«мектепті басқарудағы инновациялық менеджмент» орта



бет58/62
Дата25.11.2023
өлшемі0,67 Mb.
#126709
түріБағдарламасы
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   62
Инновациялық менеджмент – бұл басқару барысында пайда болатын инновацияларды, инновациялық процесті және қатынастарды басқару жүйесі. Инновациялық менеджмент келесі негізгі тармақтарға негізделген: осы инновацияның
негізі болып табылатын идеяны іздеу; осы инновацияны құрудың инновациялық процесін ұйымдастыру; бұл идеяны инновацияға айналдыру бойынша ұйымдастырушылық және техникалық жұмыстар кешенін жүргізуді қамтиды; шығармашылық көзқарасты және қызмет субъектілерінің белсенді әрекеттерін талап ететін инновацияны іске асыру процесі.
Коуч – әріптестеріне нақты тақырыптар тұрғысынан өзінің кәсіби білімін, білігін және дағдыларын жақсартып, жетілдіруге көмектесетін тренер, маман, сарапшы. Бұл үшін коуч білім алушы не істеу керектігін түсініп, қалаулы нәтижеге қол жеткізуге көмектесетін тәсілдерді өз бетінше анықтауға жағдай жасайды.
Коучинг – әріптестердің құпия, белсенді және жасампаз өзара әрекеттестік үдерісі. Оның барысында қолданыстағы оқыту тәжірибелерін бірлесіп ойластыру, идеялармен алмасу, коуч тарапынан рефлексиялық диалогке тарту негізінде әріптестер өз жұмысының жекелеген салаларын жетілдіру, оларды тереңірек дамытып, анағұрлым жоғары сапалық деңгейге көтеру және іске асыру жөнінде шешім қабылдау мақсатында кәсіби білімін, игерген дағдылары мен тәжірибесін жетілдіреді. Коучинг үдерісі тәлімгерлік үдерісімен байланысты: коучинг нақты тақырып бойынша әріптесінің кәсіби мүмкіндіктерін ашуға бағытталса, тәлімгерлік оған жүйелі, жан-жақты кәсіби қолдау көрсетуді көздейді.
Көшбасшылық – топтың, қауымның, қоғамның бір мүшесі (көшбасшы) нақты жалпы мақсатқа қол жеткізу үшін басқаларды ұйымдастырып, бағыттайтын әлеуметтік- психологиялық үдеріс.

  • Бейресми көшбасшылық – көшбасшы өзінің жеке қабілеттері мен әріптестерінің мойындауының арқасында әлеуметтік ортадағы (ұйымдағы, қоғамдағы) өзара әрекеттестік пен оның қарқынына ықпал ететін көшбасшылық түрі.

  • Бөлінген көшбасшылық – көшбасшының өзі басқаратын ұйымда көшбасшылық мәдениетін енгізу мақсатында көшбасшылық өкілеттіктерді басқаларға бөлуді және ұйымды дамыту мәселелерін бірлесіп шешуді көздейтін көшбасшылық түрі.



  • Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет