Мектептегі оқыту процесінің тәрбиелік бағыттылығын дамыту



Pdf көрінісі
бет7/36
Дата06.01.2022
өлшемі0,91 Mb.
#12911
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   36
«Орыс  тілі» оқу  пәні  ретінде  жалпы  орта  білім  беретін  мектептің негізгі

орта  деңгейінде  топтамалық, сабақтастық, жүйелілік ұстанымдары  негізінде

оқытылады.  Мұнда  негізінен  тілдік  білім  арқылы  оқушының лингвистикалық

дүниетанымын

қалыптастыру  көзделеді.  Мәтіннің  қызметі  танытылады.

Мәтіндер  арқылы  танымы  кеңейтіледі,  тілі  дамытылады.  Сонымен қатар,

олардың тіл  мәдениетін  игеруіне  көңіл  бөлінеді.  Мектептің негізгі  орта

деңгейінде  оқытылатын  «Орыс  тілі»  пәнінде  тілдің танымдық сипаттары  мен

коммуникативтік, эстетикалық қызметтері бірлікте танытылады.



17

Негізгі орта деңгейде тілдің ойлаудың формасы, танымдық әрекеттің негізгі

құралы  ретіндегі қызметімен қатар  адамның  өзін-өзі  тануы  мен өзгені

тануының,  қоғамдық  құбылыстар  мен қоршаған  ортаны,  сондай-ақ табиғат

құбылыстарын танып білуінің бірден бір қайнар көзі екенін пайымдауға үйрету

мақсат етіледі.

Орыс  тiлi  сабағы  баланың

ой-өрiсiн

өсiрiп,  оның

дүниетанымын

қалыптастырады.  Бұл  оқу  материалдарының, жалпы  бiлiм  мазмұнының  iшкi

байланыстарынан 

туындап, 

оқушының


шығармашылық

бағыттағы

жұмыстарымен ұштасқанда ғана жүзеге асырылады.

Шет  тілін оқыту  мен  оқып үйренудің маңыздылығы  және  тәрбиелілік

мүмкіндіктерін  анықтауда Елбасы  Н.Ә. Назарбаевтың  Қазақстан  халқына

жолдауындағы  «Тілдердің  ұштұғырлығы»  мәдени  жобасы  басшылыққа

алынды.  Шет  тілін  оқытудың жетекші  мақсаты  коммуникативтік,  білім  беру,

тәрбиелік және дамыту қызметтерін жүзеге асыру.

Оқушылардың

туған  елді  тануға,

қазақстандық

патриоттық

сезімін


қалыптастыруға  бағытталған:  эмоционалдық-мотивациялық, мазмұндық және

іс-әрекеттік  компоненттер, сонымен қатар олардың қалыптасуының өлшемдері

мен  көрсеткіштері, өздерінің жиынтықтарымен қосылып  ағылшын  тілін  оқыту

арқылы 


мектеп 

оқушыларының

елжандылығын

қалыптастырудың

құрылымдық-деңгейлік моделін құрайды (2-кесте).

Ағылшын  тілі  сабағында  оқушыларға  елжандылық, рухани-адамгершілік

және  көркем-эстетикалық тәрбие  беру  оқытудың дидактикалық принциптерін

бұзбастан  тіл  материалының мазмұнын ұтымды  түрде қолдану  арқылы  жүзеге

асады.

Шеттілдік  білім  беруді  жаңарту  және  дамыту  келесідей  мәселелерге



бағытталуы мүмкін:

– үлкен тұлғалық-дамытушы басымдылыққа ие мәдениетаралық парадигма

аясында шетел тіліне үйретуге;

– шеттілдік  мәдениетаралық  қарым-қатынас  жағдайында  туған  елін  және

оның мәдениетін,  сондай-ақ тілін үйреніп  жатқан  елдің мәдениетін  таныстыра

алу біліктерін дамытуға;

– оқушыларды  шетел  тілін  меңгеру  саласында өзін-өзі  бақылау  және өзін-

өзі бағалау негіздерімен таныстыруға;

– тілді үйрету  және ұлттық мәдениетпен  және  тілін үйреніп  отырған  елдің

мәдениетін үйрету процесінде өзіндік білім алу потенциалын, интеллектуалдық

және шығармашылық қабілеттерін дамытуға [12].

«Өзін-өзі  тану»

пәнінің


оқушының

жеке  басын

қалыптастырудағы

мiндеттердiң бiрi − адамгершiлiк туралы ұғымдар, түсiнiктермен байыту болып

табылады.  Оқушылар  бұларды әр  түрлi  дәрежеде  игередi,  ол  баланың жалпы

дамуына,  оның  өмiрлiк  тәжiрибесiне  байланысты.  Бұл  тұрғыдан  алғанда  оқу

сабақтарының ролi үлкен,  соның  iшiнде  дүниетану  сабағы.  Оқу  арқылы  бала

қоршаған өмiрмен,  табиғатпен,  адамдардың еңбегiмен,  достарымен,  олардың

қуаныштарымен,  сәтсiздiктерiмен  танысады.  Оқушылар  ең алдымен  iзгiлiк,



18

қайырымдылық, сезiмталдық,  әдептiлiк  туралы ұғымдарды  түсiнуi,  оларды

айыра бiлудi үйренуi керек.

2-кесте – Шет тілін оқыту процесінде оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеу

моделі

Компоненттері



Өлшемдері

Көрсеткіштері

Эмоционалдық-

мотивациялық

Елжандылық

сипаттағы

ағылшын

тіліндегі

мәліметтерге

оқушылардың

жағымды

эмоционалдық

көзқарасы

- патриоттық 

қасиеттерін

үйренуге


талпынысы,

- елжандылық сипаттағы  ағылшын  тілі

пәнінің

мазмұнын 

эмоционалдық

сезіммен қажетсінуі;

- елжандылық

сипаттағы 

ағылшын

тілінің


елжандылық 

қасиеттерді

қалыптастырудағы

әлеуметтік 

мәнін

түсінуі;


- ағылшын 

тіліндегі 

елжандылыққа

баулитын    бейнелерге қызығушылығы

және аялы көзқарасы;

-

ағылшын  тіліндегі  мәдени  мұра



құндылықтарын  елжандылық сезіммен

қабылдауы.

Мазмұндық

Ағылшын


тіліндегі

елжандылық

білімінің

мазмұндылы-

ғы және

толықтығы

- ағылшын 

тілін 


оқып

үйренудің

елжандылық мүмкіндіктерін  білуі  және

түсінуі;


- елжандылық

сипаттағы 

ағылшын

тіліндегі 

объектілердің

мазмұнымен

таныс болуы;

-

ағылшын 



тіліндегі 

елжандылық

мазмұндағы 

бейнелердің 

өзіндік

ерекшеліктерін көре, түсіне білуі.

Іс-әрекеттік

Өзінің


білімін

практикалық іс-

әрекеттерде

пайдалана  білуі

және

пайдалануға



талпынысы

- бейнелердің

ағылшын 

тіліндегі

елжандылық мазмұнына  талдау  бере

білуі;


- ағылшын 

тіліндегі 

елжандылық

бейнелерге еліктеуі, үлгі тұтуы;

- елжандылық

мазмұндағы  ағылшын

тіліндегі 

шығармаларды 

талдағанда

өзінің елжандылық көзқарасын  көрсете

білуі;

- ағылшын 



тіліндегі 

елжандылық

көріністерді  дәлелді әңгімелей  білуі,

оған деген өз ойын жеткізе білуі.




19

Мысалға,  бірінші  сыныпта  «Көмектесе  білейік»,  «Тіл  табыса  білейік»,

«Менің

досым»,  «Шаңырақ



шуағы»,  «Сыйласаң

сыйлы  боласың»,



«Қайырымды бола білейік», «Шыншылдық – адамдықтың белгісі», «Өтірік өрге

баспайды», «Әдеппен сөйлеп әдеттен» т.б. сабақтардың негізі баланы ойлануға,

талдауға, қарым-қатынас  жасай  білуге, өзі  шешім қабылдауды үйренуге,

адамның адамгершілік  жағынан қалыптасу  процесінде  адамгершілік  сезімдер

арқылы жетуге бағытталған.

«Өзін-өзі  тану»  пәні әлемдегі  ең басты құндылық – адамның  өмір  сүруі

үшін, бақыт үшін, қуаныш үшін жаралғандығына негізделеді. Өмірдің осындай

қарапайым  ақиқатына – жақсы  адам  болуға  баланы  жастайынан үйрету  керек.

Бұл тұрғыда мұғалімнің рөлі аса зор. Өйткені ол оқыту мен тәрбиелеудің қазіргі

әдістемесін  жеткілікті  меңгеріп,  балалар  психологиясын  терең талдай  отырып,

белгілі 

бір 


жастағы 

балаларға 

бағытталған 

педагогикалық

процесті

ұйымдастыра алады [13].





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет