Мемлекеттік бала-бақшадағы тәрбие жұмысын ұйымдастыру ерекшелігі


Оқу – тәрбие процесін басқару. Оқу тәрбие процесін бақылауды ұйымдастыру



бет50/70
Дата07.01.2022
өлшемі1,13 Mb.
#19759
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   70
Байланысты:
МДОТдип жұм №2

Оқу – тәрбие процесін басқару. Оқу тәрбие процесін бақылауды ұйымдастыру.

Қазіргі заманғы мектепте нақты педагогикалық қызметте іске асыруға болатын орасан зор педагогикалық тәжірибе жинақталған, бірақ олардың бәрі бірдей қолданыла бермейді, өйткені көптеген мұғалімдер мен басшыларда ол тәжірибені зерттеу және қолдану қажеттілігі қалыптаспаған, сол сияқты ол тәжірибелерді таңдау мен талдаудың дағдысы мен іскерлігі жетісе бермейді.



Мұғалімдер нақты іс-әрекетінде өзінің, сол сияқты әріптесінің де педагогикалық тәжірибесіне талдау жасаудың қажеттілігіне мән бермейді.
Педагогикалық тәжірибе көпшілік және озық болуы мүмкін. Озық педагогикалық тәжірибе тарихилығымен ерекшеленеді. өйткені әрбір жаңа кезеңде мектептің материалдық, әдістемелік, кадрлық және басқа да мүмкін-діктерінің кеңеюімен педагогикалық қызметтің жаңа талаптары пайда болады. Сонымен бірге озық тәжірибе педагогика ғылымы мен практикасының қазынасын үнемі толықтырушы, жаңартушы қызмет те атқарады. Озық педагогикалық тәжірибені жасау және таратуда мұғалімнің позициясы үлкен рөл атқарады, сондықтан нақты тәжірибенің жетекші ережелеріне талдау жасап, оны қолдануға кіріскенде субъективті факторлардың ықпалын ескеру арқылы оның нәтижесі мен педагогикалық ұжымға кірігуіне болжам жасау қажет. Педагогикалық тәжірибеде объективті және даралық құндылықтар бір-бірімен астасып жатады, бірақ педагогикалық қызметтегі даралық ерекшеліктердің бәрі бірдей көпшіліктің игілігі бола алмайды. Тек жеке тұлғаның жаңа тәжірибе жасауға ықпал жасайтын бірегей және қайталанбас ерекшелік-тері ғана назарға алынады. Озық педагогикалық тәжірибе бұқаралық негізде қалыптаса отырып, объективті педагогикалық заңдылықтарды игерудің деңгейін де танытады (Ю. К. Бабанский). Озық педагогикалық тәжірбиенің бір түрі болып есептелетін жаңашылдық пен зерттеушілік педагогикалық тәжірибе сезімдік тәжірибелерден теориялық талдау және жинақтауға алып баратын басқыш сияқты. Жаңашылдық пен педагогикалық зерт-теудің бірегей үлгісін көрсеткен Ресейдің И. П. Волков, Т. И. Гончарова, И. П. Иванов, Е. Н. Ильин, В. А. Кериновский, С. П. Лысенкова, Р. Г. Хазанкин, М. П. Шетинин, П. М. Эрдинов, Е. А. Ямбург және т.б. ғалымдар мен педагогтардың тәжірибелі мұғалім қауымының игілігіне айналды.
Мұғалім қызметінің инновациялық бағыттылығының екінші құрамды бөлігі - психологиялық-педагогикалық зерттеулердің нәтижесін педагогикалық қызметтің практикасына ендіру. Педагогика мен психология бойынша ғылыми зерттеудің нәтижелері уақытылы хабардар ету мүмкіндігі болмағандықтан мектеп қызметкерлеріне белгісіз болып қалады.
Педагогикалық зерттеудің нәтижелерін практикаға енгізу үшін практикалық қызметкерлердің алынған нәтижелермен арнайы танысады, оны іске асырудың орындылығын, сол арқылы осы негізде ғылыми зерттеу нәтижесін практикада қолдануға деген қажеттілік анық-талатындығы В. Е. Грурман, В. В. Краевский, П. И. Керташева, М. Н. Скаткин және басқа ғалымдар арнайы еңбектерінде атап айтылған. Мамандар тарапынан жедел әдістемелік көмек көрсету арқылы бұл ғылыми ұсыныстарды іске асыру әдістері мен тәсілдерін игеруге болады.
Осыған байланысты жаңа педагогикалық идея мен технологияның насихатшысы және таратушысы кім болады деген сұрақ туындайды. Жеке мұғалімнің, мектептің тәжірибесін, ғылыми зерттеу мен таратуды мектеп директорының ғылыми істер жөніндегі орын-басары немесе оқу ісінің меңгерушісінің жетекшілігімен жан-жақты дайындалған мұғалімдер тобы жүргізуі тиіс.
Бұндай топты құрудың қажеттігі бірқатар жағдайларға байланысты.

Біріншіден, педагогикалық жаңалықтың немесе түбірлі педагогикалық идеяның, технологияның авторы, оның құндылығы мен перспективалығын аңғара бермейді.

Екіншіден, қосымша уақыт және т.б. қажет етеді деп ол өзінің идеясын іске асыруға көбіне құлшына кіріспейді.

Үшіншіден, жаңалық автордың баяндауында жүйелі ғылыми және әдістемелік негіздеме таба алмауы мүмкін.
Төртіншіден, автор инновациясы және оны іске асыру жолдары туралы баяндағанда өзінің немесе әріптестерінің жеке тұлғалық ерекшеліктеріне байланысты мұғалім-әріптестері тарапынан ''кері тебу'' реакциясына тап болуы мүмкін.

Бесіншіден, аталған топтың функциясы идеяны іске асырумен шектелмейді, сонымен бірге оны талдау және түзетумен де айналысады.

Алтыншыдан, бұндай топ педагогикалық мониторинг қызметін
атқарады - отандық және шетелдік баспасөз материалдары және жоғары оқу орнының тәжірибесі бойынша жаңа идеялар, технологиялар мен концепцияларды жүйелі түрде талдап, іріктеп отырады.
Педагогикалық жаңалықты практикаға енгізу қызметін басқару бұл жұмысқа автордың қатысуын жоққа шығармайды, қайта оның дербес шығармашылық мүмкіндіктеріне ынталандырып, қабілетін дамытуға қолайлы жағдай жасайды. Осылайша мектеп жағдайында педагогикалық инновацияны жасаушылар мен насихаттау-шылардың күші біріктіріледі. Нақты практикада инновациялық процестердің сипаты алынған нәтиженің мазмұнымен, енгізілуге тиісті жаңалықтың күрделілік деңгейімен, сол сияқты практиктердің инновациялық қызметіне дайындығының деңгейімен ерекшеленеді.
Мектептегі әдістемелік жұмысты басқару оның міндеттері, мазмұны және ұйымдық негіздің директоры, оның орынбасары ғана емес, мұғалімдер де анық та нақты ұғына алғанда барынша тиімді болады. Ал мектептегі әдістемелік жұмыстардың жалпы міндеттерін былайша тұжырымдауға болады: мектептік педұжымының педагогикалық тәжірибесін жүйелі түрде зерттеу, жинақтау және тарату, педагогика ғылымының жетістіктерін жұмысқа қолдану қызметінде инновациялық бағыттылықты қалыптастыру; мұғалімдердің теориялық (пәндік) және психологиялық-педагогикалық дайындық деңгейін көтеру; жаңа оқу бағдарламаларын, жоспарларын, мемлекеттік білім стандарттарын оқып,үйренуді ұйымдастыру; оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологиясы, түрлері мен әдістерін байыту; педагогикалық жұмыста белгілі бір қиындыққа кезіккен мұғалімдерге; педагогикалық білімі жоқ мұғалімдерге және т.б.

Мұғалімнің әдістемелік, инновациялық жұмысқа қатысуы соңғы нәтижеде оның жеке педагогикалық жүйесінің, дербес педагогикалық жұмыс стилінің қалыптасуына ұласады.


Әдістемелік жұмысты ұйымдастыру мектептің типі, оның орналасқан жері және т.б. жағдайларға байланысты түбірінен ерекшеленуі мүмкін. Бұндай жағдайда 50-ден 100-ге дейін оқушысы, 10-12 мұғалімі бар шағын комплектілі орта мектептерде едәуір қиындық кездеседі. Ауыл мектептерінің тәжірбиесі осындай бірнеше мектепті ірі ауыл мектебінің базасында құрылған әдістемелік бірлестікке топтастырудың тиімділігін көрсетіп отыр.
Мектепте әдістемелік жұмыстарды ұйымдастырудың негізгі түрлері. Мектепте әдістемелік жұмыстарды ұйымдастырудың түрлері өзгермелі болып келеді. Олар мынадай негізгі факторларға байланысты өзгеріп, жаңарып отырады.
Мектептегі педагогикалық тәжірбиені оқып үйрену, мұғалімдердің инновациялық белсенділігі, мектеп басшыларының әдістемелік жұмысты кәсіптік деңгейде іске асыруға дайындығы; мұғалімдердің арасындағы, мұғалімдер мен оқушылар арасындағы нақты жағдай.

Көптеген мұғалімдердің тәжірибесі, педагогикалық шығармашылық пен белсенді әрекеттің күрт бәсеңдеуі болашақ мұғалімдердің жоғары оқу орнында алған теориялық білімдерден соң мектептегі алғашқы жылдары бірден таза практикалық қызметпен айналысуынан туындайды. Сондықтан бұл кезеңде арнайы теориялық дайындықты үзбей оны практикада қолдану арқылы тереңдетудің маңызы зор. Жас мұғалім мектебі міне осы маңызды міндетті шеше алады.

 

Ата – аналармен жұмыс. Материалдық техникалық негізді нығайту. Шағын кешенді мектептердегі оқу – тәрбие жұмысын ұйымдастыру ерекшелігі.



Білім бұлағының көзін ашу бастауыш сыныптан басталады.Олай болса,бастауыш білім-үздіксіз білім берудің алғашқы бақшасы.
Шағын комплекті мектептің іс-әрекетін ұйымдастыру бірнеше типтерге бағытталған. Білім беру үрдісі бағытында шағын комплектілі мектептерді білім мазмұны,қолданылатын технологиялар және педагогикалық үрдісті ұйымдастыру ерекшілігі көрсетілді.Мен өзімнің оқыту технологиясына байланысты бастауыш сыныптарда жұмыстану бағдарламасын «Топтастыру» стратегиясы сараладым.
Сынып анықтау, қабілетті балалармен жұмыстану, күнтізбелік жоспар құру, журнал толтыру, тәрбие жұмысының жоспары, оқушылардың іс-қағаздары, арыз алу, күнделікті сабақ жасауға көмек, ата-анамен жұмыс.

Шағын комплекті мектепте қолданылатын технологиялар дамыта, даралап,саралап,ұжымдық, блок-модульдық оқыту әдістерін қолдануға болады. Шағын комплекті мектептерде педагогикалық процесті ұйымдастыру ерекше назарда болады.


Сыныптағы бала санының аздығынан сынып комплектісінің болуы, бір мұғалімнің басшылығымен бір бөлмеде екі сынып оқушылармен бір мезгілде сабақ өтуі, көп пәндік ерекшеліктері сақталады. Шағын комплектілі мектептерде бала, сынып сандарына,сыныптарды комплектілеуде,жоспарулау технологияларында сабақ кестесін жасауда үнемі өзгеріс болып тұрады.
Президентіміз Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында «Село-бұл халық өмірінің образы,мәдениеті мен дәстүрінің,салты мен рухани өмірінің қайнар көзі.Біз тек ауыл тұрғындары ғана кез-келген халықтың генетикалық белгісі болып табылатындығын ұмытпауымыз қажет»-деп көрсеткен.
Шағын комплекті мектептерде жұмыс істейтін мұғалімнің еңбегі бірнеше факторларға байланысты өзіндік ерекшеліктерге ие.
Мен өз тәжірибемде шағын комплектілі мектеп мұғалімдеріне көмекті төмендеі бағытта ұйымдастыруда жөн көрдім.
«Адамға ең бірінші білім емес,тәрбие беру керек,тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы»-деп ұлы ғұлама Әбу Насыр Әл-Фараби айқандай мұғалім сыныптық ұжымды қылыптастыру керек.
Күнтізбелік жоспар жасағанда берілген оқу бағдарламасы мен әрбір сыныпты бөлек оқыту мен біріктірілген сыныптардары оқытуға қиындықтар кезіктіреді.Бастауыш сыныптарда 1-сынып пен 3-сынып ,2-сынып пен 4-сынып біріктіріліп оқытылады.Сынып комплектілерде сабақты оқу пәнінің мазмұнына байланысты біріктіріп,материалды беруде блоктік-модульдік принципті қолдануға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет