Мектепте оқушылардың ғылыми қоғамын қалай құру керек


ОҒҚ мүшесінің жеке жұмысы



бет7/15
Дата02.12.2023
өлшемі50,87 Kb.
#131497
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15
Байланысты:
broshyura-po-NOU

ОҒҚ мүшесінің жеке жұмысы – түпдеректермен, қосымша әдебиетпен өз бетінше жұмыс жасау, орындалған жұмыспен, ғылыми-зерттеу жұмыстарының тақырыбымен жұмыс жасау.
Секциялық жұмысқа түрлі байқауларды қою мен өткізу, референттік жұмыстарды талдау, ғылыми-зерттеу, іздеу, өнертапқыштық жұмыстарды қорғау жатады.
ОҒҚ-ның бұқаралық жұмыстары – жалпы жиналыс, конференциялар, байқаулар, олимпиадалар, фестивальдар, көрсетулер, слеттер, ғалымдармен, мамандармен, кездесулер, тематикалық кештер ұйымдастыру, көрмелер мен экскурсиялар ұйымдастыру, ғылыми және жоғары оқу орындарының лабораторияларына бару, ғылым, техникалық апталықтарына, басқа да бұқаралық шығармашылық істерге қатысу.
Мектепте ОҒҚ бұрышы болуы керек. Ол бұрышта қоғам белгісі, уставы, жұмыс жоспары, ОҒҚ кеңесінің тізімі, шығармашылық жұмыстарының сипаты, жарыстар мен олимпиадалар қорытындылары жайлы ақпараттар, ОҒҚ жұмыстарына байланысты хабарландырулар болуы керек.
Мектеп ОҒҚ уставы оқушылардың ғылыми қоғамдарының Ережесі мен қоғам құратын мектептің ерекшеліктеріне сай жасалады.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ ҚОҒАМЫ ЖӨНІНДЕГІ ЕРЕЖЕ (жоба)



  1. Жалпы ереже

1. Оқушылардың ғылыми қоғамы – бұл ғылыми зерттеушілік жұмыс дағдыларын қалыптастыруға және белгілі бір ғылым саласында өз білімін жетілдіруге арналған өз интеллектісін дамытуға талаптанған оқушы жастардың ерікті шығармашылық бірлестігі.


2. Оқушылардың ғылыми-қоғамы білім беру мекемелерінде құрылады, өзінің атауы, эмблемасы, девизі, дәстүрі болады.
3. Оқушылардың ғылыми-қоғамы өз құрамына жеке секциялар, ғылыми үйірмелер, клубтар және ғылымның әр түрлі бағытындағы қоғамдарды енгізе алады.
4. Оқушылардың ғылыми-қоғамының қызметі Қазақстан Республикасы Заңдарына, «Білім беру жөніндегі» Заңына, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрлігінің нормативтік-құқықтық актыларына, «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығына және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.
5. Оқушылардың ғылыми-қоғамы қызметін ұйымдастыруды қоғам құрылып отырған мекеме жетекшісі іске асырады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет