Мектептегі оқыту процесінің тәрбиелік бағыттылығын дамыту



Pdf көрінісі
бет8/36
Дата06.01.2022
өлшемі0,91 Mb.
#12911
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   36
«Адам. Қоғам. Құқық» оқу пәнінің мазмұны 9-сыныпта оқушыларының жас

ерекшелігіне  сәйкес,  шығармашылық, денсаулық сақтау,  тұлғалық-бағыт  және

құзыреттілік  тұрғы  негізінде  орындалған,  нәтижеге  бағытталған, Қазақстан

Республикасының Мемлекеттік  жалпыға  міндетті  негізгі  орта  білім  беру

стандартында  көрсетілген,  білім  алушылардың  құзыреттілік  жетістіктеріне

бағытталған.

Құқықтық білім  беруде  Бала құқықтары  туралы  конвенция  мен Қазақстан

Республикасындағы бала құқықтары туралы Заң баптарымен жұмыс барысында

бала құқықтары  туралы  жан-жақты  тәсіл  ретінде  балаларға  арналған  кітаптар,

анимациялық фильмдер, мақалдарды пайдалануға болады.

Сабақ жүргізу  барысында  ең алдымен  оқытушы  мен  оқушының  қарым-

қатынасына,  оқушылардың интеллектуалдық, эмоционалдық, шығармашылық

әлеуетін  көтеруге  негізделген  оқытудың интерактивті әдістері қолданылады.

Мұндай бірлескен жұмыстың нәтижесі қабылдауға (ақпаратты жай есте сақтау)

негізделген  дәстүрлі әдістемеге қарағанда  анағұрлым  жоғары.  Балалардың  өз

бетінше


қызмет  ету,  эмоционалдық

толғаныстары  арқылы  оқытудың

интерактивті

әдістері  сабақты  түсіну,  білімді  меңгеру,

қабілеттер  мен

дағдыларды, құндылықтар мен қарым-қатынастарды қалыптастыруға зор ықпал

етеді.

Оқушы  адам құқықтарының рухани  жақтарын  түсіну,  «Бала құқықтары



туралы  конвенцияда»  және  «Қазақстан  Республикасындағы  бала құқықтары

туралы» Қазақстан  Республикасының Заңында  бекітілген  бала құқықтарының

негіздерін білу, балалардың дамуға және қорғауға ерекше құқықтарының барын

білу,  бала құқықтарының бұзылу  салдарын  түсіну, өз құқықтарын қорғау

тәсілдері туралы білуге тиіс.

«Құқық негіздері» пәнінің мазмұны құқықтанушылық білімнің  әр  азамат

игеруге  мiндеттi  білім  топтарын құрайды. Қазіргі  замандық құқықтық

шынайылық және құқықтық мемлекет құру ниетін көздеп отырған жағдайында

әр  азаматтың жеткілікті құқықтық білімі  болуының, сонымен қоса,  ол

білімдерді  олардың іс  жүзінде қолдана  білуінің маңызы  зор.  Жастар өздерінің

құқықтық мәдениетін  көтере  отырып,  сол  білімдері  негізінде, қай  тараптан




20

болмасын, өзін қорғай  алуы  керек.  Пәнді  оқытудың басым  бағыты  адам

құқықтары  мен  еркіндіктері,  олардың  қоғамдық практикада  жүзеге  асырылуы

болып табылады.

«Құқық негіздері»  пәнiнiң мақсатына  орай,  жалпы  орта  мектептi  бiтiрген

оқушы мынадай түпкiлiктi нәтижелерге қол жеткiзуi керек:

– өзінің саяси, әлеуметтік құқықтары  мен  еркіндіктерін  біледі,  оларды

қоғамдық практикада жүзеге асырады, міндеттерін орындайды;

саяси-құқықтық



кеңістікте

қалыптасқан  ахуалдарда  дұрыс

бағдар

ұстанады.



Мысалы,  мектептің  10-сыныбында

құқық


негіздері  пәні  бойынша

«Қазақстан  Республикасының Конституциялық  құқығы  туралы  түсінік  және

оның мәні»  тақырыбы  бойынша  оқушылар  төменгі  сыныпта  алған  білімдерін

еске 


түсіріп, 

тиянақтай 

отырып, 

жаңа 


сабақпен 

байланыстырып

конституциялық  құқық нормалары  мен қайнар  көздерін  аша  білуге қол

жеткізеді.  Сабақта  оқушылар  тірек  сызбаларды  пайдалана  отырып  баяндап,

өзара белсенділікті арттырады. Сабақтың мазмұны заңдық сауатты адам ретінде

заңды үнемі  орындап,  заңға қайшы  іс-әрекет  жасамауға  тәрбиелеуді  көздейді

[14].

«Тарих» пәнінің тәрбиелеушілік  мүмкіндігі өте  мол.  Тарих  сабақтарында

оқушылардың дүниеге ғылыми көзқарасы қалыптастырылады, адамгершілікке,

имандылыққа, ізгілікке тәрбиеленеді, отаншылдыққа, халықтарды құрметтеуге,

сыйлауға  тәрбиелейді;  еңбекке,  аға ұрпақтың еңбек  және  жауынгерлік

дәстүріне  тәрбиеленеді;  діннің  қызметін  дұрыс  түсінуге,  оны  дұрыс  бағалауға,

бейбітшілікті сақтауға үлес қосуға, адамзат жасаған кұндылықтарды құрметтей

білуге  тәрбиеленеді;    эстетикалык,  экологиялык,  экономикалық т.б.  тәрбие

алады.


Қазақстан  тарихын  оқыту  оқушыларға  Казақстан  жерін  көне  заманнан

бүгінге  дейін  мекендеп  келген  халықтың, адамзаттың жүріп өткен  тарихи

жолын,  адамдар  жинаған әлеуметтік,  рухани,  адамгершілік  тәжірибелерді

баяндайтын  тарихи  білімдер  негізін  игеру,  оқушылардың Отанға,  туған  жерге,

өз ұлтының тарихы  мен  мәдениетіне,  дәстүрлеріне  сүйіспеншілік  сезімін

тәрбиелеу  және  басқа  халықтардың тарихын,  мәдениетін құрметтеу,  жеке

түлғаның қалыптасып дамуында ерекше орын алады.

Қазақстан тарихы оқулығындағы маңызды идеялар, ұғымдар мен түсініктер

нақтыланғанда  көптеген  кұбылыстар  мен  оқиғалардың ішінен  білімдік,

танымдық-тәрбиелік жағы ең маңызды фактілер мен идеялар: Отан, туған өлке,

Қазақстан – менің Отаным,  халықтар  арасындағы  татулық пен  келісушілік,

ізгілік, 

мейірімділік, 

адамгершілік,

өркениеттілік,

ұлт-азаттық

қозғалыс,тәуелсіздік, 

т.б.


ұғымдарын

қалыптастыруға 

ерекше 

назар


аударылады.

Оқулық


компоненттерінің  (мәтін,  игеруді

ұйымдастыру  аппараты,

иллюстративтік  материал,  бағдарлау  аппараты) үйлесімділігін  сақтау,  оларды

мейлінше 

тиімді 

пайдалану 

отандық

тарихты 


оқытуда 

жастардың

қызығушылығын арттыруға, өзіндік жұмысын ұйымдастыруға негіз бола алады.



21

Бұл  пән  көп  ізденуді, қосымша  деректермен  толықтыруды  талап  етеді.

Мұғалім  тақырыптың мазмұнын  кеңейтіп  және  толықтыратын қосымша

материалдарды

қолдану  арқылы  дәстүрлі  емес  сабақ

түрлерін


өткізіп

оқушылардың тарих  пәніне  деген қызығушылығын үнемі  арттырып  отырғаны

жөн.

Тарих – өткен шақ туралы білімдердің жинағы емес, тарих – ойлау жүйесі,



қазіргі әлемде өз  жағдайында  нақтырақ түсінуге  бастайтын  жол.  Оқушылар

өздігінен  тарихи  деректер  мен құбылыстарды  сұрыптап,  оларды  тиісті  дәуір

және  аймақпен  байланыстыра  алуы,  меңгерген  білімдерін  жаңа  жағдайлармен

сабақтастыра білулері керек.

Тарих  пәнін  оқытудағы  негізгі  мақсат – ұрпақтарды өз  елінің тарихымен

таныстыру. 

Оқушылардың

танымдық 

қабілетін

өсіруде 


адамгершілік

қасиеттерін  дамытуға әсер  ету.  Еліміздің  әр  азаматы  тарихтан  біз  келешекте

қандай қоғам құруды  мақсат қыламыз, өткеннен қандай үлгі, өнеге  алуымыз

керек  деп  сұрақ  қойып,  жауап  алуымыз қажет.  Ана  тілімізді,  мирас  болған

тарихымызды білу, тану, табиғатын сақтау тәуелсіз еліміздің әрбір азаматының

борышы.  Осындай үлкен  істі  жүзеге  асыруда  тарихшы ұстаздардың атқаратын

рөлі ерекше зор.

Қазіргі кезеңде қоғамдық пәндерді жаңа бағытта оқытуға, тәрбие және білім

беру  жүйелерін  осыған  сай  жаңа  деңгейге  көтеруге  көп  көңіл  бөлінуде.

Еліміздің тарихын  оқытуда  шәкірттердің ой-өрісін  кеңейту қажет.  Тарихымыз

жаңашыл  шын  көзқараспен  таразыланып,  ескерілмеген  деректер

қайта


бағаланып жатыр.

Тарих  пәнін  оқытуда  оны ұрпақтар  бойына  дарыту әлі  де  көп  ізденістерді

әдістемелік тәсілдерді қажет етеді. Оқытудың тиімділігін арттыру үшін тарихи

материалдардағы қосымша  деректерді  пайдаланудың зор  мәнісі  бар.  Мектепте

тарих  пәнін  оқытуда, қосымша  материалдарды,  деректерді әсіресе  баспасөз

материалдарын  пайдалану  оқушылардың  ұғымдарының терең жүйелі  болуына

әсер  етеді.  Оларды  ретті,  жүйелі

қолдану  оқушының

адамгершілігін,

эстетикалық танымын, сезімін байытады, өзіндік ізденістерге мүмкіндік береді.

Кейінгі кездері білім беру саласында жүйелеу тәсілін қолдануға баса назар

аударылуда. Бұл проблемаларға бірқатар ғалымдар арнап еңбек жазды. Қазіргі

ғылымда  жүйелеу  тәсілін қолданудың, теориялық білім  жасаудың жолдарын

объектідегі  таным қозғалысының схемасын  зерттеу  пәнін  және  оны  баяндау

тәсілін,  пән  туралы  білімнің  құрылымын, ғылыми  ойлаудың және  оқытуға

жүйелік 


тұрғыны 

пайдаланудың,

оқушылардың

оқыту 


процесін

оңайландырудың  қажетті  шарты,  ол педагогикалық процестің мәнін  ашып

көрсетеді.

Егер  оқушылар  оқылатын  материал  бойынша  сызбаны өздері жасаса, жаңа

мағлұматты  меңгеру  дәрежесі  жоғары  болады. Сабақтарда  тірек  сызбаларды

жиі пайдалану керек.

Мысалы,  7-сыныпта  «Шыңғыс  хан  империясы»  туралы тақырыпты өткізу

барысында  «Моңғол  империясының  қоғамдық  құрылысы»,  «Хронологиялық

кесте»,  «Моңғол  дәуіріндегі  Шыңғыс  хан.  1218-1225  жж.»  атты  тірек

сызбаларын  пайдалануға  болады.  Оқушыларға  сызбаны  жасап,  электронды




22

оқулықты  пайдалана  отыра  «Отырардың

күйреуі»,  «Моңғолдың  құпия

шежіресі»  атты  баяндама  жазып  келуге  тапсырма  беріледі.  Бұлардың барлығы

оқушылар  шығармашылығын  дамытады.  Сабақ барысында  ойын  элементтері

қолданылады.  Картамен  жұмыста  басып  алынған  жерлер  көрсетіледі.  Сабақты

түсіңдіру барысында «Шыңғыс хан империясы туралы» электронды оқулықтан

және  интернеттен  алынған  мәліметтерді  пайдаланған  жөн.  Оқушылардың

қызығушылығын арттыру мақсатында Шыңғыс ханның өмірбаяны, ұрпақтары,

оның ішіңде Абылай, Әзім хан, Кенесары туралы, Шыңғыс хан жерленді деген

болжаммен  2001  жылдан  бастап қазба  жұмыстар  жүргізіліп  жатқандығы

жөніндегі  материал үлкен қызығушылық тудырады.  Сабақ  «Кім  тез?»,  «Кім

жылдам?»  деген  ойынмен  бекітіліп, үй  тапсырмасына  «Шыңғыс  хан  туралы

осы  сабаққа  дейін  не  білдің?»,  «Сабақ барысында  не  білдің?»,  «Болашақта  не

білгім келеді?» деген қысқаша хабарлама жасауға тапсырма беруге болады.

Бүгінгі  таңда  елімізде  жүріп  жатқан  жаңару  процесі өткен  тарихымызды

объективті  тұрғыдан  дұрыс  бағалауға,  оны  мектептің оқу-тәрбие  процесінде

күн  талаптарына  сай  тиімді  пайдалануға қолайлы  жағдай  жасауда.  Ата-баба

мұралары негізінде тәлім-тәрбие барысында жеткіншектерді елжандылыққа, өз

халқына  деген  сүйіспеншілікке, ұлтаралық  қарым-қатынас  мәдениетіне,  еңбек

сүйгіштікке,  адалдыққа,  кішіпейілдікке,  елінің мүддесін өзінің мүддесінен

жоғары қою  сияқты қасиеттерге  тәрбиелеу  міндеті  басты  назарда  тұрғандығы

белгілі [15].



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет