Мектепте оқушылардың ғылыми қоғамын қалай құру керек


ОҒҚ-ның гуманитарлық бағытын



бет2/15
Дата02.12.2023
өлшемі50,87 Kb.
#131497
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
ОҒҚ-ның гуманитарлық бағытын қоғамдық ғылымдар, педагогика, экономика, заң, психология тарих, өлкетану, өнертану, этнография, ауыз әдебиеті, т.б. секциялары ұсына алады.
Жаратылыстану бағытында ботаника, экология, валеология, зоология, генетика, ауыл шаруашылығы тәжірибесі, география, химия, биология, медицина, физиология, орман шаруашылығы т.б. секцияларын ұйымдастыруға болады.
Математика саласын тереңдетіп оқытатын жағдайда автоқұрастыру, өнертапқыштық есеп, математика, теориялық және қолданбалы физика, электрофизика, астрономия, бағдарламалау, автоматика, кибернетика, прибор құрастыру секцияларының мүмкіндігі зор.
Бүгінгі таңда қоғам мүшелерінің қысқы оқуға жиналулар мен жазғы оқу-танымдық лагерлері дәстүрге айналды. «Жас заңгер», «Жас медик», «Жас тілші», т.б. университеттер қазірдің өзінде біраз табыстарға жетті.
ОҒҚ жұмысының негізгі жұмыс принципі зерттеу жұмысын өмірмен, өндіріспен байланыстыру болып табылады.
Қазіргі таңда республика бойынша 3 000 аса жас зерттеушілер ғылыми жұмыспен шұғылданатын оқушылардың 393 ғылыми қоғамдары жұмыс атқаруда. Қазір Қазақстан бойынша Ақтөбе, Алматы, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан облыстары, Астана, Алматы қалаларындағы ОҒҚ-ы белсенді еңбектеніп келеді.
Оқушылардың ғылыми қоғамдары дарынды жастардың ғылымға деген қызығушылығын дамытып, ғылыми зерттеулер жүргізу машығын қалыптастырады, ол Қазақстан Республикасының болашақ ғылыми әлеуетінің қалыптасуына үлес қосады. «Дарын» РҒПО-ы «Қазақстан - 2030» стратегиясына сай, республикалық мақсатты бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша Ғылым Академиясының жұмыс бағытына сәйкес ғылыми зерттеулердің басым бағыттарын ұсынады. Ғылыми зерттеулердің басым бағыттары сіздерді аға ұрпақ ғалымдардың шұғылданып жүрген ғылыми мәселелерімен таныстырып, өзекті ғылыми тақырып таңдауға көмектесіп, ұрпақтар сабақтастығын жалғастыруға себін тигізеді.



р.с



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет