Мектепте қашықтықтан оқыту кезінде оқушылардың оқу қызметін ұйымдастырудың әдістемелік ерекшеліктері



бет13/28
Дата18.05.2022
өлшемі0,92 Mb.
#34957
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   28
Стратегиялық жұмыстар



Әр оқушының білімдерінің кіріс деңгейі

Білім беру нәтижелерін жоспарлау


Ағымдық жұмыстар

Оқыту мақсатын айқындау

Оқыту мазмұнын қарастыру


Ұйымдастыру жұмыстары



Оқыту әдістерін, құралдарын, түрлерін таңдау арқылы танымдық іс-әрекеттерді қалыптастыруға арнайы орта құрастыру

Психологиялық педагогикалық көмек көрсету

Әр оқушыға жеке жоспар мен бағдарлама құру


Қорытындылау жұмыстары

Әр оқушылардың білімдерінің шығыс деңгейі

Әр оқушының оқыту мақсатына жету диагностикасы

Жалпы мониторинг

1- сурет - Оқушылардың оқу қызметін ұйымдастыру механизмі


1-суретте оқу қызметін ұйымдастыруға қатысты негізгі деп танылған стратегиялық, ағымдық, ұйымдастыру және қорытындылау жұмыстары қарастырылған.


Білім беру ұйымының басшылығы білім беру стандарты негізіндегі оқыту нәтижелерін болжайды және оқу қызметтік іс-әрекетті қалыптастыруда оқушылардың бастапқы жағдайы мен мүмкіндіктеріне стратегиялық болжау жасайды. Оқушылардың өзінің жеке басының қасиеттері мен кәсіпке қатысты талаптарының өзара байланысын диагностикалау да осы стратегиялық болжау кезеңінде орындалады. Қашықтықтан оқытуда оқу қызметін ұйымдастырудың негізгі бес кезеңге бөлеміз (сурет 2):

  • қашықтықтан оқыту мәдениетінің қалыптасуы (қашықтықтан оқыту үдерісін пайдалану арқылы ақпаратпен жұмыс жүргізу мәдениетін игеруі, анықтамалықтар мен сөздіктерді т.б. дұрыс пайдалана білуі, оқу қызметтік іс-әрекетті қашықтықтан оқыту негізінде ақпараттық қамтамасыз ету тәсілдерін игеруі т.б.);




  • оқу қызметін ұйымдастыру алгоритмі (оқушының оқу қызметін ұйымдастыруға қызығушылық танытуы, ақпарат ағымын реттеу, өз мүмкіндіктеріне сәйкестендіру, өзінің оқу қызметін жоспарлау, қашықтықтан оқыту арқылы оқу қызметін ұйымдастырудың логикалық моделін құру т.б.)

Қашықтықтан оқытуда оқушытердің оқу қызметін ұйымдастыру көрсеткіштері мен белгілерін талдау негізінде қашықтықтан оқытуда оқу қызметін ұйымдастырудың тәсілдерін төмендегі тұрғыда жіктедік (сурет 3):

3-Сурет - Қашықтықтан оқытуда оқушылардың оқу қызметін ұйымдастырудың тәсілдері


Оқу қызметі – оқушылардың мотивтеріне мотивациялық тұрғыда басшылық жасау нәтижесінде туындайды. Оқушылардың жоғары оқу орнында қашықтықтан білім алуы, біліктіліктерінің қалыптасуы, дағдыларының дамытылуы оларды шығармашылықпен еңбек етуге үйретеді.


Қашықтықтан оқытуда оқушылардың оқу қызметін ұйымдастырудың өзара байланысқан төрт компоненттен тұратын: мотивациялық-еріктік, мазмұндылық, әрекетті-тәжірибелік, бақылау-бағалау құрылымдық-мазмұндық моделін ұсынамыз (кесте 1). Модельде педагогикалық үдерістің келесі әдістері ұсынылады: проблемалық-ізденушілік, практикалық (тәжірибелер өткізу, шығармашылық тапсырмаларды орындау), педагогикалық ынталандыру (қолдау көрсету, жетістікке жетуге жағдай туғызу, ынталандыру), зерттеушілік (эксперименттер жасау, болжамдар, модельдеу), өзіндік-саналық әдістер (өздігінен талдау, рефлексия жүргізу т.б.) [19-20].

1-кесте - Қашықтықтан оқытуда оқушылардың оқу қызметін ұйымдастыру моделі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет