Мен үшін жаңалық: формативті бағалаудың жұмысын қалай жасап бағалауды түсіндім. Сабақтарға қатысу барысында тағы анықталған кедергі сабақ барысында қолданылатын кейбір әдістердің жиі қайталануы, жаңаша әдістердің аз қолданылуы. Осы кездескен кедергі бойынша ағылшын тілі пәні мұғалімдерімен бірлесе отырып «Сыни тұрғысынан ойлауға арналған әдіс тәсілдер» тақырыбында шебер-сынып өткізілді. Шебер-сынып барысында «Түсініксіз жағдай», «Бауырсақ», «Таңда да, таста», «Frayer», рефлексия Раdlet тақтасында «Әріптер сөйлейді» әдісі арқылы жүргізілді. Осы шебер сыныптатың тағы бір ерекшелігі әр әдісті көрсету кезінде 3d макетін жасап шығару арқылы бағаланады.
Осы шарада «Бауырсақ» әдісі арқылы топқа бөлудің тиімділігі, топты салфетка түстеріне қарай топқа бөлу, себебі оқушылар арасында түстер арқылы топқа бөліну жиі кездеседі, ал «Бауырсақ» әдісі арқылы кездейсоқ топтар құруға мүмкіндік болды. Екінші тиімді әдіс «Frayer» әдісі, топтық жұмыс барысында мәтінмен жұмыс кезінде тапсырманы толық орындау мен негізгі түйінді идеяны табуға тиімділігі байқалды.
«Әріптер сөйлейді» әдісі барысында, төмендегі сұрақтарға 1.Бүгін қандай көңіл-күймен келдіңіз? 2.Қандай көңіл күймен қайтіп барасыз? 3.Бүгінгі шебер сыныпта қолданылған әдіс-тәсілдер сізге қажет болдыма? 4.Бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз? таңдалған әріптерге байланысты сөздермен жауап беру оқушылардың қызығушылығы мен еркін сөйлеу дағдыларын дамытуға мүмкіндік тудырады деген ойдамын. Осы шебер-сынып «Ауыл мектептері арасында педагогикалық идеялар мен тәжірибелер алмасу» тақырыбында өткен тәжірибелік алаңында ағылшын тілі пәні мұғалімдері М.Баракова мен Г.Касенованың жетекшілігімен жетекші мектептер арасында іс-тәжірибе ретінде таратылып, қатысушылардан оң кері байланыс алынды.
Бірлескен оқу – өзара іс-әрекет жасау философиясы, ал бірлескен жұмыс соңғы нәтижеге немесе мақсатқа жетуге ықпал етуге бағытталған өзара әрекеттің құрылымы болып табылады. Бірлескен оқу сыныпта пайдаланатын әдіс қана емес, жеке философия болып табылады. Адамдар топтарға бірлескен барлық жағдайларда топтың жекелеген мүшелерінің қабілеті мен іске қосқан үлесі құрметтеліп, ескерілетін, адамдармен жұмыс істеудің басқа тәсілі орын алады. (МАН 86 бет)
Мектептегі тәжірибе кезеңінде өткізілген іс-шаралар арқылы бірлескен жұмыстың тиімділігін көре алдық, атап айтқанда осы іс шараларда ағылшын тілі пәні мұғалімдері белсенділік танытты және осы бірлестікте көшбасшы мұғалімдер анықталды, осы топтың жекелеген мүшелерінің байқалмай жүрген қабілеттері ашылды, яғни адам қандай да бір істі жасар кезде өзіне жан-дүниесі жақын адамдар болған кезде бірлескен жұмыс, ынтымақтастықта іске асатыны байқалды.
Тәлімгерлік жұмыс бойынша мұғалімнің іс-тәжірибесін жетілдіру үшін міндетті түрде теориялық білім қажет екендігі байқалды, тәлімгерлік жұмыс практикалық тапсырмалар өз деңгейінде іске аспай қалды, алдағы уақытта тәлімгерлік жұмыс өз деңгейінде жалғасын табады.
Өз пәнім бойынша «Биология сабағында сөйлем шаблондары арқылы оқушылардың өз ойын ғылыми тілде жеткізу дағдыларын қалай дамытуға болады?» тақырыбында іс-әрекетті зерттеу жұмысын бастадым. Тізбектелген сабақтар барысында топтық, жұптық жұмыстарда бағалау критерийлері арқылы оқушылардың бірін бірі бағалау жұмыстары жүргізілуде. Үй тапсырмасына Менің ойымша ........, Себебі........., Өйткені........ атты сөйлем шаблондары арқылы эссе жазу жұмыстары ұйымдастырылуда, бірақ нәтижелер әлі байқалмады. Алдағы уақытта сабақ барысында «Файер» әдісі мен мен ашық сұрақтарды қолданып зерттеуді әрі қарай жалғастырамын.
Мұғалімдер мен мектептерге ынтымақтастық жасау қажет және осы үшін кәсіби қоғамдастықтар күшті ұйымдастырушылық нысан болып табылады. Оқытуға бағытталған мектепаралық кәсіби қоғамдастықтар білімге негізделген және оқыту тәжірибесіне енгізілген нақты өзгерістердің негізі болып табылады». (МАН 100-бет)