Мектептегі жазба жұмыстарын жүргізу әдістемесі



Pdf көрінісі
бет2/7
Дата02.05.2023
өлшемі462,78 Kb.
#89136
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
Оқу курсының типі: ЖК 
«Мектептегі жазба жұмыстарын жүргізу әдістемесі» курсының мақсаты – 
студенттерді мектепте қазақ тілі пәні аясында жүргізілетін жазба жұмыстармен 
таныстырып, оны іске асырудың жолдарын үйрету. 
Пәннің негізгі міндеттері: 

студенттерді жазба жұмыстарды зерттеген ғалым-әдіскерлердің еңбектері мен 
ой-тұжырымдарымен таныстыру; 

студенттерді мектепте жүргізілетін жазба жұмыстармен таныстырып, оны 
оқыту үдерісінде тиімді қолданудың жолдарын үйрету; 

қазақ тілі пәні аясында жүргізілетін жазба жұмыстарды пайдалану дағдыларын 
қалыптастыру; 

жаңартылған білім беру бағдарламасында ұсынылған жазба жұмыстар туралы 


таныстырып, оны оқу үдерісінде пайдаланудың жолдарын үйрету; 

болашақ мамандарға қазақ тілін оқытуда жазба жұмыстарды қолданудың 
жолдарын игерту; 

өзінің кәсіби біліктілігі мен құзіреттіліктерін үздіксіз дамытуға төселдіру. 
6В01701 - Тіл мен әдебиет мұғалімін дайындау (қазақ тілі мен әдебиеті) мамандығы 
бойынша білім беру бағдарламасы бойынша оқытудың келесі нәтижелерін 
қалыптастыру болып табылады: 
ОН - 6. Сандық технологияның дамуымен байланысты көпфункциональды ақпараттар 
легімен жұмыс істейді, өзгерістерге тез бейімделеді, тіл үйренуге бейім, ынтымақтастық 
жағдайында топта жұмыс істейді және сыни ойлай алады. 
ОН - 8. Ойын жүйелі, сөз мәдениетінің талаптарына сай ауызша және жазбаша түрде 
тұжырымдап жеткізеді, сөз саптау тәсілдері (баяндау, сипаттау, пайымдау) мен сөйлесім 
әрекетін меңгереді және оларды танымдық әрекеттерді белсенді меңгеруде, өзін-өзі 
дамытуда білімін жетілдіруге орынды қолданады. 
ОН - 11. Қазақ тілін оқытудың интерактивті әдіс-тәсілдерін, инновациялық 
технологияларын меңгереді, педагогикалық тәжірибеде орынды қолданады 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет