Білім беру жүйесінің мазмұнын жаңарту. Қазақстанның 2010 жылы Болон процесіне қосылуы және Болон декларациясына қол қою.
Жауап: Болон процесі деп жоғары білімнің еуропалық бірегей кеңістігін жасау процесін айтады. Ол соңғы жылдары еуропалық аймақта қарқынды дамып келе жатқан интеграциялық үрдістердің айқын көрінісі болып табылады. Еуропада біртіндеп бірегейленіп келеді: ортақ экономикалық кеңістік құрылды, шекаралар ашылды, бірегей валюта енгізілді, ортақ еуропалық еңбек нарығы қалыптастырылды. Бұл жағдайларда жоғары білім жүйесінің ала-құлалығы, берілетін біліктіліктердің сәйкессіздігі жоғары білікті жұмыс күшінің ұтқырлығын тежейді.
Болон процесі тарихында үш кезеңді:
1) алғышарт: Университеттердің Ұлы Хартиясынан (1988 ж.) Болон Декларациясына дейін;
2) басталуы: Болон Декларациясы (1999 ж.);
3) дамуы: Болон Декларациясынан кейін.
Еуропалық университеттер қауымдастығын және жоғары білімнің бірегей еуропалық кеңістігін құру идеясын Итлиядағы және жалпы Еуропадағы ең ежелгі Болон университеті ұсынып отыр. 1986 жылы өзінің 900 жылдық мерейтойына дайындалу барысында, ол Еуропаның барлық цуниверситеттеріне Университеттер Ұлы Хартиясын - Magna Charta Universitarum – қабылдауға үндеу тастады. Бұл ұсыныс ерекше ынтамен қабыл алынды және 1988 жылғы мерекелік салтанат барысында университеттік білімнің тұрақты құндылықтарын және әмбебаптығын ұсынатын, сонымен қатар олардың арасындағы тығыз байланысқа шақыратын бұл құжатқа 80-ге жуық ЖОО-дары ректорлары қол қойды.
Біртіндеп еуропалық жоғары білімнің ықпалдасу үдерісі университет деңгейінен мемлекеттік деңгейге көтеріле бастады. 1998 жылы Париждегі әлемге әйгілі Сорбон университеті қабырғасында мерейтой барысында 4 елдің білім министрлері (Франция, Ұлыбритания, Германия, Италия) кеңесі болып өтті. Олар қол қойған «Жоғары білімнің еуропалық жүйесінің сәулетін үйлестіру туралы» Сорбон декларациясы алғашқы рет еуропалық жоғары білім аймағын жасаудың стратегиялық мақсатын дәлелдеді және оқиғалардың бұдан әрі дамуын жеделдетті.
Ал 1999 жылы Magna Charta отаны Болоньяда тарихи жағдай орын алды, білімге жауапты отыз еуропалық министрлердің Бірінші конференциясы өтті. Олар қабылдаған, «Еуропалық жоғары білім аймағы» декларациясы салыстырмалылыққа жеткізетіннегізгі мақсаттарды және Еуропа елдеріндегі жоғары білімнің ұлттық білім беру жүйелерін үндестіруді анықтады. 2010 жылы аяқталуы тиіс Болон процесі осы декларациядан бастау алады.
Бұдан әрі еуропаның білім министрлерінің кездесулері тұрақты түрде өте бастады және әр кездесу сайын Болон процесі қатарына жаңа елдер қосылатын болды. 2001 жылы министрлер Прагада бас қосты, 2003 жылы – Берлинде кездесті. Берлин конференциясы барысында Болон Декларациясына қол қойған елдер саны, Ресейді қоса алғанда қырыққа жетті. Төртінші кездесу Норвегияның Берген қаласында 2005 жылдың мамыр айында өтті. Ол жерде Болон процесіне енуге Украинамен бірге бұрынғы Кеңес Одағының бес елі құлық танытты. Бесінші кездесу 2007 жылы Лондонда, ал алтыншысы – 2009 жылы Левен/ Лувен-ла-Невада, жетіншісі – 2010 жылы Будапештте, сегізіншісі – 2012 жылы Бухарестте орын алды. Қазақстан Болон Декларациясына 2010 жылы қол қойды.
Министрлердің шектік конференцияларынан бөлек Болон процесі шеңберінде, оның жекелеген аспектілеріне арналған бірқатар халықаралық шаралар да өткізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |