Мектепте оқушылардың ғылыми қоғамын қалай құру керек


Оқушылардың ғылыми қоғамы



бет9/15
Дата02.12.2023
өлшемі50,87 Kb.
#131497
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15
Оқушылардың ғылыми қоғамы

мүшелерінің құқықтары мен міндеттері

1. Оқушылардың ғылыми қоғамының әрбір мүшесі:


1) секция жұмысына, барлық іс-шараларға қатысуға;
2) әр түрлі секция, бөлім жұмыстарымен танысуға және бір секциядан екінші секцияға өтуге;
3) қоғамның және оның бөлімшелерінің жұмсын жақсарту мақсатында өз ұсыныстарын енгізуге;
4) өз жұмысын ғылыми жарыстарына, ғылыми конференцияға қатысу үшін ұсынуға;
5) оқушылардың ғылыми қоғамы немесе оның секциясы филиалы жұмыс істейтін лаборатория мен кафедралардың құрал-жабдықтарын пайдалануға;
6) Қазақстан Республикасы кітапханасының қорындағы ғылыми әдебиеттерді пайдалануға;
7) оқушылардың ғылыми қоғамы мүшелерінің үйлестіру комитетінің кеңесіне сайлануға;
8) ғылыми мектеп, оқу-әдістемелік жиын, шығармашылық экпедиция, ғылыми-практикалық конференциялар, ғылыми жарыстарына қатысуға;
9) оқушылардың ғылыми қоғамдағы белсенді жұмысы және шығармашылық табыстары үшін мақтау қағазы, құрмет білгісімен, диплом, степендиялармен марапатталу үшін ұсынылуға құқықты.
2. Оқушылардың ғылыми қоғамының әрбір мүшесі:
1) ғылыми жетекші басшылығымен таңдап алған тақырып бойынша ғылыми-іздену жұмыстарын жүргізуге;
2) сапалы білімге және ғылыми ізденіс дағдыларын ие болу үшін талаптануға, өзінің ғылыми деңгейін көтеруге;
3) оқушылардың ғылыми қоғамының мәжілістеріне жүйелі түрде қатысуға;
4) мәжілістерде баяндамалар мен хабарламалар жасап тұруға;
5) оқушылардың ғылыми қоғамы басшылық ұйымдарының тапсырмаларын жауапты орындауға;
6) қоғам жұмыс істейтін ғылыми мекеменің лаборатория, кабинет, құрал-жабдықтарына ұқыпты қарауға;
7) бір немесе бірнеше шығармашылық топтарда белсенді жұмыс істеуге, ғылыми сессия, конференция, экпедиция, жорықтарға қатысуға, таңдап алған ғылыми саласы бойынша білімін өздігінен тереңдетуге, оқушылар мен халық арасында білімді насихаттауға қатысуға;
8) өз жұмысы жөнінде есеп беруге міндетті.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет