Мектептегі байқау практикасының күнделік-есебі Мамандығы


Тәжірибе жинақтаушының қорытынды есебі



бет3/3
Дата10.03.2023
өлшемі128,89 Kb.
#73106
1   2   3
Байланысты:
Күнделік ШТ-305 Байкау

Тәжірибе жинақтаушының қорытынды есебі
Мен ,БК-315 топ студенті,Иванова Толқын Қанатқызы 23.01-05.03.2023 ж.ж . аралығында Ақтөбе қаласы,Алға ауданы « №3 Алға қазақ орта мектебінде» педагогикалық іс-тәжірибеден өттім.Алғашқы күндері мектеппен,сынып жетекшімен,сабақ жоспарымен,сыныптың тізімімен таныстым.Сыныпта 24 бала болды.Мектепке күнделікті ерте келіп ,оқушыларды қабылдап, әр дүйсенбі сайын ,мемлекеттік әнұранды орындаудан бастадық.Әр сабақты қызықты етіп,көрнекіліктермен өткіздім.Сабақта «Попкорн», «Білім сандығы», «Сәйкестендір», «Домино», «Білім ағашы», «Пазл», «Жұбын тап» т.б әдістерін тиімді қолданумен қатар,қалыптастырушы бағалауға «От шашу», «Жетістіктер жолағы», «Мадақтау және ынталандырушы сөздер», «Үш шапалақ»,әдістерін қолдандым.Үзілісте оқушылармен көңілді жаттығулар жасап,қызықты тренингтер өткіздік.Сабағымыз аяқталған соң оқушыларды үйлеріне таратамыз. Балалардың әр сабақты, тақырыпты түсінулеріне өз үлесімді қостым.Жоспар бойынша бекітілген сабақтарды өткізіп,өз қабілеттерімді көрсете білдім.Пән бойынша белгіленген сабақ мақсатына сәйкес сараланған тапсырмалар дайындап,оқушылармен қосымша жұмыс жасадым.Сондай-ақ 22.02 күні «Түлкі мен тырна» тақырыбында ашық сабақ өткіздім.Сынып жетекші Темиргалиева Алмагул осы педагогикалық тәжірибеде оқушылармен жұмыс жасау үшін қандай әдіс тәсілдерді пайдалануға болатынын,оқушылармен қалай жақсы қарым -қатынаста болу керектігін үйретті.
Темиргалиева Алмагул мектептегі іс-тәжірибе жетекшім ретінде маған көп көмегі тигізді.Жетекшімнің сабақтарын қызығушылықпен бақыладым.Сабақ жүргізу барысында сөйлеген сөздеріне көңіл аудардым.Ұстаз-өз ойын тиянақты жеткізу керек деп ұғындым.
Мамандығымның қызықты әрі көп жауапкершілікті талап ететінін түсініп,мамандығым бойынша жұмыс атқаруға асықтым,осы уақыт аралығында болашақ мұғалім ретінде біршама тәжірибе жинақтадым.
қолы_________________



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет