Педагогтерді ғылыми зерттеулерді, тұжырымдамаларды, инновациялық проблемаларды талқылауға, мониторинг ұйымдастыруға және т.б. ынталандыру, сондай-ақ, жұмыстың заманауи неғұрлым өнімді нысандары мен әдістерін іздестіру. Субъект-субъект қатынастары - бұл проблеманы шешу контекстіндегі субъект ретінде басқаға деген қарым-қатынас жүйесі.
Зерттеу және ғылыми-зерттеу құзыреттілігін дамыту процесінеоңмотивацияқалыптастыру
Субъектінің мотивтері: кәсіби тұрғыдан өсуіне ұмтылу (ақпаратты кеңейту және жаңарту, теориялық, практикалық, гностикалық, ұйымдастырушылық, басқарушылық, коммуникативті және басқа да дағдыларды дамыту және жетілдіру), ғылыми таным мен зерттеу қызметіне деген ұмтылыс, кәсіби өзін-өзі тануды дамыту, қоршаған ортадағы жаңа рөлдерді игеруге деген ұмтылыс және жеке тәжірибені жеткізуге деген ұмтылыс; тану, танылған болу қажеттілігін қалыптастыру және тағы сол сияқтылары болуы мүмкін. Сыртқы ынталандырудың ішкі мотивке өтуі педагогтің орындалған іс-қимылдан
қанағаттануымен қатар жүруі керек, сондықтан педагогтердің зерттеу және ғылыми- зерттеу құзыреттілігін дамыту үшін жағдай жасауда материалдық және моральдық ынталандыру процесін қамтамасыз ету маңызды. Осының негізінде оқу орнындағы З және ҒӘЖ басқару процесінде кәсіби дамуға мотивациялау және ынталандыру жүйесі әзірленіп, қолданылуы керек, оны педагогтердің ғылыми-әдістемелік құзіреттілігін дамытудың қажетті шарттарының бірі ретінде қарастыруға болады. Әкімшілік педагогтердің тұрақты ішкі мотивациясын қалыптастыру үшін пайдаланатын ынталандыру жан-жақты, сараланған, икемді және жедел болуы керек, ал ынталандыруға ықпал етудің тиімділігін арттыру мақсатында, қол жетімділік, сезіну және біртектілік қағидаттарына сүйену керек.
Білімберусубъектілерініңқызметінреттейтінжергіліктіактілерқұру
Зерттеу құзыреттілігін дамытуға оң мотивация құруда басқарудың маңызды құралы білім беру субъектілерінің қызметін реттейтін мекеменің заңнамалық базасын құру болып табылады. Нормативтік құжаттардың (жергілікті актілердің) мазмұны өзара іс-қимылдың құқықтық режимін айқындауға; әрбір педагогке қоғамдағы және білім беру жүйесіндегі өз рөлін ұғынуға көмектесуге; зерттеу құзыреттілігінің даму деңгейін ескере отырып, педагогтердің білім беру, зерттеу және ғылыми-әдістемелік қызметінің барлық түрлерінің өнімдерін бағалаудың нормативтік критерийлеріне ие болуы тиіс.
Ақпараттыалужәнеөңдеуүшінашықақпараттықортаменжағдайжасау
Ұжым мүшелерімен ақпараттық жұмыс ашық ақпараттық ортаны құру және ақпаратты алу мен өңдеу үшін жағдай жасау негізінде құрылады. Оның барысында әр субъект өзінің мүмкіндіктерін, жеке қасиеттерін, еңбек нәтижелерін, еңбек жағдайларын және оларды одан әрі дамыту жөніндегі әрекеттерді реттеу жүйесін саналы және барабар бағалай алады. Ақпараттық жұмыс мақсатқа бағытталған және жүйелі түрде жүргізілуі керек. Оқу орны өмірінің әртүрлі аспектілерін көрсететін ақпаратқа ашық қол жетімділік неғұрлым көп болса, педагогикалық және оқушы ұжымдарының жағдайы соғұрлым қолайлы және ыңғайлы болады.
Толыққандыжәнеоңтайлыпедагогикалыққарым-қатынас
Педагогтің оқушылармен толыққанды және оңтайлы педагогикалық қарым-қатынасы қолайлы әлеуметтік-психологиялық климатты құруға ықпал етеді, сонымен қатар, білім беру іс-әрекеті мен білім беру процесінің барлық қатысушылары арасындағы қарым-қатынасты психологиялық оңтайландыруға әсер етеді. Педагогикалық қарым-қатынас өнімділігінің өлшемшарты - ұжымда жағымды тұлғааралық қатынастардың және қолайлы микроклиматтың болуы. Тұлғааралық қарым-қатынас мақсатты түрде қалыптасады және олардың тиімділігі жұмысқа деген қызығушылықты, іс-қимылдың оң ішкі мотивациясын, топтық келісімді, толеранттылықты арттыруды, өзара жетістікке, өзара көмекке, достық пен мейірімділікке деген мақтаныш сезімін арттырады.
Педагогтердіңкәсіпқойлықдеңгейі,зерттеужұмысынадайынболуы.
Теориялық дайындық: конструктивті, гностикалық, аналитикалық, болжамдық, проективтік, рефлексивтік біліктіліктер;
Технологиялық дайындық: педагогтің білім беру технологияларының белгілі бір әдістері мен тәсілдерін меңгеруі, көптеген ұсынылған балама инновациялардың ішінен терең талдау негізінде қызметтің оңтайлы нәтижелерін алуға ықпал ететіндерді таңдай білу.
Шығармашылық дайындық: зерттеу қызметінен күтілетін нәтижені педагогтің қызметке шығармашылық қатынасы арқылы дұрыс бағалауға болады.