«мектепті басқарудағы инновациялық менеджмент» орта



бет59/62
Дата25.11.2023
өлшемі0,67 Mb.
#126709
түріБағдарламасы
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   62
Байланысты:
Оқу құралы 5-модуль

Оқытушы көшбасшылық – мектептегі оқыту мен оқу сапасын арттыру мақсатында мектеп директоры қабылдайтын немесе директор мектеп қоғамдастығының басқа мүшелеріне жүктейтін іс-шаралар кешенін көздейтін көшбасшылық түрі. Оқытушы көшбасшылық оқыту мен оқуды жетілдіру мақсатында анық мақсат қоюды, оқу бағдарламасын басқаруды, сабақты жоспарлаудың мониторингін жүргізуді, ресурстарды анықтап, мұғалім жұмысына эвалюация жүргізуді көздейді.

  • Ресми көшбасшылық – лауазымы бойынша көшбасшыға әлеуметтік ортадағы жағдайға ықпал етуге кең мүмкіндік (мәртебе, құзырет, жауапкершілік) берілген көшбасшылық түрі.

  • Cтратегиялық көшбасшылық – ұйым табысты жұмыс істеу үшін оның мақсаты мен ұстанымдарын, негізгі стратегияларын, оңтайлы құрылымын, даму бағыттарын, қажетті ресурстары мен анағұрлым тиімді үдерістерді анықтайтын көшбасшылық түрі.

  • Трансформациялық көшбасшылық – ұйымды дамыту тұжырымдамасына, оның стратегиясы мен мәдениетіне, өндірісі мен қолданатын технологияларына өзгеріс енгізуді көздейтін көшбасшылық түрі. Трансформациялық көшбасшылық «материалдық емес мәселелерге»: ұйымның келешегіне, жалпы құндылықтары мен жаңа идеяларына бағдарланған.



    Бағамдау (эвалюация) жоспары – мақсатқа қол жеткізілуін, өзгерістердің прогресін қадағалауды және жоспарды жүзеге асырудың табыстылығын тексеруді көздейтін мектептің даму жоспарының құрамдас бөлігі.

    Мектептің есептілігі –


      1. мектепті басқаруға қатысты ережелер мен нормаларды сақтау;

      2. мектеп қызметін қадағалаушы органдар алдындағы есептілік;

      3. сыйақы, жаза шаралары мен күтілетін нәтиже арасында байланыс орнату.

    Мектепішілік бақылау - кәсіби шеберлікті жетілдіру және дамыту мақсатында педагогтерге әдістемелік көмек көрсетуге бағытталған іс-шаралар кешені; педагогикалық процестің тиімділігін арттыруға бағытталған әкімшілік пен педагогикалық ұжымның өзара іс-қимылы; білім беру процесінің жалпы мемлекеттік талаптарға сәйкестігін белгілеу бойынша педагогтар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен бірлесіп басшылардың қызмет түрі.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   62




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет