2-параграф. 1- жартыжылдық
10. Көру түйсігі келесіні қамтиды: көру-ізденістік іс-әрекеті, сенсорлы эталондар (пішін, көлем, түс), заттар және заттық бейнелер, кеңістікті қабылдау, көру-моторлы координациялар.
11. Көру-ізденістік іс-әрекет қоршаған кеңістіктің объектілерін іздеу, табу, қоршаған орта нысандарын оқшаулау барысында дамиды. Қабілеттерді қалыптастыру:
1) жақын кеңістіктегі заттарға көз қырын салу;
2) басқалардың арасында берілген объектіні көру арқылы оқшаулау.
12. Сенсорлы эталондар пішінде, көлемде, түсте көру арқылы бағдарлауды қалыптастыруды және дамытуды, зейін мен ойлауды дамытуды қамтиды. Балаларды оқыту:
1) көлемді дөңгелек және бұрышты пішіндерді көру-түйсіну арқылы зерттеу тәсілдері (шар, текше);
2) біртекті көлемді пішіндерді өзара салыстыра алу;
3) 2 пішіннің арасынан таңдауды жүзеге асырып, үлгінің айналасындағы біртекті көлемді пішіндерді топтастыра алу;
4) біртекті заттарды көлемі бойынша (үлкен-кішкентай) жазықтық заттарды қабаттастыру, көлемді заттарды салу және ішіне салу тәсілдерімен салыстыра алу;
5) негізгі түстерді ажырата алу (қызыл, сары, жасыл, көк);
6) жақын кеңістікте түстердің эталондарын қоршаған заттардың түстерімен салыстыра алу.
13. Заттар және заттық бейнелер. Балаларды оқыту:
1) жақын аймақтағы және суреттегі заттарды тану;
2) қарапайым кескіндемедегі көлемді затқа заттық картинаны таңдай алу.
14. Кеңістікті қабылдау. Балаларды оқыту:
1) жақын кеңістіктегі үш заттың сызықтық орналасуының бірізділігін ажырату;
2) үлгі және нұсқау бойынша жақын кеңістіктегі 3 затты бірізді (сызықтық) орналастыру білігі.
15. Көру-моторлы координациялар. Балаларды оқыту:
1) қолдың әрекетін көзбен бақылау;
2) көру бақылауы бойынша сұқ саусақпен тік, көлденең, көлбеу сызықтарды айналдыра қоршау біліктілігі.
16. Күтілетін нәтижелер:
1) затқа көз қырын салады;
2) үлгі бойынша көру-түйсіну арқылы зерттеу әрекетін орындайды;
3) біртекті көлемді пішіндерді көру арқылы салыстыра алады;
4) 2 пішіннің арасынан таңдау жасап, ұсынылған көлемді пішіндерді іріктейді;
5) көлемі бойынша екі біртекті затты салыстыра біледі;
6) негізгі түстерді ажыратады;
7) негізгі түстердің өзара арақатынасын салыстыра алады;
8) таныс заттарды көру арқылы таниды;
9) үлгі бойынша 3 затты бірізді түрде орналастыра алады;
10) көру бақылауында сызықтарды қолмен қадағалай біледі.
17. Түйсіну және ұсақ моторика қамтиды: объектілерді түйсіну арқылы зерттеуге қолдың дайындығы, сипап-сезу арқылы зерттеу тәсілдері, заттық-практикалық іс-әрекет.
18. Объектілерді сипап-сезу арқылы зерттеуге қолдың дайындығы, қолдың құрылымы мен мүмкіндіктері туралы ұғымдарды қалыптастыру және дамыту, қолдың саусақтары мен білезіктерінің ұсақ қозғалыстарын дамыту барысында қамтамасыз етіледі.
19. Балаларды мыналармен таныстыру:
1) қолдың құрылысы (алақан, саусақтар);
2) қолдың мүмкіндіктері.
20. Орындауды оқыту:
1) қолдың білезігін сипалау, алақандарды бір-біріне соғу және сылау тәсілдерімен қолға өзіндік массажды (уқалау) орындау;
2) қолдың білезіктерімен көлденең және тік қимылдарды орындау;
3) бір қолмен, екі қолмен затты ұстап алу және ұстап тұру;
4) қолдың қабырғалық қырымен ("тостағанша", "тәрелке") білезіктерін біріктіру;
5) екі қолдың саусақтарын қиылыстыру ("құлып");
6) сұқ саусақпен басқа қолдың алақанына айналмалы қимылдарды орындау, қолдың саусақтарымен бүгу (жұдырық) және жазу қимылдарын орындау.
21. Сипап-сезу зерттеу тәсілдері. Балаларды оқыту:
1) форманы сипап-сезу арқылы тексеру тәсілдері (шар, текше), заттардың сипап сезу белгілерінің шамасы (үлкен-кішкентай), заттардың сипап-сезу белгілері (жұмсақ-кедір-бұдыр, қатты-жұмсақ);
2) зерттеуге белсенді сипап-сезуді біріктіріп, қалдық көруді енгізу;
3) жазықтықтың пішіні, көлемі, сапасы бойынша біртекті заттарды салыстыру білу;
4) қарапайым симметриялық заттарды сипап-сезу арқылы зерттеу тәсілдері;
5) екі заттан қарапайым пішіндегі заттың ұқсас үлгісін таңдау біліктілігі.
22. Пәндік-тәжірибелік қызмет ойын, өнімдік қызметтегі затар операциясын жүзеге асырудағы сипап сезуді пайдалану дағдыларын қалыптастыруды қамтиды. Балаларды оқыту:
1) пішінді ескеріп, конструктордың бөлшектерін топтастыру;
2) тігінен және көлденең бойынша құрастырудың бөлшектерін орналастырумен құрылысты салу;
3) жабыстырудың қарапайым тәсілдері (илеу, опыру, қол алақанымен жаймалау);
4) умаждалған қағазды илеу және жазу, қағазды жырту;
5) оң қол мен сол қолды кезектестіріп таяқшаларды бір қорапшадан екіншісіне салу;
6) жіпті арқауға (шарғыға) орау;
7) жабысқақ-ілгектермен әрекет ету.
23. Күтілетін нәтижелер:
1) қолдың құрылысы туралы түсініктері бар (алақан, саусақ);
2) қолдың білезігімен оңға-солға, жоғары-төмен қарай қимылдарды орындайды; қолдың саусақтарымен бүгуші және жазушы қимылдарды орындайды;
3) бір қолымен, екі қолымен заттарды ұстап алады және ұстап тұрады;
4) көлемді геометриялық пішіндерді саралайды, біртекті заттардың жазықтығының әртүрлі сипп-сезуші қасиеттерін саралайды;
5) көлемі бойынша екі біртекті затты салыстырудың сипап-сезу тәсілдерін қолдануды біледі;
6) тифлопедагогтың көмегімен заттық-практикалық әрекеттерді орындайды.
24. Кеңістікте бағдарлауды қамтиды: дененің сызбасында бағдарлауды, өзіне қатысты бағдарлауды, қозғалыс техникасын, сақталған анализаторлардың көмегімен бағдарлауды, Жабықталған кеңістікте бағдарлауды, микрожазықтықта бағдарлау.
25. Дененің сызбасында бағдарлау. Балаларды оқыту:
1) өз денесінің бөліктерін ажырату және атау;
2) олардың кеңістіктік орналасуын анықтау (жоғары-төмен, алды-арты).
26. Өзіне қатысты бағдарлау. "Өзінен бастап" есептеу нүктесінен кеңістіктік бағыттарды ажырату және көрсету біліктерін қалыптастыру: жоғары-төмен, алға - артқа.
27. Қозғалыс техникасы. Балаларды оқыту:
1) табандарды дұрыс қоюды, жүру барысында дененің қалпын дұрыс ұстау;
2) ересектермен жұптасып, көрмейтін балалармен қимыл-қозғалысқа түсу.
28. Сақталған анализаторлардың көмегімен бағдарлау. Дағдыларға үйрету:
1) көрудің көмегімен таныс кеңістіктегі заттарды тану, олардың бағытымен қозғалу;
2) қоршаған адамдарды дауыстары бойынша ажырату, дауыстың қозғалмайтын көзінің бағытын оқшаулау.
29. Жабық кеңістікте бағытталу.
30. Білімді қалыптастыру:
1) топтық бөлмелердің орналасуы туралы;
2) топтың кеңістігін толтыратын заттар туралы.
31. Тікелей сезімдік қабылдау негізінде топтың бөлмелерінде бағытталуға үйрету.
32. Микрожазықтықта бағдарлау. Дағдыларға үйрету:
1) көру және сипап-сезудің көмегімен үстелдің ортасын, шетін анықтау және көрсету;
2) үлгіге сәйкес және нұсқау бойынша үстелдің жазықтығына заттарды орналастыру.
33. Күтілетін нәтижелер:
1) өз денесінің бөліктерін біледі;
2) "жоғары-төмен", "алға-артқа" кеңістіктік бағыттарын ажырата алады;
3) бағдарлауда таныс кеңістіктің заттарын бағдар ретінде қолданады;
4) қоршаған адамдарды дауыстары бойынша ажырата алады, дауыс бойынша бағытты жинақтайды;
5) топтың бөлмелерінде бағдарланады;
6) үстелде бағытталу дағдылары бар.
Достарыңызбен бөлісу: |