Мемлекеттік емтихан сұрақтары ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы


Тәуелсіз Қазақстанның ғылымы. Қазіргі заманғы Қазақстанның ғылыми зерттеу жобаларын іске асыруда жаңа тәсілдерді қалыптастыру



бет53/87
Дата31.01.2023
өлшемі206,77 Kb.
#64073
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   87
Байланысты:
Гос экзамен тарих ответы (копия)

Тәуелсіз Қазақстанның ғылымы. Қазіргі заманғы Қазақстанның ғылыми зерттеу жобаларын іске асыруда жаңа тәсілдерді қалыптастыру.

Жоспар: Кез келген бәсекелестікке қабілетті ел секілді, Қазақстан да аталмыш саланы дамыту үшін көптеген қадамдарға барды. Ғылыми және ғылыми-техникалық саясатты жетілдіру мақсатында көптеген іс-шаралар жасалғанымен бұл сала әлі де болса экономиканы ілгері жетелеуші күшке айнала алмай отыр. Мұның бірнеше себептері бар және сол себептерді анықтау үшін ең алдымен ҚР Ғылым саясатының тарихын сараптау қажет.

КСРО-да ғылым салыстырмалы түрде жақсы дамыды және оның құрамына кіретін Қазақстанда да бұл салада жетістіктер көп болды. ХХ ғасырдың 80-жылдары Республикада 140 ғылыми мекеме жұмыс істеп, оларда 21,1 мың адам қызмет атқарды. Сонымен қатар Жоғары және орта арнаулы білім беру министрлігінің 55 жоғарғы оқу орнында қосымша ғылыми жұмыстар жүргізілді. 90 жылдары Қазақстанда 279 ғылыми мекеме, олардың ішінде ҒЗИ мен ЖОО-лардың зертханалары болды. Ғылыми-техникалық қызметпен айналысатын адамдардың саны 50,6 мыңға жетті. Алайда КСРО ғылымы нарық заманына сай болмады, бәсекелестікке тек шектеулі сала бойынша төтеп бере алды: әскери, ауыл шаруашылық, ғарышты игеру және т.б. Осы арнаулы салалардағы бәсекелестіктің өзі мемлекеттің үлкен ықпалымен сақталып, бөлінген қаржы өз қайтарымын бермеді. Нәтижесінде КСРО ғылымы өте шығынды салаға айналды. Сол себепті Кеңес Одағының жан жақты ғылыми жұмыстарды толықтай жүргізе алмады. Осы кезде Кеңес мемлекетінің басты қарсыласы АҚШ-та ғылымға салынған ақша бірнеше еселеп қайтарым беріп отырды, өйткені бұл мемлекетте ғылыми өнімдер тұтынушы тауарға айналып, инвесторлар мен бизнес өкілдерін ғылыми-техникалық жұмыстарға қаржы құюға ынталандырды.


Дегенмен, Кеңес Одағы кезінде ғылыми зерттеулер жүргізудің тұрақты жүйесі болды, ғалымдарға мемлекет тарапынан бүкіл жағдай жасалды және осының арқасында КСРО ғылымы әлемдге ең мықтылардың қатарында болды.


Тәуелсіздік алғаннан кейін және жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшу кезеңінде Қазақста үшін ғылымды қоршаған ортаға сай өзгерту қажет болды. Бірақ бұл мақсатқа жету өте қиын еді, өйткені Кеңес Одағынан мұраға ғылым жүйесінің негізгі институционалдық базасымен қатар, құрылымдық кемшіліктерді де қалды. Мәселен, ғылым саласын басқару тетіктері толығымен сол кездегі орталықпен, Мәскеумен байланысты болуы; бірқатар зерттеулердің тек халықаралық қатынастардағы биполярлы жүйеде ғана өзекті болуы (әскери бағыттағы ядролық физика саласын зерттеу); өндіріс саласын ғылыммен тікелей байланыстыратын тетіктердің болмауы; құрал-жабдықтардың ескіріп, заманға сай болмауы және т.с.с.







  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   87




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет