«мектепті басқарудағы инновациялық менеджмент» орта


-сурет. Lesson Study процесін ұйымдастыру және іске асыру



бет32/62
Дата25.11.2023
өлшемі0,67 Mb.
#126709
түріБағдарламасы
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   62
Байланысты:
Оқу құралы 5-модуль

10-сурет. Lesson Study процесін ұйымдастыру және іске асыру


Сабақты зерттеуді (Lesson Study) жүргізуді шешкен мұғалімдердің алғашқы қадамы- зерттеу фокусын анықтау болып табылады (Lewis, C., & Tsuchida, T. 1998;


Dudley, P. (2011 a).
Мұғалімдер зерттеу сабақтарына назар аударумен келіскеннен кейін, сабақты жоспарламас бұрын, алдын-ала зерттеу жүргізу керек (Takahashi & Yoshido, 2004). Бұл зерттеу қолданыстағы оқу материалдарын, оқыту әдістерін, соңғы зерттеулерді
(әдебиеттерге шолу), сондай-ақ оқушылар туралы ақпаратты (олардың алдыңғы білімі мен оқыту әдістері) қоса алғанда, сабақтың тақырыбына байланысты әртүрлі аспектілерді қамтиды.
Бұл циклдің келесі бөлігі - сабақты жоспарлау. Сабақтар "әдетте бір немесе бірнеше әріптестермен бірлесіп мұқият жоспарланады" (Lewis & Tsuchida, 1998, p. 14). Ұлыбританияда қолданылатын Сабақты зерттеу моделінде (Dudley, 2011a) жоспарлау әдетте, кемінде үш оқушыны ескере отырып жасалады — олар мұғалімдердің қызығушылығын танытатындар оқушылар немесе жай ғана оқытылудың үш деңгейі (жоғары, төмен, орташа) болуы мүмкін.
Зерттеу сабағын жоспарлағаннан кейін, сабақты зерттеу тобы сабақ өткізетін топтағы мұғалімді анықтайды, ал қалғандары зерттеу жоспарында көрсетілген сұрақтарға ерекше назар аудара отырып, сабақты бақылап, жазып алуы керек. Қазіргі уақытта, озық технологиялар арқасында сабақты жазу оңай және дәл орындалуы мүмкін. Алайда, Такахаши мен Йошидо (2004, 441-бет) атап өткендей, "зерттеу сабағында сыныптың табиғи атмосферасын құрметтеу әрқашан басымдыққа ие". Сабақты зерттеудің анағұрлым құнды аспектілерінің бірі - қадағалау барысында оқытушылар оқытуды емес, оқушылардың оқуына пікір айтуға (жазуға) тиіс, бұл оқытудан оқуға шоғырлануға көмектеседі (Perry and Lewis, 2009; Ylonen & Norwich, 2013; Dudley, 2015). Сонымен қатар, Сабақты зерттеу аясында оқытуға назар аударуды оның мұғалімдер арасында танымал болуының негізі ретінде қарастыруға болады, өйткені мұғалімдер әріптестерінің сынынан қорықпайды, себебі сабақ жоспары бірлесіп дайындалған (Dudley, 2015). 2.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет