Мелиорациялық шаралар


Суғару желісі, Суғару желісінің негізгі элементтері



бет4/12
Дата17.10.2022
өлшемі11,31 Mb.
#43553
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Саймасай отчет

2. Суғару желісі, Суғару желісінің негізгі элементтері
Суғару желісі – бұл суды су көзінен суғару алабына тасымалдап жеткізуге және жеке шаруашылықтарға бөлуге, осы шаруашылықтардың ішіндегі суғару телімдеріне таратып беруге арналған суғару каналдарының немесе құбырлардың жүйесі.
Суғару желісі төмендегідей негізгі элементтерден тұрады: магистральдық канал немесе құбыр, олардың тармақтары, әр түрлі реттегі жабық немесе ашық шаруашылық аралық, ішкі шаруашылық және телімдік каналдар. Жеке бір жағдайларда суғару желісінде кейбір элементтердің болмауы мүмкін, мысалы, оқ арықтардың.
Суғару желісін төрт типте жобалайды. Ашық – жер арнасында жамылғымен немесе жамылғысы, науалы – әр түрлі пішіндегі науалардан; құбырлы – жабық; қиыстырылған – каналдардан және құбырлардан.
Жер бетінің көлбеулігіне байланысты жер арнасындағы каналдарда көлбеулік 0,0005-тен кіші болғанда; науалы каналдарды – 0,002...0,0005; қиыстырылған желіні – 0,002...0,003 көлбеулікте; құбырлы желіні көлбеулік 0,003 үлкен болғанда қолданады.
Суғару желісі тұрақты, жартылай тұрақты, уақытша және жылжымалы болуы мүмкін.
Жобаларда суғару желісінің конструкциясын әртүрлі нұсқаларды техника – экономикалық салыстырудан кейін қабылдайды.
Суғару желісінің ауыл шаруашылық дақылдарын суғаруға арналған суды өз мерзімінде беруді қамтамасыз етуін ескере отырып жобалау қажет. Сонымен қатар суғару желісінің жер пайдалану коэффициентінің, пайдалы әсер коэффициентінің мәндері жоғары болуы, ауыл шаруашылық машиналары және механизмдері жоғары өнімділікпен толығымен пайдаланылуы тиіс.
Суғару каналдарының белгіленуі. Ашық магистральдық каналдар және олардың тармақтары келесі ретпен белгіленеді: МК, 1-МК, 2-МК т.т; жабық магистральды құбырлар – МКр, 1-МКр, 2-МКр т.т. Аймақтық маңызы бар ірі каналдарға жеке атау беріп белгілейді, мысалы, Ертіс – Қарағанды, Үлкен Алматы каналы.
Тарату және суғару каналдарын К әріпімен белгілейді, мұнда таратқыш каналдардың әріптік белгісінің алдына сандық индекс қойылады, ал суғару каналдарында, керісінше, сандық индекс әріптік белгіден кейін қойылады. Бір реттегі каналдың нөмірін екінші реттегі каналдың нөмірінен нүкте арқылы бөледі. Мысалы, 1,2,3 реттегі ашық таратқыш каналдарды тиісінше белгілейді: 1-1К, 1-1.1К, 1-1.1.1К, жабық құбырларды 1-1Кр, 1-1.1Кр, 1-1.1.1Кр.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет