Стратегияны әзірлеудегі «оқып-үйрену» тәсілі. Компанияның стратегиясы мен саясаты үздіксіз жүретін процестер ретінде қарастырылады. Бизнес-жоспарлар үнемі өзгеріп отырады, пайда болатын факторларды ескере отырып жетілдіріледі.
«Партисипативтік»басқарусаясаты. Ұйым қызметкерлері компанияның стратегиясы мен саясатын әзірлеуге қатысады.
Ақпараттық ашықтық. Ақпарат сыйақы немесе жазалау үшін негіз ретінде емес, не болып жатқанын түсіну үшін, дұрыс шешімдер қабылдау мақсатында көбірек пайдаланылады.
Ұйымның қызметін есепке алу және бақылау.Есепке алу, бюджеттеу және талдау жүйелері әрбір қызметкер өзінің иелігіндегі ресурстар үшін жауапкершілікті сезінетіндей етіп құрылады.
Икемді сыйақы тетіктері. «Сыйақы» ұғымы еңбекке ақы төлеуден гөрі кеңірек ұғымда қарастырылады. Сыйақы тағайындаудың басты принципі – қызметкердің ұйым қызметінің ортақ нәтижелеріне қосатын үлесі.
Қызметкерлергемүмкіндіктерберетінқұрылым. Ұйым бөлімшелері мен элементтерінің басқа "шекаралары" қажет болған жағдайда өзгертуге болатын уақытша құрылым ретінде қарастырылады. Ұйымдағы лауазымдар мен рөлдер эксперимент жүргізу және даму үшін жағдай жасалатындай етіп бөлінеді.
Қоршаған ортаны әрдайым тексеріп отыру(«сканерлеу»). Әр қызметкердің міндетіне ұйымнан тыс жерде не істеліп жатқаны туралы ақпарат жинау кіреді. Қызметкерлердің әр жиналысында компаниядан тыс оқиғалар қарастырылады.
Ұйымның және онымен байланысты топтардың бірлескен жобалары. Ұйым қызмет ұсынушылармен және тұтынушылармен серіктестік қатынастар қалыптастырады және бірлесе оқу мүмкіндігін жіберіп алмай, тұтынушылармен бірлескен жобаларды жүзеге асыруда бастамашы болады.