Мемлекеттік бала-бақшадағы тәрбие жұмысын ұйымдастыру ерекшелігі


МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ ТАБИҒАТПЕН ТАНЫСТЫРУДАҒЫ ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРДЫҢ МАҢЫЗЫ



бет65/70
Дата07.01.2022
өлшемі1,13 Mb.
#19759
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   70
Байланысты:
МДОТдип жұм №2

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ ТАБИҒАТПЕН ТАНЫСТЫРУДАҒЫ ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРДЫҢ МАҢЫЗЫ

Қазіргі таңда жас ұрпаққа тәрбие берудегі басты мақсат ұлттық рухы жоғары, өз Отанын, туған жерін сүйе білетін азамат тәрбиелеу. ХХІ ғасыр жеткіншегі дене, рухани ойлау жағынан жан-жақты, өз-өзіне басшы, кез-келген сәтте шешім қабылдай алатын жеке тұлға болуы тиіс. Мектепке дейінгі бала бойына білім мен біліктілікті, шығармашылық пен ізденімпаздықты, қабілеттілік пен іскерлікті, еңбек сүйгіштікті, танымдық қасиеттерді жинақтап дамыту барысында табиғатпен тереңірек таныстырудың ерекше орны бар екенін мәлім. Бала өмірінің алғашқы жеті жылы – денсаулықтың, ақыл-ой, адамгершілік, еңбек және экологиялық дамудың негіздері қаланатын өте маңызды кезең. Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстыру – олардың санасында қоршаған табиғат жөніндегі білімдерді себу құралы, мұның өзі сезімдік тәжірибеге және табиғатқа деген дұрыс көзқарасқа негізделген. Балаларды табиғатпен таныстыру процесінде өзара тығыз байланысты білімді және тәрбиелік міндеттер жүзеге асырылады. К.Д. Ушинский – баланы табиғатпен жастай таныстыра дамыту, оның өзіндік логикалық ойын, сөз қорының, санасының жетілуіне әсері мол екенін көрсеткен.Ал табиғатпен таныстыру – балалардың танымын дамытудың басты құралдардың бірі. Мұнда балалардың қоршаған орта жөніндегі ұғым түсініктерін байытатын жалпы және нақты ғылыми мәліметтер алуының маңызы зор.Табиғатпен таныстыру барысында «Табиғат – бүкіл тіршілік 293 атаулының алтын ұясы, тал бесігі, өсіп-өнер мекені» екендігі жөнінде нақты түсініктер беріледі. Бұл үшін тәрбиешінің шығармашылдығы, жаңашылдығы, көп ізденісті қажет етеді.Ал мектепке дейінгі оқытуда білім, білік дағдыларымен қатар тәрбие жұмыстарының сан алуан, қызықты, тартымды, баланы қажытып алмайтындай жұмыс түрлерін жүргізу тәрбиешіден шеберлікті талап етеді Балаларды табиғатпен таныстыруда алдымызда мынандай мақсат тұрады: балалардың табиғатқа деген көзқарасын дамыту,өлі және тірі табиғатпен таныстыру, ол туралы өз ой-пікірін айтуға үйрету. Өз өлкеміздің аң-құстарын, өсімдіктерін таныту, қорғауға, әсемдігін көруге, сезінуге, пайдасын түсінуге тәрбиелеу. Сондықтан балабақшаның алға қойған міндеттері:  Болашақ табиғат жанашыры болатын ұрпақ тәрбиелеу.  Мектепке дейінгілердің экологиялық көз қарастарын кеңейту және жүйелеу.  Тәжірибелер жасау және алған нәтижеден тұжырым шығаруға үйрету.  Шығармашылықты, елестету мен ойлауды дамыту. Баланы мектеп жасына дейінгі кезеңнен өзі өсіп-өнетін ортасын, қоршаған табиғатын бағалай білуге және оларға дұрыс қарауға үйретудің маңызы зор. Ол үшін оқытудың бүкіл үрдісіне экологиялық білімдерді енгізген жөн. Күштемеу, сүйіспеншілік, шындықты білуге талаптану және парасатты мінез-құлық сияқты адамдық қасиеттерді тану үрдісінде балалар адамның табиғат алдындағы жауапкершілігін түсіне біледі.Күштемеу деген табиғатқа жасалып тұрғанның кез-келгеніне мейлі ол ағаш, көбелек, бұтақ болсын оларға ешбір зиян келтірмеу керек дегенді білдіреді. Балалар тірі атаулының бәрін бағалай білуі тиіс. Табиғатқа деген сүйіспеншілікті тек оның әсемдігімен масаттану және тынығуға жиі бару деп түсінбеу керек. Балалардың өздері де ағаштар отырғызуға, бұлақтардың көзін ашуға, ұя жасауға қатысып, табиғатқа зиян келтіретін тұрмыстық қалдықтардан құтылудың тәсілдері туралы сұрақтарға жауаптар іздейді. Сайф Сарай: - “Ағаштың жемісін жеймін десең, түбіне балта шаппа…” - деген екен. Жас бала тамылжыған табиғатқа, әсем әуенге, айналадағы әсемдікке қызығады, содан әсерленеді, көркемдікті түсініп, оның мәнін түсінеді, әсемдікті танып, талғауды үйренеді. Мысалы: Балаларды гүлдермен таныстыру кезінде, олар олардың түрлерімен, пайдасымен тапсырмалар, ойындар арқылы танысып, хош иісімен далаға берер әсемдігін көреді, сезінеді. Осы сұлулықты бұзғылары келмейді. Оны елестету арқылы парақ бетіне өз қиялдарынан бейнелеп салады. Өлі және тірі табиғат нысандарына деген қызығушылық өте ерте жастан қалыптаса бастайды. Балалар бәрін байқайды: орман алқабындағы еңбекшіл құмырсқалар илеуін қалың шөптегі кіп-кішкентай өрмекшіні, ағаш басындағы ұяларды т.б. Балалардың көңілін табиғаттағы маусымдық өзгерістер, түстердің ашықтығы, әр түрлі дыбыстар, иістер тартады. Олар өздеріне жаңа әлем ашады: барлығын қолмен ұстап қарауға, иіскеуге, егер жағдай болса дәмін көруге тырысады. 294 Баланың айнала қоршаған табиғатқа қызығушылығын ескере отырып, экологияға деген сүйіспеншілік, қорғаушылықты тәрбиелеу керекпіз. Ең маңыздысы біздің табиғатты сүюіміз және соны балаларға жеткізуіміз, біз табиғатсыз өмір сүре алмайтынымызды балаға түсіндіру. Қазіргі таңда балалардың дамуында экологиялық біліктілігіміздің, жаңа технологиялардың маңызы ерекше. Экологиялық тәрбие адамгершілік тәрбиесімен өте тығыз байланысты. Әсемдіктен сусындау, оны қабылдау, түсіне және сезіне білу адамгершілік негіздерді қалыптастыруға көмектеседі. Оның міндеттері күрделі де сан алуан. Экологиялық тәрбие балалардың сезімдері мен санасына ықпал жасап, көзқарастары мен нанымдардың орнығуына жәрдемдесе отырып, оның дүниетанымын қалыптастыруға елеулі үлесін қосады. Тіпті балаларға табиғаттағы адамдар еңбегінің маңыздылығын көріп, бағалауды үйретеміз. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде, мақсатты серуендер мен саяхаттарда ойындарды қолдану көп жетістіктерге жеткізді. Ойын тәрбиешілер мен мектеп жасына дейінгі балалардың оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы десек те болады. Экологиялық дамытудың түпкі мақсаты оның сапалы болуы. Мектепке дейінгі экологиялық оқыту, тәрбиелеу үрдісін ойын арқылы дамыту. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде дамытушы ойындар мен сөздік ойындардың маңызы өте зор. Олар байланыстырып сөйлеу мен есте сақтауды, ойлауды дамытады.К.Ушинский бұл жөнінде былай деген: “Егерде педагог бір нәрсені баланың есінде қалдыруды көздейтін болса, ол сабақта көзбен көру, дыбыс органымен айту, қолымен ұстау және сезім мүшелерін қолдануы керек”. Мектеп жасына дейінгі баланы дамытатын, өсіретін әрі тәрбиелейтін негізгі іс-әрекет – ойын. Ойын арқылы бала өзін қоршаған ортамен,табиғатпен, қоғамдық құбылыстармен, адамдардың еңбегімен, қарым-қатынастарымен танысады. Ойын балаларды ұйымшылдыққа үйретеді. Ойынның түрлері көп, соның ішінде маңыздысы – дидактикалық ойын. Бұл ойынның пайдасы – баланың ой -өрісінің қалыптасуын, дамуын мақсат етіп қояды. Сондай-ақ балалардың адамгершілік сезімін оятуға, адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасау, еңбек адамдарына, басқа ұлт өкілдеріне, достық,туған жеріне сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеуге көңіл бөлінеді. Дидактикалық ойын балалардың қоршаған орта туралы түсінігін кеңейтеді, баланы ойнай білуге баулып, ақыл-ой қызметін қалыптастырады,әрі адамгершілікке тәрбиелеу құралы болып табылады. Қоршаған ортамен таныстыру оқу қызметінде балаларды үй жануарлары, құстар, балықтар, гүлдер, аңдар, жәндіктер, жеміс – көкөністермен таныстырып болған соң, “Қайсысы артық, неге?”, “Не өзгерді?”, “Дәмінен айыр?”, “Даусынан айыр” т. б. ойындар ойналады. “Егерде мен үлкен болсам” ойыны балаларды шығармашылдыққа, жауаптылыққа үйретеді, табиғатты қорғауға тәрбиелейді. Сонымен қатар экологиялық сәттер оқып беру арқылы балалардың адамгершілік, танымдық қабілетін дамытамыз. Ойын барлық сабақпен тығыз байланысты, ойынсыз сабақ өтпейді десем жаңылмаймын. Ойын баланы жан- 295 жақты дамытып, оқыту мен тәрбиелеуде өз септігін молынан тигізеді. Жиі сұрақ қойылады: тәрбиеші ойынға қатыса алама және қатысуға тиісті ме? Әрине құқық қа біз иеміз, егер бұл ойынға қажетті бағыт берсе. Бірақ үлкендердің ойынға араласуы тек оны бала қалап, сенім білдіріп, сыйласа, егер ол ойынды қызғылықты өтіп, ережесін бұзбай ойнай алса ғана іске асады. Мұндай іс-әрекет түрлері арқылы баланың жеке тұлға ретіндегі дамуын оның экологиялық тәрбиесімен тікелей сабақтастықта байланыстыруға болады. Баланы мектеп жасына дейінгі кезеңнен өзі өсіп-өнетін ортасын, қоршаған табиғатын бағалай білуге және оларға дұрыс қарауға үйретудің маңызы зор. Ол үшін оқытудың бүкіл үрдісіне экологиялық білімдерді енгізген жөн. Күштемеу, сүйіспеншілік, шындықты білуге талаптану және парасатты мінез-құлық сияқты адамдық қасиеттерді тану үрдісінде балалар адамның табиғат алдындағы жауапкершілігін түсіне біледі. Педагогикалық іс-тәжірибеде қоршаған ортамен таныстыру оқу қызметтерін өткізуде көптеген ойындарды қолданып келемін. Мысалы: «экологиялық калейдоскоп», «айналмалы әткеншек». Ұсынылып отырған дидактикалық ойындардың мақсатына сәйкес шарты нақты көрсетіледі. Бұл ойындарды сабақта және сабақтан тыс уақытта пайдалану арқылы баланың табиғатты тануына, тілін дамытумен қатар ойынды өз шығармашылығымен жалғастыруға, ойын шартын дұрыс орындауға, белгілі бір нәтижеге жетуге, ұжымдық мақсатқа бағынуға, үлкендер мен балалар арасында ынтымақтастық қарым-қатынас орнатуға болады.Сабақтың қызықты, тартымды өтуі үшін дидактикалық ойындарды дұрыс ұйымдастыру керек. Ойынға керекті құралдар әр балаға жеткілікті болу керек,сонда ғана балаларға түсінікті болады. Сонымен қорыта келе, бала өмірінің біразы табиғат аясында серуен, ойын, саяхат, еңбек кезінде өтеді. Бала табиғатпен еріксіз тілдесіп, оның таңғажайып сырларын ұғынады. Ол бала үшін зор таным, дүниетанудың тұңғыш баспалдығы. Осыған байланысты А.Меңжанова «Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстыру ісін жүйелі ұйымдастыру барысында, баланың дүниетанымын қалыптастыруға болады, сондықтан да балаларды табиғатпен таныстыру ойын негізінде көркем әдеби шығармаларды кеңірек қолдануды ұсынады.Тек түсіндіріп, көрсетіп қою ғана емес, олардың әсемдігін образды сөздер, теңеулер, салыстырулар арқылы да ұғымын, танимын кеңейту іске асырылады. Көркем әдебиет шығармаларының барлық жанры түгендерлік қолданылуы керек. Себебі баланың тілін ұстартып, ақыл-ойын, адамгершілік талғамын дамытуда дидактикалық ойындар маңызды рөл атқарады. Мектеп жасына дейінгі балалар өздерін қоршаған дүниеге орасан қызығушылықпен қарайды, бірақ та бәрін бірдей көре бермейді,кейде тіпті басты нәрсені аңғармайды. Ал егер олармен бірге тәрбиеші болып, олармен бірге таңданса, қарау ғана емес, көруге де үйретсе, онда балалар көбірек білуге ынталана түседі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет