Мектепте қашықтықтан оқыту кезінде оқушылардың оқу қызметін ұйымдастырудың әдістемелік ерекшеліктері



бет12/28
Дата18.05.2022
өлшемі0,92 Mb.
#34957
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   28
Қашықтықтан оқыту жүйесінің басқа жүйелер секілді өз кемшіліктері бар:
- мұғалім мен білім алушының арасында жеке қарым-қатынастың болмауы, яғни, тәрбие беру, білім алушымен жеке айналысу, жеке білім алушымен тәжірибе алмасу жүргізу тәрізді мүмкіндіктердің жоқтығы.
- нәтиже білім алушының өзінің таңдаған пәніне байланысты. Қашықтықтан оқытуда ең бастысы таным және өзіндік бақылау дәрежесі қажет. Көптеген тұлғаларға күнделікті бақылау жасау мүмкіндігінің болмауы еркіндік факторы болып табылады.
- білім сапасы жасалған стандарттардың талаптарына сай көп жағдайда орындала бермейді.
- техникалық жабдықталуы. Барлық қолданушылардың интернет пен компьютерге барлық кезде дерлік мүмкіндіктері бола бермейді.
- практикалық білімнің жетіспеушілігі. Күндізгі бөлімнің студенттері оқытушы бакылауымен алған білімдерін практикада қолдана алса, ал қашықтықтан оқыту формасында мұндай мүмкіндік жоқ.
- оқытудың жазбаша түрі. Негізінен, қашықтықтан оқытуда оқытудың жазбаша түрі қолданылады, егер білім алушы ақпаратты тыңдау арқылы қабылдайтын болса, немесе оған өз ойларын ауызша айту ыңғайлы болса, онда бұл оқу түрі оған зеріктіретіндей болып көрінеді.
Сонымен, бұл жағдайда, біз қашықтықтан оқыту өте тиімді және пайдалы екенін анықтаймыз [26].

2 МЕКТЕПТЕ ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ КЕЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК АСПЕКТІЛЕРІ


2.1 Мектепте математика сабақтарында қашықтықтан оқыту технологиялары негізінде оқушылардың оқу қызметін қалыптастыру


Қашықтықтан білім беру технологияларының басты қызметі - болжау, негізгі іс-әрекетінің бірі жобалау (өйткені ол жалпы нысандар мен нәтижелерді жоспарлаумен, негізгі кезеңдерді көрсетумен сипатталады, білім-тәрбие беру) үдерісінде кәсіби құзыретті мамандар дайындау, оқу қызметтік іс-әрекеттері негізінде интеллектісін қалыптастыру. Өз кезегінде қашықтықтан білім беру технологиялары нақты пәннен тәуелсіз, оқу-тәрбиелік үдерісте игерілетін заңдылықтарға тәуелді. Бұдан басқа қашықтан оқыту технологиялары ғылым мен іс-тәжірибенің басқа саласынан да әртүрлі арнайы технологияларды қамтиды (ғылыми ақпараттық технологиялар, өндірістік, электрондық және т.б.). Сонымен, қашықтықтан оқыту технологиясы әдістемелік жүйелер, арнайы құралдар және білім берудегі пәндік мазмұнды игертуге арналған оқыту құрылымы ретінде анықталады[18].


Жаңартылған білім мазмұны аясында мектепте математика сабақтарында қашықтықтан оқытуда оқушылардың оқу қызметін ұйымдастырудың моделін құруда тұлғалық-әрекеттік, тұлғаға бағдарланған және синергетикалық тәсілдерді негізге алдық.
Қашықтықтан оқытуда оқушылардың оқу қызметін ұйымдастырудың моделін тұлғалық-әрекеттік тұрғыда құру тұлғаның оқу қызметтік қажетсінуін, қызығушылығы мен сұранысын, бейімділігін есепке алуға негізделеді.
Тұлғаға бағдарланған тәсіл болашақ мамандардың субьективтілік деңгейін жетілдіруге бағытталады.
Қашықтықтан оқытуда оқушылардың оқу қызметін ұйымдастырудың синергетикалық тәсілі олардың өзін-өзі ұйымдастыруы мен өзін-өзі өзектендіруін, өзін-өзі бақылауы мен өзін-өзі бағалауын, өзін-өзі дамытуы мен өзін-өзі жетілдіруін мақсат етті.
Сонымен қатар, қашықтықтан оқытуда оқушылардың оқу қызметін ұйымдастыру моделін құруда жүйелілік тәсіл қолданылды, себебі қашықтықтан оқыту арқылы оқу қызметтік іс-әрекеті белсенді оқушы моделі мектепте оқыту, тәрбиелеу мен дамыту қызметінде негізгі мақсатына айналуы тиіс[21].
Оқушылардың оқу қызметін ұйымдастыру жұмыстары алынған диагностикаға талдау негізінде мақсатты түрде жүзеге асырылуы тиіс (сурет 1).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет