Мектепте оқушылардың ғылыми қоғамын қалай құру керек



бет1/15
Дата02.12.2023
өлшемі50,87 Kb.
#131497
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

Мектепте оқушылардың ғылыми қоғамын қалай құру керек.
Кейінгі кезде мектептік, мектептен тыс үйірмелер мен секциялардан өсіп шыққан оқушылардың ғылыми қоғамдары (ОҒҚ) сияқты сыныптан тыс, мектептен тыс жұмыс түрлері жақсы дамып келеді. Бұл бірлестіктер жасөспірімдердің ғылым мен техниканың немесе өнердің бір саласын тереңдете оқыту арқылы танымдық белсенділіктері мен шығармашылық қабілеттерін дамытуларына ықпал етеді.
Қазір ОҒҚ білім басқармасының (департаменттерінің) жетекшілігімен мектептердің жанында, мектептен тыс мекемелерде ұйымдастырылады. ОҒҚ-ның ғылыми жетекшілігі, қоғамдарда сабақ өткізу үшін жоғары оқу орындары мен ғылыми қоғамдар жанынан құрылған ҒЗИ (ғылыми зерттеу институттары) кеңесшілермен ғылыми жетекшілер бөледі.
Мектеп ОҒҚ-ның негізгі міндеті сыныптан тыс және үйірмелік жұмыс жүйесін оқу-тәрбие процестерімен байланыстыра отырып ғылыми деңгейге көтеру.
ОҒҚ құру үшін мектепте белгілі бір дәрежеде дайындық жұмысы өтуі керек: пәндік үйірмелер байқауын ұйымдастыру, музейлер мен ыңғайластырылған клубтар, ғылыми білгірлердің, эрудиттердің ойын байқауын өткізу, пәндік олимпиадалар мен техникалық, шығармашылық көрмесін, бейнелеу өнерінің көрмесін өткізу, әлеуметтік зерттеу арқылы қоғамның мақсат бағдары мен балалардың қабілеттілігін анықтау. Түрлі шаралардың жеңімпаздары келешекте секциялар мен мектеп ОҒҚ бөлімдерінің негізгі мүшелері болып табылады. Ғылыми қоғамға жазылу оқушылардың тілегі бойынша да, пән мұғалімдерінің ұсынысымен де жүргізіледі.
ОҒҚ секцияларын құрғанда мектептің жағдайы мен мүмкіндіктерін, ерекшелігін, жетекшілердің ыңғайын ескерген жөн.
Ең дұрысы ОҒҚ-ны мектептен тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырушының басқарғаны, директордың ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, немесе оқу ісінің меңгерушісі басқарғаны. Егер бұл мектеп мұғаліміне тапсырылса, онда ол мұғалім басқа қоғамдық жұмыстардан, сынып жетекшілігінен босатылуы тиіс.
ОҒҚ жұмысын директор басқаруына болады.
Мектепте ғылыми-әдістемелік кеңес құрылуы керек (кураторлар кеңесі), оған барлық секциялардың жетекшілері, ғалымдар, кәсіпорын жетекшілері, мектептен тыс қызметкерлер енеді.
ОҒҚ-ны секциялардың белсенді мүшелерінен тұратын оқушылар кеңесі басқарады.
Ғылыми жетекшілер кеңесі секция жұмысы мен ОҒҚ мүшелері үшін танымдық бағдарламаны қарап бекітеді, содан кейін әр секция үшін нақты сабақ кестесін жасайды. Секциялардағы сабақты кем дегенде аптасына бір рет 2-3 сағат көлемінде өткізген жөн. Бұлар лекция, семинар, айтыс, өнертапқыштық, эксперименттік жұмыстар, дайын жұмыстарды талқылау түрінде өткізілуі мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет