "сөз" түсініктерін бекіту (сөздің бөлігі ретінде);
2) балалардың сөздердің және сөйлемдердің модельдері (сызбалары) жайлы білімдерін бекіту;
3) көмекші тәсілдерге сүйене отыра сөздің буындық құрамын анықтау: шапалақ, тарсылдату;
4) дауысты дыбыстарға сүйене отыра сөздің буындық құрамын анықтау;
5) іштей сөйлеудегі буындарды санын анықтау;
6) балаларда: сөздің буындық құралымының ұстанымын жете түсінуін (айтылуы және жазылуы сәйкес келетін сөздер материалдарында); сөздегі дауыстыларды ести алуын, буындар санын атауын, олардың ретін анықтауын; берілген буындардан сөздерді құруды: ашық буындардан құралатын (қара, қала), ашық және жабық буынан құралатын екі буынды сөздерді (мысық, қасық), ашық буындардан құралатын (шағала, тамаша), бір буынды сөздерден құралатын (бас, жаз) үш буынды сөздерді қалыптастыру;
7) екпінді буынды белгілеумен сөздің сызбасын құрастыра алуды оқыту, графикалық сызбаны сәйкес келетін сөзге таңдауды, графикалық сызбаға сәйкес келетін сөзді таңдай алуды қалыптастыру;
8) бір дыбысты немесе сөзді өзгерту есебінен сөзді өзгерте алу икемділігі оқыту. Дауыстының өзгеруі кезінде дауыссыз дыбыстың дыбысталуын бақылай отыра, бір дауыссыздың әр түрлі дауысты дыбыстармен байланысуын буындық жаттығуларда қолдану.
97. Фонематикалық қабылдауды дамыту:
1) есту арқылы жуан және жіңішке дауыссыз дыбыстарды ажырата алуға оқыту;
2) белгісі: қатаң - ұяң; жуан- жіңішке бойынша дыбыстарды нақты ажыратуы негізінде фонематикалық қабылдауды қалыптастыру;
3) өзінің және өзге адамның сөйлеуіндегі дыбысталудың дұрыс үлгісін ажырата және бағалай алуды қалыптастыру;
4) балаларды алдымен дыбысталуы бойынша әр түрлі буындарды, содан соң дыбысталуы ұқсас буын қатарларын естуге ажырата алуына оқыту;
5) есту қабілетіне сақталған дыбыстарды дифференциациялау (айтпай): жуан - жіңішкелігі бойынша, қатаң-ұяңдығы бойынша, бітеу буындарда, в обратных слогах,екі дауыссыз кездескен буындарда, сөздерде және сөз орамдарында.
98. Фонематикалық талдаудың қарапайым формаларын жетілдіру және фонематикалық талдаудың күрделі формаларын дамыту:
1) фонематикалық талдаудың қарапайым формаларын жетілдіру;
2) сөздің және дыбыс тіркесуінің фонематикалық анализ және синтез дағдысын жетілдіру;
3) сөздегі дыбыстың орнын және позициясын анықтай алуын, екпінді дыбысты белгілеуін, сөздегі буындардың санын, сөйлемдегі сөздердің санын анықтауын әрі қарай жетілдіру;
4) балаларды дыбыстарды олардың сапалық сипаттамалары бойынша (дауысты, жуан және жіңішке дауыссыздар, қатаң және ұяң дауыссыздар) салыстыра алуға, сөздерді дыбыстық құрамы бойынша сәйкестендіруге оқыту;
5) "жуан" және "жіңішке дауыссыз" түсінігін және көк және жасыл текшелермен олардың белгіленуін кірістіру;
6) фонематикалық талдаудың қарапайым формаларын жүзеге асыру қабілетін қалыптастыру: сөздегі дыбыстың орнын анықтай алуға балаларды оқыту(басында, ортасында, аяғында);
7) ақыл-ой әрекеттерінің кезеңмен қалыптасуын ескере отыра (П.Я. Гальперин бойынша) сөздегі дыбыстардың санын және ретін анықтай алуын қалыптастыру: ұсыну бойынша сөздердің дыбыстық құрамын талдайды;
8) сөздегі дыбыстың тұру ретін анықтау алу икемділігін қалыптастыру;
9) белгілі бір дыбыстың алдында немесе одан кейінгі тұрған дыбыстарды анықтай алу икемділігін балаларға оқыту;
10) екі буынды, бір буынды, ашық және бітеу буынды сөздердің дыбыстық анализ және синтез дағдыларын балаларда қалыптастыру.
11) түрлі дыбыстық құрылымдағы үш дыбысты және төрт дыбысты сөздердің дыбыстық талдауын жасай алуды қалыптастыру;
12) сөздің дыбыстық құрамының сызбаларын және модельдерін қолдануын әрі қарай жетілдіру: белгілі модельге сөздерді таңдай алуын дамыту;
13) балаларды фонематикалық синтезді жүзеге асыруға оқыту: дыбыстардың берілген ретімен сөз құрастыру.
99. Фонематикалық түсініктерін қалыптастыру:
1) балаларда сөздегі буындар санын, сөздегі дыбыстың белгілі бір орнымен, белгілі бір дыбысқа, заттар сипатына, заттар, әрекеттер атауын білдіретін сөздерді атау және таңдай алу икемділігін қалыптастыру;
2) фонематикалық түсініктерді әрі қарай жетілдіру (ұсыну және суреттер бойынша).
100. Дыбыстарды интонациялық ерекшелеп белгілеу:
1) балаларда сөздегі берілген дыбыстарды интонациялық ерекшелеп белгілей алуды әрі қарай жетілдіру.
2) сөздегі дыбысты ерекшелеп белгілей алу икемділігін қалыптастыру.
101. Күтілетін нәтижелер:
1) дауысты дыбыстарды ажырата алады (екпінді және екпінсіз);
2) жуан және жіңішке дауыссыз дыбыстарды ажырата алады;
3) дыбысталуы бойынша сөздерді салыстыра алады, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын таба алады;
4) сәйкес дыбыстарға текшелерден сөздерді құрастыра алады;
5) екпінді буынды ести алады және ерекшелеп белгілейді;
6) сөздегі дыбыстардың орнын анықтай алады;
7) сөздегі буындардың санын анықтай алады;
8) сөйлемдегі сөздердің санын анықтайды;
9) берілген дыбысқа сөздерді таңдай алады;
10) түрлі дыбыстық құрылымдағы үш дыбысты сөздердің дыбыстық талдауын жасау алады;
11) дыбыстың дыбысталуы және айтылуы ерекшеліктеріне талдау жасай алады;
12) дыбыстарды сипаттай алады;
13) сөздің дыбыстық құрамының және сөйлемдердің дайын сызбаларын, модельдерін қолдану және өздігінен құрастыра алу дағдылары бар.
102. Дыбысты айту: сөйлеу тілдік негативизмді жою, еркін есту арқылы қабылдауды және зейінді қалыптастыру, фонематикалық қабылдауды дамыту, фонематикалық түсініктерді қалыптастыру, артикуляция мүшелерін дамыту, артикуляциялық қозғалыстардың кинестетикалық негіздерін қалыптастыру, сөйлеу тынысын алуға дамыту, сөздің буындық құрылымын қалыптастыру, фонематикалық талдау мен жинақтауға оқыту.
103. Сөйлеу тілдік негативизмді жеңу:
1) баланы бірлескен әрекетке тарту және өзара әрекеттену дағдысын қалыптастыру;
2) баланы өз күшіне деген сенімділікке тәрбиелеу;
3) ойын әрекетіне деген қызығушылықты және ойынға қатыса білуді қалыптастыруды жалғастыру.
104. Еркін есту арқылы қабылдауды және зейінді қалыптастыру:
1) есту зейінін ауыстыра білу, әрекетті сигналдың әр түрлі дыбысталуына қарай орындау біліктерін бекіту. 3-4 нұсқада берілген дыбыстық сигналдарды тани және ажырата білуді дамыту;
2) музыкалық аспаптың ақырын және қатты дыбысталуын жіктеу,дыбыстың биіктігін қолмен көрсету біліктерін бекіту;
3) дауыстың төмендеуі мен жоғарылауын ажырату біліктерін бекіту;
4) минорлық және мажорлық мелодияларды ажырату (көңілді-көңілсіз).
105. Фонематикалық қабылдауды дамыту:
1) дыбысталу жағынан ұқсас сөздерді ажырату;
2) берілген дауысты дыбысты басқа дауысты дыбыстардың ішінен ерекшелеу;
3) сөйлеу тіліндегі сақталғандауыссыз дыбысты басқа дауыссыз дыбыстардың ішінен ерекшелеу;
4) сөйлеу тіліндегі сақталған дауыссыз дыбыстармен қатар бұзылысы бар дауыссыз дыбысты ерекшелеу;
5) екпінді буынның өзгерісімен буындық қатарды шығару;
6) бір дауысты және әр түрлі дауыссыздардың буындық үйлесімділігін шығару;
7) қатаң-ұяң дауыссыз дыбыстардың ажыратылуы бойынша буындық үйлесімділіктерін айту (екеуден);
8) жуан-жіңішке дауыссыз дыбыстардың ажыратылуы бойынша буындық үйлесімділіктерін айту (екеуден).
106. Фонематикалық түсініктерді дамыту:
1) берілген дыбысқа сөз таңдау. Берілген дыбысқа екі буыннан тұратын сөз таңдау;
2) берілген дыбысқа сурет таңдау.
107. Жалпы және қол қимылдарын дамыту процесіндегі қимылдардың кинестетикалық және кинетикалық негіздерін қалыптастыру:
1) қалып праксисін дамыту (сөздік нұсқау бойынша);
2) арнайы жаттығуларда қол қимылын дамыту: қысу, жазу, сілкілеу, қимыл амплитудасын арттыра отырып, біртіндеп қол басын бұлғау.
108. Артикуляция мүшелерін дамыту:
1) аркуляциялық аппараттың негізгі мүшелері туралы білімді бекіту;
2) артикуляциялық аппаратты еліктеу бойынша орындалатын артикуляциялық ойын жаттығуларын орындау процесінде дыбысты дұрыс айтуды қалыптастыруға дайындау;
3) еліктеу бойынша мимикалық бұлшық ет қимылын дамыту;
4) ерінді, тілді, ұртты нығайтуға арналған массаж.
109. Артикуляциялық қимылдың кинестетикалық негізін қалыптастыру:
1) ерін қалпы туралы түсінікті бекіту, дауысты дыбыстардың артикуляциясындағы ерін қалпын жіктеу;
2) дыбыс туралы көру-есту түсініктерін тірек ете отырып, көтерілген және төмен түскен тіл ұшының қалпы туралы кинестетикалық түсінікті нақтылау;
3) артикуляциялық қимылдың кинетикалық негізін қалыптастыру: қажетті қимыл көлемін шығаруға бағытталған артикуляциялық қимылды дамыту бойынша статикалық жаттығуларға үйрету: ерінге арналған артикуляциялық жаттығулар, тілге арналған артикуляциялық жаттығулар;
4) артикуляциялық аппараттың мүшелерінің қозғалғыштығын, қимылға көшу қабілетін дамыту, артикуляциялық мүшелерді берілген қалыпта ұстап тұру икемділігін дамыту, санау бойынша, сөздік нұсқау бойынша артикуляциялық жаттығулар кешенін логопедтің үлгісі бойынша орындау.
110. Сөйлеу тынысын алуға үйрету:
1) физиологиялық дұрыс тыныс алуды қалыптастыру: еліктеу бойынша көкеттік-қабырғалық дұрыс тыныс алуға үйрету;
2) ауыздық тыныс шығаруды дамыту: мақсатты бағыттылған ауыздық тыныс алудың ұзақтығын дамыту, ауыздық және мұрындық жіктелген тыныс алуды шығару (мұрын арқылы дем алу, дем шығару, ауыз арқылы дем алу, дем шығару, ауызбен дем алу, мұрын арқылы шығару), бағытталған ауа ағынын қалыптастыру.
111. Дауыс күшін дамыту:
1) ақырын және қатты дауысты пайдалана білуді дамыту;
2) дауыс күшін өзгерту, бір тыныс алғанда дауыстың күшін ақырыннан қаттыға дейін өзгертуге үйрету.
112. Дыбыс айтуды қалыптастыру:
1) дауысты дыбыстарды әр түрлі фонетикалық жағдайларда автоматтандыру және жіктеу;
2) ерте онтогенез дауыссыз дыбыстарын сөйлемдер мен шағын мәтіндерде дұрыс айту дағдысын бекіту, ерте онтогенез дауыссыз дыбыстарын әр түрлі фонетикалық жағдайларда дұрыс айтылуын автоматтандыру және жіктеу;
3) к, к’, г, г’, х, х’, л’, й, ы, с, с’, з, з’, л дауыссыз дыбыстарының ұрыс артикуляциясын нақтылау;
4) жоқ немесе бұрмаланып айтылатын дауыссыз дыбыстардың [ц, ш, ж, ч, щ] дұрыс артикуляциясын қалыптастыру, қойылған дыбыстардың: жеке, ашық буында,бітеу буында, тұйық буында, сөзде, сөйлемдедауыстылармен тоғысуын автоматтандыру;
5) сақталған қатаң және үнді дауыссыз дыбыстарды есту арқылы жіктеу. Сақталған қатаң және ұяң дауыссыз дыбыстардыесту арқылы жіктеу.
113. Сөздің буындық құрылымын қалыптастыру:
1) қарапайым меңгерілген сөздердің ырғағын қабылдауға және шығаруға (бір мезгілде айту және шапалақтау) үйрету;
2) сөздерді бір мезгілде тақпақтарда айта және шапалақтай отырып, таза айтуға берілген буындарды дұрыс айтуға үйрету;
3) дауыссыздың тоғысуымен екі буыннан құралатын сөздердегі ырғақтық сурет пен екпінді буынды дұрыс айта отырып, сөздің буындық құрамын қалыптастыру;
4) үш буыннан құралатын,бітеу буыны бар сөздердегі ырғақтық сурет пен екпінді буынды дұрыс айта отырып, сөздің буындық құрамын қалыптастыру;
5) үш буыннан құралатын сөздердегі ырғақтық сурет пен екпінді буынды дұрыс айта отырып, сөздің буындық құрамын қалыптастыру;
6) дауыссыз дыбыстардың тоғысуын айту.
114. Фонематикалық талдау мен жинақтауға үйрету:
1) сөз құрамындағы дауысты дыбысты (басында, ортасында, соңында) ерекшелеу икемділігін бекіту;
2) дыбыс ағынындағы дауыссыз дыбысты ерекшелеу: сөз басында естілетін дауыссыз дыбысты ерекшелеу, сөз соңында естілетін дауыссыз дыбысты ерекшелеу, сөз ортасында естілетін дауыссыз дыбысты ерекшелеу;
3) дауысты және дауыссыз дыбыстар туралы түссініктерді қалыптастыру;
4) буындағы, сөздегі және сөйлемдердегі дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырату. Дауысты-дауыссыз дыбыстардың үйлесімділігіндегі дыбыстардың саны мен дәйектілігін анықтау;
5) сөздегі дыбыс сандарын анықтай білуге үйрету.
115. Күтілетін нәтижелер:
1) есту зейінін қосады, әрекетті сигналдың әр түрлі дыбысталуына сәйкес орындайды;
2) 3-4 сигналдың ішінен тұрмыстық шуды таниды және ажыратады;
3) сөйлеу тілінің ақырын және қатты дыбысталуын ажыратады;
4) сөйлеу тілінің дыбысталу қарқынын (баяу-жылдам) ажыратады;
5) жеке фонемаларды ажыратады;
6) дыбысталу бойынша жақын буындарды жіктейді;
7) дыбысталуы бойынша ұқсас дыбысқа еліктеуді, сөздерді ажыратады;
8) берілген дауысты дыбысты басқа дауысты дыбыстардың ішінен ерекшелейді;
9) артикуляциялық аппарттың негізгі мүшелерін біледі;
10) ерінге арналған жаттығуды орындайды;
11) тілге арналған жаттығуды орындайды;
12) логопедтің үлгісі бойынша артикуляциялық жаттығулар кешенін орындайды;
13) мақсатты бағытталған ауыз арқылы ұзақ дем шығаруды орындайды;
14) ақырын және қатты дауысты пайдалана біледі;
15) дауысты дыбыстарды дұрыс айтады;
16) ерте онтогенездің дауыссыз дыбыстарын дұрыс айтады;
17) шақырылған дауыссыз дыбыстарды буында, сөзде, сөйлемде дұрыс пайдаланады;
18) үннің қатысына қарай қатаң, ұяң, үнді болып ерекшеленетін дауыссыз дыбыстарды есту арқылы ажыратады;
19) үннің қатысына қарай қатаң, ұяң, үнді болып ерекшеленетін сақталған дауыссыз дыбыстарды есту арқылы ажыратады;
20) бір, екі және үш буынды сөздердегі ырғақтық суретті шығарады;
21) сөз құрамындағы дауысты дыбысты (басында, ортасында, соңында) ерекшелейді;
22) сөз құрамындағы дауыссыз дыбысты (басында, ортасында, соңында) ерекшелейді;
23) дауысты және дауыссыз дыбыстар туралы түсінігі бар.
5-тарау. Жалпы білім беретін мектептегі, лицейдегі, гимназиядағы мектепалды даярлық сыныбы (6-7 жастағы балалар)
1-параграф. "Коммуникация" білім беру саласы
116. Мақсаты - толыққанды дауыс айту дағдыларын қалыптастыру, балалар әрекетінің әр түрлі формалары мен түрлеріндегі лексикалық және грамматикалық тілдік құралдарды адекватты таңдай білуді дамыту, одан басқа ЖСТД балалардың оқу мен жазу дағдыларын меңгеруге дайындау.
117. "Коммуникация" білім беру саласында келесі сабақ түрлері ұсынылады:
1) тіл дамыту;
2) жазу және сауат ашу негіздері;
3) дыбыс айту.
2-параграф. Тіл дамыту
118. Мақсаты - әр түрлі формалар және балалар әрекетінде қажетті лексикалық және грамматикалық тілдік құралдарды сәйкесінше таңдай алу икемін дамыту болып табылады.
119. Міндеттері:
1) тілдің лексика-грамматикалық қатарын жетілдіру;
2) сөйлеу қарым-қатынас дағдыларын дамыту (диалог, монолог);
3) қоршаған орта іс-әрекетіне, өзінің жүріс-тұрысына талдау жасау және адекватты бағалау әрекетін дамыту;
4) коммуникативті, ойын және басқа іс-әрекет барысында шығармашылық белсенділікті, дербестікті, ұйымдастырушылық әрекетті дамыту;
5) ситуативті емес - тұлғалық қарым-қатынас формасын қалыптастыру;
6) сөйлеу этикеті нормаларын дағдыландыру.
120. "Тіл дамыту" сабағының мазмұны оқыту бөлімдері бойынша ұйымдастырылған, күтілетін нәтижелер түрінде оқытудың мазмұнын мақсатын өзінде кірістіретін бөліктерден құралады. Әр бөлік ішінде бірізді ұйымдастырылған оқытудың мақсаты, педагогтарға өз жұмысын жоспарлауға және балалардың жетістіктерін бағалауға, сонымен қатар оқытудың келесі кезеңдері жайлы ақпараттандыруға мүмкіндік береді.
121. Оқу бағдарламасының мазмұны келесі бөлімдерді қосады:
1) лексика;
2) грамматикалық қатар;
3) байланыстырып сөйлеу.
122. "Лексика" бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:
1) сөздік қорды кеңейту және нақтылау;
2) тілдің лексикалық құралдарын белсендендіру.
123. "Грамматикалық қатар" бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:
1) тілдің грамматикалық категорияларын жетілдіру;
2) тілдің нормаларына сәйкес тәжірибелік меңгеру.
124. "Байланыстырып сөйлеу" бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:
1) диалогтік сөйлеуді дамыту;
2) монологтік сөйлеуді дамыту.
125. "Лексика" бөлімінің мазмұны келесіні қарастырады:
1) сөздік қорды кеңейту және нақтылау. Қаратылған сөйлеуді тыңдай алады. Сөзге қызығушылық және көңіл білдіреді. Сөздердің лексикалық мағынасы мен ұғымын түсінеді және түсіндіреді, белсенді сөйлеуде оларды қолданады. Сөз айту кезінде жай салыстыруларды, антонимдер, синонимдер және көп мағыналы сөздерді, түрлі сөз таптарын қалай қолдануды біледі және түсінеді. Заттардың тақырыптық топтары бойынша жалпылама сөздерді қолданады. Мектепте оқуға қатысты арнайы терминология сөздерін қолданады;
2) тілдің лексикалық құралдарын белсендендіру. Қоршаған орта заттарының сапасын және ерекшеліктерін, сипатын, әрекетін, заттарын белгілеу үшін сөздерді таңдай алады. Сөздерге неғұрлым келетін антонимдер, синонимдерді іріктейді. Айтылғанды жалпылау үшін тілдің лексикалық құралдарын қолданады, байланыстырушы, сұрау сипаттағы сөздерді кірістіреді. Сұрау,лепті хабарлы дауыс ырғақтары бойынша сөздер мен сөйлемдерді ажырата аладыжәне сөйлеу тілінде қолданады.
1-кесте

Бөлімше

Оқыту мақсаттары

1.1 Сөздік қорды кеңейту және нақтылау

0.1.1.1 сөздердің лексикалық мағынасы мен ұғымын түсіну және түсіндіре алу, белсенді сөйлеуде оларды қолдана алу

0.1.1.2 ауыспалы мағыналы сөйлемшелерді және кейбір сөздерді, жалпылама сөздердің лексикалық мағынасын мен ұғымын түсіну, өзінің сөз пікірінде оларды қолдану

1.2 Тілдің лексикалық құралдарын белсендендіру

0.1.2.1 мағынасы бойынша жақын және қарама-қарсы сөздерді түсіну, оларды сөйлеу тілінде қолдану

0.1.2.2 заттарды, олардың ерекшелігін және функционалдық тағайындалуын белгілеу үшін барлық сөз таптарына қатысты сөздерді қолдану және түсіну

126. "Грамматикалық қатар" бөлімінің мазмұны келесіні қарастырады:
1) тілдің грамматикалық категорияларын жетілдіру. Сөйлеу тілінде грамматикалық категорияларды қолданады: зат есім және сын есімдердің аналық, аталық тегін, жекеше және көпше түрді, септіктерді, етістіктің шақ және рай түрін, көмекші сөздерді, соның ішінде күрделісін. Сөз түрлендіру және сөз жасам дағыдыларын меңгерген. Бірыңғай анықтауыш, баяндауыш, толықтауыштарды таңдауда, туыстас сөздерді, күрделі сөздерді жасауда жаттығады. Тәуелдік және қатыстық сын есімдерді құрастырады, етістіктен сын есімдердің, зат есімдердің салыстырмалы шырайын жасай алуда жаттығады. Сан есімнің зат есіммен, сын есім мен сан есімдердің зат есіммен келістіруінде жаттығады;
2) тілдің нормаларына сәйкес тәжірибелік меңгеру. Сөйлем құрастыру кезінде сөздерді текте, түрде, септікте келістіре алады. Заттардың кеңістікте орналасуын, бірлескен әрекетті көрсету үшін көмекші сөздерді қолданады. Бірыңғай анықтауыш, баяндауыш, толықтауышпен сөйлем құрастыруда жаттығады. Тілдің нормаларына сәйкес қолжетімді құралымдағы салалас құрмалас және сабақтас құрмалас, жайылма сөйлемдерді құрастыра алады.
2-кесте

Бөлімше

Оқыту мақсаттары

2.1 Тілдің грамматикалық категорияларын жетілдіру

0.2.1.1 грамматикалық категориялар жайлы түсініктердің болуы, оларды сөйлеу тілінде қолдана алу

0.2.1.2 сөз түрлендіру және сөз жасамның түрлі формалары жайлы түсініктерінің болуы, оларды сөйлеу тілінде қолдануға жаттығу

2.2 Тілдің нормаларына сәйкес тәжірибелік меңгеру

0.2.2.1 сөйлемді құрастыру кезінде барлық сөз таптарын келістіре алу

0.2.2.2 қолжетімді құралымдағы салалас құрмалас және сабақтас құрмалас, жайылма сөйлемдерді құрастыра алу дағдысына ие болу

127. "Байланыстырып сөйлеу" бөлімінің мазмұны келесіні қарастырады:
1) диалогтік сөйлеуді дамыту. Диалогтік сөйлеу тілін меңгерген. Қаратылған сөйлеуді тыңдайды және түсінеді. Әңгімелесуге қатыса алады, берілген тақырыптағы диалогке қатысады. Қарым-қатынастың өзгеруі жағдайында тілдік құралдарды қолданады. Диалогті көздейтін, жаңа ойын және тұрмыстық жағдайларда қалыптасқан коммуникативті-сөйлеу дағдыларын қолданады. Қалыпты ырғақта сөйлей алады, өз мағынасы және логикалық екпіні бар сөйлеуді сөйлеу бөліктеріне бөле алады, диалог барысында өзін мәдениеті және әдепті ұстайды. Сөйлеу кезінде "сиқырлы сөздерді" қолданады, сөйлеу этикетінің элементарлы нормаларын меңгерген;
2) монологтік сөйлеуді дамыту. Байланыстырып сөйлеу үлгілерін тани алады. 5-тен кем емес сөйлемнен әңгіме құрастырады. Ұсыну бойынша, схема, суреттер сериясы, сюжетті сурет бойынша сипаттама, салыстырмалы және хабарлы әңгімелерді мазмұндап айтады. Өзі 4-5 сөйлемнен берілген тақырыпқа әңгіме құрастыра алады. Кейіпкердің эмоционалдық күйін және көңіл-күйін көрсете отыра, берілген ертегі немесе әңгіменің сюжетін ойнап бере алады. Оқиғаға, ертегіге, әңгімеге жалғасын және соңынын, әңгімеге атауын ойлап таба алады, шығармашалық айту дағдыларына ие. Іс-әрекет уақытын, басын және аяғын, басты тұлғаны өзгерте отыра, мәтінді шығаршылық айтуда жаттығады. Әңгіме, ертегі кейіпкерлерінің іс-әрекетіне элементарлы баға бере алады, өз ойын білдіре алады. Санамақтар, мақалдар, өтірік өлеңдер, қысқа тақпақтарды жатқа айтады.
3-кесте

Бөлімше

Оқыту мақсаттары

3.1 Диалогтік сөйлеуді дамыту

0.3.1.1 берілген тақырыпқа диалог барысында сұрақтарды қоя алу және жауап қайтара алу

0.3.1.2 сөйлеу этикетін сақтай отыра қарым-қатынастың түрлі жағдайларына қатысу

3.2 Монологтік сөйлеуді дамыту

0.3.2.1 сюжетті иллюстрация, схема, суреттер сериясы, бейнелеу, дербестік бойынша сипаттама, салыстырмалы және хабарлы әңгімелерді құрастыру және қайта айту

0.3.2.2 кейіпкердің эмоционалдық күйін және көңіл-күйін көрсете отыра, берілген ертегі немесе әңгіменің сюжетін ойнап бере алу, шығармашалық айту дағдыларына ие болу



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет