Жоғары, орта және кіші буын менеджерлері: директордың орынбасарлары, кафедра меңгерушілері, тәлімгерлер,
үйлестірушілер, коучтер, әдістемелік бірлестік басшылары және пән мұғалімдері, көшбасшы мұғалімдер, педагог-тәрбиешілер
Жұмыс мазмұны
Мектептің әдістемелік бірлестіктері, аттестаттау және әдістемелік комиссиялар, кәсіби білім беру қоғамдастықтары шеңберіндегі тактикалық басқару. Білім беру процесін іске асыру, оқу-тәрбие қызметін қысқа мерзімді жоспарлау, білім беру процесін бақылау және басқару, мұғалімдермен және барлық мүдделі тараптармен бірлескен жұмыс. Сыныпта оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру. Сыртқы және ішкі келіссөздер жүргізу. Мектептен тыс ұйымды таныстыру. Тактикалық әдістемелік менеджмент: тактикалық жағдайды модельдеу (проблеманы айқындау); мақсат қою, шешім қабылдау және жоспарлау; ынталандыру; ұйымдастыру және орындау (стратегияны іске асыру); білім беру процесінің тактикасына бақылау және түзетулер енгізу; өзін-өзі талдау және рефлексия; өз тәжірибесін ғылыми-әдістемелік тұрғыдан зерттеу. Тәжірибелік зерттеулер жүргізу.
Операциялық әдістемелік менеджмент (басқару) бес элементтің (құзыреттің) болуын қарастырады: жағдайды басқару тәсілін таңдау және модельдеу құзыреті; шешім қабылдау құзыреті; ынталандыру құзыреті; ұйымдастыру және орындау құзыреті (тактиканы іске асыру); бақылау құзыреті және білім беру процесінің тактикасына түзетулер енгізу. Мектеп, мектептер желісі, аудан, қала, облыс, ел деңгейінде Іс-әрекеттегі зерттеу, Сабақты зерттеу, кейс-стади және басқа да ғылыми-әдістемелік қызмет түрлерін жүргізу. Ғылыми- әдістемелік қызметті іске асыру мәселелері бойынша коучингтер мен семинарларды ұйымдастыру және жүзеге асыру. Әріптестердің тәжірибесін зерттеу және педагогикалық рефлексияны жүзеге асыру, сондай-ақ ғылыми-әдістемелік қызметтің топтық түрлері мен нысандарына қатысу. Мұғалімдер өздерінің ғылыми-әдістемелік тақырыбын кәсіби қызмет аясында бір сынып, бірнеше сынып және мектеп деңгейінде анықтайды. Білім беру процесі мен ғылыми- әдістемелік қызметті ұйымдастыру және іске асыру мәселелері
бойынша тәлімгерлік бағдарламаларға, тренингтер мен семинарларға, шеберлік сыныптары мен коучингтерге қатысу.
Жауапкершілік
Сыныпта білім беру процесін тікелей жүзеге асыру және ұйымдағы нақты педагогикалық міндеттерді шешу үшін жауапкершілік
Жұмыс ерекшеліктері
Шиеленіс және үздіксіздік;
жағдаяттық және іс-қимылдың әртүрлілігі;
педагогикалық қызметті атқару мен білім беру процесін басқарудың икемділігі;
шешім қабылдау үшін уақыттың тығыздығы;
әріптестермен және барлық мүдделі тараптармен тығыз қарым- қатынас;
қызмет бойынша тұрақты рефлексия және тәжірибені зерттеу
Мектептегі әдістемелік қызмет түрлерінің сипаттамасынан көрініп тұрғандай, әдістемелік қызметтің ең ауқымды көлемі ғылыми-әдістемелік қызмет деңгейінде байқалады. Осыған байланысты мұғалімдердің әдістемелік қызметінің әдіс-тәсілдерін қайта қарау және басқару қажеттілігі туындайды.
Әдістемелік жұмысты ғылыми-әдістемелік жұмыс мәртебесіне ауыстыру үшін ғылыми-әдістемелік жұмысты мектепішілік басқару объектісі ретінде теориялық тұрғыдан түсіну, ғылыми-әдістемелік жұмысты басқару тұжырымдамасын толық негіздеу және бірқатар өзекті басқару технологияларын, мысалы, мектептегі ғылыми-әдістемелік жұмысты дамыту және бақылау технологияларын әзірлеу қажет.
Даму тәртібінде жұмыс істейтін мектептер педагогикалық инновацияларды әзірлеу және тәжірибеге енгізу арқылы білім беру процесінің проблемаларын шешуге ұмтыла отырып, әдістемелік жұмысты ғылыми-әдістемелік мәртебеге объективті түрде аударады.
Ғылыми-әдістемелік жұмыс мектепте жаңашылдықтар мен инновацияларды енгізуге ықпал етуге бағытталады (Н.В.Гладик, 2005).
Ғылыми-әдістемелік жұмыс педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттырудағы қажеттіліктерін қанағаттандырып қана қоймай, сонымен қатар көбінесе инновациялық дидактикалық және әдістемелік шешімдерді әзірлеу және практикаға енгізу арқылы белгілі бір мектептегі білім беру процесіне тән дербес мәселелерді шешеді.
Қазіргі мектептегі ғылыми-әдістемелік жұмыстың келесі міндеттері ерекшеленеді:
білім алушыларды оқыту мен тәрбиелеудің анағұрлым тиімді стратегияларын, технологиялары мен әдістерін зерттеу және оқу процесіне енгізу;
ғылыми білімді үнемі жаңартып отыру мен инновациялық практикалық дағдыларды дамыту және оларды практикаға енгізу;
педагогтердің кәсіби қоғамдастығында оқу-әдістемелік және ғылыми- әдістемелік жұмыс тәжірибесімен алмасу және озық педагогикалық тәжірибені қолданысқа енгізу;
ғылыми-әдістемелік іс-шараларға белсенді қатысу;
ғылыми-әдістемелік материалдар мен ресурстарды әзірлеу (Е.А. Шакутко, Н.Г. Санникова, 2010)
Ғылыми-әдістемелік жұмыстың тиімді іске асырылуы мен дамуы тиісті басқарушылық қолдауды қажет ететіні анық. Мектеп басшылары үшін мынадай мәселе негізгі мәселе болып табылады: