Мемлекеттік бала-бақшадағы тәрбие жұмысын ұйымдастыру ерекшелігі


ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНЕ КӨШУ ЖАҒДАЙЫНДА МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮРДІСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ



бет63/70
Дата07.01.2022
өлшемі1,13 Mb.
#19759
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   70
12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНЕ КӨШУ ЖАҒДАЙЫНДА МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮРДІСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ Баккелдиева А. Б әдіскер Мектепке дейінгі мекеме «Ер-Тан» балабақша –бөбекжайы Өскемен қаласы 223 «Біздің жұмыстарымыздың білім беру саласындағы басымдықтарында бүкіл әлемдегі сияқты Қазақстан мектепке дейінгі білім берудің жаңа әдістеріне көшу керек». Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясы» атты Қазақстан халқына жолдауында былай делінген: «Білім беру реформасы - Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін, аса маңызды құралдардың бірі. Бізге экономикалық және қоғамдық жаңарту қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет. Сондықтан он екі жылдық оқуға көшу шеңберінде адамның өмір бойы білім алуы үшін жағдай туғызуымыз керек». 12 жылдық білім беруге көшуде мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие деңгейі ерекше маңызға ие болып отыр, біздің мемлекетеміздің әлемдік білім кеңістігімен ықпалдасуы, бәсекеге қабілетті қоғамда өмір сүріп еңбек ете алатын өскелең ұрпақтың білім алуының дайындық сапасына жоғары талаптар қояды. Сондықтан біздің міндетіміз балалардың толыққанды білім алуын қамтамасыз ету. Қазақстандағы қазіргі заманғы мектепке дейінгі білім жүйесі қоғамның қажеттілігіне сәйкес сұраныс есебінен құрылады. Осыған байланысты, ол балаларға арналған мектепке дейінгі ұйымдар үлгісімен және жаңа формалы ұйымдардың пайда болуымен, білім беру қызметінің әр түрлігімен сипатталады. Бүгінгі күні ата-аналарға әрбір баланың жеке бас қабілеттерін дамытуға сай келетін балабақшаны таңдау мүмкіндігі пайда болды. Бұл аз уақыттық болу топтары, шағын орталықтар, жеке меншік балабақшалар, оқутәрбие және сауықтыру орталықтары, мектеп-балабақшалар, мектепке дейінгі гимназиялар. Балабақшада педагогикалық үрдісті ұйымдастырудың үлкен маңызы бар, атап айтқанда, оқу-тәрбие үрдісіне жаңа білім беру және вариативтік бағдарламаларды енгізу, мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқытуда қазіргі заманғы жаңа технологияларды қолдану, мектепке дейінгі білім беру менеджментін дамыту. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламалары балаларды тәрбиелеу, оқыту, дамыту және сауықтыру тұтастығы принциптерін ескере отырып, мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің сабақтастығы мен үздіксіздігін қамтамасыз етеді. Ал, бастауыш мектептің мақсатының мәні- оқу әрекетін қалыптастыру арқылы жеке тұлғаны қалыптастыру. Ендеше, балаларды мектепке дайындауда дамыта оқыту идеясының оқу әрекетін қалыптастыру жөніндегі ұстанымдардын басшылыққа алуы абзал деп есептейміз. Өйткені Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесі білім беретін оқу бағдарламаларын үздіксіздігі және сабақтастығы принципі негізінде ұйымдастыруды көздеп отыр. Ең бастысы ол баланың ешқандай қиындықсыз оқушы статусын қабылдауына, 12 жылдық білім беруде басты міндет етіп қойған өзінің жеке қоғамның мүддесіне өзін-өзі белсенді етуге дайын, өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және құзіретті, шығармашыл, білімді тұлғаны дамыту және 224 қалыптастыруға жағдай жасауға мүмкіндік туады. Осыған орай, бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген, бойында ұлттық сана мен психология қалыптасқан парасатты азамат тәрбиелеп өсіру-отбасының, балабақшаның, барша халықтың міндеті. Алға қойған бұл міндеттерді өз мәнінде шешу үшін мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру мазмұнын түбегейлі жаңарту көзделуде. Қазіргі өмірдің өзінен туындап отырған талаптарды орындау, жаңашылдыққа жаршы болу үзіліссіз тәрбие негізінің бастау бұлағы - мектепке дейінгі ұйымдардан басталған орынды.Бала тәрбиесі отбасынан бастау алады десек те, ғылымға негізделген әдіс-тәсілмен берілетін тәлім-тәрбие ісі көбінесе балабақшадан басталып, мектепте жан –жақты педагогикалық өрісін табады. Әсіресе,балабақшадағы тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы өшпестей із қалдырады. Баланы мектепке даярлау үздіксіз білім беру жүйесіндегі маңызы мен өзектілігі ерекше мәселелердің бірі болып саналады. 12 жылдық білім беруге көшудің қажеттілігі, бес жасар балаларды мектеп алды даярлықтан өткізу мәселерімен бірге, мектепке дейінгі мекемеде білімдік бағдарламалардың сапасын арттырып, мектепке дейінгі оқу-тәрбие үрдісіне инновациялық технологияны ендіру және тәрбие жұмысын жетілдіруді көздейді. Мектепке дейінгі оқу-тәрбие үрдісіне инновациялық технологияны ендіру және тәрбие жұмысын жетілдірудің басты бағыты оқыту мен тәрбиелеуді оң түрде игеру, баланың жеке басының дамуына бағытталған қарым-қатынас тұрғысынан саналы жағдайлар туғызып, бала өмірін қорғау және денсаулығын сақтау, ақыл ойының жан-жақты дұрыс жетілуіне бағыттау қажеттілігін көрсетеді. Мектепке дейінгі оқу-тәрбие үрдісіне инновациялық технологияны ендіру ерекшеліктеріне тоқталатын болсақ: Мектепке дейінгі мекемеде инновациялық қызмет жағдайында білім кеңістігін жобалау; Мектепке дейінгі мекемеде инновациялық үдерісті енгізудің кезеңдерін анықтау; Инновацияны топтастыруға мүмкіндік беретін талаптар. Мектепке дейінгі мекемеде ғылыми-әдістемелік қызметті басқару моделін жасау; Педагогтарға инновациялық қызметке басқарушылық көмек көрсетуге жағдай жасау. Инновациялықүдерісте әдістемелікілеспені ұйымдастыру. Заман талабына сай мектепке дейінгі мекеменің дамуы экономикалық, әлеуметтік және білім беру салаларында болып жатқан өзгерістерге тез икемделуге, тәжірибеге басқарудағы ғылыми-педагогикалық жетістіктерді енгізе білуіне байланысты. Қазіргі заманғы білімге деген талап және әлеуметтік тапсырыс мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің тек қызмет ету жағдайында емес, сондай ақ дамыту барысында жұмыс жасау келесі бағытта жүргізіледі: Бағдарламаны тиімді басқару механизмін құру; Жаңа бағдарламаға көшу даярлығының кешенді диагностикасын ұйымдастыру; Пәндік-дамытушы ортасын қалыптастыру; 225 Педагогтардың білімдерін арттыру бойынша курстарда оқыту; Бағдарламаны орта, ересек,және даярлық топтарға енгізу; Баланың жеке даму картасын әзірлеу; Бағдарламаны жүзеге асыру бойынша ата-аналармен жұмысты талдау; Болашақтағы жұмыстардың перспективасын анықтау. Мектепке дейінгі ұйымның тұтас педагогикалық үдерісінде дамытушы ортаның рөлін С.Л.Новеселова, Т.С.Комарова, Л.А.Парамонова және басқалардың еңбектерінде қарастырылған. С.Л.Новеселованың пікірінше, дамытушы заттық орта балалардың дербес шығармашылық және ойын әрекеттерін ұйымдастыру үшін қажетті материалдар, ойыншықтар,құралдар, ісәрекетінің материалдық нысаналарының жүйесі.[1] Бүгінгі еліміздің әлемдік деңгейдегі білім кеңістігіне енуі, 12 жылдық білім беру қарсаңында білім беру жүйесінің алғашқы табалдырығы мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңа бағытта құру мақсаты тұр. Оның басты бағыттарының бірі балаларды әлеуметтендіру және оған сәйкес заттық дамытушы құру. Оның мақсаты -баланың тұлға болып қалыптасуына жәрдемдесу.[2] Бүгінгі таңда білім беру жүйесінің алғашқы буыны болып табылатын мектепке дейінгі кезеңде балалардың ақыл-ой қабілетін жан-жақты дамыту және тәрбиелеу мәселесіне ерекше мән берілуде. Себебі осы кезеңде балалардың ақыл-ой қабілетін дамыту мүмкіндіктері мол. Ғалымдардың пікірінше табиғи жаратылысында ақыл-ой қабілетінің алғашқы шарттары 50- 60% байқалған. Баланың ақыл-ой ерекшеліктері жаратылысынан шығармашылық, ізденімпаздық сипаттарға ие, алайда оны дұрыс бағытта дамыту, оның нақты бағыттарын айқындау ең алдымен оның жас және дара ерекшеліктерін ескеріп тәрбиелеуге байланысты. Баланың тұлғасын дамытуда оның жеке ерекшеліктерінің мүмкіндіктерін ескерген жөн. Жеке тұлға қалыптастыру мақсатында мынадай міндеттерді шешуі шарт: Баланың ішкі белсенділігін дамытуға арналған қажетті мүмкіндіктер жасау; Әр балада оның жеке дара қасиеттері мен қабілеттерін ашып, олардың өмір сүруге қажетті салаларға орнығуына мүмкіндік көрсету; Әр баланы тұлғалық ерекшеліктерін ашып көрсетуге және оны дамытуда көмегін тигізетін жаңа жолдарды іздестіру; Тұлғаға әсер етудегі белсенді әдістерге бағдар жасау. Мектепке дейінгі балалардың ата-аналарына кездескен проблемаларды бірлесіп шешу мүмкіндігін бере отырып, оларды білім беру мен тәрбие процесіне тартуға міндетті. Отбасында ата-аналарға педагогикалық білім өте қажет, себебі ата-ана бала тәрбиесінің мақсат, міндеттерін айқын түсінбей бала тәрбиесінің жолдары мен амалдарын ойдағыдай іске асыра алмайды. Атааналармен әңгіме кезінде өсіп келе жатқан сәбидің мүмкіндіктері зор, бірақ олар шексіз емес екендігін олармен бірге өткізілетін тренингтерде ескерту қажет. Баланың мүмкіндіктерін ескермей дамуды жеделдетуге болмайды, 226 сондай-ақ даму барысында кідірісте болмау қажет. Сондықтан ата-ана ерте сәбилік және мектепке дейінгі жастағы балалардың дамуының психофизиологиялық көрсеткішін білуі маңызды. Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу бағдарламасына сәйкес мектепке дейінгі білім беру сапасын арттыру мақсатында педагогтермен бірлесіп, балабақша түлектерінің даму деңгейіне, олардың зияткерлік саладағы табыстылығына зер салады. Шығармашылық, танымдық байқауларға қатыстырып балабақша тәрбиеленушілерінің жетістіктерін, талантын анықтап, оның өшіп қалуына жол бермеуге мүмкіндік жасайды. Демек, 12 жылдық білім берудің мақсаты қоғамның мүддесіне өзін өзі белсенді, қабілетті, шығармашыл, білімді тұлғаны дамыту және қалыптастыру. Қорыта келгенде, Қазақстан Республикасының балаға білім беру мен тәрбиені жан-жақты дамыту мақсатында шетелдік 12 жылдық білім берудің тек оң және тиімді жақтарын алуымыз қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет