«мектепті басқарудағы инновациялық менеджмент» орта



бет2/62
Дата25.11.2023
өлшемі0,67 Mb.
#126709
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62
Байланысты:
Оқу құралы 5-модуль

МАЗМҰНЫ





ӘДІСТЕМЕЛІК МЕНЕДЖМЕНТ ЖӘНЕ МЕКТЕПТЕГІ КӨШБАСШЫЛЫҚ. МЕКТЕПТЕГІ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСТЫ БАСҚАРУДЫҢ
ТИІМДІЛІГІ 4

БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫНЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУЫ ЖАҒДАЙЫНДА ҒЫЛЫМИ- ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСТЫ БАСҚАРУ 12
ПЕДАГОГТЕРДІҢ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУДАҒЫ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ КОМАНДАЛЫҚ ЖҰМЫСЫ 18

МЕКТЕП ПЕДАГОГТЕРІ МЕН КӨШБАСШЫЛАРЫНЫҢ ЗЕРТТЕУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК АСПЕКТІЛЕРІ 26
ПЕДАГОГТЕРДІҢ ЗЕРТТЕУ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ ДИАГНОСТИКАЛАУ ҚҰРАЛДАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІ 39
LESSON STUDY (САБАҚТЫ ЗЕРТТЕУ) ТӘСІЛІН ТӘЖІРИБЕДЕ ІСКЕ АСЫРУ БАРЫСЫНДА ПЕДАГОГТЕРДІҢ ЗЕРТТЕУ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ 42
ACTION RESEARCH (ІС-ӘРЕКЕТТЕГІ ЗЕРТТЕУ) ТӘСІЛІН ТӘЖІРИБЕДЕ ІСКЕ АСЫРУ БАРЫСЫНДА ПЕДАГОГТЕРДІҢ ЗЕРТТЕУ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ 56

ӘДІСТЕМЕЛІК МЕНЕДЖМЕНТ ЖӘНЕ МЕКТЕПТЕГІ КӨШБАСШЫЛЫҚ. МЕКТЕПТЕГІ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСТЫ БАСҚАРУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

Қазіргі заманғы педагогтің кәсіби дамуы, ең алдымен, өзінің әдістемелік жұмысын үнемі жетілдіруге негізделген тұтас кәсіби қызметті игеруге бағытталған.


Мұғалімнің әдістемелік жұмысы қолданыстағы педагогикалық тәсілдерді, қағидаттарды, оқу процесін тиімді ұйымдастырудың нысандары мен әдістерін іздеуге, әзірлеуге және енгізуге бағытталған жоспарланған педагогикалық іс-әрекет ретінде қарастырылады. Осыған орай мұндай дамудың тұтас процесі оқу процесі мен инновациялық менеджментті инновациялық әдістемелік қамтамасыз ету негізінде білім беру ортасының жүйесін құруды қамтиды.
Ашық қоғам, ашық білім беру тұжырымдамасының ережелеріне сәйкес қазіргі мектептегі әдістемелік жұмыс жүйесі ашық, өйткені сыртқы әлеммен үнемі ақпарат алмасу жүреді. Әдістемелік жүйенің ашықтығы оқу процесінің инновациялық бағыт- бағдары және оның мазмұнын озық жаңарту ретінде қарастырылады. Шын мәнінде, дәл білім беру жүйесі қоғамның дамуы барысында озық сипатта болуға тиіс. Бұл педагогикалық теория педагогикалық инновацияларды үздіксіз іздеу және оларды білім беру процесіне енгізу негізінде әдістемелік жұмысты жүзеге асыруда өзекті болып табылады.

Әдістемелік қызметтің инновациялық сипаты мектептің және мектеп желісіндегі педагогтердің желілік кәсіби қоғамдастығы шеңберінде педагогтердің тұрақты белсенді өзара іс-қимылымен қамтамасыз етіледі.

Әдістемелік жұмыс мұғалімдердің кәсіби шеберлігін дамытудың және білім беру процесінің сапасын жақсартудың қозғаушы күші болып табылатын мектептің кәсіби қоғамдастығында маңызды рөл атқарады. Бұл аспектіде мұғалімнің әдістемелік құзыреттілігі оқытудың әртүрлі әдіс-тәсілдері мен технологияларын меңгеру, педагогикалық шеберлік элементтерін меңгеру ретінде қарастырылады және мұғалімнің жаңашылдықты іздеуі және енгізуі, қайта құруы және кәсіби-тұлғалық тәжірибесін дамытуы негізінде кәсіби дамудың қозғаушы күші болып табылады. Осыған орай тұрақты мониторинг негізінде, педагогтердің әдістемелік қиындықтары мен қажеттіліктерін анықтау арқылы өзін-өзі лайықты бағалау негізінде нақты педагогикалық мәнмәтінде қажетті және сұранысқа ие әдістемелік құзіреттілікті дамыту жүзеге асырылатын педагогтердің әдістемелік құзіреттілігін дамыту сапасын басқару міндеті ең өзекті және бірінші кезектегі міндет болып табылады. Бұл процесті мектептегі әдістемелік менеджмент деп атауға болады, өйткені мектептің әдістемелік жүйесін басқарудың тиімді инновациялық әдіс-тәсілдері мен нысандары негізінде мұғалімдердің инновациялық кәсіби дамуын, сонымен қатар жалпы білім беру процесінің сапасын арттыруды жүзеге асыруға болады.


2018 жылғы TALIS зерттеу есебінде «мектептегі білім сапасы оның мұғалімдерінің сапасынан жоғары болуы мүмкін емес» деп тұжырымдалған, яғни бірінші кезектегі міндет мұғалімдердің кәсіби әлеуетін арттыру болып табылады. Бұл тұжырым әсіресе мектептегі білім беруді жаппай реформалауды енгізу кезеңінде өзекті болып отыр. Осы тұрғыдан алғанда, барлық мүдделі тараптар мен ресурстарды тарту негізінде мектепте әдістемелік жұмыстың барабар жүйесінің құрылуы және қызмет атқаруы маңызды болып табылады. Жетекші ғалымдар мен практик мамандардың пікірінше, қазіргі уақытта мұғалімдердің кәсіби дамуының басым бөлігі мұғалімдердің кәсіби проблемаларын айқындайтын және жаңа тәжірибелерді қолданысқа енгізетін көшбасшы мұғалімдер өткізетін мектепішілік кәсіби даму болып табылады (TALIS 2018).
Мектеп басшылары мен жетекші мұғалімдер жүзеге асыратын мұғалімдерге әдістемелік қолдау бағыттарын қарастырмас бұрын, даму режимі бар мектептердегі әдістемелік жұмыс жүйесінің сипаттамалық ерекшеліктеріне тоқталайық.
Даму тәртібінде қызмет атқаратын мектептерде педагогикалық инновацияларды енгізу тұрақты түрде жүзеге асырылады, сондықтан әдістемелік жұмыстың мазмұнуда. Мұғалімдер қосымша және бейінді білім беру бойынша оқу бағдарламаларын әзірлеу мен апробациялауға, тәрбие жұмысы жүйесін дамытуға, оқу-әдістемелік құралдар мен дидактикалық ресурстарды дайындау мен басып шығаруға қатыса отырып, ғылыми- әдістемелік қызмет шеңберінде мақсатты түрде ұйымдастырылатын инновациялық процеске тартылады. Бұл жағдайда мектеп басшылары мұғалімдердің ғылыми-әдістемелік жұмысының сапасын басқарудың жаңа, жетілдірілген жүйесін жобалау негізінде ғылыми- әдістемелік жұмысты басқарудың тиімділігін арттыру үшін үздіксіз жұмыс жүргізеді.
Педагогикалық менеджменттің қазіргі теориясы мен тәжірибесінде әдістемелік қызмет пен әдістемелік жұмысты басқарудың немесе әдістемелік менеджменттің өзара байланысты үш деңгейі қарастырылады (1-кесте):

    1. басқару-әдістемелік;

    2. оқу-әдістемелік;

    3. ғылыми-әдістемелік (Т.И. Шамова, 1991; М.М. Поташник, 2001)




  1. кесте. Мектептегі әдістемелік қызмет пен әдістемелік менеджменттің деңгейлері






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет