Мектептегі оқыту процесінің тәрбиелік бағыттылығын дамыту


Мектептік  оқу  пәндерінің



Pdf көрінісі
бет6/36
Дата06.01.2022
өлшемі0,91 Mb.
#12911
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
2

Мектептік  оқу  пәндерінің

тәрбиелік  компонентін  іріктеудің

ерекшеліктері.

2.1

Қоғамдық-гуманитарлық

циклы 

пәндерінің

тәрбиелік

бағыттылығын күшейту

Мектептегі  оқу  ісіне қойылатын  бүгінгі  заман  талабы – өзіндік  ой-

тұжырымы  бар,  логикалық ойлау қабілеті  дамыған, өз  көзқарасы  мен  пікірін

ашық айта алатын, ақпараттар ағымынан қажетін іріктеп ала білетін, қоғамдық

ортаға  икемді, өз  жолын  дұрыс  таңдай  алатын  жас ұрпақ тәрбиелеу.    Бұл

міндетті  жүзеге  асыруда  барлық оқу  пәндерінің, оның ішінде, қоғамдық-

гуманитарлық циклы  пәндерінің,  қосар үлесі  аз  болмауы  тиіс. Әсіресе,  адам

дүниетанымының кілті,  ойлаудың формасы, қарым-қатынастың ең басты

құралы  ана  тілі  болғандықтан,  мектеп  пәндерінің ішінде  ана  тілінің атқарар

қызметі ерекше.

Жаңа  кезеңнің талабына  сай  білім  берудің негізгі  сатысында «қазақ тілі»

пәнін  оқытудың мақсаты – ана  тілінің  қоғамдық-әлеуметтік  мәнін  түсінген,

тілдің  қызметін  жүйелі  меңгерген,  коммуникативтік құзыреттілігі, қарым-

қатынас  жасау  біліктілігі  дамыған  дара  тұлға  даярлауға  мүмкіндік  туғызу

болып табылады. Бұл кез келген грамматикалық ереже тек білім қоры қалпында

қалмай,  баланың  өмірлік  танымының, айналамен  тіл  табысуының басты

базасына айналуы қажет екендігін көрсетеді. Тіл арқылы баланың логикалық ой

жүйесін дамытудың жолдарын белгілеудің маңызын айқындайды.

Тілдің ғылыми негізін меңгеру оның қоғамдық-әлеуметтік мәнімен, рухани

құндылығымен қоса  берілгенде ғана  жас ұрпақ бойында  пәнге  деген  шынайы

құрмет  сезімін  тәрбиелеуге  болатыны  бағымдалған. Өз  ана  тілінің даралық

ерекшеліктеріне көз жеткізу ғана тілдің эстетикалық талғамын арттыруға негіз

қалайтыны  дәйектелді.  Тілдің

адам  болмысымен  байланысы,  санаға

қатыстылығы  туралы  тұжырымдарының білім  жүйесінен  орын  алуы –

коммуникативтік  біліктілікті қалыптастырудың тетігі.  Міне,  осы  түйіндеулер

қазақ тілін оқытудың тұғырнамалық негізі етіп алынған.

Осы мақсаттан туындайтын міндеттер:

– оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту;

– оқушылардың әдеби тіл нормасына сай сөйлеу дағдыларын жетілдіру.

Бүгінгі  күннің  өзекті  мәселелерінің

бірі


басқа


ұлт

өкілдерінің



мемлекеттік тілде қарым-қатынасты жүзеге асыруы. Осы мәселені іске асыру

барысында  жалпы  білім  беретін  мектептерде  мемлекеттік  тілді  жаңаша әдіс-

тәсілдермен,  технологиялармен  оқыту  жолдары қарастырылуда. Қазақ тілін

жаңа технологияларды ұтымды пайдалана оқыта білсек, біз оқушының бойында

тілге  деген қызығушылықты  арттыруымыз  сөзсіз.  Бүгінгі  күні  бұл  бағытта

көптеген технологиялар бар. Олардың ішінде проблемалық оқыту, интерактивті

оқыту, ойындық технологиялық оқыту, қатысымдық оқыту, т.б. технологиялар

қазақ тілін  екінші  тіл  ретінде  оқушылардың белсенділігін  арттыруда қолайлы

болып табылады [9].



15

Қоғамдық-гуманитарлық циклы  оқу  пәндерін  оқытуды  жақсарту  талабы

жастарды 

патриотизмге,

өз 

Отаны


Қазақстан 

Республикасына

сүйіспеншілікке,  мемлекеттік  рәміздерді құрметтеуге,  халық дәстүрлерін

қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға қарсы кез-келген көріністерге

төзбеуге  тәрбиелеу; әлемдік  және  отандық мәдениеттің жетістіктеріне  баурау,

қазақ халқы мен республиканың басқа да этностары мен этностық топтарының

тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу, мемлекеттік тілді, орыс, шетел

тілдерін меңгеру міндеттерінен туындады.

Көпұлтты  және  көпконфессиялы Қазақстан  мемлекетінде  жаңа  сипатқа  ие

болып отырған патриотизм мәселесін Қазақстан Республикасының ұштұғырлы

саясатымен ұштастыра жүргізу қажет. «Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді

пайдаланатын  жоғары  білімді  ел  ретінде  танылуға  тиіс.  Бұлар: қазақ тілі –

мемлекеттік  тіл,  орыс  тілі – ұлтаралық  қатынас  тілі  және    ағылшын  тілі –

жаһандық

экономикаға 

ойдағыдай 

кірігу 


тілі»,

деген



Қазақстан

Республикасының Президенті  Н.Ә. Назарбаевтың  Қазақстан  халқына  арнаған

жолдауы

қазіргі  кездегі  патриоттық

тәрбиеде  тілдерді  меңгерудің

маңыздылығын көрсетеді [10].

Тілді үйрену – өз ұлтыңды  тану. Ұлттық тілді  білу ұлт  ділін, қасиетін,

мінезін,  ой,  жан-дүниесін,  сырын  білу,  халықтық мәдениет  пен  дәстүрді

жаңғырту.  Бай қазынаны  игеру қазақ тіліндегі  көркем әдебиеттерді  оқу,

ғылыми  еңбектермен  танысу,  жазба  жұмыстарын  жүргізу,  күнделікті  оқу,

үйрену арқылы ғана орындалады.

Жеке  тұлғаның  өзіндік  мінез-құлқы  мен  оның жеке  психологиялық

ерекшеліктерін,  көптеген  басқа  да әлеуметтік  факторлардың ықпалын  ескере

отырып,  жеке тұлғаның бойында  патриоттық сезімді қалыптастырудың негізі

ретінде  оқыту-тәрбиелеу  аясында қазақ  әдебиеті пәнінің рөлінің,  атқаратын

қызметінің маңызы зор.

Халық ауыз әдебиеті үлгілерінің кез келген жанрын оқу-тәрбие процесінде

пайдалану  оқушылардың тілін дамытудың, дүниетанымын қалыптастырудың,

оларға ұлттық тәрбие берудің бірден-бір жолы болып табылады.

Жас ұрпақты ұлттық бірлікке,  Отанын, елін,  жерін  сүюге,  тәуелсіз

мемлекетті  нығайтуға өз үлесін қосуға  тәрбиелеуде  көркем  шығарманың

маңызы  зор.  Көркем  шығармаларда  патриоттық сезімді  ардақтап,  батырлық,

ерлікке  мадақталып, ақылдылық, парасаттылық, достық тәрізді  адамгершілік

игі қасиеттер дәріптелген. Бұл тақырыпта әңгіме, ертегі, өлең, жырлар туғанын,

оларда  халықтың

батырлық,

ерлік  істерді  және  оны  жасаушыларды

ардақтағанын білуге болады.

Халық ауыз әдебиетінің бір саласы болып табылатын ел қорғау, батырлық

істер  жайында  туған  мақалдар  халықтың ой-тілегі,  арман-мүддесі, ұлттық

мақтанышы қандай  екенін  көрсетіп  отырады.  Осы  тақырыптағы  мақалдар, ең

алдымен кімге  болса  да,  туған  жер, өсіп-өнген  ел-отан  аса қасиетті, қадірлі

қымбат,  ыстық деп  көрсетеді.  Мысалы  “Ел  іші - алтын  бесік”,  “Туған  жердің

тауы  да  ыстық”. Ал  сонымен қатар  туған  елді,  жерді  басқа  елдермен

салыстырып, әркімге өз  елінен  артық ел  жоқ екенін  аңғартатын  мақалдар  да



16

баршылық. Оған  дәлел:  “Кісі  елінде  сұлтан  болғанша, өз  еліңде ұлтан  бол”,

“Кісі  елі -күміс, өз  елің –алтын”  т.б.  мақалдар. Өз  елін  жаудан қорғау үшін

қасықтай қаны қалғанша,  ақтық демі  біткенше  алысу,  сөйтіп  дұшпаннан  елін,

отанын қорғап қалу  халқын  сүйген әрбір  азаматтың міндеті  болатындығын

көрсеткен.  Оны  мына  мақалдардан:  “Ер  жігіт  елі үшін  туады,  елі үшін өледі”,

“Елін  сүйген  ер  болар” т.б.  көруге  болады. Оқушыларға тәлім-тәрбие  беруде

сабақта осындай мақал-мәтелдердің мазмұнын түсіндірудің маңызы зор.

Сабақтың тәрбиелік  бағыттылығын  дамытуда  ауыз әдебиетінің тағы  бір

жанры


жұмбақтардың

рөлі

үлкен.


Олар

оқушылардың

ой-өрісін,

дүниетанымын 

кеңейтеді, 

халықтың 

қоғамдық

тұрмысының,

кәсіп-

тіршілігіненкөп  мәлімет  береді, тапқырлықты,  білімділікті  керек  етеді.  Ол



айналадағы өмірді тани білуге үйретеді.

Ауыз әдебиетінің ертеден  келе  жатқан  көлемді  саласының бірі –

ертегілердің оқыту  процесінің тәрбиелік  компонентін әлеуетін  арттыруда

алатын  орны  ерекше. Ертегілер  халқымыздың тарихын,  тұрмыс-салтын, әдет-

ғұрпын, нанымын,  дүниетанымын  білдіреді, өскелең  ұрпақты  зұлымдық

әрекеттерден  сақтандырып,  адамгершілікке үндейді, оқушылардың  қиялын

дамытып,  жақсы  мінез-құлық  қалыптастырады,  жақсыдан үйреніп,  жаманнан

жиренуге шақырады, өзінің елін, жерін қорғауға, сүюге тәрбиелейді.

Әдебиеттегі шығармалар ойды да, сезімді де тәрбиелейді, мінез-құлықты

қалыптастырады.  Оқушылар жағымды  кейіпкерлерге  еліктейді,  одан үлгі

алады.  Мектеп  оқушылары  осы  пән  арқылы өз  бойына  патриоттық сезімді

ұялататыны  анық. Ең бірінші әсер  Тәуелсіздікке қол  жеткізген  аға ұрпақтың

ерліктері  болса,  туған  жерге  деген  сүйіспеншілік,  ерлік  жасауға  негіз  болатын

оқиғалар барлығы әдеби шығармаларда беріледі. Әдебиетіміз тікелей тарихпен

байланысты, ал тарихымыз біздің осы күнге жеткен қиын да, аңсаған жолымыз.

Сан ғасырлық  ұлттық тәрбиенің этнопсихологиялық және  этнопедагогикалық

негіздерін  бір  арнаға  түсіріп, қазақ ойшылдары  мен  ағартушыларының,  қоғам

қайраткерлерінің еңбектеріндегі ұлттық тұлға  тәрбиесі  туралы  ой-пікірлерін,

үлгі-өнегесін сабақтың тәрбиелік құрамдасын  дамыту мәселесінде  кеңінен

пайдалану қажет.

Мектеп оқушыларына қазақ әдебиетін оқыту арқылы жеткіншек ұрпаққа

ел  тарихынан,  мәдениетінен,    халықтар  достығынан  білімдер  беріп,  олардың

күнделікті өмірде  елтану  білімдері,    іскерліктері  мен  дағдыларын  игертуге

бағытталған  мұғалімнің педагогикалық іс-әрекеттері өзара  байланыста  болуы

керек [11].



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет