Мемлекет және қуқықі теориясы Оцу ццралы


Мемлекеттің пайда болу себептері



Pdf көрінісі
бет11/75
Дата23.12.2023
өлшемі7,78 Mb.
#143136
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   75
2. Мемлекеттің пайда болу себептері. 
Мемлекеттің пайда бо- 
луы туралы мэселе даулы болып табылады, себебі, этнография 
жэне тарих ғылымдары оның пайда болуы туралы күннен-күнге 
жаңа мәліметтер беруде. Мемлекеттің пайда болу себептері тура­
лы бІрқатар теориялар бар, олардың негізгілері болып мыналар 
табылады:
1. Діни теория - мемлекеттің, мемлекеттік биліктің пайда 
болуының қүдайлық бастамасын негізге алады, «барлық билік 
құдайдан» деген тұжырымдаманы бекітіп, жақтайды. Өзінің діни 
мазмүнына қарамастан, бүл теория бірқатар шынайы жағдайларды 
көрсетеді, нақты айтқанда, алғашқы мемлекеттердің теократиялық 
нысандарын-абыздар билігін, 
шіркеудің ролін, діни жэне 
экімшілік орталықтар арасындағы билік бөлІнісін. Бүл теорияның 
көрнекті өкілдерінің бірі - Фома Аквинский.
2. Патриархалды теория - мемлекетгің пайда болуын отба- 
сымен байланыстырады, ал мемлекет басшысының билігін отбасы 
мүшелерінің алдындағы әке билігінен туындатады. Бүл теория 
патшаның шексіз билігін негіздеуге бағытталған, ал бүд биліктің 
қайнар көзі ретінде қүдайды емес, отбасындағы әкенің, пат- 
риархтың шексіз билігі орын алган отбасы нысанын таниды. Бүл 
теория Грецияда пайда болтан, өз негіздемесін Аристотельдің 
еңбектерінен иеленсе, өз дамуын ағылшын ғалымы Филмердің ең- 
бектерінен тапты.
3. Шартты теория - XVIІ-Х
VIII 
ғасырларда кеңінен таралған. 
Оны жақтаушылардың қатарынан Голландияда Гуго Гроций мен 
Спиноза, Англияда Д.Локк пен Т.Гоббс, Францияда Ж.-Ж.Руссо,
13


Ресейде А.Радищев орын апды. Мысапы, А.Радищевтің ойынша, 
билік халыққа тиесілі, алайда ол мемлекет басшысына берілген 
жэне омы халық бақылауы тиіс. Шарттық теорияға сәйкес, мем­
лекет шарт нәтижесі ретінде пайда болады, оның катысушылары 
болым адамдар табылады, олар шарттың негізінде өз босган- 
дықтарының, өз билігінің бір бөлігін мемлекетке береді.
4. ЬСүштеу теориясы - мемлексттің пайда болу мегізі ретінде 
күштеу әрекетін, бір халықтың екінпіі халықты жаулауын тамиды. 
Жауланған халықтың үстінен билікті бекіту үшін, оған күштеу 
жүргізу үшін мемлекет құрылады. Күштеу теориясы XIX ғасырда 
пайда болды, оның өкілдері - Л.Гумплович, К.Каутский, Е.Дюримг.
5. Психологиялық теория - мемлекеттің пайда болуын адам 
психикасының коріиістерімен: бағыну қажеттігімен, елікгеумен, 
алғашқы кауымдық қоғамның жоғарғы топтарына тәуелділікті 
сезінумен, белгілі бір әрекет түрлерінің әділдігін түсінумен және 
т.б. байланыстырады. Психологиялық теорияның өкілдерінің қата- 
рынан Л.Петражицкий мен Г.Тардты атауға болады.
6. Органикалық теория. Бұл теорияның өкілдері Г.Спенсер, 
Вормс, Х.Прейс мемлекетті ағза ретінде түсіндіреді. Оның бө- 
ліктері арасындағы тұрақты байланыстар гірі ағзаның бөліктері 
арасындағы байланысқа теңестіріледі, яғни, мемлекет - биология- 
лык дамудың бір түрі ретінде көрініс табатын әлеуметтік даму 
өнімі. Биологиялық ағзаның бір түрі ретінде мемлекегтің өз миы 
(басшы) мен оның шешімдерін жүзеге асыру құралдары (халық) 
болады.
7. Ирригациялық теорияға сәйкес мемлекеггердің алғашқы қа- 
наушы мысандарының пайда болуы шыгыстык аграрлық аймақ- 
тардағы ірі ирригациялық құрылыстарды жүргізу қажеттігімен 
байланысты. Бұл теория қазіргі кездегі неміс ғалымы К.-А.Вит- 
тфогельдің еңбектерінен айрықша көрініс тапқан.
8. Материалистік теория - мемлекеттің пайда болуын әлеумет- 
тік-экономикалық факторлармен, яғни, жеке меншіктің пайда 
болуымен және қоғамның таптарға бөлінумен, байланыстырады. 
Бүл теорияның өкілдері - К.Маркс, Ф.Энгельс, В.И.Ленин -
мемлекет бір таптың екінші таптың үстінен үстемдігін сақтау жэне 
бекіту, қоғамның біртүтас агза ретінде өмір сүруі мен қызмет 
етуін қамтамасыз ету мақсаттарында пайда болған деп санайды.
3. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет