7-параграф. "Таным" білім беру саласы
58. "Таным" білім беру саласының базалық мазмұны сенсорика, құрастыру, жаратылыстану ұйымдастырылған оқу қызметінде іске асырылады.
59. Мақсаты балалардың танымдық қабілеттерін дамыту, ой-өрісін кеңейту болып табылады.
60. Міндеттері:
– қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру;
– түрлі сенсорлық әсерлермен байыту;
– табиғат құбылыстарына қызығушылықтарын тәрбиелеу;
– өсімдіктер мен жануарларға қамқорлық жасауға, олардың сұлулығын байқауға үйрету;
– қоршаған ортамен әрекет жасау үшін бірлесіп әрекет ету білігін дамыту.
Достарыңызбен бөлісу: |