3. Каналдағы су шығыны және онымен күресті жобалау Суғармалы жерлердегі ең көп көңіл бөлетін жайт- каналдардағы су шығыны. Кейбір жерлерде бас сағадан алынған судың 40-42% суғармалы жерге жетпей жол бойы жоғалып отырады.
Су шығыны көп жағдайларда мыналарға байланысты, атап айтқанда:
- суғармалы жердің топырақ құрамына;
- жер асты суының деңгейіне;
- каналға түсетін тасынды қоқымының құрамына;
- каналдың техникалық жағдайына, ұзындығына, суғару технологиясына және каналдағы су деңгейіне т.б.
Суғару жүйелеріндегі су шығынынын үш топқа бөлуге болады:
1. канал түбіне сіңу( сүзілу)-30-35%;
2. техникалық ( ұйымдастыру)-10-15%;
3. булану( эвапотранспирация)-2-3%.
Суғармалы жүйелерді пайдалану жұмысын дұрыс ұйымдастырып жүргізген жағдайда, су шығынының соңғы екі түрінің мәнін төмендетуге болады. Қазіргі кезде су шығыны өте жоғары. Мысалы, Қазақстанда-50%, АҚШ-та-30-40%, Индияда-40-50% құрайды екен.
Су шығыны тұрақты жұмыс істеп тұратын каналдарда мезгілді жұмыс істейтін каналға қарағанда төмен болады. Жаңа салынған каналда су шығыны көп болады да, кейінгі жылдары төмендей бастайды.
Каналдағы су шығынын көрсету үшін пайдалы әсері коэффициентін қолданған жөн.
ПӘК= Qнт / Qбр, (1)
Бұл жерде: Qнт – каналдын соңындағы таза су өтімі,/с;
Qбр –каналдың басындағы брутто су өтімі, /с.
Ал суғармалы жердің пайдалы әсер коэффициенті
ПӘК =Wп/Wбр, (2)
Бұл жерде: Wп- таза пайдаланған су мөлшері, ;
Wбр- жалпы су көзінен алынған су мөлшері, .
Сонымен қатар суғармалы жерлердің ПӘК коэффициентін сол жердегі жекеленген каналдардың ПӘК-ін біріне –бірін көбейту арқылы да табуға болады.
ПӘК= ПӘКмаг* ПӘКшар* ПӘК уч (3)
Каналдағы су шығынын анықтау үшін әр түрлі тәсілдер қолданылады.
Каналдағы су шығынын пайыз (%) түрінде анықтау:
Qш= (4)
Бұл жерде: -1км канал ұзындығындағы су шығыны, %; оның мәнін мына теңдеумен табады:
(5)
Бұл жерде, А және коэффициенттері топырақ құрамына байланысты.
Өте аз су өткізгіш топырақта-А=0.7: =0.3.
Орта су өткізгіш топырақта -А=1.9: =0.4.
Өте көп су өткізгіш топырақта-А=3,4: =0,5.
- каналдың басындағы су өтімі, /с.
- каналдың ұзындығы, км.
Каналдың көлденең қимасының көрсеткіштері белгілі болса, Павловскийдің теңдеуін пайдаланады.
1км каналдың ұзындығына (6)
Бұл жерде: – топырақтың су фильтрациялық коэффициенті;
- каналдың таза су өтімі,/с;
В-каналдағы су деңгейінің ені,м;
Һ- каналдағы судың тереңдігі, м.
Топырақтың су фильтрациялық коэффициентінің мәні төмендегідей қабылданады:
-ауыр салмақты топырақта- =0.01-0.05м/тәулік;
- орта және жеңіл салмақты топырақта-=0.05-0.1м/тәулік;
- құмдық топырақта-=0.1-0.25м/тәулік;
- құм-=0.5-1.0м/тәулік.
Каналдағы су шығынының ең аз мәні гидравликалық радиус R=1 болғанда және су ағу жылдамдығы көбірек юолғанда байқалады.
Танап каналдағы су шығыны көбінесе суғару жұмысын ұйымдастыруға байланысыты болад. Танап каналының ПӘК-ін мына теңдеумен анықтайды:
Ƞ=, (7)
Бұл жерде: км канал юойындағы су шығыны,;
- бір мезгілде жұмыс істеп жатқан танап каналдардың ұзындығы, км.
Каналдағы судың буланып ұшып кететін шығыны.
E=0.016*h*I (a+2φ), /с, 1 км канал ұзындығына,
Бұл жерде: h- каналдағы судың тереңдігі, м;
I- буланып ұшу, м/тәулік;
φ – канал қабырғасының ұзындығы, м;
Каналдан судың сүзілуі. Сүзілу дегеніміз- жер бетінен төмен қарай түтікшелер арқылы грунттың табиғи бойына ағуын айтады. Сүзілудің екі түрі болады: еркіндік сүзілу және тежеулі сүзілу. Каналдағы судың төмен қарай сүзілуі грунт түріне, жерасты суының жатқан деңгейіне байланысты және каналдың жұмыс істеу мерзіміне жібереді. Судың сүзіліп жоғалуы канал құын жоғарылатып жібереді. Себебі қандай жағдай болса да есепті суды беру керек. Сонымен қатар айналаға зақым тигізуі мүмкін.( екінші рет тұздану, батпақтану).
Еркінді су сүзілуі. Тынымсыз жұмыс істеп тұратын каналдар үшін су жоғалуды төмендегі теңдеулермен есептейді:
b/h<4 ;
b/h>4 ;
Парабола немесе полигональді каналдар үшін.
(8)
Бұ теңдеулерде: - сүзілген су өтімі, /с, 1 км канал бойына;
К – грунттың сүзілу коэффициенті, м/тәу;
В,в,һ-каналдағы су бетінің ені, түбінің ені, су тереңдігі, м
– өзгеру коэффициенті. Оның мәні төмендегідей қабылдайды.
Көлбеуі
,5
b/h
2
3
4
2
3
4
2
3
4
0,98
1,0
1,14
0,78
0,98
1,04
0,62
0,82
0,94
А- канал бүйірінен сүзілген су ағыны. Оның мәнін 5,22- кесте бойынша анықтайды.
5.22-кесте. Канал пішініне байланысты оның бүйірінен сүзілген су ағыны коэффициенті.(А)
В/h
5
6
7
10
12,5
15
20
1
1,5
2
3,0
2,5
2,1
3,2
2,7
2,3
3,4
3,0
2,7
3,7
3,2
2,9
3,9
3,4
3,1
4,0
3,6
3,3
4,2
3,9
3,6
5.23-кестеде Канал қаптауына байланысты грунттан су сүзілу коэффициенті келтірілген.
5.23- кесте. Грунттың су сүзілу коэффициенті.
Грунт және оның қапталу түрлері
, м/тәулік
Ауыр салмақты сары боз топырақ
Орта және жеңіл салмақты сары боз топырақ
Құмдық
Майда құм
Майда тасты құм
Орта тасты құм
Бетонды канал
Темірбетонды
Асфальтті
Батпақ экранды немесе пленкамен қапталған