«мектепті басқарудағы инновациялық менеджмент» орта



бет1/62
Дата25.11.2023
өлшемі0,67 Mb.
#126709
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62
Байланысты:
Оқу құралы 5-модуль





«МЕКТЕПТІ БАСҚАРУДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ» ОРТА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫ БАСШЫЛАРЫНЫҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ КУРСЫНЫҢ
БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ


5-МОДУЛЬ
МЕКТЕП ПЕДАГОГТЕРІНІҢ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРУ


ОҚУ ҚҰРАЛЫ


5-МОДУЛЬ. МЕКТЕП ПЕДАГОГТЕРІНІҢ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРУ




Мақсаты: білім беру ұйымдарының инновациялық дамуы жағдайында педагогтердің ғылыми-әдістемелік және зерттеу жұмысын басқару саласында мектеп басшыларының кәсіби құзыреттілігін дамыту.


Модуль міндеттері:





  1. әдістемелік менеджмент тәсілдемелерін зерделеу және мектептің инновациялық дамуы жағдайында педагогтердің ғылыми-әдістемелік құзыреттілігін дамыту моделін әзірлеу;

  2. педагогтердің зерттеу қызметін іске асырудың ұйымдастырушылық-педагогикалық және әдіснамалық аспектілерін қарастыру және педагогтердің зерттеу құзыреттілігін диагностикалау мен дамытудың құралдары мен әдістерін анықтау;

  3. мектепте педагогтер жүзеге асыратын Сабақты зерттеуді ұйымдастыру және іске асыру тәсілдері мен әдістерін зерделеу;

  4. мектепте педагогтер іске асыратын Іс-әрекеттегі зерттеуді ұйымдастыру және іске асыру тәсілдері мен әдістерін зерделеу.



Күтілетін нәтиже:





  1. педагогтердің кәсіби дамуының ағымдағы жағдайына талдау және рефлексия жүргізеді және мектептің инновациялық дамуы жағдайында педагогтердің ғылыми-әдістемелік құзыреттілігін дамытудың авторлық моделін әзірлейді;

  2. педагогтердің зерттеушілік құзыреттілігінің даму деңгейін анықтау үшін диагностикалық құралдарды таңдап, педагогтердің зерттеушілік қызметін іске асырудың ұйымдастырушылық-педагогикалық және әдіснамалық шарттарын талдайды;

  3. Сабақты зерттеуді тиімді ұйымдастыру және жүзеге асырудың ұйымдастырушылық- басқарушылық тәсілдері мен әдістерін анықтайды;

  4. Іс-әрекеттегі зерттеуді тиімді ұйымдастыру және жүзеге асырудың ұйымдастырушылық-басқарушылық тәсілдері мен әдістерін анықтайды.

Бұл оқу құралы орта білім беру ұйымдарының басшыларына арналған «Мектепті басқарудағы инновациялық менеджмент» педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру курсы аясында құрылған «Мектеп педагогтерінің әлеуетін арттыру» модулінің оқу- әдістемелік кешенінің (ОӘК) бөлігі болып табылады.


Оқу құралы теориялық материалды өз бетінше зерттеу үшін де, аудиторияда жұмыс істеу үшін де, практикалық тапсырмаларды орындау кезінде қашықтықтан оқыту аясында да қолданыла алады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет