функциясы болады.
Қандай да болсын қоғам түрлі таптар мен əлеуметтік топтардан тұрады.
Кейбір елдерде, мысалы Қазақстанда, көптеген ұлттар тұрады. Олардың
арақатысын реттеу – негізінен, мемлекеттің міндеті. Оларға қамқорлық
жасауды, олардың арасындағы қатынастарды, пайда болатын қайшылықтарды
реттеу, шешу, жөнге салу, тек қана мемлекеттің қолынан келетін іс. Ол ұшін
мемлекетте күш те, қаражат та, басқа да мүмкіндіктер бар. Осыған сəйкес
мемлекет əлеуметтік функция атқарады. Егер де мемлекеттің осы қызметі кең
өріс алып, үздіксіз жүргізілетін болса, оны əлеуметтік мемлекет дейді.
Осы заманғы мемлекеттердің бəрінде де ең маңызды қызметтер
экологиялық қызмет болып табылатындығын атап өтуіміз керек. Осылай көңіл
бөліп атап көрсетуіміздің себебі адамзат баласының қазіргі кездегі тіршілік ету
əрекетінің қоғамдық масштабта табиғатқа теріс ықпал жасауынан туындап
отыр. Мысалдар келтірсек, адамзатты, табиғатты бүлдіру шектен шығуда.
Атмосфераның, судың, топырақтың ластануы қатерлі сипат алып бара жатыр,
адамды қырып-жоюдан алапат құралдарының жинақталған қорлары бəрі
жиналып адам айтқысыз жойқын проблемаларды туындатып отыр.
Чернобыль атом электростанциясының; ядролық апатының өзін еске алсақ
та, мұхиттар мен теңіздердегі атом сүнгуір қайықтарындағы апаттарды еске
алмасақ дəрісіміз мысалсыз жалаң, яғни дəлелсіз болады. Мысалы, Баренц
теңізінде 2000-шы жылдың тамыз айында болған Ресейдің "Курск" атом
сүңгуір қайығының апатқа ұшырауы, Каспий теңізінің ластануы салдарынан
Каспий итбалығының (тюлень) жаппай қырылуы, Арал теңізінің тартылып,
оның құрғап қалған орнынан ұшқан тұзды тозаңдардың Канадаға дейін жетіп
жауын-шашынмен жаууы алапат апат емей немене, осы сияқтыларды тізбектей
берсе адам баласына төнген қауіптің орасан зор екеніне көз жеткіземіз.
Осы аталғандардың бəрі адам тіршілігінің нəтижесі. Басқаша айтканда,
осындай əрекеттер жер бетіндегі бүкіл тіршілік иелерінің өміріне қауіп
төндіруде.
Қандай қоғам болса да ғылымсыз, білімсіз, мəдениетсіз өркендеп, дами
алмайды. Бұл салада да мемлекет зор қызмет атқаруы керек. Мысалы,
Қазақстан мемлекетінде мемлекеттік ғылыми-зерттеу, білім беру, мəдениет
мекемелері бар. Оларды мемлекет қаржыландырып, жұмысын реттеп,
басқарып, бағыт беріп отырады. Мемлекеттік емес оқу, мəдениет орындарының
жұмысын заң жүзінде реттеу арқылы оларға да əсер етеді. Демек, мемлекеттің
30
ғылымды, білім беруді, мəдениетті басқарып, дамытып отыратын функциясы
болады.
Аталғандар мемлекеттің ішкі функциясына жатады. Мемлекет басқа
мемлекеттермен түрлі, сан алуан қатынастарға түседі. Алдымен мемлекет
өзінің тəуелсіздігін, егемендігін, аумағының түтастығын басқа елдердің қол
сұғуынан қорғауға, сақтауға əрекет жасайды. Ол өзінің шекарасын бекітеді,
күзетеді. Сол үшін қажетті қарулы күштер құрады, басқа мемлекеттермен
осыған байланысты шарттар жасасады. Осы міндеттерді атқару мемлекеттің
өзін-өзі қорғау функциясы деп аталады.
Мемлекеттер бір-бірімен экономикалық, сауда, мəдени, ғылыми, саяси,
құқықтық, т.б. түрлі қатынастарда болуға талпынады. Мұндай қатынастар тең
негізде қалыптасатын болса əр елдің дамуына қолайлы жағдайлар туғызады.
Осы салада мемлекеттің басқа елдермен қатынас жасау функциясы жүзеге
асырылады.
Бейбітшілікте, тыныштықта өмір сүру үшін мемлекеттер өзара келісім-
шарттарға отырады, əскери одақтар кұрады, т.с.с. əрекеттер жасап отырады.
Қазіргі тарихи жағдайда соғыс, əскери шиеленістер адамзаттың өмір сүруіне
шексіз кауіп төндіруде. Сондықтан адамгершілік жолмен дамығысы келетін
мемлекеттер соғыстың алдын алу əрекеттерін жасауға тырысады. Демек,
мемлекетке бейбітшілік функциясын атқару да тəн көрініс болу керек.
Осы айтылғандар мемлекеттің сыртқы функциясына жатады.
Аталған мемлекеттің ішкі жəне сыртқы функциялары түрлі жолдармен,
тəсілдермен жүзеге асырылады. Олар екі топқа бөлінеді: 1) құқықтық; 2)
ұйымдастырушылық.
Құқықтық тəсілге жататындар: заң, басқа да нормативтік құкықтық актілер
жасау, жедел орындау, іздестіру қызметі, құқық қолдану қызметі, құқық қорғау
қызметі. Ұйымдастырушылық тəсіліне жататындар: ұйымдастыру-реттеу
қызметі, экономиканы ұйымдастыру қызметі, ғылымды, білім беруді
ұйымдастыру қызметі, əскери-ұйымдастыру қызметі.
Дегенмен, осы аталған көзқарастар кеңінен таралмағанын ескере отырып
мемлекет қызметтерін жіктеудің төмендегідей түрін ұсынып отырмыз.
Достарыңызбен бөлісу: |