Мектепмәдениеті – қызметкерлердің басым бөлігі мойындайтын, ұйым қызметінің миссиясын және даму стратегиясын анықтайтын, әлеуметтік нормалар, құндылықтар және сенімдер.
Мониторинг – объектінің жалпы жай-күйі туралы пайымдау үшін осы объектіні сипаттаудың негізгі (айқын немесе жанама) белгілерінің/параметрлерінің аз санын жинау/тіркеу, сақтау және талдау жүйесі. Яғни, оны сипаттайтын белгілердің аз мөлшерін талдау негізінде объект туралы тұтастай шешім қабылдау.
Мұғалімдердің желілік қоғамдастығы– мұғалімдердің Интернет желісі арқылы кәсіби қоғамдастыққа бірігуі, бұл оларға тәжірибе алмасып, өздерінің біліктілік деңгейі мен кәсіби құзыретін арттыруға мүмкіндік береді.
Мұғалімдердіңкәсібиқоғамдастығы – кәсіби даму, оқуды жетілдіру және әріптестермен тәжірибе алмасу мақсатында көзбе-көз және сырттай өзара әрекеттесу, жеке кездесу, хат алмасу, бірлескен іс-шаралар өткізу арқылы ортақ мүдде, мақсаттармен байланысқан мектеп, мектептер тобы, аудан, облыс, аймақ, ел, әлем мұғалімдерінің бірлестігі. Көшбасшы мұғалімдер бастаған зерттеулер мен инновациялар негізінде өздерінің оқыту мен оқу тәжірибелерін тиімді дамытуға арналған өріс.
Мұғалімнің көшбасшылығы– әкімшілік міндеттермен шектеліп қалмайтын және мұғалімге әкімшілік өкілеттік пен жауапкершілікті жүктеуді көздемейтін, керісінше мұғалімнің мектептің оқыту мен оқу тәжірибесіне өзгеріс енгізуге бастама жасауды және мәртебесінің қандайлығына қарамастан бұл өзгерістерге қолдау көрсетуді өз еркімен таңдауын білдіретін қызметі. Мектеп тәжірибесін зерттеуші, коуч, тәлімгер, мұғалімдердің желілік қоғамдастығын құруға бастама жасаушы рөлін орындау үшін өзіне жауапкершілік ала отырып, мұғалім өз сыныбынан тыс жерде де мектеп мәдениетін арттыруға, оқыту мен оқу үдерістерін жетілдіруге, мектептегі ахуалдың сапалық тұрғыдан өзгеруіне ықпал ететін көшбасшыға айналады.
Педагогикалықменеджмент – бұл педагогикалық жүйелерді басқарудың принциптері, әдістері, ұйымдастырушылық формалары мен технологиялық әдістерінің жиынтығы, олардың жұмыс істеуі мен дамуының тиімділігін арттыруға бағытталған.