Мемлекеттің мəні мемлекеттің басты тағайыны, осы құбылыстың басты



бет9/22
Дата10.02.2022
өлшемі78,29 Kb.
#25229
түріҚұрамы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22
Байланысты:
МҚТ

Пысықтау сауалдары
1. Мемлекеттік органның түсінігін анықтаңыз. Олардың кұзыреттері  қаңдай болады?
2. Мемлекеттік органдар құрылымдарына қарай қалай бөлінеді?
3. Мемлекеттік органдар қызмет өкілеттіктері сипаттары бойынша қалай
жіктеледі?
4. Мемлекет органдары құзырларын іске асыруы бойынша қалай жіктеледі?
СӨЖ-на арналған тапсырма
ҚР Конституциясының 1-5, 40, 41, 50-52, 77-баптарына талдау жасай отырып, онда көрсетілген
қағидаларды табыңыз.
Алтыншы тақырыпМЕМЛЕКЕТ НЫСАНЫ (ФОРМАСЫ)
Мемлекет нысаны туралы ұғым
Мемлекет  нысаны  туралы  ұғым  ең  маңызды  мазмұндық  сипаттама  болып
саналады. Методологиялық (əдіснамалық) жағынан  алып  қарағанда  мұның
маңызды екенінде сөз жоқ.
Мемлекет  нысаны  деп  мемлекеттік  билікті  ұйымдастыру  мен  оның
құрылымын айтады.
Мұнда маңызды мəселе: мемлекет нысаны теория жүзінде ғана емес, оның
практикалық  саяси  мəніннің  жоғары  дəрежеге  дейін  көтерілуі. Мемлекеттегі
биліктің  қалай  ұйымдастырылып, қалай  жүзеге  асырылып  жатқандығынан
мемлекеттік  басшылықтың  нəтижелілігі, басқарудың ұтымдылығы, үкіметтің
мəртебелік  беделі  мен  қадірінің  дəрежесі  жəне  оның  тұрақтылығы, елдегі
заңдылық пен құқықтық тəртіптің ахуалы, жайы мен күйі көрініп тұрады. Міне,
мемлекет  нысаны  мəселесінің  аса  маңызды  саяси  аспектісінің  осыларға
байланысты болып келетін себебі осы.
Арнайы құзыретті органдар (Бас прокуратура)
Құзырлардың іске асу ретіне байланысты
Алқалы (Үкімет)
Дара басшылық (Президент)
Ұйымдық-құқық қызметтері түрлеріне байланысты
Биліктері толық болатындары
Биліктері шектеулі болатындары

38
Мемлекет  нысаны, яғни  мемлекеттік  биліктің  құрылымы, оны


ұйымдастыру  мағынасы  жағынан  алып  қарағанда  əртүрлі  аспектілер  түрінде
көрінеді. Біріншіден - бұл мемлекет пен басқарудың жоғарғы органдарын құру
жəне  ұйымдастырудың  белгіленген  тəртібі. Екіншіден - бұл  мемлекеттің
аумақтық құрылысын жасаудың тəсілі, орталық регионалдық жəне жергілікті
билік пен басқарулардың өзара қатынастарын белгілеудің тəртібі. Үшіншіден –
бұл мемлекеттік (саяси) билікті  жүзеге  асырудың  əдістері, амалдары  мен
жолдары.  Сонымен  мемлекет  нысаны  негізгі  үш  элементтен, атап  айтқанда:
мемлекетті  басқару  нысаны, мемлекеттің  құрылым  нысанынан  жəне
мемлекеттік, саяси режим нысанынан синтезделеді (түзіледі). Осы көрсетілген
мемлекет нысаны жөніндегі түсінік бірден қалыптаспаған. Ұзақ уақыттар бойы
бұл түсінік басқару нысаны мен мемлекеттік құрылым нысанынан тұрады деп
есептелініп жүрді де, кейінірек оған саяси режим, саяси өзгермелілік (динамика
да) те қоса қарастырылатын болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет