Оқушылардың ғылыми қоғамының есебі
1. Оқушылардың ғылыми қоғамының әрбір мүшесі оқу жылының соңында өз секциясының жалпы жиналысында жұмысының нәтижесі жөнінде есепті баяндама жасайды.
2. Секцияның үздік жұмыстары ғылыми жарыстарында көрсетіледі. Ғылыми жарыстарында зерттеуші-эксперименталдық сипаттағы жұмыстар мен бақылау және тұжырым талдаулары бар ізденуші-тәжірибелік жұмыстар, барлық жүйелерді жетілдірудің жобалары, жаңашылдық, өнертапқыштық ұсыныстар жариялана алады. Жұмыстар авторлық бірлестікте де жазылады. Жарысқа ұсынылған ғылыми-зерттеу жобалары жетекшінің пікірі және ғылыми-зерттеу күнделігімен тапсырылуы керек.
3. Секция жетекшілері жылына істелген жұмыстары жөнінде сессияда кемінде бір реттен есеп береді. Оқушылардың ғылыми қоғамы жетекшілері жылдың аяғында жазбаша түрде облыстық білім беру бөлімдеріне және «Дарын» республикалық ғылыми –практикалық орталығына есеп береді
4. Үйлестіру комитеті өз жұмысы жөнінде оқушылардың ғылыми қоғамы мүшелерінің сессиясында жылына бір рет есеп береді
Қаржыландыру және материалдық база
1. Қаржыландыру және материалдық-техникалық қамтамасыз етудің көзі: түрлі ұйымдар басқармаларының (департаменттерінің), мекемелер мен өндірістердің, әкімшіліктердің, шығармашылық өнімдерге тапсырыс берушілердің және де жеке азаматтардың қаражаттары болып табылады. Бұл қаражаттар материалдық-техникалық базаны дамыту мен нығайтуға, нақты жұмыс орындаушы мамандарға, окушыларға материалдық көмек көрсетуге, мектептен тыс білім беру жүйесінің прогрессивті қосымша түрлерін жандандыруға жұмсалады.
ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ПӘНДЕР БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР КОНКУРСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ ҚАҒИДАЛАРЫ
1. Жалпы ережелер
1. Осы Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурстарын ұйымдастыру және өткізу қағидалары (бұдан әрі – Ғылыми конкурс) Ғылыми конкурстардың ұйымдастыру және өткізу тәртібін анықтайды.
2. Ғылым мен техника бойынша Халықаралық жарыстардың Ғылыми конкурсын (Intel International Science and Engineerieng Fair (бұдан әрі – Intel ISEF) жыл сайын Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) өткізеді.
3. Ғылыми конкурстың мақсаттары мен міндеттері:
1) оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыру;
2) ең талантты және дарынды жас зерттеушілерді іріктеу және оларға қолдау көрсету;
3) Қазақстан Республикасының зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға ықпал ету.
4. Ғылыми конкурстың іріктеу кезеңі халықаралық қағидалардың (Intel ISEF) талаптарына сәйкес – Ғылыми Рецензиялау Комитетімен (бұдан әрі-ҒРК) өткізіледі. ҒРК – Ғылыми конкурстың әр кезеңіндегі заңдары, қаулылары және ережелері бар ғылыми жұмыстардың, сертификаттардың, ғылыми зерттеу жоспарларының, экспонаттарының бағалануына жауапты білікті мамандар тобы болып табылады.
Ғылыми конкурстың барлық деңгейлерінде ғылыми жалғандық және бұрмалауға, басқа конкурстарға бұрын-соңды ұсынылған жұмысты өз жұмысы ретінде пайдалану немесе ұсыну, жалған мәліметтер беруге жол берілмейді.
5. ҒРК ұсынылған жұмыстарды қарайды, бағалау критерийлары бойынша қосындылап, Ғылыми конкурсты ұйымдастыру және өткізу жөніндегі республикалық ұйымдастыру комитетімен бекітілген әр жобаны рецензиялайды және қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша облыстық кезеңге, жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша республикалық кезеңге қатысушыларды анықтайды.
6. Ғылыми конкурстың қорытынды кезеңінің қазылар алқасы Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым вице-министрімен бекітіледі.
7. Ғылыми конкурсқа:
1) аталған ғылым саласындағы фактілер, оқиғалар, құбылыстар бұрын танылмаған, ерекше жақтары көрсетілген;
2) мектеп тәжірибелерін жетілдіруге, өндірістік процесстердің тиімділігін арттыруға ықпал ететін, практикалық міндеттерді шешуге жаңалықтар әкелетін аппараттардың, модельдердің, құралдардың конструкциялары ұсынылған;
3) әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге бағытталған экономикалық-заңдылыққа негізделген компьютерлік модельдер және жобалар ұсынылады.
8. Ғылыми конкурсқа:
1) жарысқа кәмелетке толмағандар үшін рұқсат етілмейтін аспаптармен жұмыстар, жануарларға қатігездік көрсетілген эксперименттер, адам денсаулығы мен жануарлар үшін зиян келтіретін заттармен жүргізілетін жұмыстар (улы, радиоактивтік, канцорегендік және мутагендік әсері бар зерттелмеген биологиялық белсенді қосылыстар, адам және жануарлар үшін патогенді немесе шартты патогенді заттар, микроағзалар, вирустар, ішімдік никотин) жарысқа қатысуға жіберілмейді;
2) республикалық жарыстарда бұрын қаралған және қорғалған жұмыстар Ғылыми конкурсқа қатысуға жіберілмейді;
9. Зерттеу жұмыстарын рәсімдеуге қойылатын талаптар:
1) жұмыс мәтіні компьютерде басылып мынадай құрылымнан тұруы тиіс:
титул парағы;
мазмұны;
абстракт (аннотация) қазақ немесе орыс тілдерінде (зерттеу жұмысының қай тілде дайындалғанына байланысты ), және ағылшын тілінде жазылады;
кіріспе;
зерттеу бөлімі;
қорытынды;
пайдаланылған әдебиеттер тізімі;
2) титул парағында мыналар көрсетіледі:
жұмыс орындалған ұйымның толық атауы, қаласы, мектебі;
автордың (біріккен автордың) тегі, аты, сыныбы;
жұмыстың атауы;
жұмыстың дайындалған бағыты, секциясы;
жетекшінің тегі, аты, әкесінің аты;
қаласы (жарыстың өтетін жері), жылы;
3) абстракт (аннотация) (250 сөзден артық емес) қамтылған жұмыстың қысқаша мазмұнын көрсетуі тиіс:
зерттеудің мақсаты;
гипотезасы;
кезеңдері, зерттеудің реті;
тәжірибенің әдістемесі;
зерттеудің жаңалығы және дербестік дәрежесі;
жұмыстың нәтижесі және қорытындысы;
нәтижелерді практикада қолдану салалары;
4) кіріспеде (екі беттен артық емес) мыналар келтіріледі: таңдалған зерттеу тақырыбының өзектілігі, осы жұмыстың мақсаты (міндеті); қойылған міндеттерді шешу әдісі қысқаша көрсетіледі;
5) жұмыстың зерттеу бөлімі (20 беттен кем емес) жеке тараулардан (параграфтардан) тұрады және мыналарды қамтиды:
осы жұмысты жүргізілудің қажеттігіне көз жеткізуге және оның мақсатын (міндетін) құрастыруға мүмкіндік беретін таңдалған тақырып бойынша белгілі нәтижелерге талдама шолу жасау;
қойылған міндеттерді шешу әдістерін сипаттау;
жұмыстың нәтижелері және оларды талқылау;
суретті материалдар (сызбалар, кестелер, фотосуреттер және суреттер);
6) пайдаланылған әдебиеттерге сілтемені төртбұрышты жақшада көрсету керек.
Мәтінде кездесетін сілтемелердің шығуына қарай, нөмірлеу реті болады;
7) қорытынды (бір беттен артық емес) жұмыстың негізгі нәтижелері және олардың негізінде жасалған қорытындыларын, жұмыстың нәтижелерін ғылыми және практикалық мақсаттарға пайдалану жөніндегі ұсыныстарды қамтиды;
8) пайдаланылған әдебиеттер жұмыс соңында жалпы тізіммен мынадай тәртіпте беріледі:
автордың тегі және қысқартылған аты-жөні;
мақаланың және журналдың аты (журналдағы мақалалар үшін);
журналдың, кітаптың аты;
басып шығарған орны және баспасы (кітаптар үшін);
басылған жылы, шығу нөмірі, беті;
9) әрбір жұмыста таңдалған тақырыптың өзектілігі, автордың жұмысқа сіңірген жеке еңбегі, жұмыстың кемшіліктері және нәтижелерін әрі қарай пайдалану жөніндегі ұсыныстары көрсетілген жетекшінің пікірі қоса берілуі керек;
10) төртінші кезеңге (баяндамаға) 135х125 шаршы сантиметр көлеміндегі стендке орналастыру үшін демонстрациялық материалдарды жасау ұсынылады.
10. Стендті рәсімдеуге қойылатын талаптар:
стендтің жоғарғы жағына көлденеңінен абстрактың, қатысушының атын, жасын, мектебінің, қаласының, облысының атын орналастыру қажет;
стенд материалдары жұмыстың мазмұнын сипаттайтын нөмірленген кестелер, фотосуреттер, суреттер, диаграммалар енгізіліп, қорытындылары көрсетіліп, талғаммен рәсімделеді;
мазмұнды дайындау кезінде негізгі назарды жоба авторының алған нәтижелерін көрсетуге аударылады.
11. Уәкілдік мүшемен бекітілген ғылыми жетекші жұмыс нәтижелері диплом жұмыстарынан, магистрлік және кандидаттық диссертациялардан, ғылыми ұжымдардың есептерінен көшірілмеген, алынған нәтижелердің нақтылығы мен дұрыстығын қамтамасыз етеді. Оқушы жаңа білім мен өз бетінше зерттеу қызметінің дағдаларына ие болып, өз қолынан келетін жұмысты орындауы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |