Мемлекеттік бала-бақшадағы тәрбие жұмысын ұйымдастыру ерекшелігі


«Әр жастағы топтарда оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру»



бет52/70
Дата07.01.2022
өлшемі1,13 Mb.
#19759
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   70
«Әр жастағы топтарда оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру»

Еліміздің өркендеуі мен гүлденуі-болашақ  ұрпақ  қолында. Бүгінгі  күннің айдарындағы  басты  мәселе  бала  тәрбиесі. Бала тәрбиесі  тәрбие  жұмыстарында ғана емес, тәлім, таныс  үрдістерінде жүзеге асады. Тәрбие мен  білім  өмір  жолындағы үзіліссіз  процесс.

Егемен  еліміздің ертеңіне өз үлесімізді  қосқымыз келсе, балабақшадан  бастау алып, бала  бойына  танымдық қабілет   дарыту міндетіміз.

Қай  ғасырда  болсын  ұлт өнерін өркендетуші сапалы, салауатты, парасатты  ұрпақ  тәрбиелеу-қоғам алдында  әрбір  тәрбиеші ұстаздың  басты  міндеті  болып саналады.

Әр түрлі жастағы балалар тобымен оқу-тәрбие үрдісінде жұмыс жүргізу тәрбиешілер мен әдіскерлерге қатысты болады.Мұндай топтағы оқыту мен тәрбиенің өзіндік қиындықтары бар,себебі тәрбиешілердің білім,біліктілері әр түрлі жастағы балалармен жұмыс жүргізе алу шеберлігін талап етеді.

Баланың психологиялық жас ерекшелігімен қатар,олардың жыныстық ерекшелігін ескерген жөн.Әр түрлі жыныстағы жас нәрестенің де даму үрдісі әр түрлі болады.Қыз балаларға қарағанда ер балалардың ми дамуы жедел болады.Ер балалардың математикалық және визуалдық ойлау қабілеттері жоғары болады,ал қыз балаларда вертуалды қабілеттері жетік дамыған.Сондықтан да қыз бала мен ер баланы оқытуды 4 жастан бастап қолға алған дұрыс.

Сол себепті педогог күнделікті сабаққа дайындалғанда балалардың интелектуалды-психологиялық қабілеттерін ескере отырып дайындалуы керек.Мектепке дейінгі шағын орталықтарда ғылыми әдістемелік негіздегі үрдіс әртүрлі жастағы әр топтағы тәрбиенің нақты шарттарының дұрыс болуын талап етеді.Кез келген жағдайда тәрбиеші топтың құрамын нақты анықтап соның ішінен 2-3 топқа бөліп,соған сәйкес оқу-тәрбие шараларын ұйымдастыруы керек.

Мақсатқа жетудің тиімді тәсілі жас ерекшеліктері сәйкестеу келетін балаларды топтастыру болып табылады.Мұндай жағдайда баланың максималды қабілеттерін ескерген дұрыс.Әр топтағы балалардың мүмкіндіктері мен қажеттіліктеріне  жауап беретін ортақ тәртіп орнатылады,жеке жұмыстармен сабақтар өткізуге қолайлы жағдай жасалады.Әртүрлі жастағы топтарда оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың тиімді жақтары;әртүрлі жас балалар жұмыс жүргізу педогогқа қиын қатынас жасауға үлкен мүмкіндік береді.Біздің байқауымызша әртүрлі топтағы жасы кіші балалар өздерінен үлкен балалардың айтқан кеңестері мен ескертулерін тыңдап,бірлесе жұмыс жасағанда олардың жетекшілігін қабылдап,олардың авторитарлық қарым-қатынасына кері әсер етеді.

Жасы кішілердің ересектермен үздіксіз қатынаста болуы,олардың достық қатынасы мен өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырады.Кіші жастағы балаларға ересектер ерекше үлгі бола алады.Балалардың тек бақылаушы болуын қамтамасыз ету тәрбиешіге жүктеледі.Әртүрлі жастағы топтармен жұмыс жүргізудің екі түрлі формасы бар;оқу және ойын,олардың негізгі мақсаты көп жақты тәрбие мен әр оқушының жеке дамуы.

Ойын     Ойын әр жастағы топ балаларының жетістіктеріне жетуге көмектеседі.себебі педогогпен баланың және өзара байланысын қамтамасыз етеді.Дидактикалық және интелектуалдық ойындарының маңызы зор,өйткені оларда өзін-өзі оқыту қолданылады.Ал дидактикалық ойындарда жеке оқыту жәнеойын қатар жүреді.Осыған сәйкес тәрбиеші балаларды оқыта ойнатады,ал балаларойнай жүріп оқиды.Дидактикалық ойындарда әр түрлі жастағы балалармен жұмысты ұйымдастырудың жаппай ойнату маңызды орын алады.Әр түрлі жастағы топтың дамуында балалар дың үйлерінен әкелген ойыншықтары қолданылады,өйткені қарым-қатынастың жаңа қырлары пайда болады.Педогогикалық үрдіс кезіңде ойыншықтың маңызы зор десекте оқытудың негізгі формасы сабақ болады.

Сабақ Әр түрлі жастағы топтарда оқытудың жеке және топтың түрлері қолданылады.Мұндай әдіс педогогтың  балаларымен және балалардың өз-ара байланысына зор үлесін қосады.Әр түрлі жүмыстың формалары бар.(ұжымжық жұмыс,топтық жұмыс,жеке жұмыс)

Оқыту мәселесін жеке оқыту үрдісіне қолджануға болады.(жаңа материалдар меңгерту, бекіту және толықтыру)Оқыту үрдісінің ұйымдастырудағы 4 түрлі жұмысты мысалға келтірейік.

Орта топпен және сәбилер тобын қолдану.

 

                  Оқыту үрдісін ұйымдастырудың түрлері



                     I түрі сатылай оқыту

Бірінші бөлімде орта топтың балалары бірінші жұмысты бастайды.

Жаңа тақырып меңгеріледі.

Жеке тапсырмалар орындалады.

Екінші бөлімінде сәбилер тобы жұмысқа кіріседі.

Олармен педогог жұмыс істейді,ал ересектер жұптасып жұмыс жүргізеді.

Үшінші бөлімінде барлық балалар бірге жұмыс жасайды. 

                           II түрі Оқытудың сатылай аяқталуы

Жұмыстың басталуы жалпы балаларға бірдей болады.

 Бірінші бөлімінде Ойын жағдайы,дүниетанымдық бағыттағы сұрақтар ұйымдастыру кезеңі.

Екінші бөлімде   Сәбилер тобы жалпы оқытудың 15-20мин ғана қатысады.белсенді қатысу ересек балалармен жүргізіледі. Осыдан кейін сәбилер тобы жұмыстарын аяқтайды.

Үшінші бөлімінде    Әр түрлі үрдістерінде  орта топ балалары қатысады:

Әңгімелесу,диолог,бірақ орта топтағы жұмыс жүргізу 20-25 минуттан аспау керек.

 Педогог топтағы оқу тәрбие үрдісін  ұйымдастыруда балалардың жас ерекшелігімен жынысы және жеке қабілеттерін  ескере отырып барлығын қатыстыру керек.Педогогикалық үрдістің ұйымдастыруы бағдарлы жұмысқа емес,сонымен қатар баланың қызығушылығы қажеттілігі және дамушылығына сәйкес болуы  керек.

 Әр жастағы топпен жұмыс  ұйымдастырған кезде мынаны ескерген жөн:

1.Әр жастағы топпен жұмыс  істейтін тәрбиеші оқытудың мақсаты,міндеті мазмұның нақты анықтап алу керек.

2 Бағдарлама оқытудың әрт түрлі тәсілдері арқылы жүзеге асады.

3.Жеке оқытуда  білім беру жүзеге асса,әр түрлі мәселелерді топтың арасындағы сабақта қолданған жөн.

4.Әр жастағы топтық жұмыстың негізі сабақ болып қала береді.Топтарды біріктіре  оқытқан кезде бір топтарының жұмысы.екінші  топтың балаларына  кедергі келтірмеуі керек.біріктірілген сабақтарды бірдей және жақын тақырапта таңдап алған дұрыс.

5.Сабаққа дайындалған материал әр топқа ортақ мазмұнда болуы керек. Себебі:ондай әдіс тәрбиенелушілердің арасында ойын  ұйымдастыруға тиімді болады.

6.Әр жастағы топта орындалатын тапсырма екі түрлі болады.

1.Педогогиканың басқаруы арқылы.

2.Дидактикалық ойындар және дидактикалық материалдар арқылы.

7.Оқу тәрбие үрдісін ұйымдастырғанда мектепке дейінгі  жастағы оқушылардың жеке жас ерекшелігі мен жыныстық ерекшеліктерін ескерген жөн.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет