Мектепте оқушылардың ғылыми қоғамын қалай құру керек


Оқушылардың ғылыми қоғамының мақсаты мен міндеттері



бет8/15
Дата02.12.2023
өлшемі50,87 Kb.
#131497
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15
Оқушылардың ғылыми қоғамының мақсаты мен міндеттері

1. Оқушылардың ғылыми қоғамының мақсаты мен міндеттері:



  • оқушылардың ғылыми зерттеуге қызығушылығын қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін таныту және дамыту, ғылыми ізденудің әдістерін оқыту, шығармашылық сипаттағы жеке тұлғаларды тәрбиелеу жұмыстарын жүргізу;

  • оқу мекемелеріне оқушыларды тәрбиелеуде, олардың жан-жақты дамуына, еңбекке шығармашылық тұрғыдан қарауға, өмірлік және азаматтық көзқарастарын қалыптастыруға, жоғары адамгершілік қасиеттері мен рухани мәдениетін дамытуға белсенді түрде көмектесу;

  • мектеп бітірушілердің нәтижелі түрде мамандық таңдауына және мамандық бағытына көмектесу болып табылады.


  1. Оқушылардың ғылыми қоғамының жұмысын ұйымдастыру

1. Оқушылардың ғылыми қоғамына осы қоғамда жұмыс істеуге тілек білдіргендер және мұғалімдер, әр бағыттағы пән бірлестіктерінің жетекшілері ұсынған оқушылар мүше бола алады.


2. Оқушылардың ғылыми қоғамының жоғары ұйымы тәртіп бойынша жылына бір рет шақырылатын қоғам мүшелерінің сессиясы болып табылады.
3. Сессияда оқу жылының міндеттері айқындалып, нәтижелері шығарылады, жеке секциялар жұмысы және қоғам мүшелерінің есебі тыңдалады, жұмыс жоспары бекітіледі және басқа да шешімдер мен құжаттар қабылданады.
4. Оқушылардың ғылыми қоғамының жұмысына сессия аралығында құрамында оқушылар, педагогикалық ғылыми орталықтардың және оқушылардың ғылыми қоғамының қызметіне қатысатын түрлі ұйымдардың өкілдері бар сессияда сайланған үйлестіру кеңесі жетекшілік жасайды.
5. Оқушылардың ғылыми қоғамында мамандар, ғалымдар және мұғалімдер келісім-шарт немесе қосымша қызмет атқаруы бойынша Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жұмыс істейді. Олар сецияларға, оқушылардың ғылыми бірлестігіне сол сияқты оқушылар таңдап алған тақырыптағы жеке жұмыстарына жетекшілік етеді.
6. Оқушылардың ғылыми қоғамы бөлімшелерінің жетекшілері үйлестіру кеңесімен келісілген арнайы бағдарламалар жасай алады, ол қоғам жұмыс істейтін мекеме жетекшісімен бекітіледі.
7. Ғылыми жетекшінің, кеңесшінің басшылығымен бекітілген бағдарлама бойынша және оқушылардың тақырыптық шығармашылық жұмысы бойынша оқушылардың ғылыми қоғамы мүшелерінің сабақтары аптасында кемінде бір рет ұжымды түрде немесе жекелей өткізіледі.
8. Қорытынды сабақ көптеген оқушылар мен қазылар алқасында шақырылған ғылыми зерттеу институттары мен жоғарғы оқу орындарыннан келген ғалымдарды қатыстыра отырып, конференция түрінде өткізіледі. Қазылар алқасы ең үздік жұмыстарды таңдап, оларды облыстық ғылыми жарыстарына ұсынады.
Жеңімпаздарға дипломдар, ескерткіш награда, демеушілердің сыйлықтарын тапсырылады.
9. Қысқы және жазғы каникул кездерінде қоғам мүшелеріне, мүмкіндікке орай, оқу-жаттығу жиындары, бағдарлы лагерлер, экпедициялар, саяхаттар ұйымдастырылады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет