Мектептің ғылыми-әдістемелік жұмысын басқарудың тиімділігі:
Мектептегіғылыми-әдістемелікжұмыстыбасқарутиімділігініңкритерийлері: Ұйымдастыру және басқару тиімділігі.
Ғылыми-әдістемелік құзыреттілікті және кәсіпқойлықты дамытудың мақсатқа жету тиімділігі (мұғалімнің құзыреттілігін дамыту бойынша қызмет; біліктілік деңгейінің өзгеруі; кадрлар тұрақсыздығын бағалау).
Әлеуметтік-психологиялық тиімділік (әлеуметтік-психологиялық ахуал деңгейі және мектеп мәдениеті; мотивация деңгейі).
Ресурстық және технологиялық тиімділік (ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және басқару; мектептегі ғылыми-әдістемелік жұмысты дамыту; білім алушылардың үлгерімі және білім сапасы; педагогтердің уақыт сұранысқа ие білім беру технологияларын меңгеру дәрежесі; мектептің білім беру бағдарламасын іске асыруда бағдарламалық, әдістемелік және ресурстық қолдау сапасы; эксперименттік инновациялық қызмет).
ҒӘЖ басқарудың тиімділігі ғылыми-әдістемелік және технологиялық қолдауды дамыту негізінде білім беру процесінің нәтижелерін келесі бағыттар бойынша жоғарылату ретінде анықталады:
Ғылыми-әдістемелік жұмысын ұйымдастыру және басқару (жалпы білім беру мекемесінің жарғысы; мектепті дамыту бағдарламасы; мектептің білім беру бағдарламасы; педагогикалық кеңес хаттамалары; тәжірибелік-эксперименттік жұмыс бағдарламалары; "Ғылыми-әдістемелік кеңес туралы мектепішілік ереже"; "Әдістемелік бірлестік туралы мектепішілік ереже"; ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және басқару жөніндегі мектепішілік нормативтік құжаттар; ғылыми-әдістемелік жұмысты басқарудың ұйымдық құрылымы; ғылыми-әдістемелік жұмыс және оны басқару жөніндегі басқарушылық шешімдерді қабылдау технологиясы (бұйрықтар, жылдық жоспар, шешімдер); педагогтер мен оқушылардың ғылыми-әдістемелік жұмысты; ғылыми-әдістемелік жұмысты ақпараттық қамтамасыз етуді басқаруға тартылуы).
Мектептегі ғылыми-әдістемелік жұмыстың дамуын басқару (білім алушылардың үлгерімі және білім сапасы; педагогтердің кәсіби құзыреттілік деңгейі; педагогтердің жоғары
сұранысқа ие білім беру технологияларын меңгеру дәрежесі; мектептің білім беру бағдарламасын іске асыруда бағдарламалық-әдістемелік қолдау сапасы).
Педагог кадрлардың кәсіби дамуын басқару (педагог кадрлардың сандық және сапалық құрамы; педагогтерді аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу; педагогтердің құзыреттілік деңгейі; педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру формалары; педагогтердің кәсіби құзыреттілігін жүйелі арттыру үшін жағдайлардың болуы; жас мамандармен ғылыми- әдістемелік жұмыс; педагогтердің, басқару органдары, ғылыми-әдістемелік жұмыстың құрылымдық бөлімшелері басшыларының әдістемелік оқытылу және кәсіби жетістіктер деңгейі; педагогтердің зерттеу қызметіне қатысуы; озық тәжірибені зерделеу, жинақтау және тарату нысандары).
Мектептің қолайлы әлеуметтік-психологиялық ахуалы мен мәдениетін дамытуға бағытталған ғылыми-әдістемелік жұмысты басқару (педагогикалық ұжымдағы психологиялық жайлылық; мұғалімдердің еңбегін моральдық және материалдық тұрғыдан ынталандырудың қазіргі жүйесі; мұғалімнің әлеуметтік мәселелерін шешу; мұғалімдерді дамытуға және өзін-өзі дамытуға ынталандыру; ғылыми-әдістемелік жұмысты басқару стилі; мектеп мәдениеті; мектеп ұжымының құндылықтары мен дәстүрлері жүйесі). (Гладик Н.В., 2005).
Жоғарыда айтылғандай, мектептегі ғылыми-әдістемелік жұмыс кәсіби оқыту қоғамдастықтарының, желілік қоғамдастықтардың, әдістемелік кабинеттің онлайн ортасының, мұғалімдердің әдістемелік бірлестіктерінің, шығармашылық топтар мен мұғалімдердің жоба командаларының қызметі шеңберіндегі жұмыс арқылы жүзеге асырылады. Осы құрылымдық бөлімшелердің жұмыс жоспарлары мектептің ғылыми-әдістемелік жұмыс жоспарын, белгілі бір уақыт кезеңінде мектепте қалыптасқан жағдайды, мұғалімдердің жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін, мұғалімдердің бейімділігі мен мүдделерін, белгілі бір пәндерді оқыту ерекшелігін ескере отырып жасалады. Ғылыми-әдістемелік жұмыстың мазмұны мен формалары мектеп жұмысының бағыттарына сәйкес анықталады.
Мектепте жүзеге асырылып жатқан ғылыми-әдістемелік жұмыс бағдарламалары педагогикалық инновацияларды іске асыруға, сондай-ақ білім беру процесіне инновациялық технологияларды енгізуге, педагог кадрлардың біліктілігін арттыруға бағытталған.
Педагогтердіңғылыми-әдістемелікжұмысжүйесініскеасырумынадайқағидаттарғасүйенудікөздейді: