Мемлекеттік бала-бақшадағы тәрбие жұмысын ұйымдастыру ерекшелігі


МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУІН ДАМЫТУ ЖҰМЫСЫНДА ҚАЗІРГІ БЕЛСЕНДІ ӘДІСТЕР АРҚЫЛЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚТАРЫН ДАМЫТУ



бет64/70
Дата07.01.2022
өлшемі1,13 Mb.
#19759
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   70
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУІН ДАМЫТУ ЖҰМЫСЫНДА ҚАЗІРГІ БЕЛСЕНДІ ӘДІСТЕР АРҚЫЛЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚТАРЫН ДАМЫТУ

Мемлекетіміздің білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасының қабылдануы білім саласындағы үлкен жаңалық. Білім беру жүйесінен күтілетін нәтижелердің бірі – «өмірлік білімнен баршаға өмір бойы игерілетін білім». Бұл өмірдің әртүрлі талқысынан сүрінбей өту, тұлға ретінде дамуы үшін адамға білімнің қажет екенін әр адам түсініп, өз өмірі барысында үздіксіз білім алуға тиіс екенін айқындай түседі. Демек, оның жас ерекшелігіне қарай білім алу жасы да, әдісі де әртүрлі болатындығы белгілі.Бағдарламада мектепке дейінгі тәрбие берудегі мақсат: «балабақшадағы әдістемеге және білім беру үрдісінің мазмұнына жаңа сапа беруге қатысты болып отыр»,- деп ерекше айтылған. Бүгінгі таңда адамзат қоғамына ғылыми жаңалықтар мен инновациялық технологиялар қаншалықты маңызды болса, мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқыту саласында заман талабына сай, уақыт сұранысын қанағаттандыратын жаңа бағдарламалармен, сондай-ақ жаңа технологиялармен қамтамасыз ету қажеттігі туындап отыр . Жаңа стандарттың жалпы ережесінде педагогикалық процестің жаңашылдығын қамтамасыз ету көзделген. Осы стандартқа сай мектепке дейінгі мекемелерде тәрбиелеп оқытудың басты құралы – бағдарламалар жаңартылып, оқу-тәрбие жұмысының мазмұнына елеулі өзгерістер әкелді. Осы өзгерістерге орай мектепалды дайындықты іс-жүзіне асыруда оқытуды жетілдіру әр педагогтан оқыту ісін оңтайландыру жолдарын тәжірибеге енгізуді талап етеді. Қазіргі педагогикалық технология ұғымы іс-әрекетімізге кеңінен еніп, жиірек қолданылып, практикаға енуде. Дегенмен, оның мән-мағынасы туралы пікірлер алуан түрлі. Түсіндірме сөздікте: «Технология – бұл қандай да болсын істегі, шеберліктегі, өнердегі амалдардың жиынтығы» делінсе, Б.Т. Лихачев педагогикалық технологияны оқу процесіне белгілі бір мақсат көздей әсер ететін педагогикалық ықпал деп түсіндіреді. Ал, технологиялық үрдісті нақты педаогикалық нәтижеге жетелейтін бірліктердің (өлшемдердің) белгілі бір жүйесі ретінде көрсетеді және педагогикалық технология түпкілікті өзгермейтін механикалық құрылым емес, қайта бала мен педагогтың үнемі түрленіп отыратын өзара қарым-қатынасының өзегі, мазмұнды ұйымдастырушы құрылым дейді. ЮНЕСКО-ның анықтамасы бойынша, педагогикалық технология – бүкіл оқыту үрдісі мен білімді техникалық және адам ресурсын олардың бір-біріне өзара әсерін, білім берудегі формасын оңтайландыру міндеттерін ескере отырып меңгеруді жүзеге асырудың жүйелі әдісі. М.В. Кларин «Педагогикалық технология – бұл педагогикалық мақсатқа 266 қол жеткізу жолындағы қолданылатын барлық қисынды ілім амалдары мен әдіснамалық құралдарының жүйелі жиынтығы және жұмыс істеу реті», - деп жазады. Бүгінгі күні балалардың сөйлеу тілін дамытуда оқытудың жаңа технологияларын қолдану арқылы тіл белсенділігіне, балаларды өз ойларын, сөздерін түсінікті жеткізе білуімен қатар тілдік шығрмашылықтарын қалыптастыру мәселесі қарастырылады. Бала тілін дамыту төңірегінде келесі міндеттер шешілуі тиіс: - білім берудің жаңа технологияларын мақсатқа сай қолдана білу қажет; - баланың ойлауын, бала белсенділігін, сөздік қорын дамыту; - баланың өзіндік пікірінің қалыптасуына мүмкіндік жасау - баланың сөйлеу шеберлігін жетілдіру арқылы тіл шығармашылық қабілеттерін дамыту. Қазіргі өмірдің өзінен туындап отырған талаптарды орындау, жаңашылдыққа жаршы болу үзіліссіз тәрбие негізінің бастау бұлағы – мектепке дейінгі ұйымдардан басталғаны орынды. Бала тәрбиесі отбасынан бастау алады десек те, ғылымға негізделген әдіс-тәсілмен берілетін тәлім-тәрбие ісі көбінесе балабақшадан басталып, жан-жақты педагогикалық өрісін табады. Әсіресе балабақшадағы тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы ізгілік пен адамгершілік тұрғысынан, мағынасы өшпейтін із қалдырады. Талантты адамды тәрбиелеу үшін, мектепке дейінгі балалық шақта оларды қоршаған ортаға қарап, бірқалыпсыз ойлау қабілетін, шығармашылық ойлауын дамыту керек. Мектепке дейінгі мекемеде тәрбиеленушінің дарынды, жоғары деңгейде даму шеберлігі дамыған, баланың шығармашылық қабілетін қалыптастыруды негізгі мақсатымыз деп санаймын. Колледж қабырғасында «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы бойынша кәсіби білім алу барысында тіл дамыту теориясы және әдістемесі пәнінен мектепке дейінгі балалардың тілін дамыту жұмысының тиімді әдістері мен технологияларын қарастырып, меңгерудеміз. Балалар сөйлеу тілін қалыптастырудың оңтайлы технологиялары: ойын технологиясы, дамыта оқыту технологиясы, сын тұрғысынан ойлау технологиясы, модельдеу немесе мнимотехника әдістерінің ішінен ерекше тапқырлық тапсырмаларын шешу теориясы (ары қарай ТТШТ) технологиясының бала тілін жан жақты дамытуға әсіресе шығармашылық тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамытуда таптырмас әдістемлік негіз болатына сенімдеміз. Білім алушылардың теориялық-әдістемелік білімі мен іскерліктерін жетілдіруде және технологиялардың әдіснамалық қыр-сырын меңгеруде шеберлік сабақтарыұтымды болып келеді. ТТШТ технологиясының «Морфологиялық жәшік» аралас ертегілер, дамытушы сөздік ойындар, «Айналмалы әткеншек», «Ғажайып баспалдақ», «Ғажайып калейдоскоп», ойындарының дидактикалық құралдары мен материалдарын әзірлеп болашақ маман портфолиосын толықтырудамыз. Сонымен қатар кәсіптік практикаларда балабақша балаларын бақылау барысында тілдік белсенділігі жеткіліксіз, өз ойларын айтуға жасқанатын 267 балалар байқалды. Осы мәселені шешуде ТТШТ технологиясының таптырмас әдістемелің кешен екеніне тағы да дәлел болды. Осы технология негізінде баланың ойлау, қиялдау, шығармашылық тұрғыдан көзқарасы артады. Мектепке дейінгі тәрбиеленушіге ТТШТ - бұл ұжымдық ойындар, сабақтар және қызықты әдіс-тәсілдер жүйесі. ТТШТ технологиясының әдіс-тәсілдерін қарастыра отырып сабақтар циклын құрастыру, шығармашылық тапсырмалар орындау, дидактикалық көрнекі құралдар даярлау міндеттерін алға қоямыз. Балабақша жағдайында балалардың шығармашылық қабілеттерінің дамуы түрлі бағыттағы қызметті болжайды. Бұл жұмыс баламен педагогтың бірлескен шығармашылық саласын және құрдастарымен араласуды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар ТТШТ – ақылдылардың, құрастырушылардың, ізденушілердің символы, яғни балалардың қаншалықты абстрактылы ойлауын, қиялдауымен бақылағыштығын, зейіндерін ертерек дамытудың жолы. Ал, бүгінгі күні мен осы Тапқырлық тапсырмаларды шешу теориясы арқылы мектепке дейінгі балалардың тілдік құзіреттіліктерін дамыту арттыру жолын қарастыруды жөн көріп отырмыз. Бұл техногияның тілдік қабілеттілерді дамытудағы өте бір маңызды орынды алатыны айқын. Белгілі ғалым Альберт Эйнштейннің: «Өзіңді қызықтыратын іспен айналысқаннан артық, еш нәрсе жоқ» - деген қағидасы негіз болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет