4 тақырып.
МЕМЛЕКЕТТІҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ МӘНІ
1. Мемлекеттіц тусінігі жэне белгілері
2. Мемлекеттік билік әлеуметтік биліктің ерекше туріретінде.
3. Мемлекеттің мәні
1.
Мемлекеттің түсінігі жэне белгілері.
Мемлекет - бұл ар-
найы басқару және мәжбүрлеу аппараты бар, когамның өкілі бола
тұра, оны басқаратын және оның дамуын қамтамасыз ететін, бұқа-
ралық биліктің саяси-аумақтық, егеменді ұйымы.
Мемлекетті рулык қүрылымдағы әлеуметтік биліктен ажыра-
татын төмендегідей белгілері болады:
1. Бүқаралық биліктің болуы. Міндетті түрде
мемлекеттің бас-
қару және мәжбүрлеу аппараты болуы тиіс, себебі, бұқаралық
билік -б ұ л шенеуніктер, әскер, полиция, түрме мен баска да меке-
мелер.
2. Аумақтық бөлініс. Мемлекет өз аумағында өмір сүруші бар-
лык адамдарды өз билігімен және қорғау арқылы біріктіреді.
3.
Салықтар жүйесі. Олар мемлекеттік аппараттың емір сүруін
қамтамасыз ету үшін қажет.
4. Егемендік. Бүл мемлекетке тэн өз аумағындағы үстемдік пен
халықаралық қатынастардағы тәуелсіздік.
5. Қүқықтың болуы. Мемлекет кұқықсыз өмір сүре алмайды,
себебі, қүқық мемлекеттік билікті заңдастырады.
2.
Мемлекеттік билік әлеуметтік биліктің ерекше түрі ре-
тінде.
Мемлекеттік билікке сипаттама берместен бұрын әлеу-
меггік билікке анықтама берігі алу кажет.
Әлеуметтік билік - бұл
адамдарың кез-келген бірігуіне тән үстемдік пен бағынушылық
қатынастары, бұл кезде бір түлғалардың - билік құрушылардың -
еркі мен әрекеттері баска тұлғалардың - бағынушылардың - еркі
мен әрекеттеріне үстемдік күрады. Әлеуметтік билік кез-келген
үйымдасқан, белгілі бір дәрежеде тұрақты адамдар тобына - руға,
тайпаға,
отбасына, қоғамдық үйымға, партияға, мемлекетке, қо-
f амға және т.б. тән.
Мемлекеттік билік әлеуметтік биліктің ерекше бір түрі ретінде
көрініс табады. Бұл мемлекеттік мәжбүрлеуге сүйенген, субъек-
тілер арасындағы үстемдік жэне бағынушылық сипаттағы бүқа-
ралык-саяси қатынас. Мемлекегтік биліктің ерекшеліктері:
1. Бұкаралык билік. Ол бүкіл қоғамның,
халықтың атынан
қызмет етеді жэне өз қызметінде бұқаралық негізге - қазына
мүлкіне, өз кірістеріне, салықтарға ие.
2. Аппараттык билік. Ол аппаратқа, мемлекеттік органдар
жүйесіне сүйенеді және олар арқылы жүзеге асырылады.
3. Заң қолдайтын билік. Сол себепті, ол аппарат пен заң
нормаларының көмегімен елдегі барлық халық үшін
міндетті
сипатты иеленеді.
17
4. Егеменді билік-ол кез-келген биліктен дербес жэме тәуелсіз.
5. Зандастырылған билік. Яғни, ол заңды негізді және қоғам-
дык тануды иеленген.
Мемлекетте еңбек бөлінісі болған жағдайда ғана, яғни, ерекше
қызмет түріне негізделген дербес билік түрлері қалыптасқан
жағдайда ғана, мемлекеттік биліктің тиімділігі артады. Мұндай
биліктің үш түрі бар:
заң шыгарушы билік, атқарушы билік және
сот билігі.
3.
Мемлекеттіц мәні. Мемлекеттің мэнін түсіну мемлекет
және қүқық теориясының негізгі міндеттерінің бірі болып табы-
лады. Мемлекеттің мәні - бүл оның мазмүнын, мақсаттарын,
қызмет етуін анықтайтын басты қасиеті. Мемлекеттің мәнін бүл
түсініктің кең және тар мағынасында анықтауга болады.
Кең мағынада мемлекеттің әлеуметтік мәнін биліктік-саяси
үйымдасқан қоғам, күқықтық зандарға бағынған
көптеген адамдар
бірлестігі ретінде анықтауға болады. Мұндай бірлестіктердің тү-
тастыгы сәйкес мемлекеттік-қүқықтық институттар мен қатынас-
тарда көрініс тапқан бұқарапық-биліктік құрылымдар не-гізінде
қапыптасады.
Тар мағынада мемлекеттің әлеуметтік табиғатын қоғамнан
бөлектенген, жекелеген класстар мен әлеуметтік топтардың да,
қоғамның да муддесін білдіруші әрі қорғаушы басқару аппараты,
бүқаралық биліктің эртүрлі мекемелерінің жүйесі
ретінде анық-
тайды.
Жогарыда аталғандардың негізінде, мемлекеттің мәнін қарас-
тыруда екі аспектіні ескерудің маңызы зор:
1) формальды - кез-келген мемлекеттің саяси биліктің ұйымы
екендігі;
2) мазмұнды - осы үйымның кімнің мүдделеріне қызмет
ететіндігі.
Мемлекеттің мэнін анықтауда келесі бағыттарды атап өтуге
болады:
класстық, бұған сәйкес мемлекетті экономикалық үстемдік
қүрушы топтың саяси билігінің ұйымы ретінде анықтауға болады;
жалпы
әлеуметтік, бүған сәйкес мемлекетгі әртүрлі класстар
мен әлеуметтік топтардың мүдделерін ескеру үшін жағдай жасай-
тын саяси биліктІң ұйымы ретінде анықтауға болады.
Сонымен, мемлекетгің мәні саяси билік аппаратының көме-
гімен қоғамның тұтастығын және қалыпты қызмет етуін қамта-
масыз етуден көрінеді.
18