Қазақтың жарық жұлдызы Қазақтың жарық жұлдызы Абылайды хан көтерген шешен, батыр Қанай би екен. Ал Қанай бидің текті ұрпағы Мәлік Ғабдуллин. 1915 жылы Көкшетау облысы, Зеренді ауданы Қойсалған ауылында дүниеге келген. 1929 жылы Көкшетауда жеті жылдық қазақ мектебінде оқыған. Қазір осы оқу орны №3 қазақ орта мектебі Батыр Мәліктің есімімен аталады. И.В. Панфилов бастаған даңқты 8-ші гвардиялық дивизия құрамында Мәскеу іргесіндегі шайқаста қаһармандық көрсетіп Мәлік бастаған автоматшылар ротасы тастай түйіліп 200 фашисті жер жастандырады. Мәліктің өзі 2 танкіні жойып жібереді. Осындай ерлігі үшін Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Соғыста қазақтың батыр қызы Мәншүк Мәметоваға қамқоршы аға болады. Мәншүктің қазасынан кейін Мәскеуге барып «Мәншүк Батыр атағын алмаса, мен өз «Алтын Жұлдызымды» беруге дайынмын» - деп оған Батыр атағын алып бергені үлкен мақтаныш. Ерлігі үшін «Қызыл Жұлдыз», І-дәрежелі Отан соғысы ордені және «Москваны қорғағаны», «Германияны жеңгені», «Венаны алғаны » үшін медальдарымен марапатталды.
Қазақтың жарық жұлдызы Көкшетауда Мәлік Ғабдуллиннің мұражайы халқымыздың қасиетті ордасына айналды. Биыл Мәліктің Ғабдуллиннің туғанына 100 жыл ел Президенті Н.Ә. Назарбаев мұражайда өзінің қолтаңбасын қалдырып батыр рухына тағзым етті. Біз 3-сынып оқушылары сынып жетекшіміз Имаканова Кульмайра апаймен бірге Көкшетау қаласындағы мұражайға бардық. Батырдың туған жерінен топырақ әкелініп, мұражайға салтанатты түрде қойылыпты. Батыр жас кезінде жазушысы Сәбит Мұқанов, ақын Жамбыл Жабаевтан тәлім алған. Майданда Төлеген Тоқтаровты өзіне баулыған ұстазы болған екен. «Қобыланды батыр» жырын зерттеп кандидаттық диссертациясын қорғаған. Көкшетау қаласында жыл сайын «Қобыланды батыр» жырынан жоғары сынып оқушылары сайысып, жеңімпазы батырдың ескерткішіне «Мәңгілік от алауын» жағады екен.
Біз бүгінгі ұрпақ Мәлік Ғабдуллин сынды асыл да, абзал тұлғаның өз туған елі мен халқы үшін, жалпы адамзат игілігі үшін жасаған жанқиярлық ерлігі мен өлшеусіз еңбегінің алдында мәңгілік қарыздармыз. Сол мәңгілік қарыздардың бір өтеуі оның ерлігін үнемі айтып, үлгі тұтып отырамыз.