Мектепте қашықтықтан оқыту кезінде оқушылардың оқу қызметін ұйымдастырудың әдістемелік ерекшеліктері



бет11/28
Дата18.05.2022
өлшемі0,92 Mb.
#34957
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   28
Байланысты:
Орта мектепте кашыктыктан окыту

Икемділік - өзіне қолайлы уақытта, қолайлы темпте, өз орнында айналысу мүмкіндігі. Пәнді игеру үшін уақыттың регламентелмеген қиындысының болуы.
Модульділік. Тәуелсіз оқу курстар жинағынан – топтық немесе индивидуальды талаптарға жауап беретін, оқу жоспарын құру модуль мүмкіндігі.
Параллельділік. Кәсіби оқу қызметімен байланысы, яғни өндірістен бөлінбейтіндігі.
Қамту. Білім алушылардың оқу ақпаратының көптеген көздерін бір уақытта пайдалануы (электронды кітапханалар, берілгендер банкіне, білім базаларына).
Тиімділігі. Оқу аймақтарын, техникалық құралдарды, транспорттық құралдарды, оқу ақпараты жайлы унифициялы түсінік және оған мульти ену мамандарды дайындауда шығындарды азайту.
Технологиялығы. Адамның әлемдік постиндустриалды ақпараттық кеңістікте жылжуына әрекет ететін, телекоммуникациялық және ақпараттық технологиялардың білім процесінде жаңа жетістіктерді қолдануы.
Әлеуметтік тең құқылылық. Оқып жатқандардың тұрған жеріне, оның денсаулығына, материалдық қамтамсыздандырылғанына тәуелсіз білім алудың тең мүмкіндіктерінің болуы.
Интернационалдылық. Білім қызметі рыногында әлемдік жетістіктердің экспорты және импорты.
Позитивтік ықпал. Оның шығармашылық және интеллектуалды потенциалын өзі ұйымдастыру арқылы көтере отырып, білімге ұмтылуы, компьютерлік техникамен жұмыс жасай білуі және өз бетінше міндетті шешімдерді қабылдау арқылы қашықтықтан оқытудың білім алушыға ықпал етуі.
Қашықтықтан оқыту сапасы. Қашықтықтан оқыту формасы білім беруде оқудың күндізгі формасынан сапасы жағынан кем түспейді, белгілі кадрлык профессорлік - білім беру құрамын қашықтықтан оқыту формасына қызықтыру және оқу процесінде ең жақсы оқу- әдістемелік кешендерін қолдану немесе басқа пәндер бойынша тесттер арқылы бақылау жүргізіп, сапасын жақсарту.
Қашықтықтан оқыту – білім саласындағы нарықтық қатынастарды жетілдіру жолы. Бүгінде, информация өңдеу мен халықаралық деңгейде еңбек түрлерін бөлу әлемдік әкономиканың ең негізгі ерекшеліктері болып отырған кезде, білім алу кез келген маманның жеке және кәсіби табысының негізгі көзі болып қала береді. Білімнің адамнын жұмысқа түру мен өмір сүру деңгейіне тигізетін әсері бұрынғыға қарағанда анағұрлым күшейе бастады. Әрине, білімге қойылатын талаптар да өзгеріске ұшырады: әрбір жанның негізгі білімі мен оның тұрақты жаңарып отыруымен қатар қазіргі маман информациялық қорларды табысты пайдаланып, заң және әкономика негіздерін де игеруі тиіс. Қазіргі мамандардан шығармашылық тұрғыдан ойлай білуі, соның негізінде шешім қабылдауы және өмір бойы оқып үйренуі талап етіледі [21].
Функциональдық дайындау тұжырымдамасынан жеке тұлғаны дамыту тұжырымдамасына ауысу. Бұл ауысудың негізі тек приоритеттер ауысуы ғана емес, мұнда мамандарды мемлекетгік тапсырыс бойынша дайындаудан жеке тұлғаның талаптарын қанағаттандыруға көшу жүзеге асырылады. Жаңа түжырымдама әрбір нақты адамның өз мүмкіндіктерін есепке ала отырып, соны іс жүзінде көрсету мен жетілдіру арқылы білім беруді жекелеп жүргізудің сипат алғанын көрсетеді. Бұл білім алушылар мен мүғалімдердің өздерінің әртүрлі жеке мүмкіндіктеріне сәйкес алуан түрлі білім беру бағдарламаларын жасау арқылы іске асырылады. Білім беруді жетілдірудің осы бағытындағы маңызды фактор болып білім алушылардың қазіргі және болашакта қолданылатын информациялық коммуникациялық технологияларды (ИКТ) пайдалану арқылы оқуға деген өз ынтасын (мүмкіндігін), өздерінің жеке басының когнитивті іс-әрекет жасауға икемділігін қалыптастыру ісі саналады.
Бұдан бұрынырақ көркем етіп қолмен жаза білудің өзі қартайғанша қам жемей тыныш өмір сүруге кепілдік бере алатын еді. Соңғы онжылдықта әр түрлі қызмет салаларында технологиялар мен білім түрлерінің жаңаруының жылдам үрдіс ала бастағаны байқалды. Мектептен, тіпті жоғары оку орнынан алған білімнің өзі ұзақ уақыт өмірге тірек бола алмайды.
Үздіксіз білім беру тұжырымдамасы, оның іс жүзінде пайдалануға ұмтылу қоғамдағы ересек адамдардың білім алу мәселесін қиындатып жіберді. Ересек жандардың білім алуына деген көзқарас және оның қазіргі замандағы рөлі түбегейлі өзгеріске ұшырады. Ол қазіргі білім беру жүйесі кризисін аттап өтудің және жаңа заманға сәйкес білім жүйесін қалыптастырудың тікелей жолы ретінде қарастырылып отыр.
Білімді негізгі қоғамдық капиталға айналдыру және білім алуға байланысты табыстың өсуі осы тауарды пайдаланатын адамның, жалпы қоғамның және накты бір мекеменің пайда табуына байланысты болып отыр. Осыдан барып білім беру саласын аралас түрде қаржыландыруға, осы саладағы нарықтық қатынастарды дамытуға негіз болатын мүмкіндіктер пайда бола бастайды [22].
Орта мектеп өмірге білікті программалаушылар беруі тиісті емес (оларды университеттер дайындауы керек), оның атқаратын қызметі де ондай емес. Балаларды оларға қызыкты, әрі өмірде керек болатын нәрселерге үйрету қажет. Оның үстіне дәл осы сәттегі мәселелер жалпы жеке адамның жан-жақты және гармониялық түрде дамуымен қайшы келмеуі тиіс. Менделеев атап өткендей "орта білімнің негізгі мақсаты оқушыларды жеке жетілдіру, олардың қоршаған ортаға деген дұрыс көзқарасын қалыптастыру және жеке қасиеттерін (байқампаздық, ой таластыра білу, еңбек сүйгіштік, т.б.) дамыту".
Компьютер балалардың шығармашылық белсенділігін дамытуға көмектеседі, әсіресе егер оған үйренуді емес, оны құрал ретінде пайдалануды игерсе, яғни ИКТ-ның техникалық жағына ғана қарастырмай, оның оқу қызметтік жағына көңіл бөлу керек. Мұндайда оны дұрыс пайдаланса, компьютер білімді жетілдіру құралы рөлін жақсы атқара алады.
Компьютер мен оқушының өзара әрекеттесуі қызғылықты процесс, ол педагогикалық новацияларда есепке алынып отыруы қажет [23].
Педагогиканың негізгі козғаушы күші ретінде барлық тәрбиелік әрекеттер негізі ынта болып саналатынын айтқан артық болмас. Өндірісте де ынталандыруға байланысты менеджмент ең бағалы ресурсты - кадрларды жетілдірудің негізгі құрамды бөлігі болып табылады емес пе? Балалар ересек адамдар тәрізді егер оқу нәтижесі ертеңгі күні пайдалы болатынына көзі жетсе, оған зор ықыласпен қарап, тез үйренуге тырысады. Егер оқу процесі дұрыс құрастырылып, компьютер оның жылдам игерілуіне көмектесетін болса, оқушылар мақсаттарына жыддам қол жеткізе бастайды.
Мектептерде аппараттық, телекоммуникациялық және программалық жабдықтар аймағында тәжірибелік (немесе арнаулы) емес, индустриялық, яғни әрекеттік шешімі бар жұмыстарды енгізуге тырысу керек - олар практикалық қажетгілік пен ол істі жалғастырудың тиімділігіне кепілдік бере алады. Информациялық технологиялардың екпінді түрде жылдам дамуы аппараттық және программалық жабдықтар өндірісі өзіндік құнынын арзандауына, оған қоса ИКТ-ның негізгі даму бағытында программалар мен құрылғылардың бір-бірімен сәйкес келіп үйлесуіне әкеліп отыр.
ИКТ-ны практикаға енгізу жолында туындайтын мәселелерге салқын қандылықпен карап, оларды шешу кезінде мектептегі информациялық жүйелердің мынадай негізгі әлементтеріне әсер ететінін айту керек:

  • әдістемелік жабдықтау жағына;

  • мұғалімдер мен әкімшілік органдарын дайындауға;

  • қолданбалы программалық жабдықта-маларға (әнциклопедиялар, меди-ресурстар, моделъдеу, әкімшшк-шаруашылық кешенін баскаруға)

  • базалык программалық платформаға (Windows операциялық жүйесі + Office);

  • аппараттык кешенге (компьютерлер, жергілікті желі, Интернетке қосылу).

Интеллектуалды ұлттық қорларды дамытудың басыңқы бағыттарына бағытталған бағдарламалар мен білім технологияларын жетілдіру - саяси маңызды стратегия.
Мұндай процестің маңыздылығы экономикалық ынтымақтасу және жетілдіру ұйымына кіретін көптеген елдердің осындай жоспарларды тиянақты түрде құрастыруынан көрінеді. Мысал ретінде "Тһе National Сгіd fог Lеаrning" (Ұлыбритания) және "Schulen und Netz" (Германия) жоспарларын көрсетуге болады, осындай жоспарларды АҚШ, Қытай, Индия, Индонезия, Оңтүстік Корея, Тайлан мемлекеттері де жүзеге асыруда. 2000 ж. аяғында АҚШ Білім министрлігі жасап шыққан Білім технологияларының ұлттық приоритет ретінде кдрастырылуы тиіс. Олар білім беру процесінін шет жағында қалмай, оның негізгі ядросы болып қалыптасуы керек"[24].
Жаңа жоспар негізінде әлектрондық оқыту (е-Lеаrning) тұжырымдамасы жатыр, оның стратегиялық рөлі бұған дейін кең тараған әлектрондық бизнес үғымынан гөрі маңызды болып саналады.
Осындай жағдайда біз не істеуіміз керек? Біздің білімге деген көзкарасымызды қайта қарайтын кез келді. Алдыңғы қатардағы дамыған елдердің білім саласындағы АКТ-ны өмірге енгізу тәжірибесін өз жағдайымызға сай икемдеу қажет [25].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет