Мектепке дейінгі тұтықпа балалармен жүргізілетін логопедиялық сабақтардың әдістемесі


Е. Ф. Рау тұтықпа балалармен жүргізілетін сабақтарды күрделену деңгейі бойынша үш деңгейге бөледі



бет2/4
Дата04.11.2023
өлшемі54,32 Kb.
#122092
түріСабақ
1   2   3   4

Е. Ф. Рау тұтықпа балалармен жүргізілетін сабақтарды күрделену деңгейі бойынша үш деңгейге бөледі.

  • Бірінші кезеңде ілеспелі және қайталап сөйлеу жаттығулары, жаттаған фраза мен тақпақтарды мәнерлеп айту қарастырылады.
  • Екінші кезеңде сұрау бойынша суретті сипаттауға сериялы сурет бойынша өз бетімен әңгіңіме құраға, логопед оқыған ертегі әңгімелерді айтып беруге жаттығады.
  • Үшінші қорытындылау кезеңінде балаларға жатық сөйлеу дағдыларын айналасындағы балалар және ересектермен, ойын, сабақ, әңгіме т.б жағдайларда бекітуге мүмкіндік жасалады.
  • В. И. Селиверстовтың (1968,`1994) кешенді әдістемесі тұтықпаны амбулаторлық және стационарлық емдеу ммекемелері жағдайында түзетуге бағытталған.
  • Логопедиялық сабақтар тұтығушының сөйлеу мүмкіншіліктеріне байланысты құрастырылады. Сөйлеу жаттығулары өзіндік сөйлеу тілінің деңгейіне, оның дайындығына, құрылымдық күрделігіне қатты, ақырын сөйлеуіне, сөйлеу жағдайына сәйкес ұсынылады, яғни тұтықпаның байқалуына әсер ететін факторлар ескеріледі.

    Амбулаторлық сабақтар 3 – 4 айға есептелген үш кезектен тұрады (32 – 36 сабақ ).

  • Дайындық кезеңінде 7 – 8 сабақ өткізеді. Сауықтыру шаралары және қорғау күн тәртібін сақтау мен қатар бұл кезеңде моторикасын дамыту, сөз қорын молайту жұмыстары жүргізіледі. Логопедиялық сабақтарда тек тұтықпа бермейтін сөйлеу түрлері ғана қолданады.
  • Жаттықтыру кезеңі. (20 – 22 сабақ) Моторикамен қатар психикалық фунллллллкцияларына (зейінін, жадын т.б) дамытуға мақсатты жұмыс жүргізеді. Бұл кезеңде сөйлеудің қиын түрлері әр түрлі жағдайда жаттықтырылады және сабақ барысында қалыптасқан дағдыларды бекітуге ата – аналар белсенді қатысады.
  • Қорытындылау кезеңінде (6 – 9 сабақ) тұтықпа баланың тұлғасына кешенді психологиялық – педагогикалық ықпал ету жалғасады. Баланың жатық еркін сөйлеу дағдылары күнделікті іс – әрекетінде бекітіледі. Бұл кезеңде әртүрлі жұмыс түрлері ( әңгімелеу, рольды ойындар, концертке қатысу т.б) кеңінен қолданады.

В. И. Селиверстовтың ұсынған түзету әдістемесінде жұмыстың барлық кезеңін де ата – аналармен жұмысқа ерекше көңіл бөледі.

  • В. И. Селиверстовтың ұсынған түзету әдістемесінде жұмыстың барлық кезеңін де ата – аналармен жұмысқа ерекше көңіл бөледі.
  • Балалардың тұтықпасын түзету – педагогикалық жұмысының бір бағыты Р. Е. Левинаның психологиялық мектебімен байланысты. Сол мектепте тәрбие алған көп ғалымдар ( А. В. Ястребова, Н. А. Чевелева, С. А. Миронова, О. С. Бот, Л. Ф. Спирова) мектепке дейінгі және мектеп жасындағы баланың тұтықпасын түзету мәселелерімен шұғылданған.
  • Н. А. Чевелева мектепке дейінгі балалардың тұтықпасын қол еңбек сабақтарында түзету әдістемесін ұсынған. Автор, баланың байланыстырып сөйлеуінің дамуы ситуациялық сөйлеуден басталып (іс – әрекетпен, көрнекілікпен байланысты), контекстік сөйлеуге (жалпылама, өткен уақиғаларға байланысты, көрнекіліксіз, болатын уақиғамен байланысты) өтеді деген психологиялық концепцияға сүйенеді. Сондықтан, сөйлеу жаттығулары біртіндеп сөйлеудің көрнекілікке сүйенген жеңіл түрінен, контекстің сөйлеуге ауысуы қарастырылған.
  • Тұтықпаны түзетудің бұл жүйесі бес кезеңнен тұрады.
  • Пропедевтикалық кезеңнің мақсаты:
  • Ұйымдасқан тәртіпке дағдыландыру. Сөйлеуді шектеу тәртібі сақталады.


  • Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет