5-параграф. Есту арқылы қабылдау мен айтуды қалыптастыруды дамыту
122. Оқыту процесінде сөйлеу тілінің үш түрі (ауызша, ауызша-дактилді, жазбаша) пайдаланылады. Ауызша сөйлеу тілі тиянақтымеңгерілген сөйлеу материалы негізінде тікелей қарым-қатынаста қолданылады. Ауызша-дактилді сөйлеу тілі көлемді әңгімелеуде және құрылымы бойынша күрделі сөздерді тұтынуда қолданылады. Жазбаша сөйлеу тілі - жаңа пікірлер мен сөздерді жазу мақсатында, әңгімелерді жазу кезінде қолданылады.
123. Балалардың қабылдауы үшін төмендегідей дыбысталу көздерін ұсынады:дауыс, дабыл, дауылпаз, металлофон, күйсандық, сыбызғы.Балалар келесі тәсілдердің көмегімен жауап береді): дирижерлау, шапалақ ұру, тарсылдату, буындап айта отырып дыбысталатын ойыншықтарда ойнау;дауыстық реакция; геометриялық формалар, фишкалар, қағаздар жолақтардың көмегімен ритмді қою.
124. Оқудың бесінші жылында сөйлеу тілінің фонетикалық жағын нақтылау жалғасады; сөзді дәлме-дәл айту дағдылары жетілдіріледі; фразалық сөйлеу тілі дамиды, өз бетінше ауызша қарым-қатынас жандандырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |